ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы 1-тармағына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшері бір шаршы метр үшін 2021 жылға 39,98 теңге сомасында бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы |
М. Желдыбаев |