ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19 – бабының 1-1) тармақшасына, 69 – бабының 4 – тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35 – бабы 1 – тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Алтай қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. "Алтай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Шығыс Қазақстан, Алтай ауданы, Алтай қаласының орталық саябағын абаттандыру" жобасын жобаландыру және жүзеге асыру үшін Алтай қаласының орталық бөлігінде (елді мекен шегінде) орналасқан алаңы 6,2 гектар, мерзімі 1 (бір) жылға Тәуелсіздік көшесі бойындағы жер теліміне шектеулі мақсатты пайдалану (қоғамдық сервитут) құқығы белгіленсін.
2. "Алтай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің Алтай ауданы әкімінің Интернет – ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтай қаласы әкімінің міндетін аткарушы | И. Оконешников |