Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 22/113 "Солтүстік Қазақстан облысы Явленка ауылының жер телімдерінің және Есіл ауданының ауылдық елді мекендердің төлемақылық базалық ставкаларына арналған түзету коэффиценттерін және бағалау аймақтарының шекараларын, жерлерді аймақтандыру жобасын (схемасын) бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 1 ақпандағы № 2/10 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 ақпанда № 7116 болып тіркелдіы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 8-бабы 2-тармағына, 11-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихаттың 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 22/113 "Солтүстік Қазақстан облысы Явленка ауылының жер телімдерінің және Есіл ауданының ауылдық елді мекендердің төлемақылық базалық ставкаларына арналған түзету коэффиценттерін және бағалау аймақтарының шекараларын, жерлерді аймақтандыру жобасын (схемасын) бекіту туралы" шешіміне (2017 жылдың 27 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4459 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 4-қосымшасында:

      Заречный ауылдық округінде реттік нөмірі 5, 6 – жол алып тасталсын;

      Торанғұл ауылдық округінде реттік нөмірі 2 – жол алып тасталсын:

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихаты сессиясының төрайымы,
мәслихат хатшысы
А. Бектасова
      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихаты сессиясының төрайымы,
мәслихат хатшысы
А. Бектасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады