ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 18404 болып тіркелген) бұйрығын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің келісімі негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2021 жылға арналған субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 77 1 қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2021 жылға арналған субсидиялардың көлемдері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда -- Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 23.12.2021 № 370 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Жергілікті бюджет | Үкіметтің резервтегі бюджеті | |||
Субсидияланатын көлем | Субсидиялар көлемі, мың теңге | Субсидияланатын көлем | Субсидиялар көлемі, мың теңге | |||||
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | ||||||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | |||||||
1) | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы |
Бас/ | 10 000 | 144 420 | 1 444 200,000 | 52 859 | 528 590,000 | |
2) | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 15 000 | 54 996 | 824 940,000 | 8 326 | 124 890,000 | ||
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу |
Бас/ | 100 000 | 2 153 | 215 300,000 | |||
3. | Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | Сатып алынған бас | 150 000 | 4 000 | 600 000,000 | 1 757 | 263 500,000 | |
4. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | |||||||
1) | Отандық | Сатып алынған бас | 150 000 | 3 800 | 570 000,000 | 6 379 | 956 850,000 | |
2) | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған | 225 000 | 2 600 | 585 000,000 | 829 | 186 525,000 | ||
5. | Ірі қара малдың тұқымдық шығу тегіне сәйкес келетін импортталған аналық басын сатып алу | Сатып алынған бас | 150 000 | 25 | 3 750,000 | 200 | 30 000,000 | |
6. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату | Тірідей салмағы килограмм | 200 | 875 000 | 175 000,000 | 207 349 | 41 469,800 | |
Барлығы: | 4 418 190,000 | 2 131 824,800 | ||||||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||||||
1. | Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу: | |||||||
1) | Қос жынысты | Сатып алынған доза | 5 000 | 12 642 | 35 386,276 | |||
2. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | |||||||
1) | Отандық | Сатып алынған бас | 200 000 | 89 | 17 800,000 | 43 | 6 665,000 | |
2) | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған | 225 000 | 194 | 43 650,000 | ||||
3) | Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | 400 000 | 581 | 232 400,000 | ||||
3. | Сүт өндіру құнын арзандату: | |||||||
1) | Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылықтар | Өткізілген немесе өңделген килограмм | 45 | 17 497 860 | 787 403,700 | 10 915 872 | 491 214,240 | |
2) | Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылықтар | 30 | 14 840 071 | 445 202,130 | 7 601 693 | 228 050,790 | ||
3) | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылықтар | 20 | 6 792 818 | 135 856,360 | ||||
4) | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 20 | 6 304 666,7 | 126 093,334 | 203,5 | 4,070 | ||
Барлығы: | 1 823 791,800 | 725 934,100 | ||||||
Етті құс шаруашылығы | ||||||||
1. | Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | Сатып алынған бас | 600 | 68 202 | 40 921,200 | |||
2. | Құс етін өндіру құнын арзандату: | |||||||
1) | 15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | Өткізілген килограмм | 80 | 14 540 000 | 1 163 200,000 | 12 631 080 | 1 010 486,400 | |
2) | 5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | 60 | 6 332 000 | 379 920,000 | ||||
Барлығы: | 1 584 041,200 | 1 010 486,400 | ||||||
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | ||||||||
1. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | Сатып алынған бас | 60 | 58 000 | 3 480,000 | |||
Барлығы: | 3 480,000 | |||||||
Шошқа шаруашылығы | ||||||||
1. | Асыл тұқымды шошқалар сатып алу | Сатып алынған бас | 140 000 | 18 | 2 520,000 | 2 | 280,000 | |
2. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу |
Бас/ | 40 000 | 2 950 | 118 000,000 | 925 | 37 000,000 | |
Барлығы: | 120 520,000 | 37 280,000 | ||||||
Қой шаруашылығы | ||||||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | |||||||
1) | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы |
Бас/ | 4 000 | 76 707 | 306 828,000 | 42 549 | 170 196,000 | |
2) | Қойлардың тауарлық аналық басы | 2 500 | 124 962 | 312 405,000 | 89 025 | 222 562,500 | ||
2. | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | Сатып алынған бас | 15 000 | 11 000 | 165 000,000 | 19 526 | 292 827,500 | |
Барлығы: | 784 233,000 | 685 586,000 | ||||||
Жылқы шаруашылығы | ||||||||
1. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | Сатып алынған бас | 100 000 | 105 | 10 500,000 | 18 | 1 800,000 | |
Барлығы: | 10 500,000 | 1 800,000 | ||||||
Балара шаруашылығы | ||||||||
1. | Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | Балара ұясы/маусым | 5 000 | 24 076 | 120 380,000 | |||
Барлығы: | 120 380,000 | |||||||
Жиыны сома: | 8 865 136,000 | 4 592 911,300 |