Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 маусымдағы № 139 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялауды бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 8 қаңтарда № 6016 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 10 наурыздағы № 68 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 10.03.2021 № 68 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 маусымдағы № 139 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялауды бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5659 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 26 маусымда жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасындағы "706125,0 мың теңге" деген сандар "526822,0 мың теңге" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө. Шөкеев
      А.Ш. Жетпісбай
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      С.А. Қалқаманов
      М.И. Мырзалиев
      А.С. Сәбитов
      Ұ.Қ. Тәжібаев
      А.А. Абдуллаев
      А.Б. Тасыбаев

      Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 маусымдағы № 139 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялауды бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы "___"_____________№_____ қаулысына

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады