Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Түркістан облысы Жетісай ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 6 мамырдағы № 405 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 6 мамырда № 6190 болып тiркелдi. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына" сәйкес, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген, Жетісай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. Жетісай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 наурыздағы № 222 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4921 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 15 наурыздағы "Жаңа Жетісай" газетінде және 2019 жылы 12 наурыздағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Примбековке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жетісай ауданының әкімі М. Қадырбек

  Жетісай ауданы әкімдігінің
"6" мамырдағы 2021 жылғы
№ 405 қаулысына қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы

Тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 39 "Асықата" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

172

3

2

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 40 "Ынтымақ" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

114

3

3

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ғ.Мұратбаев атындағы № 61 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

107

3

4

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 65 "Достық" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

102

3

5

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "М.Байзақов атындағы № 18 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

105

3

6

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Аманкелді атындағы № 19 жалпы орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі

115

3

7

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 43 "Қызыл таң" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

132

3

8

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Кенесары хан атындағы № 62 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

140

3

9

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ш.Құдайбердиев атындағы № 32 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

142

3

10

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ю.Гагарин атындағы № 53 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

143

3

11

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Б.Момышұлы атындағы № 6 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

178

3

12

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Н.Оңдасынов атындағы № 14 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

165

3

13

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Алпамыс батыр атындағы № 8 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

169

3

14

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "М.Горький атындағы № 1 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

169

3

15

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ш.Уәлиханов атындағы № 2 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

118

3

16

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ю.Гагарин атындағы № 3 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

129

3

17

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Абай атындағы № 4 жалпы орта мектебі мектеп гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

149

3

18

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "А.Байтұрсынов атындағы № 5 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

138

3

19

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 7 Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

168

3

20

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "І.Жансүгіров атындағы № 30 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

101

3

21

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Т.Рысқұлов атындағы № 20 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

269

4

22

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "М.Шоқай атындағы № 26 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

137

3

23

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қ.А.Яссауи атындағы № 22 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

144

3

24

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "А.Жами атындағы № 24 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

130

3

25

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 37 "Еңбек" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

135

3

26

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "М.Жұмабаев атындағы № 15 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

100

2

27

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 10 "Қайнар" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

192

3

28

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 12 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

115

3

29

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің"№ 57 "Сарыарқа" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

140

3

30

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Н.Төреқұлов атындағы № 13 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

175

3

31

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің Я.Есенбеков атындағы № 59 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

106

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады