Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округінің Шәріптоғай ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 мамырда № 8732 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 1 тамыздағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округі әкімінің 01.08 2022 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңы 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңы 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекция басшысының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 01 - 11/164 ұсынысы негізінде, Көкпекті ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округінің Шәріптоғай ауылында мүйізді ірі қара малдардың арасында бруцеллез инфекциялық ауруына қарсы ветеринарлық – санитарлық іс – шараларды жүргізу және ошақты жою үшін шектеу іс – шаралары белгіленсін.

      2. Көкпекті ауданының "Көкпекті ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің аудан аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы шешімнің ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет – ресурсында орналастырылуын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырамын.

      Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім м.а. С. Байсенгиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады