Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 214 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 қазанда № 24855 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 88

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 04.05.2022 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ.Е. Нұрлыбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысы әкімінің
міндетін атқарушы
Н. Таушов

  Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 214 қаулысымен бекітілген

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері

Тауардың атауы

Өлшем бірлігі

Бағасы, теңге

1

Картоп

1 (бір) килограмм

237

2

Асханалық сәбіз

1 (бір) килограмм

380

3

Басты пияз

1 (бір) килограмм

129

4

Ақ қауданды қырыққабат

1 (бір) килограмм

128

5

Күнбағыс майы

1 (бір) литр

732


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады