Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 09.08.2022 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 179 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4312 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшаның 9-тармағындағы "Комсомольское ауылы, Комсомольская және Ленина көшелердің қиылысы" деген сөздер "Комсомольское ауылы, Комсомольская және Абай көшелердің қиылысы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тимирязев ауданының әкімі | Н. Кенесов |