Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
"1) "Қаратөбе ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 46-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6371 болып тіркелген);
2) "Қаратөбе ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарын жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6811 болып тіркелген)".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысының міндетін атқарушы | И. Классен |