Бөкей ордасы ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 37 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 16 наурызда № 6847 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген) сәйкес Бөкей ордасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бөкей ордасы ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде:

      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде белгіленсін;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін үш пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 11 маусымдағы №68 "Бөкей ордасы ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6276 тіркелген, 2020 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Акқалиевке  жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бөкей ордасы ауданының әкімі Н. Рахимжанов

  Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 16 наурыздағы
№ 37 қаулысына 1-қосымша

Бөкей ордасы ауданы бойынша 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері(%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1.

"Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

39

2

1

2.

"Сайқын ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

14

2

1

3.

"Орда ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

20

2

1

4.

"Мұратсай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

15

2

1

5.

"Бисен ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

15

2

1

6.

"Темір Масин ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

12

2

1

7.

"Саралжын ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

10

2

1

8.

"Ұялы ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

10

2

1

  Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 16 наурыздағы
№ 37 қаулысына 2-қосымша

Бөкей ордасы ауданы бойынша 2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері(%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1.

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бөкей ордасы аудандық ветеринариялық станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

60

2

1

2.

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Орда" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

18

2

1

  Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 16 наурыздағы
№ 37 қаулысына 3-қосымша

Бөкей ордасы ауданы бойынша 2021 жылға ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға
дейін айырылған немесе ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру
ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері(%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1.

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі

38

3

1

2.

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Мәншүк Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекетті мекемесі

102

3

3

3.

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Мұхамед-Салық Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекетті мекемесі

117

3

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады