Түркістан облысы Келес ауданының әкімшілік аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 3/27-VII бірлескен шешімі және Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 100 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 сәуірде № 6170 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Келес ауданының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы негізінде Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Түркістан облысы Келес ауданының келесі ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін:

      1) Абай ауылының әкімшілік шекарасына Қошқарата ауылдық округінен 139,71 гектар және Біртілек ауылдық округінен 890,35 гектар жалпы көлемі 1030,06 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

      2) Ақтөбе ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Бірлік ауылдық округінен 4519,09 гектар және Бірлесу ауылдық округінен 20,86 гектар жалпы көлемі 4539,95 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

      3) Бірлесу ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Ақтөбе ауылдық округінен жалпы көлемі 80,92 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

      4) Бірлік ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Ошақты ауылдық округінен 196,70 гектар және Жамбыл ауылдық округінен 1616,58 гектар жалпы көлемі 1813,28 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

      5) Біртілек ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Ошақты ауылдық округінен жалпы көлемі 284,07 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

      6) Бозай ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Жамбыл ауылдық округінен жалпы көлемі 762,25 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

      7) Қошқарата ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Біртілек ауылдық округінен 61,93 гектар және Бірлік ауылдық округінен 480,7 гектар жалпы көлемі 542,63 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

      8) Жүзімдік ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Қошқарата ауылдық округінен жалпы көлемі 21,64 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

      9) Ошақты ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Бірлік ауылдық округінен 561,71 гектар, Біртілек ауылдық округінен 3977,71 гектар және Қошқарата ауылдық округінен 489,27 гектар жалпы көлемі 5028,69 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;

      10) Ұшқын ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Қошқарата ауылдық округінен жалпы көлемі 130,13 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен қаулы және шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен қаулы және шешім оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі У. Шукеев
      Түркістан облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы Н. Абишов
      Түркістан облыстық
      мәслихатының хатшысы К. Балабиев
      А.Ш. Жетпісбай
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      С.А. Қалқаманов
      М.И. Мырзалиев
      А.С. Сабитов
      Ұ.Қ. Тәжібаев
      Қ.Ә. Қайыпбек
      А.Б. Тасыбаев

      "Түркістан облысы Келес ауданының әкімшілік аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" облыс әкімдігінің 2021 жылғы "__" ___________ №_____ қаулысы мен облыстық мәслихаттың 2021 жылғы "__" __________ №_______ шешіміне.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады