"Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 12/104-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 желтоқсанда № 25966 болып тіркелді

      Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2523 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
Д. Рыпаков

  Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының
2021 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 12/104-VII шешіміне
қосымша
  Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2009 жылғы "21"
желтоқсандағы № 17/225-IV
шешіміне қосымша

Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

  №

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері, теңге

1

2

3

4

Ертіс өзені бассейні

1

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 текше метр

135,9

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса

теңге /1000 текше метр

390,5

3

Ауыл шаруашылығы

теңге /1000 текше метр

110,0

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге /1000 текше метр

 
110,0

5

Су энергетикасы

теңге /1000 киловатт-сағат

41,0

6

Су көлігі

теңге /1000 тонно- километр

15,1

Балқаш және Алакөл өзен мен көлдері бассейні

7

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 текше метр

125,1

8

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса

теңге /1000 текше метр

345,2

9

Ауыл шаруашылығы

теңге /1000 текше метр

99,2

10

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге /1000 текше метр

94,9

11

Су энергетикасы

теңге /1000 киловатт-сағат

36,7

12

Су көлігі

теңге /1000 тонно-километр

10,8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады