Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим ауылдық округінің Новоишим ауылының Чапаев көшесі атауын қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 256 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 желтоқсанда № 26294 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысына сәйкес, Новоишим ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим ауылдық округінің Новоишим ауылындағы Чапаев көшесі Балбану Мұстафина көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілед.

      Новоишим ауылдық округінің әкімі А. Букпин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады