Шектеу іс-шараларын тоқтату және Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 4 "Жарма ауданы Қарасу ауылдық округіне қарасты "Ербол" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 тамыздағы № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 тамызда № 23908 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2021 жылғы 18 маусымдағы № 477 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қарасу ауылдық округінің "Ербол" шаруа қожалығындағы ірі қара мал арасында құтыру ауыруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 4 "Жарма ауданы Қарасу ауылдық округіне қарасты "Ербол" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8680 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауылдық округінің әкімі А. Кныбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады