ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35–бабының 2–тармағына сәйкес, Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі Үлкен Нарын ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі Үлкен Нарын ауылының келесі көшелері:
1) "Алтайэнерго" көшесі – "Андрей Огнев" көшесі;
2) "Октярьская" көшесі – "Қазбек би" көшесі;
3) "Шолохов" көшесі – "Оралхан Бөкей" көшесі;
4) "Маяковский" көшесі – "Нұғыман Жұмағұлов" көшесі;
5) "Чайковский" көшесі – "Силивестр Слабодчиков" көшесі;
6) "Садовая" көшесі – "Дидахмет Әшімханов" көшесі;
7) "Московская" көшесі – "Пазыл Әбиев" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі | Р. Ильясов |