Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 20 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 маусымда № 22908 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 38 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 11.08.2021 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 01-13/136 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Архангельск ауылдық округінің Архангельское ауылында Береговая көшесіне құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Архангельск ауылдық округінің әкімі И. Рыбакова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады