Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 24.11.2021 № 396 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 17 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Полатовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарыағаш ауданының әкімі | М. Отаршиев |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 161 қаулысына қосымша |
|
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 17 қаулысына қосымша |
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның мөлшері (%) | Жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 28 Абылай хан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 160 | 3 | 5 |
2 | Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 1 М.Ауезов атындағы мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 200 | 3 | 6 |
3 | Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 66 Толыбай батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 135 | 3 | 4 |
4 | Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 39 Т.Айбергенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 118 | 3 | 4 |
5 | Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 12 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 128 | 3 | 4 |
6 | Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 20 Амангелды атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 121 | 3 | 4 |
7 | Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 60 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 213 | 3 | 6 |
8 | Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының "Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 2098 | 4 | 84 |
9 | Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 14 Алыбай батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 106 | 3 | 3 |
10 | Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 51 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 61 | 2 | 1 |
11 | Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 31 Т.Бигельдинов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 118 | 3 | 4 |
12 | Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 6 Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 117 | 3 | 4 |
13 | Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 73 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 75 | 2 | 2 |
14 | Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 21 Яссауи атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 156 | 3 | 5 |
15 | Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 3 М.Ломоносов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 176 | 3 | 5 |
16 | Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 38 М.Мақатаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 130 | 3 | 4 |