Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шемонаиха аудандық мәслихатының "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 48/7-VI шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6493 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы | М. Желдыбаев |