ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 – бабы 2 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3 - тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 29 наурыздағы № 90 ұсынысы негізінде, Долон ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ірі қара мал арасында сарып бруцеллез ауруы ошақтарын жою жөніндегі ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар кешенінің орындалуына байланысты, Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округінің Бөдене ауылының "Рахим" шаруа қожалығының аумағындағы шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Долон ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 15 шілдедегі № 4 "Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округінің Бөдене ауылының "Рахим" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7370 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Долон ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Бесқарағай ауданының әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Долон ауылдық округ әкімі | К. Ипанов |