Қаратөбе аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 8-10 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 қыркүйекте № 24456 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      "1) "Қаратөбе ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 46-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6371 болып тіркелген);

      2) "Қаратөбе ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарын жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6811 болып тіркелген)".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысының міндетін атқарушы И. Классен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады