"Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабына және 6-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызды қоса алған кезеңге арналған шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір тоннасы үшін 28 000,00 теңге (жиырма сегіз мың теңге) мөлшерiнде бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 404 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 26180 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқық қатынастарына қолданылады.
Министрдің м.а. | М. Журебеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі