Отырар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 471 "Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 26 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 ақпанда № 6055 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 27 бабына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Отырар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 471 "Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5308 тіркелген, 2019 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Отырар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Р.Әлішке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Отырар ауданының әкімі А. Жунисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады