Қамысқала ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 60 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № 3 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 2 ақпанда № 4886 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Исатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 10-10/20 ұсынысы негізінде Қамысқала ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қамысқала ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 60 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4823 болып тіркелген, 2020 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Р. Тажиденова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады