Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сайрам аудандық мәслихатының "Сайрам ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуді қосымша реттеу туралы" 2020 жылғы 24 маусымдағы № 56-342/VI (Нормативттік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5716 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
осы шешімнің 2 тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Сайрам ауданында демонстрациялар мен шерулер өткізу үшін жүру маршруты ретінде Ақсу ауылының Ы.Иманалиев көшесі мен Жібек жолы көшесінің қиылысынан бастап Ы.Иманалиев көшесі мен Төлеби көшесінің қиылысына дейінгі аралық айқындалсын.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маслихат хатшысы | Ш. Халмурадов |