"Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 қаңтарда № 26460 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20164 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы қағидаларында:

      2-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.2. Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін негіздер

      2022 жылғы 1 қаңтардан немесе төтенше жағдай кезеңінде басталған жағдайда, көрсетілген кезеңде өтініш бермеген өтініш беруші төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде көрсетілген төлемдерді тағайындауға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш бере алады.

      Бұл ретте, көрсетілген төлемдерді тағайындау 2022 жылғы 1 қаңтардан ерте емес немесе төтенше жағдай кезеңінде басталған тағайындау үшін негіздер туындаған күннен бастап жүзеге асырылады."

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Е. Біржановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Шапкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады