Атауы жоқ көшеге атау беру туралы және көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Нарын ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 28 қаңтарда № 8386 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Нарын ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Нарын ауылдық округі Шынқожа ауылындағы атауы жоқ көшеге "Слямжар Бендебаев" атауы берілсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Нарын ауылдық огругі, Шынқожа ауылының төмендегі көшелері қайта аталсын:

      "Қара Шоқы" көшесі – "Әбділхақ Оспанов" атындағы көшесіне;

      "Бірінші" көшесі – "Сағатбек Омарбаев" атындағы көшесіне;

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нарын ауылдық округінің әкімі М. Тусупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады