Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сарыағаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулылардың күші жойылды деп танылсын.
2. "Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Б.Полатовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарыағаш ауданының әкімі | М. Отаршиев |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 396 қаулысына қосымша |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулылардың күші жойылған қаулылардың тізбесі
1. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 17 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 болып тіркелген).
2. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің ""Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 17 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 10 шілдедегі № 270 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5132 болып тіркелген).
3. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің ""Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 17 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 2 қазандағы № 364 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген).
4. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің ""Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 17 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 1 шілдедегі № 161 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5678 болып тіркелген).
5. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің ""Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 17 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5989 болып тіркелген).