Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 16.09.2021 № 183 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18404 тіркелген) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы бойынша 2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 16.09.2021 № 183 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласының әкімдері осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
4. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ж.Ж. Халиуллин) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Н.Манкеевке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Г. Искалиев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы "17" ақпандағы №18 қаулысымен бекітілген |
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Ескерту. Субсидиялар көлемдері жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 13.12.2021 № 282 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия сомасы, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/ шағылыстыру маусымы | 10 000 | 177 040 | 1 770 400 |
1.2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 15 000 | 44 351 | 665 265 | |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас/ шағылыстыру маусымы | 100 000 | 2 055 | 205 500 |
3. | Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | сатып алынған бас | 150 000 | 5 580 | 837 000 |
4. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||
4.1 | Отандық | сатып алынған бас | 150 000 | 8 610 | 1 291 500 |
4.2 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған | 225 000 | 1 065 | 239 625 | |
4.3 | Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | 300 000 | 443 | 132 900 | |
5. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату | тiрiдей салмағы, килограмм | 200 | 4 602 693 | 920 538,6 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
6. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||
6.1 | Отандық | сатып алынған бас | 200 000 | 170 | 34 000 |
6.2 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған | 225 000 | 198 | 44 550 | |
6.3 | Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | 400 000 | 96 | 38 400 | |
7. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||
7.1 | Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 30 | 1 833 283 | 54 998,5 |
7.2 | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | 20 | 1 318 400 | 26 368 | |
7.3 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 20 | 360 000 | 7 200 | |
8. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерік орталықтарды субсидиялау | ағымдағы жылы ұрықтан-дырылған бас | 5 000 | 2 622 | 13 110 |
Етті құс шаруашылығы | |||||
9. | Құс етін өндіру құнын арзандату | ||||
9.1 | 5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген килограмм | 60 | 6 000 000 | 360 000 |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
10. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 60 | 226 000 | 13 560 |
11. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату (2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады) | ||||
11.1 | 50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген дана | 1,1 | 139 331 282 | 153 264,4 |
Қой шаруашылығы | |||||
12. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
12.1 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/ шағылыстыру маусымы | 4 000 | 22 818 | 91 272 |
12.2 | Қойлардың тауарлық аналық басы | 2 500 | 162 387 | 405 967,5 | |
13. | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | сатып алынған бас | 15 000 | 6 228 | 93 420 |
14. | Тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп-бағу | бас/ шағылыстыру маусымы | 10 000 | 26 | 260 |
15. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген ұсақ малдардың еркек дарақтарының құнын арзандату | өткізілген бас | 3 000 | 3 684 | 11 052 |
Жылқы шаруашылығы | |||||
16. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | сатып алынған бас | 100 000 | 70 | 7 000 |
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен: | |||||
17. | Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | балара ұясы/ маусым | 5 000 | 1 000 | 5 000 |
Барлығы | 7 422 151 |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 ақпандағы № 18 қаулысына қосымша |
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы №41 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6072 тіркелген, 2020 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.
2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 мамырдағы №102 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы №41 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6230 тіркелген, 2020 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.
3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №198 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы №41 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6345 тіркелген, 2020 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.
4. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 қыркүйектегі №209 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы №41 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6364 тіркелген, 2020 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.
5. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қарашадағы №274 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы №41 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6482 тіркелген, 2020 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.