Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 2/13-VII "Түркістан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 11/54-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 қыркүйекте № 24552 болып тiркелдi

      Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Түркістан қалалық мәслихатының "Түркістан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2021 жылғы 29 қаңтардағы №/13-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6053 тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат хатшысы М. Тангатаров

  2021 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 11/54-VI Шешімге
қосымша
  Түркістан қалалық
мәслихатының 2021 жылғы
29 қаңтардағы № 2/13-VII
шешіміне қосымша

Түркістан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін Түркістан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:

      1) әлеуметтік көмек ретінде бастапқы жарна сомасының 90 % мөлшерінде, бірақ 1,5 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;

      2) әлеуметтік қолдау ретінде бастапқы жарна сомасының 90 % мөлшерінде, бірақ 1,5 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.

      Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалады.

      2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі:

      1) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 68-бабының 3), 9) және 11) тармақшаларымен айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары;

      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы мамандар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады