Түркістан облысы Сарыағаш және Қазығұрт аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 12 қазандағы № 11/100-VII бірлескен шешімі және Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 12 қазандағы № 225 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 қазанда № 24892 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес және Сарыағаш, Қазығұрт аудандары әкімдіктерінің және мәслихаттарының бірлескен ұсыныстары негізінде, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Сарыағаш ауданының шекарасы:

      1) Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылдық округінен берілетін 288,33 гектар жерлерді және Бағыс елді мекенінен берілетін 708,8 гектар жерлерді Ақжар ауылдық округінің шекарасына қосу жолымен;

      2) Хиебон елді мекенінен берілетін 45,62 гектар жерлерді Құркелес ауылдық округінің шекарасына қосу жолымен өзгертілсін.

      2. Қазығұрт ауданының шекарасы Бағыс елді мекенінен берілетін 41,2 гектар жерлерді Қақпақ ауылдық округінің шекарасына қосу жолымен өзгертілсін.

      3. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімін ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысының және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсін.

      5. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі У. Шукеев
      Түркістан облыстық
      мәслихатының хатшысы К. Балабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады