Бәйтерек ауданы бойынша 2021 жылға азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 133 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 16 наурызда № 6849 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық–атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 "Ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13598 тіркелген) сәйкес, Бәйтерек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бәйтерек ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық–құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде:

      осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының басшысы (Т.Тулепкалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Бисакаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Токжанов

  Бәйтерек ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 16 наурыздағы
№ 133 қаулысына 1 қосымша

Бәйтерек ауданы бойынша 2021 жылға ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға
дейін айырылған немесе ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру
ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

92

1

1

2

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Махамбет "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

113

1

1

3

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Рубежин "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

80

1

1

4

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Көшім "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

111

1

1

5

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Белес "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

107

1

1

6

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Мичурин "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

163

1

2

  Бәйтерек ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 16 наурыздағы
№ 133 қаулысына 2 қосымша

Бәйтерек ауданы бойынша 2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"АСФА" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

154

2

3

2

"Восход" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

2

1

3

"Каверина С.В." жеке кәсіпкер

43

2

1

  Бәйтерек ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 16 наурыздағы
№ 133 қаулысына 3 қосымша

Бәйтерек ауданы бойынша 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"АСФА" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

154

2

3

2

"Восход" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

2

1

3

"Каверина С.В." жеке кәсіпкер

43

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады