Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шемонаиха аудандық мәслихатының "Шемонаиха ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" 2021 жылғы 31 наурыздағы № 4/18–VII шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8557 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Шемонаиха ауданы бойынша тұрғын үй сертификатының мөлшері айқындалсын:
қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы | М. Желдыбаев |