Кентау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 382 "Кентау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 21 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 31 наурызда № 6132 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 41 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 20.09.2023 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудін, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кентау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 382 "Кентау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5860 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 28 қазанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген Кентау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

      7 тармақтың 4-тармақшасы мынандай абзацтармен толықтырылсын:

      "Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері – біржолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері – біржолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары – біржолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде";

      7-тармағының 5-тармақшасының 12 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедек болған адамдарға – біржолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".

      2. "Кентау қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Кентау қалалық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат сессиясының төрағасы К. Елеусизов
      Мәслихат хатшысы Т. Балабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады