Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағын және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды 1 қосымшаға сәйкес және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды 2 қосымшаға сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасын белгілеуде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 26-бабы 2-бөлігі 3-тармағының талаптары қатаң сақталсын.
5. "Шардара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шардара ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Таженовке жүктелсiн.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Жолдыбай |
Шардара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 ақпандағы № 51 қаулысына 1 қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квота
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны |
1. | Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының "Шардара аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 920 | 0,11 | 1 |
2. | Шардара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Шардара сервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 49 | 2,04 | 1 |
3. | Шардара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Шардара жасыл аймақ" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 47 | 2,13 | 1 |
4. | "Хамит" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі | 250 | 0,40 | 1 |
5. | Жеке кәсіпкер "Жалгасбаев Талгат Серикбаевич" | 40 | 2,50 | 1 |
6. | Түркістан облысының табиғи ресустар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 70 | 1,43 | 1 |
Барлығы | 1376 | 6 |
Шардара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 ақпандағы № 51 қаулысына 2 қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квота
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны |
1. | Шардара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Шардара жасыл аймақ" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 47 | 2,13 | 1 |
2. | Шардара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Шардара сервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 49 | 2,04 | 1 |
3. | Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының "Шардара аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 920 | 0,11 | 1 |
4. | "Хамит" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі | 250 | 0,40 | 1 |
Барлығы | 1266 | 4 |
Шардара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 ақпандағы № 51 қаулысына 3 қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны |
1. | Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "№ 16 Колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 154 | 0,65 | 1 |
2. | Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Мәулен Қалмырза атындағы № 3 мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 140 | 0,71 | 1 |
3. | Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шардара аудандық № 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 2 | 1 |
4. | Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шардара аудандық № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі"" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 112 | 0,89 | 1 |
5. | Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Шардара ауданының әлеуетті дамыту бөлімінің "Оқушылар үй" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 79 | 1,27 | 1 |
6. | Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Шардара ауданының әлеуетті дамыту бөлімінің "Балалар саз мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 72 | 1,39 | 1 |
7. | "Хамит" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі | 250 | 0,40 | 1 |
Барлығы | 857 | 7 |