Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 10.09.2021 № 8-10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 98 "Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3914 тіркелген) қаулысына сәйкес, Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Қаратөбе ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 25-2 "Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қаратөбе және Шөптікөл ауылдары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5516 тіркелген, 2019 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қаратөбе аудандық мәслихатының аппарат басшысы (Ж.Жангазиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | И. Классен |
Мәслихат хатшысы | К. Суйеугалиев |
Қаратөбе аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 46-7 шешіміне қосымша |
Қаратөбе ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылдық норма, 1 есептік бірлікке куб метр |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,1 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және тағы сол сияқтылар | 1 орын | 1,13 |
3 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,4 |
4 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,22 |
5 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,04 |
6 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 2,06 |
7 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,13 |
8 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,16 |
9 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары | 1 отыратын орын | 0,2 |
10 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
11 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,13 |
12 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,21 |
13 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермеркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,8 |
14 | Көтерме базалары, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларының қоймалары | Жалпы алаңға 1 м2 | 0,28 |
15 | Халыққа қызмет көрсету орталықтары | Жалпы алаңға 1 м2 | 0,22 |
16 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,44 |
17 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильдерге жанармай құю бекеттері, гараждар | 1 машина-орын | 0,11 |
18 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,3 |
19 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,16 |
20 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,23 |
21 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
22 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
23 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және тағы басқалар) | 1 жұмыс орны | 0,13 |
24 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,26 |
Аббревиатураның толық жазылуы:
м2 - шаршы метр.