Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына сәйкес, 2020 жылғы 29 желтоқсандағы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Бидайық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес Бидайық ауылдық округі Өндіріс ауылының келесі атауы жоқ көшесіне атау берілсін:
атауы жоқ көше – Ғазиз Хамутбаев көшесі.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бидайық ауылдық округінің әкімі | Т. Куйшбаева |
2021 жылғы 19 наурыздағы | |
№ 13 шешіміне | |
қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі Өндіріс ауылындағы атауы жоқ көшесіне атау беру туралы схемалық картасы
Бидайық ауылдық округінің әкімі Т.Куйшбаева