Карантинді тоқтату және Мағжан Жұмабаев ауданы Лебяжье ауылдық округінің әкімінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 15 "Карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Лебяжье ауылдық округінің әкімінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 18 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 қарашада № 25278 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Мағжан Жұмабаев ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2021 жылғы 3 қарашадағы №220 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мағжан Жұмабаев ауданы Лебяжье ауылдық округінің Лебяжье ауылы аумағында жұқпалы құс тұмауы ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Мағжан Жұмабаев ауданы Лебяжье ауылдық округінің әкімінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 15 "Карантин белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24560 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімі Ш. Умарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады