Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 25/10 "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сухорабов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 1/10 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 қаңтарда № 7091 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 19/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 17.03.2022 № 19/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сухорабов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 3 ақпандағы № 25/10 шешіміне (2014 жылғы 21 наурызда "Бірінші сөз", "Первое слово" аудандық газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2597 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы
мәслихаты сессиясының төрағасы
С. Окунев
      Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы
мәслихатының хатшысы
О. Амрин

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Шал ақын ауданы мәслихатының
  2021 жылғы 15 қаңтардағы
  № 1/10 шешіміне
  қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Шал ақын ауданы мәслихатының
  2014 жылғы 3 ақпандағы
  № 25/10 шешіміне
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сухорабов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сухорабов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сухорабов ауылдық округі Сухорабовка ауылының тұрғындарына

48

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сухорабов ауылдық округі Ольгинка ауылының тұрғындарына

29


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады