Қаратөбе ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарын жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 25 қаңтарда № 6811 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 8-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 10.09.2021 № 8-10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қаратөбе ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері бекітілсін.

      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Ж.Жангазиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Айтқалиева
      Мәслихат хатшысы К. Суйеугалиев

  Қаратөбе аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 22 қаңтардағы
№ 2-2 шешіміне қосымша

Қаратөбе ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтер

Объект

Есептік бірлік

Баға, теңгемен (ҚҚС жоқ)

1.

Жайлы үйлер

тұрғын/айына

50

2

Жайсыз үйлер 

тұрғын/айына

50

3.

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінен

1 м³

697,26

      Аббревиатураның ажыратып жазылуы:

      м³ - текше метр;

      ҚҚС - қосылған құн салығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады