Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылының Октябрьская көшесінің атауын Василий Шелема көшесіне қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № 5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 16 ақпанда № 7129 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабы 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, Чермошнян ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы ономастикалық комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Чермошнян ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі Чермошнян ауылының Октябрьская көшесінің атауы Василий Шелема көшесіне қайта аталсын.

      2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Чермошнян ауылдық округінің әкімі А. Жетыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады