Жылыой аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17-17 "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 5-2 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 27 сәуірде № 4941 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 9-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 28.09.2021 № 9-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына,"Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Жылыой аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жылыой аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17-17 "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2819 болып тіркелген, 2014 жылы 9 қаңтарда "Кең Жылой" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жылыой аудандық мәслихатының әлеуметтік сала, құқық, коммуналдық шаруашылық,құрылыс, өндіріс, ауылшаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Кенжеғалиев) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Сессия төрағасы С. Балжигитов
      Мәслихат хатшысы С. Таласов

  Жылыой аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 5-2 шешіміне қосымша
  Жылыой аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17-17 шешіміне 2-қосымша

Коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек алушылардың санаттары

      Табысы есепке алынбай, коммуналдық қызметтерге ай сайынғы әлеуметтік көмек келесідей санаттағы азаматтарға берілсін:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

      2) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінің немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамның екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы);

      3) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілер;

      4) Ұлы Отан соғысы жалдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;

      5) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары;

      6) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқада радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдар;

      7) 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;

      8) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;

      9) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      10) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      11) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады