Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы әкiмiнiң 2021 жылғы 18 наурыздағы № 2 шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 18 наурызда № 6113 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы әкімінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкімінің 08.04.2022 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 13.03.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29 бабының 2 тармағына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабының 2-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша облыстық комиссия отырысының 2021 жылғы 14 наурыздағы № 4 хаттамасының негізінде, Түркістан облысының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 2021 жылдың 13 наурызынан бастап Түркістан облысы Арыс, Кентау қалалары және Бәйдібек, Ордабасы, Отырар аудандарының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.Ш.Жетпісбай тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім 2021 жылдың 13 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің міндетін атқарушы А. Жетпісбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады