ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Түркістан облысында діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 78 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5542 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.А. Қалқамановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкімі | У. Шукеев |
Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 263 қаулысына қосымша |
|
Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 78 қаулысына қосымша |
Түркістан облысында дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың тізімі
№ | Арнайы тұрақты үй-жайдың атауы | Арнайы тұрақты үй-жайдың орналасқан жері |
Түркістан қаласы | ||
1. | "JAMAGAT" дүкені | Тәуке хан даңғылы, № 247е |
2. | "King’s school" дүкені | Тәуке хан даңғылы, № 162 |
3. | "Amina" дүкені | Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы, № 14 құрылыс "Караван-сарай" сауда ойын-сауық орталығы |
4. | "Amina" дүкені | Әмір-Темір көшесі, № 7 Е (Арбат) |
5. | "Amina" дүкені | Түркістан қаласы, Шаға ауылдық округі, № 104 орам, № 1404 құрылыс, Түркістан қаласының халықаралық әуежайы |
Сарыағаш ауданы | ||
6. | "Хадиша" дүкені | Сарыағаш қаласы, Б. Ермеков көшесі № 3, "Алып" сауда қалашығы |
7. | "Нұр-береке" дүкені | Сарыағаш қаласы, Б. Ермеков көшесі № 3, Алып" сауда қалашығы |
8. | "Раян" дүкені | Құркелес ауылдық округі, Абай көшесі № 33/2 |
Келес ауданы | ||
9. | "Аззие" дүкені | Абай ауылы, Д. Қонаев көшесі, № 103 |
Жетісай ауданы | ||
10. | "Әсем" базары | Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, № 22/2 |
Отырар ауданы | ||
11. | "Арыстан баб" кесенесінің қақпасындағы жайма | Қоғам елді мекені, Ұ. Арғынбеков көшесі, "Арыстан баб" кесенесі |
Сайрам ауданы | ||
12. | "Ықылас" дүкені | Ақсукент ауылы, Жібек Жолы көшесі, № 6 |
Шардара ауданы | ||
13. | "Алғи" дүкені | Шардара қаласы, Төле би көшесі, № 24/2 |