ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12590 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Қағидалардың 93-тармағы 2022 жылғы 10 қаңтардан бастап 28 ақпанды қоса алғандағы кезеңде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"93. Әлеуетті өнім берушінің жобалау бойынша соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы әлеуетті өнім берушілердің өтініштері негізінде осындай сараптама ұйымының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, веб-портал арқылы ұсынылған жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын сараптама ұйымдарының хаттарымен расталады.".
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 273 және 274-тармақтарын қоспағанда, 2022 жылғы 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.03.2022 № 335 (01.04.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 35 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен |
|
бекітілген |
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары
1. Осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы", "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылық көрсеткіші – осы Қағидалардың 293-тармағында айқындалған тәртіппен қолданылатын, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес веб-портал автоматты түрде айқындайтын, салықтар мен әлеуетті өнім берушінің еңбекақы төлеу қорына төленген кірістер бойынша көрсеткіштер жиынтығы;
2) веб-порталға қатысушы – веб-порталда тіркеуден өткен тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші;
3) веб-порталда тіркелу – мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектісінің веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуі;
4) жеке кабинет – мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, сатып алуға қатысуларын, сондай-ақ веб-порталда орналастырылған автоматтық хабарламалар мен мәліметтерді алуды жүзеге асыруға арналған пайдаланушының веб-порталдағы автоматтандырылған жұмыс орны;
5) қазынашылық сүйемелдеу – құрылыс объектілері бойынша құрылыспен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, қазынашылық органдарындағы шоттар арқылы жүргізілген төлемдердің барлық кезеңдерінде жобаның барлық қатысушыларының – бас мердігерлердің және қосалқы мердігерлердің салықтарды төлеуінің толықтығын қамтамасыз етуді бақылау;
6) құжаттың электрондық көшірмесі – өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік қызметтерді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;
7) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі;
8) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет болып табылатын заңды тұлға;
9) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
10) мемлекеттік сатып алу саласында электрондық депозитарий (бұдан әрі – электрондық депозитарий) - осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен веб-порталда қалыптастырылатын әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын мәліметтер мен құжаттарды қамтитын электрондық деректер базасы;
11) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық-цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;
12) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы (бұдан әрі – бірыңғай ұйымдастырушы) – Заңның 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдігі немесе аудан, қала, қаладағы аудан әкімдігі айқындаған, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
13) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы (бұдан әрі – ұйымдастырушы) – заңды тұлға немесе оны құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететін, Заңның 7-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше;
14) офтейк-келісімшарт – тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім беруші арасында болашақта өндіруге жоспарланған тауарларды кепілді сатып алу жөнінде жасалған келісім;
15) тауарлардың электрондық каталогы - сатып алынатын тауарларды автоматтандырылған сәйкестендіру мақсатында тауарлардың біріздендірілген сипаттамасын қалыптастыруға арналған веб-порталдың ақпараттық кіші жүйесі;
16) төленген салықтардың көрсеткіші – мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері бойынша, осы Қағидалардың 44-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес, есептелетін алдыңғы жылдың алдындағы үш жылдың ішінде әлеуетті өнім берушінің кірістерінің сомасына төленген салықтардың сомасының проценттік қатынасы;
17) уәкілетті өкіл – веб-порталға қатысушының бірінші басшысының тиісті шешімімен веб-порталда барлық іс-қимылдарды атқаруға, соның ішінде электрондық құжаттардың көшірмелерін куәландыруға уәкілеттілік берілген веб-порталға қатысушының қолданушысы;
18) форматтық-логикалық бақылау - веб-порталда белгіленетін, веб-порталды пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалық шектеулер кешені;
19) электрондық әмиян – әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған оның банктік шотына ақша салған кезде бірыңғай оператор әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің операцияларын көрсету үшін пайдаланатын, мыналармен:
конкурсқа, аукционға және баға ұсыныстарын сұрауға қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етумен;
шарттың орындалуын қамтамасыз етумен;
авансты қамтамасыз етумен (егер шартта аванс көзделген жағдайда);
Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізумен (бар болса) байланысты жеке шоты;
20) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
21) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермегенін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
22) бастапқы баға - аукцион өткізілгенге дейін Әлеуетті өнім беруші ұсынған, аукционға қатысуға өтінімге қоса берілетін, аукцион нысанасының бөлінген сомасынан бес пайыздан астам төмен болмауы тиіс баға;
23) келісу комиссиясы - тапсырыс беруші осы Заңда айқындалған тәртіппен құратын, шарт жасасудан жалтару салдарынан мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін қарайтын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;
24) негіздемелік келісім - тапсырыс беруші мен негіздемелік келісімге қатысушы арасында кейіннен шарт жасасу мақсатында орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүргізу нәтижелері бойынша бірыңғай ұйымдастырушы және (немесе) ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушілермен арасында жасалатын келісім;
25) электрондық дүкен – бірыңғай оператор айқындаған, веб-порталмен интеграцияланған бірыңғай ақпараттық жүйе, онда уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер тауарлар және олардың бағалары туралы ақпаратты орналастырады.
4. Осы Қағидаларда пайдаланатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолданылады.
2-тарау. Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау
5. Осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді мемлекеттік сатып алудың бекітілген немесе нақтыланған жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жоспары) негізінде қабылдайды.
6. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және бекітеді.
7. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес, тиісті бюджет бекітілгенге (нақтыланғанға) дейін тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
8. Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар болып табылатын тапсырыс берушілер даму жоспары бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Көрсетілген жағдайларда мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары тиісті бюджет (даму жоспары) бекітілгенге дейінгі сатыларда да, нақтыланғанға дейінгі сатыларда да жеке әзірленеді және бекітіледі.
9. Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілгенге (нақтыланғанға) дейін қолданылады. Тапсырыс беруші тиісті бюджетте (даму жоспарында) бекітілмеген мәліметтерді қоспағанда, мәліметтерді веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарынан мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарына ауыстырады.
10. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілген (нақтыланған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді (нақтылайды).
11. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) мемлекеттік сатып алудың сәйкестендіру коды;
2) қосылған құн салығын есепке алмағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы;
3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері;
4) тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері мен орны;
5) Заңның 43-бабында көзделген жағдайларда, әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сомалар шегінде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері;
6) Заңның 51-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру шарттары.
12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" № 1178 қаулысына сәйкес, ұлттық режимнен алып қою белгіленген тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімінде бар әлеуетті өндіруші өндірген тауарлар мемлекеттік сатып алуға рұқсат етіледі.
"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы берген Индустриялық сертификат тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өндірушінің тауарды өндіргенін растайтын құжат болып табылады.
Әлеуетті өнім берушінің осы тармақта қойылатын талаптарға сәйкестігін веб-портал "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының деректері негізінде автоматты түрде айқындайды.
13. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) жасаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі.
14. Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын экономикалық сыныптаманың мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу талап етілетін өзіндік ерекшеліктері (шығыстар баптары) бойынша жиынтықта бюджетке (даму жоспарына) сәйкес келмейтін көлемде бекітуге (нақтылауға) жол берілмейді.
15. Жобалау-сметалық құжаттамасы бар жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс берушілер Заңның 5-бабының 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында):
1) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген, қосылған құн салығы есепке алынбаған соманың отыз пайызы мөлшерінде алдын ала төлемді (аванс) көрсетеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырады.
16. Тапсырыс беруші мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекiтілген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны веб-порталда орналастырады.
17. Тапсырыс берушілер Заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес айына екі реттен асырмай мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
18. Осы Қағидалардың 17-тармағының талабы мынадай:
1) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын;
2) бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша, оның ішінде камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, хабарламалар орындалған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу, сондай-ақ тиісті бюджетті нақтылау (түзетілген) кезінде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған;
4) Заңның 22-бабының 2-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген шешімді қабылдағанда;
5) өкілдік шығыстарға байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алғанда;
6) өткізілген мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша үнемдеу есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларына қолданылмайды.
19. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбай ұсынылатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды веб-порталда орналастырады.
20. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекітілген немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынады.
21. Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 31), 32) және 35) тармақшаларына және 50-бабына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгiзілуге жатпайды.
22. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 31), 32) және 35) тармақшаларына және 50-бабына сәйкес сатып алуды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуға жол берiлмейдi.
23. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 13-тармағына сәйкес шарт жасасқанға дейін:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті нақтылау (түзету), бюджет жобасын бекіту кезінде болған мемлекеттік сатып алудың бекітілген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған (енгізілмеген);
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушінің бюджетіне (даму жоспарына, жеке қаржыландыру жоспарына) мемлекеттік сатып алудың бекітілген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігін жоққа шығаратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуы мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) ағымдағы жылы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
24. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы не бірыңғай оператор осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
1) өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешім туралы хабардар етеді;
2) енгізілген конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтарады.
3-тарау. Ұйымдастырушыны немесе бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау тәртібі
1-параграф. Ұйымдастырушыны айқындау тәртібі
25. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға ретінде әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушыны және тапсырыс берушінің алда болатын мемлекеттік сатып алуда мүдделерін білдіретін лауазымды адамын айқындайды.
26. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындауға жауапты өз құрылымдық бөлімшесінің немесе лауазымды тұлғасының атынан ұйымдастырушы бола алады.
27. Тапсырыс беруші Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес тапсырыс беруші ұйымдастырушы етіп тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемені айқындауға құқылы.
28. Тапсырыс беруші Заңның 7-бабының 3-тармағына сәйкес тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
29. Тапсырыс беруші Заңның 7-бабының 4-тармағына сәйкес тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме үшін тапсырыс беруші олардың арасынан ұйымдастырушыны айқындауға құқылы.
30. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі Заңның 7-бабының 5-тармағына сәйкес өзіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеме, оған қатысты өзі мемлекеттік басқару органы ретінде әрекет ететін заңды тұлға не оған қатысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы ретінде әрекет ететін заңды тұлғамен үлестес тұлға үшін ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, Заңның 7-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес, өзі оларға қатысты мемлекеттік басқару органы болып табылатын бірнеше заңды тұлғалар, ведомстволар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін олардың арасынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауға құқылы.
Мемлекеттік кәсіпорын өзімен үлестес тұлғалар үшін Заңның 7-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға, Заңның 7-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес, өзімен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болуға құқылы.
31. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға ретінде әрекет еткен жағдайларды қоспағанда, ұйымдастырушы тапсырыс берушімен, әлеуетті өнім берушілермен, тиісті комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынастарда өзінің атынан өкілдік ететін лауазымды адамды айқындайды. Ұйымдастырушының өкілі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері қатарынан айқындалады.
2-параграф. Бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау тәртібі
32. Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуларды бірыңғай ұйымдастырушылар жүзеге асырады.
33. Уәкілетті орган, олар бойынша бірыңғай ұйымдастырушылар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін айқындайды.
34. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды:
1) уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша;
2) уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орнына қарамастан, бір лотқа біріктіру арқылы.
4-тарау. Әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптары
1-параграф. Әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптары
35. Әлеуетті өнім берушілерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы;
2) қаржылық орнықты болуы және тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салықтық берешегінің болмауы.
Әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығы оларды осы Қағидаларында айқындалған тәртіппен айқындалады.
3) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы;
4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының болуы;
5) жұмыс тәжірибесінің болуы (әлеуетті өнім берушіде лицензияның және (немесе) рұқсаттың болуы мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып танылатын жағдайларды қоспағанда).
36. Осы Қағидалардың 35-тармағының қаржылық орнықтылыққа ие болу бөлігінде 2) тармақшасында, 4) және 5) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптары қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қолданылмайды.
2-параграф. Әлеуетті өнім берушінің құқық қабілеттілігіне ие болу бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау тәртібі
37. Айналысуы үшін рұқсат алу, хабарлама жіберу қажет болатын қызмет түрлерін жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушінің құқық қабілеттілігі Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталады.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған немесе электрондық көшірмесін ұсынады.
39. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайтын осындай рұқсатының (хабарлама жіберудің) және (немесе) рұқсат беру құжатының кіші түрінің болуы бойынша талаптарды белгілеуге жол берілмейді.
3-параграф. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығы түріндегі біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау тәртібі
40. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығы түріндегі біліктілік талабы конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қойылады:
1) егер тиісті мемлекеттік сатып алудың (лоттың) бөлінген сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын болса, тауарларды;
2) егер тиісті мемлекеттік сатып алудың (лоттың) бөлінген сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен асатын болса, жұмыстарды;
3) егер тиісті мемлекеттік сатып алудың (лоттың) бөлінген сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен асатын болса, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға құқығы бар.
41. Мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайларда, әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығы түріндегі біліктілік талабы мемлекеттік сатып алудың (лоттың) бөлінген сомасына қарамастан қойылады:
1) техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы және қала құрылысы жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды;
2) объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жөніндегі жұмыстарды;
3) техникалық қадағалау және (немесе) жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтерді;
4) Заңның 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін үлгілік конкурстық (аукциондық) құжаттамаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жүзеге асырылады.
42. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығы түріндегі біліктілік талабы Заңның 51-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.
43. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығын мемлекеттік кірістер органдарының мынадай мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайды:
1) кірістер;
2) төленген салықтар;
3) негізгі құралдар;
4) еңбек ақы төлеу қоры.
44. Әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында мынадай шарттарға сәйкес келсе, қаржылық орнықты деп танылады:
1) әлеуетті өнім берушінің кірістері мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде екіден бір бөлігін құрайды;
2) төленген салықтардың көрсеткіші мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде әлеуетті өнім беруші кірістерінің кемінде үш пайызын құрайды.
Осы Қағидалардың мақсаттары үшін төленген салықтар көрсеткішінің есебі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің мәліметіне сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:
ТСК = ТС / КС х 100%,
мұнда:
ТСК – төленген салықтардың көрсеткіші;
ТС – есептелетін үш жылдық кезең үшін төленген салықтарының сомасы;
КС - есептелетін үш жылдық кезең үшін әлеуетті өнім берушінің кіріс сомасы;
3) әлеуетті өнім берушінің негізгі құралдарының құны мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды;
4) әлеуетті өнім берушінің жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу қоры мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды.
45. Тауарларды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында осы Қағидалардың 44-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген шарттарға сәйкес келсе, қаржылық орнықты деп танылады.
46. Жанар-жағармай материалдарын бөлшек және көтерме саудада өткізу бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, сондай-ақ индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан әлеуетті өнім беруші, егер оның осы Қағидалардың 44-тармағының 2) тармақшасына сәйкес есептелетін төленген салықтардың көрсеткіші оның кірістерінің кемінде бір пайызын құраса, қаржылық орнықты деп танылады.
47. Қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында осы Қағидалардың 44-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шарттарға сәйкес келсе, қаржылық орнықты деп танылады.
48. Қаржы лизингі бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында осы Қағидалардың 44-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген шарттарға сәйкес келсе, қаржылық орнықты деп танылады.
49. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын және жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында осы Қағидалардың 44-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шарттарға сәйкес келсе, қаржылық орнықты деп танылады.
50. Техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы және қала құрылысы жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында осы Қағидалардың 44-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шарттарға сәйкес келсе, қаржылық орнықты деп танылады.
51. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының (бұдан әрі - Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы заң) 57-4-бабына сәйкес арнаулы салық режимін қолданатын және микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері деп танылатын, салық төлеуден босатылған әлеуетті өнім берушілер, егер олардың осы Қағидалардың 44-тармағының 2) тармақшасына сәйкес есептелетін, төленген салықтарының көрсеткіші оның кірістерінің кемінде үш пайызын құраса, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтар аралығындағы кезеңге қаржылық орнықты деп танылады.
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген тұлғалардың салық төлеуден босатылған кезеңіне есептелген салық сомасы төленген салықтардың көрсеткішін есептеу кезінде төлем ретінде есепке алынады.
Мұндай тұлғалардың тізбесін мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайды.
52. Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығын айқындау мақсаттары үшін веб-порталда, осы мәліметтер қолданылған жылдың алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей күнтізбелік жыл ішінде бір рет жаңартылып отырады.
Бұл ретте әлеуетті өнім берушілердің қаржылық орнықтылығы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері веб-порталда үш жылдық кезеңнің соңғы есептелетін жылы үшін жаңартылады.
53. Мемлекеттік кіріс органдары қаржылық орнықтылық көрсеткіштерін бұрмалау, төмендету, көрсетпеу және/немесе негізсіз асырып жіберу фактілерін, оның ішінде әлеуетті өнім берушілердің салық есептіліктерінің қосымша нысандарын ұсынуы және (немесе) салық декларацияларын кері қайтарып алу арқылы анықтаған жағдайларда, уәкілетті орган:
1) Мемлекеттік кірістер органдарының нақты деректеріне сәйкес осындай әлеуетті өнім берушілер бойынша мәліметтерді веб-порталда түзетеді;
2) Заңның 11-бабында көзделген жағдайларда мұндай әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу жөнінде шаралар қабылдайды.
4-параграф. Әлеуетті өнім берушінің салық берешегінің болмауы бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау тәртібі
54. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын мөлшердегі салық берешегін және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті мемлекеттік кіріс органдары мәліметтерінің негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайды.
5-параграф. Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не тарату рәсіміне қатысы жоқтығы бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау тәртібі
55. Әлеуетті өнім берушінің банкроттық не тарату рәсіміне қатысы жоқтығы бөлігінде біліктілік талабына сәйкестігі банкроттық не тарату рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпарат арқылы айқындалады.
6-параграф. Әлеуетті өнім берушінің материалдық және еңбек ресурстарына ие болуы бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау тәртібі
56. Конкурс және аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу шеңберінде шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары осы Қағидаларда белгіленген қосымшаларға сәйкес біліктілік талаптарында көрсетіледі.
57. Құрылыс (жаңа құрылыс, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау және қолданыстағы объектілерді күрделі жөндеу) саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы және қала құрылысы жобаларын әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсат (лицензия) әлеуетті өнім берушінің материалдық және еңбек ресурстарына ие екендігін растайтын құжат болып табылады.
58. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына тиісті рұқсаты (хабарламасы) бар және құрылыспен байланысты емес жұмыстарды (бар объектілерді ағымдағы немесе орташа жөндеу, абаттандыру немесе құрылыспен байланысты емес өзге де жұмыс түрлері) мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілер Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсатпен (лицензиямен) материалдық және еңбек ресурстарына ие екендігін растайды.
59. Тауарларды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде біліктілік талабы қойылмайды.
Жекелеген тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігіндегі біліктілік талабы Заңның 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін үлгілік конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) көзделеді.
60. Заңның 9-бабы 2-тармағына сәйкес материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде, мынадай:
1) мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін;
2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайтын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
61. Егер конкурстық құжаттамада материалдық ресурстардың болуы жөніндегі талап қамтылған жағдайда, онда материалдық ресурстарды жалдау құқығын растайтын құжат жалдау шартының электрондық көшірмесі не алдын ала жалдау шартының электрондық көшірмесі болып табылады. Бұл ретте шарттар бойынша жалдау мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген қызметтерді көрсету мерзімінен кем болмайды.
62. Материалдық ресурстарды қосалқы жалдау шартының электрондық көшірмесін ұсынуға жол берілмейді.
63. Еңбек өтілі бойынша талап болған жағдайда, аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірменің немесе жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтердің электрондық көшірмесі және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттардың бірі қызметкердің еңбек өтілін растайтын құжат болып табылады.
Бұл ретте қызметкердің соңғы он жыл ішіндегі жұмыс өтілі ескеріледі.
7-параграф. Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау тәртібі
64. Әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде, оның ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ұқсас (ұқсас) түрлері бойынша біліктілік талабы осы Қағидаларда белгіленген талаптарды ескере отырып, конкурстық (аукциондық) құжаттамада белгіленуі мүмкін.
65. Егер жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес бірінші немесе екінші санаттағы тиісті рұқсаттың болуы талап етілген жағдайда, жұмыс тәжірибесінің болуы бойынша біліктілік талабы қойылмайды;
66. Әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде, оның ішінде осы Қағидалардың 65-тармағының талаптарын ескере отырып, ұқсас (ұқсас) қызмет түрлері бойынша біліктілік талабы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша қажет болған жағдайда белгіленеді.
67. Жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талабы тауарларды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қойылмайды.
68. Әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде, оның ішінде осы Қағидалардың 65-тармағының талаптарын ескере отырып, ұқсас (ұқсас) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша біліктілік талабы конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) мынадай өлшемшарттарға сәйкес қажет болған жағдайда белгіленеді:
1) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес мың еселенген мөлшерінен асатын болса, бір жылды;
2) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу мың еселенген мөлшерінен асатын болса, екі жылды;
3) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз мың еселенген мөлшерінен асып кетсе, үш жылды;
4) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз елу мың еселенген мөлшерінен асып кетсе, төрт жылды;
5) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен асатын болса, бес жылды құрайды.
69. Заңның 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін үлгілік конкурстық (аукциондық) құжаттама әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талаптарын белгілеудің өзге де тәртібін көздеуі мүмкін.
5-тарау. Тауарлардың электрондық каталогынан тауарларды мемлекеттік сатып алу
70. Тауарлардың электрондық каталогынан тауарларды мемлекеттік сатып алу уәкілетті орган бекіткен тауарлар тізбесі бойынша жүзеге асырылады.
71. Мемлекеттік сатып алу электрондық каталогтан жүзеге асырылатын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші ұсынатын техникалық ерекшелік, ол ұсынатын тауар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық каталогтан қалыптастырылады.
72. Әлеуетті өнім берушінің өтінімін қалыптастыру кезінде ол ұсынатын тауардың техникалық ерекшелігі конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен мемлекеттік сатып алу жөніндегі электрондық каталогтан, электрондық дүкеннен және тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден қалыптастырылады.
6-тарау. Демпингтік бағаны айқындау тәртібі
1-параграф. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде демпингтік бағаны айқындау тәртібі
73. Егер әлеуетті өнім берушінің жұмыстарға арналған қатысуға өтінімнің бағасы техникалық-экономикалық негіздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы даярлау үшін) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада (жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжат) көрсетілген бағадан бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік болып танылады.
74. Егер әлеуетті өнім берушінің техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) және қала құрылысы жобалары құжаттаманы әзірлеу бойынша қатысуға өтінімнің бағасы "Құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16073 болып тіркелген) бекітілген құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес тапсырыс беруші есептеген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік болып танылады.
75. Әлеуетті өнім берушінің (аккредиттелген сараптамалық ұйымның) "Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12681 болып тіркелген) сәйкес белгіленген бағадан ол төмен болса, демпингтік деп танылады.
76. Егер әлеуетті өнім берушінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер (техникалық және авторлық қадағалау, жобаны басқару) көрсетуге арналған конкурстық өтінімінің бағасы бекітілген мемлекеттік нормативтерге сәйкес есептелген бағадан он пайыздан астамға төмен болған жағдайда, ол демпингтік деп танылады.
77. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің бағасы тауарларға, жұмыстарға (осы Қағидалардың 73, 74, 75-тармақтарында көзделген жұмыстарды қоспағанда), қызметтерге (осы Қағидалардың 76-тармағында көзделген қызметтерді қоспағанда) егер конкурсқа бөлінген бағасынан жиырма пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік деп танылады.
78. Әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша, демпингтік деп танылмайтын, рұқсат етілетін ең төмен бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшердегі соманы енгізу шартымен осы Қағидалардың 77-тармағында көзделген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша демпингтік баға ұсынуға рұқсат етіледі.
79. Осы Қағидалардың 73 – 76-тармақтарымен көзделген жағдайларда демпингтік баға ұсынуға рұқсат етілмейді.
2-параграф. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде демпингтік бағаны айқындау тәртібі
80. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы, егер ол барлық ұсынылған баға ұсыныстарының орташа арифметикалық бағасынан отыз пайыздан астам төмен болса, демпингтік деп танылады.
Заңның 26-бабына сәйкес мұндай баға ұсынысын веб-портал автоматты түрде қабылдамауға тиіс.
3-параграф. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде демпингтік бағаны айқындау тәртібі
81. Егер әлеуетті өнім берушінің электрондық дүкенде орналастырылған тауарға баға ұсынысы көрсетілген тауарға ақпарат орналастырған әлеуетті өнім берушілердің барлық баға ұсыныстарының орташа арифметикалық бағасынан елу пайыздан астам төмен болса, ол демпингтік деп танылады.
Мұндай баға ұсынысын электрондық дүкен Заңның 26-бабына сәйкес автоматты түрде қабылдамауға тиіс.
7-тарау. Заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінің (консорциумның) мемлекеттік сатып алуға қатысуының ерекше шарттары
82. Заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері (консорциум) мемлекеттік сатып алуға қатысқан жағдайда, осы консорциумның қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар өз біліктілік талаптарын растау үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттармен қатар мынадай құжаттардың электрондық көшірмелерін, не электрондық құжаттарды ұсынады:
1) заңды тұлғалардың мүшелері арасында жасалған бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт (консорциялық келісім);
2) бірлескен шаруашылық қызмет туралы шартта көзделген қызмет ббөлігінде тауарларды ұсыну, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету құқығына лицензия.
Консорциум конкурсқа қатысқан жағдайда конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді есептеу консорциалдық келісіммен айқындалған консорциумның негізгі қатысушысына қатысты қолданылады.
Бұл ретте шарт конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт қолданылған консорциумның қатысушысымен жасалады.
83. Консорциумның барлық қатысушылары Заңның 9-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес болуға тиіс, сондай-ақ Заңның 6-бабында көзделген шектеулері болмауға тиіс.
84. Консорциумның бір немесе бірнеше қатысушысы тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес, айналысу үшін рұқсат алу қажет болатын, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын құқық қабілеттілігі болуы бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, консорциум біліктілік талаптарына сәйкес деп танылады.
Бұл ретте, консорциумның негізгі қатысушысының Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес, айналысу үшін рұқсат алу қажет болатын, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын құқықтық қабілеттілігі өткізілетін мемлекеттік сатып алу нысанасына сәйкес болады.
85. Консорциумның негізгі қатысушысы көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда консорциум Заңның 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес деп танылады.
8-тарау. Электрондық депозитарийді қалыптастыру және жүргізу
86. Электрондық депозитерий осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша веб-порталда қалыптасады.
87. Электрондық депозитарийді осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілер енгізетін жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар негізінде уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері қалыптастырады.
88. Электрондық депозитарий электрондық депозитарийге енгізілетін әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын растау жолымен қалыптастырылады.
89. Әлеуетті өнім берушінің соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері олардың анықтығы расталғаннан кейін электрондық депозитарийге енгізеді.
Әлеуетті өнім берушілердің электрондық депозитарийге соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды енгізу туралы өтінімдерін әлеуетті өнім беруші қалыптастырады және веб-портал арқылы береді.
Әлеуетті өнім берушілердің мұндай өтінімдерін уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері он жұмыс күні ішінде қарайды.
90. Әлеуетті өнім берушінің соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын растау мақсатында мұндай әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен тиісті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғаларға жүгінеді.
91. Уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылғы құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды электрондық депозитарийге енгізу туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін мынадай талаптарды ескере отырып, қарайды:
1) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалануға берілген объектілер бойынша әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың анықтығы қазынашылық органдарының деректері негізінде айқындалады;
2) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалануға берілген объектілер бойынша әлеуетті өнім берушінің өтінімінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттардың анықтығын:
тапсырыс беруші (қайта ұйымдастырылған жағдайда – тапсырыс берушінің құқықтық мирасқоры) және (немесе) меншік иесі;
сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті орган не мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын орган не құрылыс объектісі орналасқан жер бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті орган растайды;
Бұл ретте мұндай растау әлеуетті өнім берушілердің жоғарыда көрсетілген адамдардың кемінде біреуінің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып веб-портал арқылы ұсынылған хаттарымен осындай тұлғалардың өтініштері негізінде жүзеге асырылады;
3) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың осы "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкестігі.
Құжаттар осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, мұндай құжаттар дұрыс деп танылады және егер мұндай құжаттардың дұрыстығын:
бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалануға енгізілген объектілер бойынша қазынашылық органдарынан;
осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген кемінде бір тұлғадан растау болса;
заңды күшіне енген сот шешімі болған жағдайда, электрондық депозитарийге енгізіледі.
92. Уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылғы құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды электрондық депозитарийге енгізу туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін мынадай талаптарды ескере отырып қарайды:
1) техникалық жағынан күрделі объектілер бойынша әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар осы Қағидалардың 91-тармағына сәйкес қаралады;
2) бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын және 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін пайдалануға енгізілген объектілер бойынша әлеуетті өнім берушінің өтінімінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттардың дәйектілігін:
тапсырыс беруші немесе меншік иесі;
құрылыс объектісінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын орган;
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап объект пайдалануға енгізілген жағдайларда құрылыс объектісі орналасқан жерде сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;
2016 жылғы 1 қаңтарға дейін объект пайдалануға енгізілген жағдайларда меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдауына байланысты өзге де жеке және заңды тұлғалар растайды.
Бұл ретте мұндай растау әлеуетті өнім берушілердің жоғарыда көрсетілген кемінде екі тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып веб-портал арқылы ұсынылған хаттарымен осындай тұлғалардың өтініштері негізінде жүзеге асырылады;
Осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген тұлғаның веб-портал арқылы растау мүмкіндігі болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші өтінімге одан алынған хаттын электрондық көшірмесін қоса береді;
3) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкестігі.
Құжаттар осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, мұндай құжаттар дұрыс деп танылады және егер мұндай құжаттардың дұрыстығын:
кемінде екі уәкілетті органнан және осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалардан растау;
заңды күшіне енген сот шешімі болған жағдайларда, электрондық депозитарийге енгізіледі.
93. Әлеуетті өнім берушінің жобалау бойынша соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы құрылыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң сараптамалық қорытындыларымен расталады.
Мемлекеттік сараптама ұйымы берген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң сараптамалық қорытындысының дұрыстығын уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 6-4) тармақшасына сәйкес қалыптастырылатын құрылыс жобалары мемлекеттік банкінің мәліметтері негізінде растайды.
Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың өзге де оң сараптама қорытындыларының дұрыстығы әлеуетті өнім берушілердің өтініштері негізінде осындай сараптама ұйымдарының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, веб-портал арқылы ұсынылған аккредиттелген сараптама ұйымдарының хаттарымен расталады.
94. Егер объектілерді пайдалануға қабылдау актісінде көрсетілген құрылыс объектісінің атауы функционалдық мақсаттың бірнеше түрлерін көздеген жағдайда, онда әлеуетті өнім берушінің мұндай жұмыс тәжірибесі электрондық депозитарийге функционалдық мақсаттың әрбір түрі бойынша жеке енгізіледі.
95. Уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері толтырылған мәліметтердің растайтын құжаттарға сәйкестігін ескере отырып, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарайды.
96. Веб-портал арқылы электрондық депозитарийге енгізілетін, оның жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын растау туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау нәтижелері бойынша әлеуетті өнім берушінің әрбір жұмыс тәжірибесі бөлінісінде мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
1) мәліметтер мен құжаттар осы Қағидалардың 91 – 93-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келген жағдайларда қабылданатын растау туралы;
2) растаудан бас тарту туралы, ол мынадай жағдайларда қабылданады:
жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар бойынша әлеуетті өнім берушінің дұрыс емес ақпарат беру фактісін анықтау;
осы Қағидалардың 91 – 93-тармақтарында көзделген талаптарға мәліметтер мен құжаттардың сәйкес келмеуі.
97. Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар "Расталды" мәртебесі бар электрондық депозитарийге мынадай:
1) осы Қағидалардың 96-тармағының 1) тармақшасында көзделген шешімді қабылдау;
2) уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде электрондық депозитарийде қамтылған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды верификациялау (тексеру) жағдайларында енгізіледі.
98. Әлеуетті өнім берушілер электрондық депозитарийді қалыптастыру және жүргізу кезінде анықталған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар бойынша дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері осындай факті туралы өзідеріне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінеді.
99. Электрондық депозитарийге енгізілген мәліметтерді түзетуді уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері веб-портал арқылы берілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Мұндай түзету:
1) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларының талаптары;
2) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарда көрсетілген мәліметтер ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
100. Уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері өтінім берілген түзетулер шегінде электрондық депозитарийге енгізілген мәліметтерді түзету туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарайды.
101. Веб-портал арқылы электрондық депозитарийге енгізілген мәліметтерді түзету туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау нәтижелері бойынша әлеуетті өнім берушінің әрбір жұмыс тәжірибесі бөлінісінде мынадай:
1) әлеуетті өнім берушінің өтінімінде көрсетілген ұсынылатын түзетулер "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларының талаптарына сәйкес келген жағдайда қабылданатын түзетуді растау туралы;
2) әлеуетті өнім берушінің өтінімінде көрсетілген ұсынылатын түзетулер "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қабылданатын түзетуді растаудан бас тарту туралы шешімдердің бірі қабылданады.
102. Осы Қағидалардың 96 және 100-тармақтарында көзделген шешімдерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
103. Электрондық депозитарийде қамтылған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды бұғаттауды уәкілетті органның ведомствосы әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталған жағдайларда жүзеге асырады.
104. Электрондық депозитарийдегі әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды бұғаттауды уәкілетті органның ведомствосы веб-портал арқылы жіберілген бұғаттауға өтінімдер келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, ішкі мемлекеттік аудит органдары, оның ішінде тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы ұсынған мәліметтер мен құжаттар негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында жүзеге асырады.
105. Электрондық депозитарийде дәйексіз ақпарат фактілерін растайтын құжаттарсыз қамтылған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды бұғаттауға арналған өтінімдерді уәкілетті органның ведомствосы дәлелді негіздемелерді көрсете отырып, кері қайтарады.
106. Электрондық депозитарийдегі әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды бұғаттаудан шығаруды уәкілетті органның ведомствосы бұғатталған мәліметтер мен құжаттарды дұрыс деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде жүзеге асырады.
107. Уәкілетті органның ведомствосы әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларға электрондық депозитарийдегі мәліметтер мен құжаттар бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісінің анықталуы себебінен мұндай мәліметтер мен құжаттарды электрондық депозитарийден алып тастайды.
9-тарау. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Ұйымдастырушымен, бірыңғай ұйымдастырушымен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезеңдері
108. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай реттілікпен іс-шараларды орындауды көздейді:
1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің ұйымдастырушыны және алдағы уақытта болатын конкурста соңғысының мүдделерін білдіретін тапсырыс берушінің лауазымды адамын айқындауы;
2) тапсырыс беруші ұйымдастырушыға конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін ақпараттар мен құжаттарды не бірыңғай ұйымдастырушыға конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін тапсырманы ұсыну;
3) тапсырыс берушiнің конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жоспарының) тармақтарын жіберуі;
4) конкурстық комиссияның құрамын, сараптау комиссия тобының құрамын не сарапшыны (қажет болғанда) айқындау және бекіту, конкурстық комиссияның хатшысын айқындау;
5) конкурстық құжаттаманың жобасын бекіту;
6) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаны, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін веб-порталда орналастыру;
7) конкурстық құжаттаманың жобасын веб-портал арқылы алдын ала талқылау және конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылаудың хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін веб-порталда жариялау;
8) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға электронды құжат нысанындағы өтінімдерін ұсыну және оларды веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
9) өтінімдерді автоматты түрде ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда жариялау;
10) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысында әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін, сондай-ақ Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің болмауын конкурстық комиссияның веб-портал арқылы қарауы;
11) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өз өтінімдерін біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруі;
12) әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерін қайтадан қарауы;
13) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану, сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынымдарына өлшемшарттардың салыстырмалы мәндерiн қолдану;
14) конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын веб-порталдың автоматты түрде салыстыруы, ең төменгі шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын, сондай-ақ екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні айқындау және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы веб-порталда жариялау;
15) тапсырыс берушінің конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамасы негізінде жеңімпазбен шарт жасасуы;
Осы тармақтың 7) тармақшасында көзделген іс-шаралар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алу кезінде жүзеге асырылмайды.
Осы тармақтың 11) тармақшасында көзделген іс-шаралар конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда жүзеге асырылады.
109. Бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды келесі кезеңдердің ретін сақтай отырып, өткізеді:
1) тапсырыс берушінің бірыңғай ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге осы Қағидалардың 115-тармағында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырманы ұсынуы;
2) тапсырыс беруші ұсынған осы Қағидалардың 115-тармағында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырманың негізінде бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың жобасын әзірлеуі және бекітуі;
3) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық комиссияның құрамын анықтауы және бекітуі.
Осы Қағидалардың 34-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда бірыңғай ұйымдастырушы анықтайтын және бекітетін конкурстық комиссияның құрамына тапсырыс берушінің өкілдері де енеді;
4) қажет болған жағдайда бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі;
5) бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды веб-порталға орналастыруы;
6) осы Қағидалардың 34-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс берушіге конкурстық құжаттың техникалық ерекшелігіне және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық құжаттама алған, веб-порталда автоматты түрде тіркелген тұлғалардың тарапына сұрау салулар мен ескертулер жіберуі;
7) конкурс жеңімпазын айқындау;
8) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың негізінде жеңімпазбен осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы.
110. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай ұйымдастырушыға тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік сатып алу жоспары туралы ақпаратты ұсынады.
111. Бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруы және өткізуі Заңда және осы қағидаларда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
2-параграф. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін тапсырыс берушінің ұйымдастырушыға (бірыңғай ұйымдастырушыға) ақпараттарды және құжаттарды ұсынуы
112. Тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды қоспағанда, конкурсты жүргізу үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушыға қазақ және орыс тілдерінде техникалық ерекшелікті және шарттың жобасын ұсынады.
113. Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада Заңның 21-бабы, 2-тармағы, 2) тармақшасының үшінші бөлігіне сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама техникалық ерекшелігі және оның ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысы болуға тиіс. Бұл ретте осындай мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды орындау мерзімдері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды орындау мерзімдеріне сәйкес келуге тиіс.
114. Конкурстық құжаттамада мыналар:
1) негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуді (лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;
2) тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау және лизингтің нысанасын мұқият сипаттау қажеттігі туындағанда;
3) тапсырыс берушіде бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету үшін жүзеге үшін мемлекеттік сатып алу жағдайларын қоспағанда, егер мұндай нұсқама сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін жекелеген өнім берушіге тиістілігін анықтаған жағдайда тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ өзге сипаттамалардағы нұсқамалардың болуына жол берілмейді.
115. Осы Қағидалардың 34-тармағының 1) тармақшаларында көзделген жағдайларда конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы тапсырыс берушінің қазақ және орыс тілдерінде мынадай құжаттарды қамтитын тапсырмасының негізінде жүзеге асырады:
1) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға не бюджеттік бағдарламаның басшысы не оның міндетін атқаратын адам қол қойған, конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін тапсырыс беруші өкілдерінің ішінен үміткерлері көрсетілген тапсырыс берушінің конкурсты өткізуге өтінімі;
2) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға не не бюджеттік бағдарламаның басшысы не оның міндетін атқаратын адам қол қойған, бекіткен конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелігі, шарттың жобасы және құрылған (тартылған) жағдайда сараптау комиссиясының құрамы.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің жобасы, белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама және оның ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы қамтылады. Бұл ретте осындай Мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды орындау мерзімдері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды орындау мерзімдеріне сәйкес келуге тиіс.
116. Осы Қағидалардың 34-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда бірыңғай ұйымдастырушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді тапсырыс берушінің қазақ және орыс тілдерінде мынадай құжаттарды қамтитын тапсырмасының негізінде жүзеге асырады:
1) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға не бюджеттік бағдарламаның басшысы не оның міндетін атқаратын адам қол қойған, тапсырыс берушінің конкурсты өткізуге өтінімі;
2) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға не бюджеттік бағдарламаның басшысы не оның міндетін атқаратын адам бекіткен әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарының жобасы мен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының ерекшеліктерін көрсете отырып, техникалық ерекшеліктің жобасы.
3-параграф. Конкурстық комиссияның құрамын айқындау және бекіту
117. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындау үшін ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы әрбір конкурсқа жеке конкурстық комиссияны бекітеді және конкурстық комиссияның хатшысын айқындайды.
118. Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам не бюджеттік бағдарламаның басшысы не оның міндетін атқаратын адам қабылдайды.
119. Егер тапсырыс берушінің өзі тікелей немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесі (лауазымды адам) атынан ұйымдастырушы болып әрекет еткен жағдайда конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам не бюджеттік бағдарламаның басшысы не оның міндетін атқаратын адам қабылдайды.
120. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам қабылдайды.
121. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде ұйымдастырушы, ал егер ұйымдастырушы ретінде тапсырыс берушінің өзі тікелей не оның атынан құрылымдық бөлімшесі (лауазымды адамы) әрекет еткен жағдайда, тапсырыс беруші қажет болған кезде конкурстық комиссияның құрамына тиісті қызмет саласындағы уәкілетті органның өкілдерін, оның келісімі бойынша веб-порталда тіркелген қызметкерлерінің қатарынан енгізеді.
122. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін тапсырыс беруші қажет болған кезде сараптау комиссиясын құрады не сарапшыны тартады.
123. Конкурстық комиссияның мүшелері конкурстық комиссияның төрағасы және басқа да мүшелері болып табылады. Конкурстық комиссияның мүшелері өтінімдерді қарайды және дауыс беруде ауысу құқығынсыз қатысады.
Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны Заңның 2-бабының 10) тармақшасына сәйкес тақ санды, бірақ кемінде үш адамды құрайды.
Бірыңғай ұйымдастырушы құратын конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, бірақ кемінде бес адамды құрайды.
124. Өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында тиісті мемлекеттік органның конкурстық комиссияларында қоғамдық кеңестер мүшелері қатысады.
125. Осы Қағидалардың 25-тармағында көзделген жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға айқындалады.
126. Осы Қағидалардың 27, 29-тармақтары мен 30-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда конкурстық комиссияның төрағасы болып ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарынан не оның міндетін атқаратын адамдан төмен емес лауазымды адам, не бюджеттік бағдарламаның басшысы не оның міндетін атқаратын адам айқындалады.
127. Осы Қағидалардың 26, 28-тармақтары мен 30-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарынан не оның міндетін атқаратын адамдан төмен емес лауазымды адам, не бюджеттік бағдарламаның басшысы не оның міндетін атқаратын адам айқындалады.
128. Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам не оның орынбасары конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасы болып айқындалады.
129. Конкурстық комиссия төрағасы болмаған жағдайда комиссия төрағасының кандидатурасы қайта бекітіледі. Бұл ретте конкурстық комиссияның төрағасы болып бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам, ал ол болмаған жағдайда – бірінші басшы айқындалады.
130. Бірыңғай ұйымдастырушы құрған конкурстық комиссияны қайта бекіткен жағдайда бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысының міндеттерін атқаратын лауазымды адам конкурстық комиссияның төрағасы болып айқындалады.
131. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомствалық және аумақтық бөлімшелері, ведомствалық бағынысты мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың шеңберінде конкурс жүргізілген кезде, тапсырыс берушінің бірінші басшысы конкурстық комиссияның төрағасы болып айқындалады.
132. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган, атқарушы орган бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс өткізген кезде тапсырыс берушінің бірінші басшысы конкурстық комиссияның төрағасы болып айқындалады.
133. Конкурстық комиссияның төрағасы:
1) конкурстық комиссияның қызметін басқарады;
2) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
134. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және шарт жасасқан күні өз қызметін тоқтатады.
135. Конкурстық комиссияның шешімі веб-порталды пайдалана отырып дауыс беру арқылы қабылданады және конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
136. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.
137. Конкурстық комиссияның тиісті хаттамаларында конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда хатшы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.
4-параграф. Конкурстық комиссияның хатшысын айқындау
138. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссия хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
139. Конкурстық комиссияның хатшысы ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің лауазымды тұлғаларының арасынан айқындалады.
140. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы бірыңғай ұйымдастырушының лауазымды адамдары арасынан айқындалады.
141. Конкурстық комиссияның хатшысы:
1) веб-порталда конкурстық құжаттаманың жобасын қалыптастырады және жариялайды;
2) веб-порталда конкурс өткізілетіні туралы хабарландыруды, конкурстық құжаттаманың жобасын алдын-ала талқылау хаттамасын, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын, бар болған кезде конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы, сондай-ақ болған кезде басқа да құжаттарды жариялайды;
3) веб-порталда бар болған жағдайда сараптау комиссиясының немесе сарапшының қорытындысын жариялайды;
4) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5-параграф. Сараптау комиссиясының құрамын не сарапшыны айқындау және бекіту (қажет болған кезде)
142. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу кезінде ұйымдастырушы Заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды.
143. Осы Қағидалардың 34-тармағының 1) тармақшаларында көзделген жағдайда тапсырыс беруші қажеттілігіне орай әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын не сарапшыны бекітеді.
144. Осы Қағидалардың 34-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда бірыңғай ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын не сарапшыны бекітеді.
145. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырған және жүргізген кезде конкурстық құжаттама заңнамаға сәйкес сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттаманы қамтиды, сараптау комиссиясы құрылмайды, сарапшы тартылмайды.
146. Сараптау комиссиясын құру не сарапшыны тарту туралы шешімді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам, не бюджеттік бағдарламаның басшысы не оның міндетін атқаратын адам қабылдайды.
147. Осы Қағидалардың 34-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда сараптау комиссиясын құру туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам, не бюджеттік бағдарламаның басшысы не оның міндетін атқаратын адам қабылдайды.
148. Осы Қағидалардың 34-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда сараптау комиссиясын құру туралы шешімді бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам қабылдайды.
149. Конкурсты өткізу басталғанға дейін конкурстық комиссия мүшелері, конкурстық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сараптау комиссиясы не сарапшы конкурстық құжаттаманың бекітілген жобасымен және оның қосымшаларымен танысады.
150. Сараптау комиссиясының төрағасы, төрағасының орынбасары және басқа мүшелері сараптау комиссиясының мүшелері болып табылады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды. Сараптау комиссиясының жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде үш адам болады.
151. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған және өткізген кезде сараптау комиссиясы не сарапшы әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігіне сараптамалық қорытынды береді және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
152. Конкурстық комиссия сараптау комиссиясының не сарапшының қорытындысын, егер ол конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегінде құрылған жағдайда ғана міндетті түрде ескереді. Сараптамалық қорытындыға сараптау комиссиясының мүшелері не сараптау комиссиясын құрмай-ақ сарапшыны анықтаған жағдайда, сарапшы қол қояды және конкурстық комиссия хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталдағы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамасына, мемлекеттік сатып алулардың қорытындысы туралы хаттамаға қоса беріледі.
Сарапшының қорытындысына міндетті түрде сарапшының біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы диплом, сертификат, аттестат не өзге құжат) қоса берілуі тиіс.
153. Сараптау комиссиясының әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан айқындауы ашық дауыс берумен жүзеге асырылады және егер оған сараптау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
154. Дауыстар тең болған жағдайда сараптау комиссиясының төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
155. Сараптау комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда осы сараптау комиссиясының кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.
156. Тиісті сараптамалық қорытындыда сараптау комиссиясының қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.
6-параграф. Конкурстық құжаттаманың жобасын бекіту және оны веб-порталда жариялау
157. Ұйымдастырушы не бірыңғай ұйымдастырушы конкурс жүргізудің шарттары мен тәртібін анықтау үшін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманың жобасын қалыптастырады және мынадай:
1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін;
2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, оны тапсырыс берушімен келіседі.
158. Ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманың жобасын тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндеттерін атқарушы тұлға, не бюджеттік бағдарламаның басшысы не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.
159. Осы Қағидалардың 34-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айқындалатын мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әзірленген конкурстық құжаттаманың жобасын бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлға бекітеді.
160. Бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген және бекіткен конкурстық құжаттаманың жобасы конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті, шарт жобасын және сараптау комиссияның құрамын не сарапшыны (бар болса) қамтиды.
7-параграф. Конкурс өткізу туралы хабарлама
161. Ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың жобасы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың жобасын веб-порталда орналастырады.
162. Заңның 22-бабы 3-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін ұсынатын мерзімнің соңғы күні конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын және бекітілген конкурстық құжаттаманың мәтінін орналастырған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік он бес күнді құрайды.
163. Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін конкурстық құжаттамаға өз бастамасы бойынша өзгерістер енгізуге құқылы. Мұндай жағдайларда конкурстық құжаттама Заңның 22-бабында айқындалған тәртіппен алдын ала талқылауға жатады.
164. Заңның 22-бабы 3-тармағына сәйкес егер осы Қағидалардың 169-тармағына сәйкес конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау жүзеге асырылмаған жағдайда, әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін ұсынатын мерзімнің соңғы күні конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаның мәтінін орналастырған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем болмауы тиіс.
165. Қайта мемлекеттік сатып алуды өткізуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мерзімін ұлғайтуды қоспағанда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қайтадан жүзеге асырған жағдайда, ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын веб-порталда өткізілмеген конкурстың конкурстық құжаттамасының өзгермеуі шартымен, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін орналастырады.
166. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда мемлекеттік сатып алу осы Қағидалардың 161-тармағына сәйкес жүргізіледі.
8-параграф. Конкурс өткізу туралы алдын ала хабарлау
167. Ұйымдастырушы веб-порталда Заңның 22-бабының талаптарын ескере отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы алдын ала хабарландыруды Заңның 22-1-бабының 1-тармағына сәйкес орналастыруға құқылы.
168. Заңның 22-1-бабының 2-тармағына сәйкес конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы алдын ала хабарландыруды веб-порталда орналастырған жағдайда әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы күні мынадай шарттардың жиынтығында орындау шартымен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін веб-порталда орналастырған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кем болмауы тиіс:
1) Заңның 22-бабына сәйкес бекітілген конкурстық құжаттаманың өзгермеуі;
2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы алдын ала хабарландыру күнтізбелік отыз күннен он екі айға дейінгі мерзімде, бірақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама орналастырылған күнге дейін ағымдағы қаржы жылының аяқталу мерзімінен кешіктірілмей веб-порталда орналастырылған.
9-параграф. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау және алдын ала талқылау хаттамасын веб-порталда жариялау
169. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманы бекітудің міндетті талабы әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауы болып табылады.
170. Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға жіберуі мүмкін.
171. Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болмаған кезде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттама бекітілді деп есептеледі.
172. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған кезде конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдерді қабылдайды:
1) конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
2) конкурстық құжаттаманың жобасына ескертпелерді қабылдамай, оларды қабылдамау негіздемелері мен себептерін көрсетеді;
3) конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсінік береді.
Конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, осы Қағидалардың 161 және 162-тармақтарында белгіленген тәртіппен веб-порталда өзгертілген конкурстық құжаттаманы бекіту туралы шешім қабылданады.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен бастап, конкурстық құжаттама бекітілді деп есептеледі.
173. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау туралы талап жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қолданылады, онда конкурстық құжаттама техникалық ерекшелікті және осы Қағидалардың 172-тармағының 3) тармақшасы бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтиды.
174. Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-порталда конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастырады.
Бұл ретте конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау хаттамасы жұмыс күндері жұмыс уақытында (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 09.00-ден 18:00-ге дейін) орналастырылады.
175. Осы Қағидалардың 172-тармағы 1) тармақшасына сәйкес конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың жобасын алған әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасымен бірге конкурстық құжаттаманың бекітілген мәтінін орналастырады.
176. Заңның 22-бабы 2-тармағына сәйкес конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы конкурстық құжаттаманың жобасына қатысты келіп түскен ескертпелер туралы ақпаратты және олар бойынша қабылданған шешімдерді қамтиды.
177. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын тұлға, не бюджеттік бағдарламаның басшысы не оның міндетін атқаратын адам қол қояды.
178. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы өткізген жағдайда конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы қол қояды.
179. Осы Қағидалардың 27, 29-тармақтары мен 30-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын тұлға, не бюджеттік бағдарламаның басшысы не оның міндетін атқаратын адам қол қояды.
180. Ұйымдастырушы, қажет болған кезде конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларына немесе ескертпелеріне жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді осы Қағидалардың 175-тармағында белгіленген тәртіппен тапсырыс беруші бекітеді.
181. Конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке немесе шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтыруларды қоспағанда бірыңғай ұйымдастырушы, қажет болған кезде конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, веб-порталға қатысушы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларына не ескертулеріне жауап ретінде конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке және шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді қоспағанда, конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді осы Қағидалардың 159-тармағында белгіленген тәртіппен бірыңғай ұйымдастырушы бекітеді.
182. Тапсырыс беруші қажет болған кезде конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке немесе шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы бекітілген шешімді бірыңғай ұйымдастырушыға жібереді.
183. Бірыңғай ұйымдастырушы тапсырыс беруші бекіткен конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке және шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім негізінде конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке немесе шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
184. Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім қабылданған жағдайда, осы Қағидалардың 172-тармағы 2) тармақшасына сәйкес конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында оларды қабылдамау себептерінің егжей-тегжей негіздемелері көрсетіледі.
185. Әлеуетті өнім берушілерден веб-портал арқылы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар келіп түскен жағдайда, осы Қағидалардың 172-тармағы 3) тармақшасына сәйкес конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсіндірме беру мәтіні конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі
186. Осы Қағидалардың 34-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің және шарт жобасының ережелеріне түсіндірме беруді тапсырыс беруші жүзеге асырады.
187. Осы Қағидалардың 34-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің және шарт жобасының ережелеріне түсіндірме беруді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырады.
188. Конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің және шарт жобасының ережелеріне түсіндірме беру мәтіні конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
10-параграф. Әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманы немесе конкурстық құжаттаманың жобасын ұсыну
189. Конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап барлық ниет білдірушілерге алдын ала талқылау үшін және алдын ала талқылау нәтижелері бойынша бекітілген конкурстық құжаттаманың жобасын веб-портал арқылы тегін алу мүмкіндігі беріледі.
190. Веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарлау сәтіне дейін конкурстық құжаттаманы не конкурстық құжаттаманың жобасын беруге жол берілмейді.
11-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінімдерінің мазмұны және оларды әлеуетті өнім берушілермен беру
191. Конкурсқа қатысуға өтінім электрондық құжат нысанында веб-портал арқылы конкурстық құжаттамада көрсетілген оны берудің соңғы мерзімі өткенге дейін беріледі және әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарға және шарттарға келісім беру, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары мен Заңның 6-бабында белгіленген шектеулерге сәйкестігін растайтын, өзі туралы мәліметтер алуға келісу нысаны болып табылады.
192. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінімі конкурстық құжаттаманың нысанында тізбеленген құжаттарды қамтиды, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің:
1) Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзушылықтардың болмағандығы туралы;
2) өзінің және тапсырыс берушінің не ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) арасында Заңда тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы растауды қамтиды.
193. Конкурсқа қатысуға өтінім конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушінің тиісті хабарламасын веб-порталмен автоматты түрде жіберу сәтінде қабылданған болып есептеледі.
194. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға бір ғана өтінім береді.
195. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай:
1) әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға бұрын өтінім берген;
2) конкурсқа қатысуға өтінім веб-порталға осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түскен;
3) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;
4) Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда, веб-портал оны автоматты түрде кері қайтаруға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік алпыс күнді құрайды және конкурстық құжаттамада белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келеді.
196. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
197. Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде өзі енгізген конкурсқа қатысу өтінімін қамтамасыз етуді қайтаруға құқықтарын жоғалтпастан, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кез келген уақытта өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертеді немесе кері қайтарып алады.
198. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін оны қайтарып алуға жол берілмейді.
199. Осы Қағидалардың 219-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
200. Әлеуетті өнім берушіге конкурстық құжаттамаға сәйкес талап етілетін мемлекеттік ақпараттық жүйелерге және (немесе) мемлекеттік дерекқорға жүгіну арқылы не электрондық нысанды толтырып, веб-порталды пайдалану арқылы алынған жекелеген құжаттарды ұсынуға жол беріледі.
12-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету
201. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.
Конкурста бірнеше лот бойынша қатысу жағдайында әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әрбір лот бойынша жеке-жеке ұсынуға құқылы.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сәйкестігін әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінім берген кезде Веб-портал автоматты түрде айқындайды.
202. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін таңдайды:
1) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;
2) электрондық құжат нысанында ұсынылатын банк кепілдік. Банктік кепілдікті Заңның 50-бабында көзделген жағдайларда қағаз тасығышта ұсынуға жол беріледі.
Әлеуетті өнім берушінің электрондық әмияндағы ақшаның тұтастай не бір бөлігінің үшінші тұлғаларда талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.
Осы Қағидаларының 205 және 206-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бірыңғай оператордың электрондық әмияндағы ақшаны пайдалануына жол берілмейді.
203. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің тиынмен есептелген сомасы дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал елу тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.
204. Әлеуетті өнім беруші қатысатын конкурс лоттарының жалпы сомасына конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізуге жол беріледі.
205. Электрондық банктік кепілдік түрінде енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай:
1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
2) конкурс жеңімпазы шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайлардың бірі туындаған кезде әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.
206. Электрондық әмиян арқылы енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бірыңғай оператор бұғаттайды және мынадай:
1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
2) конкурс жеңімпазы шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.
207. Осы Қағидалардың 205 және 206-тармақтарында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кіріс есебіне жатқызылады.
208. Бірыңғай оператор тапсырыс берушіден өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, егер әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарса немесе шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбесе, әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянынан тапсырыс берушінің өтінішінде көрсетілген шотқа өтінімді қамтамасыз ету бойынша оқшауланған ақшаны аударуды веб-портал арқылы жүзеге асырады.
209. Ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді электрондық банктік кепілдік түрінде қамтамасыз етуді мынадай:
1) ашу хаттамасын орналастырған жағдайда осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алған;
2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
3) әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғанда және онымен шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес (бар болса) соманы енгізген жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.
210. Бірыңғай оператор әлеуетті өнім берушіге ол оқшаулаған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда:
1) осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алған;
2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
3) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойған және ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) енгізген жағдайда автоматты түрде бұғаттан шығарады.
211. Әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянында орналастырылған ақшаны қайтару туралы талап етуі бойынша бірыңғай оператор осындай талап түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларға қатысты бұғаттау немесе бұғаттау тоқтатылған, көрсетілген ақшаны қайтарады.
13-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу
212. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашуды конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін веб-портал автоматты түрде бес минут ішінде жүзеге асырады.
213. Егер конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім конкурсқа (лотқа) берілген болса, онда мұндай өтінім де осы Қағидаларға сәйкес ашылады және қаралады.
214. Осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу өтінімдерді ашу хаттамасын оны ашу жүргізілген кезден бастап веб-портал автоматты түрде орналастырады. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінім берген конкурстық комиссия мүшелеріне, әлеуетті өнім берушілерге веб-портал хабарламаларды автоматты түрде жібереді.
215. Конкурстық баға ұсыныстарын қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін басқа да әлеуетті өнім берушілердің осы конкурсқа қатысуға берген өтінімдерін көруге қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
14-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау
216. Конкурстық комиссия, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында, веб-портал арқылы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды.
217. Конкурстық құжаттама техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтыған жағдайларды қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның хатшысы, олар құрылған (тартылған) жағдайда, сараптау комиссиясына не сарапшыға әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктерін олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында ұсынады.
218. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау кезінде конкурстық комиссия Заңның 27-бабының 5-тармағына сәйкес:
1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді веб-портал арқылы сұратады;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында, тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратады.
219. Конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы веб-порталда орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.
220. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы мынадай:
1) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған;
2) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптары бойынша анық емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілерге берілмейді.
221. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі нысанасына конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы мен барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қарау туралы шешім қабылданған күні қол қояды.
222. Заңның 27-бабы 3-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:
1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің қабылдамау себептері егжей-тегжейлі сипатталған, оның ішінде олардың біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін мәліметтері және растайтын құжаттары көрсетілген тізбесі, сонымен қатар конкурсқа қатысуға берілген өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы ақпарат;
2) әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы ұсынылатын біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге жататын қажетті құжаттардың тізбесін.
223. Әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес болған жағдайда, конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы рәсімделмейді.
224. Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешімі конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап он жұмыс күн ішінде қабылданады және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта бойынша автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес веб-порталда орналастырады.
225. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
226. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір келтіруге құқығы бар, ол конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға қоса беріледі және құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда орналастырылады.
Конкурстық комиссияның тиісті конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамада конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда орналастырады.
227. Осы Қағидалардың 219-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін, конкурстық комиссияның хатшысы веб-портал арқылы біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау рәсіміне бастамашылық жасайды.
228. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау кезінде конкурстық комиссия:
1) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттаманың тізбесінде көзделген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген құжаттар тізбесі бойынша олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірудің толықтығы мәніне қайта қарайды;
2) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген құжаттардың толық тізбесін бермеген және біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірмеген әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
3) Заңның 27-бабы 5-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерден біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарастыруды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді веб-портал арқылы сұратуға құқылы;
4) Заңның 27-бабы 5-тармағына сәйкес біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысу өтінімдерінде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.
229. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді осы Қағидалардың 219-тармағында белгіленген мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімде жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сұрау салу жіберуіне және өзге де әрекеттер жасауына жол берілмейді.
230. Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не тарату рәсіміне қатысы жоқтығы бөлігінде, олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттық не тарату рәсімдерін өткізуге бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.
231. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қараған кезде, әлеуетті өнім берушілерді, конкурстық комиссияның алдын ала рұқсат беру хаттамасында көзделмеген негіздер бойынша қабылдамауға жол берілмейді.
232. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіргеннен кейін, егер:
1) ол және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) біліктілік талаптарына және Заңда және осы Қағидаларда айқындалған негіздер бойынша конкурстық құжаттаманың шарттарына сәйкес емес деп айқындалса;
2) ол Заңның 6-бабында көзделген талаптарды бұзған болса конкурсқа қатысуға (конкурсқа қатысушы деп танылмайды) жіберілмейді.
233. Егер әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 232-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамада конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдамау үшін негіз болған, растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, мұндай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдамаудың негіздемелері көрсетіледі.
234. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау нәтижелері бойынша:
1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және конкурсқа қатысушылар деп таниды;
2) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды қолданады және есептейді;
3) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін қайта ұсыну мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы ресімдейді.
235. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысының хаттамасына электрондық көшірме нысанындағы конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетіні туралы сарапшының қорытындысы, бар болған жағдайда сараптау комиссиясы мүшесінің ерекше пікірі тіркеледі.
236. Заңның 28-бабы 2-тармағына сәйкес конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама мынадай ақпаратты қамтиды:
1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру туралы;
2) осы Қағидалардың 228-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес конкурстық комиссияның сұрау салулары туралы;
3) конкурсқа қатысуға берілген өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдамау себептері егжей-тегжейлі сипатталып, оның ішінде біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, олар туралы ақпарат;
4) конкурстық комиссияның конкурстық құжаттамада көзделген конкурстық баға ұсынымына әсер ететін өлшемшарттарды қолдануы туралы:
5) ең төмен шартты баға негiзiнде конкурс жеңiмпазын айқындау туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
237. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттамаға веб-порталда конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және оны конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы шешім қабылданған күні веб-порталда жариялайды.
238. Әлеуетті өнім беруші (конкурсқа қатысушы болып танылмайды) конкурсқа жіберілмейді егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы келесі негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде олар туралы мәліметтер расталатын рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (бағытталған) рұқсаттардың (хабарламалардың) болмауы. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (бағытталған) тиісті рұқсаттардың (хабарламалардың) нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынады;
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынбауы;
мемлекеттік кірістер органының мәліметтерінің негізінде веб-порталмен автоматты түрде анықталатын тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселеген мөлшерінен асатын салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі туралы болуы;
конкурстық құжаттамаға 8, 9, 10 және 11-қосымшаларға сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді ұсынбауы, сондай-ақ толық емес ұсынуы;
әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;
әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген, шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат ұсыну фактісі анықталса. Бұл ретте мұндай фактіні Заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, оның ішінде тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ұсынған мәліметтер мен құжаттар негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында белгілеуі мүмкін;
банкроттық не тарату рәсіміне жатса;
2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі келесі негіздемелер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
техникалық ерекшелікті ұсынбау;
әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынуы, сондай-ақ техникалық ерекшелікте талап етілетін құжаттарды ұсынбауы;
конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ конкурстық құжаттамаға 19-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді бермеу (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда);
қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді берген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жұмыстар көлемінің (құрылыс құнының) екіден бірінен астам жиынтығын қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беру;
конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бермеу;
конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттар бойынша дәйексіз мәліметтер ұсыну фактісі анықталса. Бұл ретте мұндай фактіні Заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, оның ішінде тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ұсынған мәліметтер мен құжаттар негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында белгілеуі мүмкін;
3) мемлекеттік сатып алуларға қатысуға байланысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулер болса. Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде кері қайтаруына жатады. Заңның 6-бабы 1-тармағының 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, конкурстық комиссия тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарындағы ақпаратты қарастырады.
239. Егер тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) неғұрлым үздік функционалдық, техникалық, пайдалану және сапалық сипаттамалары, технологиялық шешімдер және (немесе) жұмыстарды үздік материалдардан орындау ұсынылса, әлеуетті өнім берушінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне техникалық ерекшеліктің конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық ерекшелікке сәйкес келмеуіне жол беріледі.
240. Егер конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, ол конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп танылады.
241. Сараптау комиссиясы не сарапшы конкурстық комиссияның төрағасы белгілеген мерзімде, бірақ конкурсқа қатысу өтінімдерді қарау мерзімінен кешіктірмей:
1) өз құзыретінің шегінде әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін растау үшін олар берген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресімделуі тұрғысынан қарайды және зерделейді;
2) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі туралы сараптама қорытындысын ресімдейді, оған қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысына ұсынады.
Сараптамалық қорытындыда әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің (олар болған жағдайда) функционалдық мүмкіндіктері, техникалық параметрлері, сапалық сипаттамалары мен пайдалану шарттары конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде көрсетілген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамаларына қарағанда асып түсетіні туралы ақпаратты қамтиды.
242. Сараптамалық қорытындыға сарапшы ерекше пікірін білдіретін жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар қол қояды және әр бетіне бұрыштама соғады.
Сараптамалық қорытындыны алғаннан кейін конкурстық комиссияның хатшысы сараптамалық қорытындыны веб-порталда орналастырады және веб-портал арқылы хабарламаларды конкурстық комиссияның барлық мүшелеріне таратады. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді сараптамалық қорытындыны ескере отырып қарайды.
15-параграф. Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттар
243. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай өлшемшарттар қолданылады:
1) әлеуетті өнім берушіде өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жылдың ішіндегі жұмыс тәжірибесінің болуы;
2) төленген салықтар көрсеткіші;
3) конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде есептелетін қаржылық орнықтылық көрсеткіші;
4) тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оған техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар.
244. Конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қарау кезінде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету нарығында ғана, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің ұқсас түрлері бойынша жұмыс тәжірибесін қарайды.
245. Конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурстық комиссия конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы қалыптастыру кезінде, осы Қағидалардың 243-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қолданылатын, конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдерге сәйкес шартты жеңілдіктерді анықтайды.
Әлеуетті өнім беруші осы өлшемдерді растайтын құжаттарды бермеген жағдайда конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге тиісті шартты жеңілдікті қолданбайды.
16-параграф. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт ретінде жұмыс тәжірибесін есептеудің жалпы тәртібі
246. Егер әлеуетті өнім берушінің бас мердігер (жобалаушы) ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша бір пайыз (1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
247. Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер (қосалқы жобалаушы) ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс нысанасы болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
248. Егер бір жылдың ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан екі пайыз (0,2 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді. Егер бұл жұмыстарды әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігер (қосалқы жобалаушы) ретінде орындаса, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан бір пайыз (0,1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
249. Құрылыс объектісі деп бір азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде орындалған, нысанасы өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасына сәйкес келетін жұмыстар түсініледі.
250. Егер конкурстың нысанасы құрылыспен байланысты емес жұмыстар болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстардың түрлеріне ұқсас (сондай) келесі орындалған әрбір жұмыс үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Жұмыстар деп бір азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде орындалған, нысанасы өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасына сәйкес келетін жұмыстар түсініледі.
251. Егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, осы өлшемнің конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері бес пайыздан аспайды.
252. Егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда, осы өлшемнің конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері он пайыздан аспайды.
17-параграф. Құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт ретінде жұмыс тәжірибесін есептеу тәртібі
253. Егер конкурстың нысанасы жаңа объектілерді салу, сондай-ақ қолда бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау және күрделі жөндеу болып табылған жағдайда, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау және объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелері (бұдан әрі – орындалған жұмыстарды қабылдау және объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелері) жұмыс тәжірибесін растайтын құжат болып табылады.
254. Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар көрсетілген нысандарға сәйкес келмеген жағдайда, мұндай құжаттар дұрыс деп танылады және осы Қағидалардың 91 және 92-тармақтарының 2) тармақшаларында айқындалған жағдайларда және тәртіппен жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде ескеріледі.
255. Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, орындалған жұмыстарды қабылдау және объектіні пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелері ұсынылады, онда бұл қосалқы мердігер туралы мәліметтер көрсетіледі.
256. Объектіні пайдалануға қабылдау актісінде қосалқы мердігер туралы мәліметтер болмаған жағдайда, осы қосалқы мердігер туралы мәліметтер көрсетілетін сәйкестік туралы декларацияның электрондық көшірмесі қосымша ұсынылады.
257. Егер конкурстың нысанасы автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу болып табылған жағдайда, орындалған жұмыстарды қабылдау (сертификаттар, шарттық баға ведомосіне сәйкес орындалған жұмыстарды қабылдау актілері) және объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растайтын құжат болып табылады.
258. Егер конкурстың нысанасы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу болып табылған жағдайда, сараптаманың оң қорытындысының электрондық көшірмесі жұмыс тәжірибесін растайтын құжат болып табылады.
259. Егер конкурстың нысанасы жаңа құрылыс болып табылған жағдайда, тек жаңа объектілер құрылысының жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
260. Автомобиль жолдарын және (немесе) инженерлік желілерді реконструкциялау жөніндегі жұмыс тәжірибесі автомобиль жолдарын және (немесе) инженерлік желілерді жаңадан салу кезінде ескеріледі.
261. Егер конкурстың нысанасы кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және реконструкциялау болып табылған жағдайда, күрделі жөндеуді қоспағанда, жаңа объектілерді салу, қолданыстағы объектілерді кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және реконструкциялау жұмысының тәжірибесі ескеріледі.
262. Егер конкурстың нысанасы күрделі жөндеу болып табылған жағдайда, жаңа объектілерді салу, қолданыстағы объектілерді кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмыстарының тәжірибесі ескеріледі.
263. Егер конкурстың нысанасы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстар болып табылған жағдайда, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
264. Егер конкурстың нысанасы жобалау-сметалық құжаттаманы түзету немесе байланыстыру жөніндегі жұмыстар болып табылған жағдайда, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, түзету, байланыстыру жөніндегі жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
265. Құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындалған құрылыс объектілерінің функционалдық мақсаты мен салалық тиесілілігіне (құрылыс түрлері бойынша бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы немесе ұқсас болуы) және олардың техникалық күрделілігіне қарай есептеледі.
266. Әлеуетті өнім берушінің құрылыс (құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау) саласындағы жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде жиынтығында мыналар есепке алынады:
1) ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (біріншісі – жоғары, екіншісі – қалыпты, үшіншісі – төмен).
Егер конкурстың нысанасы бірінші (жоғары) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, тек бірінші (жоғары) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
Егер конкурстың нысанасы екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, бірінші (жоғары) және екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
Егер конкурстың нысанасы үшінші (төменгі) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, бірінші (жоғары), екінші (қалыпты) және үшінші (төменгі) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі;
2) объектілердің техникалық күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар).
Егер конкурстың нысанасы техникалық күрделі объектілер (кешендер) болып табылса, тек техникалық күрделі объектілердің (кешендердің) жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
Егер конкурстың нысанасы техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.);
3) функционалдық мақсаты (өнеркәсіптік объектілер, өндірістік ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар);
4) бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы немесе ұқсас болуы тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердегі жұмыстарды қоспағанда, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заң) Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің тиісті кіші түрінің бір тармақшасында болған жағдайда ескеріледі.
Электрмен жабдықтауға, электрмен жарықтандыруға және электрмен жылытуға байланысты бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы немесе ұқсас болуы олардың "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің тиісті кіші түрінің әртүрлі тармақшаларында олардың конкурс нысанасымен болуына қарамастан ескеріледі.
Автомобиль жолдарын салуға байланысты бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы немесе ұқсас болуы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің тиісті кіші түрінің әртүрлі тармақшаларында олардың конкурс нысанасымен болуына қарамастан ескеріледі.
267. Инженерлік желілер мен жүйелердің (инженерлік желілер мен жүйелердің бірнеше түрі) кешенді құрылысы (жаңа құрылыс, қолданыстағы объектілерді кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) кезіндегі жұмыс тәжірибесі өткізілетін мемлекеттік сатып алу нысанасына сәйкес келетін инженерлік желілер және (немесе) жүйелер түрлерінің ең болмағанда біреуінің болуына қарай есептеледі.
268. Инженерлік желілерді және (немесе) жүйелерді (инженерлік желілердің және (немесе) жүйелердің бірнеше түрі) реконструкциялау жөніндегі жұмыс тәжірибесі инженерлік желілерді және (немесе) жүйелерді (инженерлік желілердің және (немесе) жүйелердің бірнеше түрі) жаңадан салу кезінде ескеріледі.
269. Автомобиль жолдары мен инженерлік желілер мен жүйелердің (инженерлік желілер мен жүйелердің бірнеше түрі) кешенді құрылысы (жаңа құрылыс, қолданыстағы объектілерді кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) кезіндегі жұмыс тәжірибесін автомобиль жолдарының жұмыс тәжірибесінің болуына және инженерлік желілер мен жүйелердің кем дегенде бір түрінің болуына сүйене отырып есептеу керек.
270. Егер конкурстың нысанасы аумақты абаттандыру немесе аулалық аумақтарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар болып табылса және лицензияланатын түрлерді орындау көзделген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі конкурс нысанасында көзделген барлық лицензияланатын жұмыс түрлері бойынша тәжірибесі болған кезде ескеріледі.
271. Мерзімі бір жылдан асатын шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде объектіні пайдалануға қабылдау актісінің күніне сәйкес құрылыстың аяқталған жылы танылады.
272. Растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін беру конкурстық құжаттамада оларды көрсету көзделген мәліметтер бойынша ғана міндетті.
273. Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мәліметтерді толтыру бөлігінде құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушінің өтінімі веб-портал автоматты түрде айқындайтын:
1) "Расталды" мәртебесі бар электрондық депозитарийдегі әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар;
2) құрылыс объектілерінің жауапкершілік деңгейі;
3) құрылыс объектілерінің техникалық күрделілігі;
4) функционалдық мақсаты немесе салалық (ведомстволық) тиесілілік;
5) тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердегі жұмыстарды қоспағанда, әлеуетті өнім беруші мәлімдеген жұмыс тәжірибесіне сәйкес келетін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрлері сияқты өлшемшарттарға (белгілерге) сәйкестігі тұрғысынан форматтық-логикалық бақылауды ескере отырып, веб-порталда қалыптастырылады.
274. Құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын, "Расталды" мәртебесі бар электрондық депозитарийдегі мәліметтер мен құжаттар Заңның 47-бабының тәртібімен шағымдануға жатпайды.
18-параграф. Құрылысқа байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық баға ұсынысына әсер ететін біліктілік талабы және (немесе) өлшемшарт ретінде жұмыс тәжірибесін есептеу тәртібі
275. Егер конкурс нысанасы автомобиль жолын орташа жөндеу болып табылған жағдайда, онда автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу жұмысының тәжірибесі ескеріледі.
276. Орындалған жұмыстар актілерінің электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады.
277. Егер автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша жұмыстар конкурстың нысанасы болып табылған жағдайда, орындалған жұмыстарды қабылдап алу актілерінің тиісті электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады.
278. Мерзімі бір жылдан асатын шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде орындалған жұмыстар актісінің күніне сәйкес жұмыстардың аяқталған жылы танылады.
19-параграф. Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт ретінде жұмыс тәжірибесін есептеу тәртібі
279. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушінің осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі бар әрбір жыл үшін нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5%) мөлшерінде, бірақ бес пайыздан аспайтын шартты жеңілдік береді.
280. Көрсетілген қызметтер актілерінің және шот-фактуралардың электрондық көшірмелері сатып алынатын қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады.
281. Мерзімі бір жылдан асатын шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде қызметтің аяқталған жылы танылады.
282. Салық кодексінің 397-бабында көзделген қызметтерді, сондай-ақ есепке алуы сертификатталған есепке алу жүйелері (аспаптары) арқылы жүргізілетін қызметтерді, оның ішінде коммуналдық қызметтерді (сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау) және байланыс қызметтерін көрсетуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар шот-фактураның электрондық көшірмесі болып табылады.
20-параграф. Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт ретінде төленген салықтардың көрсеткішін есептеу тәртібі
283. Егер әлеуетті өнім берушінің төленген салық көрсеткіші үш пайыздан астам болған жағдайда, Егер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспаған және әлеуетті өнім берушінің төленген салықтар көрсеткіші үш пайыздан астам болған жағдайда, веб-портал автоматты түрде әрбір оннан бір (0,1) пайыздан асатын әрбір ондық (0,1) пайыз үшін оннан бір (0,1) пайыз мөлшерінде, бірақ үш пайыздан аспайтын шартты жеңілдік береді.
21-параграф. Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт ретінде сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) шығыстарды есептеу тәртібі
284. Өлшемшарт - тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар сараптау комиссиясының не сарапшының қорытындысына сәйкес қолданылады (бар болса). Конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына осы өлшемшарттың жиынтық пайыздық әсері он пайыздан аспайды.
285. Егер конкурсқа қатысуға арналған өтінімде әлеуетті өнім беруші ұсынған техникалық ерекшеліктегі тауарлардың функционалдық сипаттамасы конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген тауарлардың мүмкіндіктері шегінен асқан жағдайда сараптау комиссиясы не сарапшы әрбір мүмкіндік үшін нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5%) белгілейді. Бұл ретте жалпы жиынтық мәні үш пайыздан (3%) аспайды.
286. Егер конкурсқа қатысуға арналған өтінімде әлеуетті өнім беруші ұсынған техникалық ерекшелікте тауарлардың техникалық сипаттамасы конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген тауарлардың параметрінен асқан жағдайда сараптау комиссиясы не сарапшы әрбір мүмкіндік үшін нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5%) белгілейді. Бұл ретте жалпы жиынтық мәні үш пайыздан (3%) аспайды.
287. Егер конкурсқа қатысуға арналған өтінімде әлеуетті өнім беруші ұсынған техникалық ерекшелікте тауарлардың сапалық сипаттамасы конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген тауарлардың талаптары мен мақсатынан асқан жағдайда конкурстық комиссия осы сипаттама үшін бес пайыз (5%) белгілейді.
288. Егер конкурсқа қатысуға арналған өтінімде әлеуетті өнім беруші ұсынған техникалық ерекшелікте тауарлардың пайдалану сипаттамасы (пайдалану мерзімі, тасымалдау, сақтау талаптары, пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге арналған шығыстары) конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптардан асқан жағдайда конкурстық комиссиясы әрбір артқан талап үшін нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5%) белгілейді. Бұл ретте жалпы жиынтық мәні үш пайыздан (3%) аспайды.
289. Сараптау комиссиясының немесе сарапшының қорытындысы болмаған жағдайда конкурстық комиссия осы Қағидалардың 284 - 287-тармақтарында көзделген өлшемшарттарды қолданбайды.
22-параграф. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру
290. Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан конкурсқа қатысуға өтінімді қарау қорытындылары бойынша конкурстық баға ұсыныстарын Заңның 29-бабы 4-тармағының талаптары ескеріле отырып, веб-портал автоматты түрде ашады.
291. Веб-портал автоматты түрде конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын салыстырылады және неғұрлым аз шартты баға негізінде конкурс жеңімпазын анықтайды.
292. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша екінші орын алған конкурсқа қатысушы неғұрлым аз шартты бағадан кейінгі шартты баға негізінде айқындалады.
293. Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес веб-портал автоматты түрде айқындайтын әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығының үлкен көрсеткіші бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.
Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы көрсеткішінің есебін осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес қаржылық тұрақтылық көрсеткішін есептеу формуласы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес веб-портал автоматты түрде айқындайды.
Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрын түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.
294. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру нәтижелері осы Қағидалардың 236-тармағына сәйкес конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамада орналастырылады.
23-параграф. Конкурсты өтпеді деп танудың негіздері мен салдарлары
295. Конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша:
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;
2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылғанда;
3) конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;
4) конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе, өтпеді деп танылады.
296. Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы.
Конкурс тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші Заңның 29-бабының 3-тармағына сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды мынадай:
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған жағдайда жүзеге асырады. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту жіберілетін әлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші айқындайды;
2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылған жағдайда жүзеге асырады. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту конкурсқа қатысуға арналған өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушіге жіберіледі. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімде көрсетілген конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиіс.
10-тарау. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурсты жүзеге асыру тәртібі
297. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс уәкілетті орган бекіткен туарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мынадай:
1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігін тұжырымдау әрі олардың техникалық және өзге де сипаттамаларын айқындау қиын және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстарын сұрату не туындаған мәселелер бойынша олармен келіссөз жүргізу қажет болған;
2) зерттеулер, эксперименттер, іздестірулер жүргізу немесе әзірлемелер жасау қажет болған;
3) инновациялық және жоғары технологиялық тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.
4) инвестициялық құрамдас бөлігі бар оффтейк-келісімшарттарды қолдана отырып тауарлар сатып алынады.
Офтейк-келісімшарттар жасасу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес тиісті бюджет негізінде жүзеге асырылады.
298. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай дәйекті кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
тапсырыс берушінің ұйымдастырушыны айқындауы;
ұйымдастырушының сараптама комиссиясын құруы не сарапшыны айқындауы;
тапсырыс берушінің қажеттілігі негізінде сараптау комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге техникалық тапсырманы қалыптастыруы;
екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруды веб-порталда орналастыру;
ұйымдастырушының екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырма беруі;
әлеуетті өнім берушілердің техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген техникалық ұсыныстарды беруі;
сараптау комиссиясының не сарапшының әлеуетті өнім берушілердің техникалық ұсыныстарын қарауы және олар сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына, оларды берудің (орындаудың, көрсетудің) шарттық талаптарына қатысты мәселелерді талқылау;
сараптау комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуі;
ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының не оның міндетін атқаратын адамның, не бюджеттік бағдарламаның басшысының не оның міндетін атқаратын адамның бекітуі;
ұйымдастырушының бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақырту жіберуі;
2) екінші кезеңде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін көзделген іс-шаралар жүзеге асырылады.
299. Оффтейк-келісімшарттарды қолдана отырып, тауарларды сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын конкурс жергілікті қамтуды дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін тауарлардың тізбесі бойынша жүзеге асырылады.
300. Егер әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысса, ол конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.
11-тарау. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсты жүзеге асыру тәртібі
301. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен Заңның 31-бабы 1-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша жүзеге асырылады.
302. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс мынадай реттілігімен жүзеге асырылады:
1) бірінші кезеңде біліктілік органы білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастырады;
2) екінші кезеңде тапсырыс беруші білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне енгізілген әлеуетті өнім берушілер арасында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
303. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне енгізу үшін осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес шарттарға сәйкес келу қажет.
304. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесі біліктілік органымен тиісті ақпараттық жүйелердің мәліметтерінің негізінде автоматты түрде қалыптасады.
Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген шектеулері бар әлеуетті өнім берушілер қосылмайды.
305. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесі осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
306. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесінде келесі мәліметтер көрсетіледі:
1) Заңның 31-бабының 1-тармағында көзделген Мемлекеттік сатып алу біліктілікті алдын ала іріктей отырып, конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес әлеуетті өнім берушінің қызмет саласы;
2) білікті әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат:
әлеуетті өнім берушінің атауы;
әлеуетті өнім берушінің елі;
Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін);
Ресей Федерациясының резиденттері үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ССН) (заңды тұлғалар үшін), жеке дербес шоттың сақтандыру нөмірі (ЖДШСН) (жеке тұлғалар үшін);
Беларусь Республикасының резиденттері үшін – төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН) (заңды тұлғалар үшін);
3) әлеуетті өнім берушіні Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне енгізуге негіз болған құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні.
307. Әлеуетті өнім берушілер білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесінен мынадай:
1) әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген;
2) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулері болған жағдайларда автоматты түрде шығарылады.
308. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурстың екінші кезеңін жүзеге асыру кезінде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі пайдаланылады.
12-тарау. Негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып, конкурсты жүзеге асыру тәртібі
309. Негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып өткізілетін конкурс уәкілетті орган бекіткен тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша жүзеге асырылады.
310. Негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып өткізілетін конкурс мынадай ретпен жүзеге асырылады:
1) бірінші кезеңде бірыңғай ұйымдастырушы орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды өткізу нәтижелері бойынша біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілермен негіздемелік келісім жасасады;
2) екінші кезеңде тапсырыс берушілер ең төмен баға ұсынған негіздемелік келісімге қатысушымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.
311. Негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып өткізілетін конкурс уәкілетті орган бекіткен және олар бойынша белгіленген тәртіппен үлгілік конкурстық құжаттамалар әзірленген және бекітілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша жүзеге асырылады.
312. Негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып, өткізілетін конкурсты уәкілетті орган айқындаған тәртіппен республикалық маңызы бар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, облыс ауданының, облыстық маңызы бар қаланың, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның бірыңғай ұйымдастырушылары жүзеге асырады.
313. Тапсырыс берушілердің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай ұйымдастырушылар алдағы қаржы жылы басталғанға дейін негіздемелік келісім жасасуды қамтамасыз етеді.
Негіздемелік келісім болмаған жағдайда, тапсырыс берушілер олар бойынша мемлекеттік сатып алу негіздемелік келісімді пайдалана отырып конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тиісті тізбеге енгізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Заңда айқындалған тәртіппен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
314. Негіздемелік келісімге қатысушылардың жалпы саны шектеулі болып табылады, ол бестен аспайды.
315. Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп танылған әлеуетті өнім берушілердің саны бестен асқан жағдайда, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес веб-портал автоматты түрде айқындайтын әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығының үлкен көрсеткіші бар әлеуетті өнім беруші негіздемелік келісімге қатысушы болып танылады.
Қаржылық орнықтылық көрсеткіштері тең болған кезде негіздемелік келісімге қатысушы деп конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрын келіп түскен конкурсқа қатысушы танылады.
316. Негіздемелік келісім бір жыл мерзімге жасалады.
317. Негіздемелік келісімді пайдалана отырып, конкурстың бірінші кезеңін жүзеге асыру кезінде осы тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі пайдаланылады.
318. Негіздемелік келісімді пайдалана отырып, конкурстың екінші кезеңін жүзеге асыру кезінде негіздемелік келісімді жасасқан бірыңғай ұйымдастырушының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің шекарасындағы тапсырыс берушілер веб-портал арқылы осы Негіздемелік келісімге қатысушыларға осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баға ұсынысын беру туралы сұрау салу жібереді, онда тауарды беру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету шарттары көрсетіледі.
319. Баға ұсынысын беру туралы сұрау салуға мынадай мәліметтер мен құжаттар қоса беріледі:
1) үлгілік конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған техникалық ерекшелік, оның ішінде мыналарды қамтиды:
тапсырыс берушінің атауы және орналасқан жері;
өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;
тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету;
тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдік беру;
төлем шарттары;
өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомалар туралы мәліметтер;
2) шарт жобасы.
320. Негіздемелік келісімге қатысушылар сұрау салуды веб-портал арқылы жіберген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы баға ұсыныстарын ұсынады.
321. Негіздемелік келісімге қатысушының баға ұсынысы тапсырыс беруші белгілеген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың талаптары мен шарттарына оның келісімін білдіру нысаны болып табылады.
322. Шарт бағасы ең төмен болып табылатын негіздемелік келісімнің қатысушысымен жасалады.
Негіздемелік келісімге қатысушылардың баға ұсыныстары тең болған кезде негіздемелік келісімге басқа қатысушылардың конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрын келіп түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.
Шарт Заңда және осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен жасалады.
323. Негіздемелік келісім бір жақты тәртіпте негіздемелік келісімге қатысушымен мынадай жағдайларда:
1) ол мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген;
2) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер болған жағдайларда бұзылады.
324. Негіздемелік келісімді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілер мұндай мемлекеттік сатып алуды Заңның 13-бабында айқындалған өзге де тәсілдермен жүзеге асырады.
13-тарау. Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурсты жүзеге асыру тәртібі
325. Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып өткізілетін конкурс уәкілетті орган бекіткен тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша жүзеге асырылады.
326. Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып өткізілетін конкурс осы тарауда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
327. Рейтингтік-баллдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық комиссия құрылмайды.
328. Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, өткізілетін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін веб-портал қорытындылардың хаттамасын автоматты түрде қалыптастырады.
329. Веб-портал конкурстық баға ұсыныстарын және конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды автоматты түрде салыстырады және жеңімпазды айқындайды.
330. Екінші орын алған конкурстың жеңімпазы мен қатысушысын айқындау тәртібі осы Қағидалармен айқындалады.
331. Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттар және оларды есептеу осы Қағидалармен айқындалады.
332. Конкурстық құжаттамаға, алдын ала талқылауға, хабарлауға, конкурсқа қатысуға өтінімге, оны қамтамасыз етуге, шартты жасасуға, өзгертуге және орындауға қойылатын талаптар осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Заңның 21-бабының 1, 2, 3 және 5-тармақтарының, 22, 23, 24, 25, 43 және 45-баптарының қағидалары бойынша айқындалады.
333. Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып жүргізілген конкурстың қорытындылары Заңның 47-бабының тәртібімен шағымдануға жатпайды.
14-тарау. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу
334. Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу мынадай реттілікпен іс-шараларды орындауды көздейді:
1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің ұйымдастырушыны және алдағы мемлекеттік сатып алуда соңғысының мүдделерін білдіретін тапсырыс берушінің уәкілетті өкілін айқындауы;
2) тапсырыс берушінің ұйымдастырушыға аукционды ұйымдастыру және өткізу үшін ақпараттар мен құжаттарды ұсынуы не тапсырыс берушінің бірыңғай ұйымдастырушыға аукционды ұйымдастыруға және өткізуге тапсырманы ұсынуы;
3) тапсырыс берушiнің бірыңғай ұйымдастырушыға веб-портал арқылы аукционды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының тармақтарын жіберуі;
4) аукциондық комиссияның құрамын, сараптау комиссиясының құрамын не сарапшыны (қажет болғанда) айқындау және бекіту, аукциондық комиссияның хатшысын айқындау;
5) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аукциондық құжаттаманың жобасын бекіту;
6) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаны, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың мәтінін веб-порталға орналастыру;
7) осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аукциондық құжаттаманың жобасын веб-портал арқылы алдын ала талқылау және аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылаудың хаттамасын, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың мәтінін веб-порталға орналастыру;
8) әлеуетті өнім берушілердің электрондық құжат нысанындағы аукционға қатысуға өтінімдерін ұсынуы және оларды веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
9) осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аукцион өткізу, аукцион хаттамасын қалыптастыру және веб-порталда орналастыру;
10) аукциондық комиссияның веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға арналған өтінімдерін біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан осы Қағидаларда айқындалған тәртіпте қарауы;
11) біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау, аукцион қорытындылары туралы хаттаманы және (немесе) аукцион қорытындылары туралы аралық хаттаманы қалыптастыру және веб-порталда орналастыру;
12) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама негізінде жеңімпазбен шарт жасасуы.
335. Тапсырыс берушінің ұйымдастырушыны, бірыңғай ұйымдастырушыны айқындауына, аукциондық комиссияның құрамын, сараптау комиссиясының құрамын не сарапшыны (қажет болған жағдайда) айқындауға және бекітуге, аукциондық комиссияның хатшысын айқындауға, аукциондық құжаттаманың жобасын бекітуге, аукционды өткізу туралы хабарламаны орналастыруға, аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауға, әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынуына, аукционға қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуге, әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға рұқсатын беруге қойылатын талаптар, Заңда және осы Қағидаларда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, сараптама комиссиясының не сарапшының аукционға қатысуға өтінімдерді қарау тәртібіне сәйкес конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес айқындалады.
2-параграф. Аукцион өткізу тәртібі
336. Аукцион аукциондық құжаттамада көрсетілген күні және уақытта веб-порталда өткізіледі.
Аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткен күннен кейінгі жұмыс күні аукционды өткізу күні болып табылады.
337. Аукцион өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету арқылы өткізіледі.
338. Аукцион адымы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасының жарты пайызынан бес пайызына дейін құрайды.
339. Бірыңғай оператор аукционды өткізу кезінде аукционды өткізу мерзімі өткенге дейін әлеуетті өнім берушілердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.
340. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушыларға аукционға қатысуға өтінімдер беру күні мен уақытына байланысты нөмір беріледі.
341. Әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерін беру күні мен уақыты аукцион хаттамасында белгіленеді.
342. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар аукцион адымы шегіндегі шамаға баға туралы ағымдағы ең төменгі ұсынысты төмендетуді көздейтін, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстар береді.
343. Аукционды өткізу кезінде аукционның кез келген қатысушысы Заңның 33-бабының 5-тармағына сәйкес ағымдағы ең төмен ұсыныс болмаған жағдайда аукцион адымына қарамастан, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан төмендетілген, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы.
344. Егер өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы осындай ұсынысты аукционға осы қатысушы берген жағдайда, аукционға қатысушы Заңның 33-бабының 6-тармағына сәйкес өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ағымдағы ең төменгі ұсыныстан төмен өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы емес.
345. Өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы аукционға қатысушылардың ұсыныстарын қабылдау уақыты аукцион өткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейін он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың неғұрлым төмен бағасы туралы бірде-бір ұсыныс келіп түспесе, аукцион аяқталады.
346. Веб-портал осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аукцион хаттамасын автоматты түрде қалыптастырады.
347. Егер өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың аукционға басқа қатысушы ұсынған бастапқы бағаға тең бастапқы бағасы ұсынылған жағдайда, басқа ұсыныстардан бұрын келіп түскен тауардың бастапқы бағасы ең төмен бастапқы баға деп танылады.
348. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейін отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде-бірі өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс бермесе, бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші бірінші орынды иеленген әлеуетті өнім беруші болып танылады.
3-параграф. Аукционға қатысуға өтінімдерді қарау тәртібі
349. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдерді қарауды біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында жүзеге асырады.
350. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдерді қарауды бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім берушінің өтінімінен бастайды.
351. Егер әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия мұндай өтінімді біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таныған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы болып танылады және осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама қалыптастырылады. Бұл ретте аукционның қалған қатысушыларының өтінімдері ашылмайды.
352. Егер әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия мұндай өтінімді біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы аралық хаттама қалыптастырылады. Мұндай жағдайларда аукциондық комиссия бағасы ең төмен бағадан кейінгі болып табылатын әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарауға көшеді.
353. Әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан аукционға қатысуға арналған әрбір өтінімін аукциондық комиссия аукцион өткізілген және (немесе) мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы аралық хаттама орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды.
354. Аукционға қатысуға өтінімдерді қарау кезінде аукциондық комиссия Заңның 34-бабының 6-тармағынасәйкес:
1) аукционға қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді сұратуға;
2) аукционға қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында веб-портал арқылы тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
355. Аукционға қатысуға өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, аукционға қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты аукциондық комиссияның сұрау салуына және өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.
356. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.
357. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес деп танылған әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарау аяқталған күні аукциондық комиссияның барлық мүшелеріне және аукционға қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге электрондық пошта арқылы бір мезгілде хабардар ете отырып, веб-портал автоматты түрде қалыптастырады және орналастырады.
358. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамада Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес мыналар:
1) Заңның 34-бабы 6-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес аукциондық комиссияның сұрау салулары туралы ақпарат;
2) аукционға қатысуға өтінімдері қабылданбаған, олардың қабылданбау себептері егжей-тегжейлі сипатталып, оның ішінде олардың біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, әлеуетті өнім берушілер туралы ақпарат;
3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.
4-параграф. Аукционды өтпеді деп танудың негіздері мен салдарлары
359. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:
1) аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған жағдайда;
2) аукционға қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылған жағдайда жүзеге асырылады;
3) егер аукционға қатысушылардың барлығы біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп танылса;
4) егер аукционға қатысушылардың өтінімдерін қарау нәтижелері бойынша аукционның бір ғана қатысушысы біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес деп танылса, аукцион өткізілмейді.
360. Егер аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы;
2) аукциондық құжаттаманы өзгерту және аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы.
361. Аукцион тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды Заңның 36-бабының 3-тармағына сәйкес мынадай жағдайларда жүзеге асыруға құқылы:
1) аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру жіберілетін әлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші айқындайды;
2) аукционға қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылған жағдайда жүзеге асырылады. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру аукционға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге жіберіледі. Жасалған шарттың бағасы аукционға қатысуға өтінімде көрсетілген әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасынан аспауға тиіс.
15 тарау. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
Параграф 1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері
362. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу, егер осындай біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге жүргізіледі. Бұл жағдайда баға шешуші шарт болып табылады.
2-параграф. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарлама
363. Ұйымдастырушы баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу туралы мынадай мәліметтерді веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде орналастырады:
1) бөлінген сомаларды көрсете отырып, өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы;
2) қысқаша сипаттамасы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің;
3) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;
4) тауар жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері;
5) әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын ұсынуының басталу және аяқталу мерзімі туралы;
6) техникалық ерекшелігі көрсетілген шарттың жобасы қоса беріледі.
Тапсырыс берушілер ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мемлекетаралық стандарттарды көрсете отырып, техникалық ерекшелікті әзірлейді. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде мемлекеттік сатып алуды нормалауды ескере отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.
Бұл ретте сатып алынатын тауарлардың қысқаша сипаттамасында жеткізілетін тауарлардың техникалық регламенттерде, стандарттардың ережелерінде немесе Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну туралы өнім берушілерге қойылатын талап қамтылады.
364. Осы Қағидалардың 364-тармағында көзделген орналастырылатын ақпаратта мынадай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ өзге де сипаттамаларға нұсқаулардың болуына жол берілмейді:
1) негізгі (орнатылған) жабдықты, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз ету (лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;
2) тауарды лизингке беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау және лизингтің нысанасын егжей-тегжейлі сипаттау қажеттігі туындағанда жүзеге асырылады;
3) тапсырыс берушіде бар тауарды (жабдықты) жөндеу және (немесе) оған техникалық қызмет көрсету үшін.
3-параграф. Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын ұсынуы
365. Әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда көзделген мәліметтерді қамтитын бiр ғана баға ұсынысын ұсынады, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
Әлеуетті өнім берушілер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін берілген баға ұсыныстарын қайтаруға рұқсат етіледі. Бұл ретте баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі өткенге дейінгі енгізілген өзгерістермен баға ұсыныстарын қайта ұсынуға жол беріледі.
366. Әлеуетті өнім берушінiң баға ұсынысын беруі оның шарт жобасында көзделген елеулi талаптарды сақтай отырып, тауарды берудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм бiлдiргенінің нысаны болып табылады.
367. Әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысында тауарларды жеткiзуге, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге байланысты барлық шығыстар кіреді.
368. Әлеуеттi өнiм берушi баға ұсынысын ұйымдастырушыға веб-портал арқылы хабарландыруда көрсеткен баға ұсыныстарын беру мерзiмi аяқталғанға дейiн осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
369. Баға ұсынысын берген әлеуетті өнiм берушiге веб-портал тиiстi хабарламаны автоматты түрде жiбергеннен кейiн баға ұсынысы қабылданды деп саналады.
370. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуге қойылатын талаптар конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары бойынша айқындалады.
Бұл ретте банк кепілдігі түріндегі баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында ұсынады.
4-параграф. Баға ұсыныстарын салыстыру және баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындыларын шығару
371. Баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі өткеннен кейін веб-портал автоматты түрде баға ұсыныстарын салыстыруды және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысын шығаруды жүргізеді.
372. Ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
373. Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші ең төмен баға ұсынысынан кейінгі баға негізінде айқындалады.
374. Егер ең төмен баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынған болса, баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрынырақ келіп түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
375. Заңның 45-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдастырушы мен әлеуетті өнім берушінің арасында веб-портал арқылы не веб-портал қолданылмай өзге де тәсілдермен оның баға ұсынысына қатысты келіссөздер жүргізуге жол берілмейді.
376. Егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушінің бір ғана баға ұсынысы ұсынылған болса, веб-портал мұндай мемлекеттік сатып алуды автоматты түрде өткізілмеді деп таниды және ұйымдастырушы осы баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушіден бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Бұл ретте жасалған шарттың бағасы Заңның 38-бабы 7-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысынан аспауға тиіс.
377. Егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің бірде-бір баға ұсынысы ұсынылмаса, веб-портал мұндай мемлекеттік сатып алуды автоматты түрде өткізілмеді деп таниды және ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
378. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы:
1) егер ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;
2) Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда веб-портал автоматты түрде қабылдамайды.
Өзге де негіздер бойынша баға ұсыныстарын қабылдамауға жол берілмейді.
379. Егер осы Қағидалардың 378-тармағында көзделген негіздер бойынша баға ұсыныстарын веб-портал автоматты түрде қабылдамағаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің екеуден аз баға ұсынысы қалған болса, онда мұндай мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылады және ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
380. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысының осы Қағидалардың 22-қосымшасының нысанына сәйкес хаттамасы ол шығарылғаннан кейін веб-порталда автоматты түрде орналастырылады.
16-тарау. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
381. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады. Бұл ретте электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алудың мәні тауар болып табылады.
382. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары негізінде жүзеге асырылады.
383. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспайтын тауарлар бойынша жүзеге асырылады.
384. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу мынадай ретпен жүзеге асырылады:
1) тапсырыс беруші электрондық дүкеннен тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келетін тауарды таңдайды және осындай тауарды сатып алуға тапсырысты ресімдейді;
2) электрондық дүкенде тауарлар және олардың бағалары туралы ақпаратты орналастырған әлеуетті өнім беруші тапсырысты растау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды;
3) әлеуетті өнім беруші тапсырысты растаған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады.
385. Тапсырыс беруші таңдаған тауарға тапсырысты ресімдеуге осы Қағидалардың 393-тармағында көзделген шектеулері жоқ екі әлеуетті өнім берушінің қолданыстағы кемінде екі баға ұсынысы болған кезде жол беріледі.
Бұл ретте тауар туралы ақпарат электрондық дүкенде орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін электрондық дүкенде тапсырысты ресімдеу үшін қолжетімді болады.
386. Электрондық дүкен әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын автоматты түрде салыстырады және тапсырысты тауардың бағасы межелі пунктке дейін жеткізу құнын ескере отырып, ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім берушіге жібереді.
Егер тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды электрондық дүкен арқылы жүзеге асырған кезде тауарды өзі алып кету жолымен жеткізу тәсілін таңдаса, электрондық дүкен әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын автоматты түрде салыстырады және тапсырысты тауардың бағасы межелі пунктке дейін жеткізу құнын есепке алмағанда, ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім берушіге жібереді.
387. Тапсырысты әлеуетті өнім беруші хабарламаны жұмыс күндері жұмыс уақытында жіберген сәттен бастап үш сағат ішінде (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 09.00-ден 18:00-ге дейін) расталады. Егер тапсырысты растау туралы хабарлама Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:00-ден кейін жіберілсе, сағат 18:00-де тоқтайды. Тапсырысты растау үшін қалған уақыт келесі жұмыс күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 09:00-ден бастап қайта басталады.
388. Әлеуетті өнім беруші тапсырысты растаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
389. Тапсырыс беруші бір тапсырыста электрондық дүкеннің бір санатына енгізілген, біріктірілген лотқа енгізілетін тауарлардың бірнеше түрін таңдауға құқылы және тапсырыстағы тауарлардың ең аз жиынтық құнын ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
390. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша:
1) тапсырыс беруші Заңда және осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен және мерзімдерде осы Қағидалардың 478-тармағына сәйкес үлгілік шарт жасасады.
Бұл ретте шартқа қосымша болып табылатын техникалық ерекшелік электрондық дүкенде орналастырылған фотосуреттерді қоса алғанда, тауардың барлық техникалық сипаттамалары негізінде қалыптастырылады;
2) есеп автоматты түрде қалыптастырылады, онда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру процесі, оның ішінде тауарлар мен олардың бағалары туралы ақпаратты электрондық дүкенге орналастырған әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтер тіркеледі. Есеп осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады. Бұл ретте есеп мәліметтерін веб-портал мемлекеттік сатып алу мәртебесінің, оның ішінде шарттың орындалу мәртебесінің өзгеруіне қарай автоматты түрде жаңартады.
391. Бір тапсырыста әртүрлі қаржы кезеңдерінде қаржыландыру көзделген тауарларды көрсетуге жол берілмейді.
392. Егер ең төмен баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынған жағдайда, баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрын орналастырылған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
393. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын электрондық дүкен мынадай жағдайларда автоматты түрде қабылдамауға тиіс:
1) егер ол осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген сомадан асып кетсе;
2) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген;
3) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы осы Қағидалардың 81-тармағына сәйкес демпингтік баға деп танылды.
Өзге негіздер бойынша баға ұсыныстарын қабылдамауға жол берілмейді.
394. Белгіленген мерзім ішінде әлеуетті өнім беруші тапсырыс беруден бас тартқан немесе растамаған жағдайда, тапсырыс тауардың бағасы тауарды межелі пунктке дейін жеткізу құнын ескере отырып, ең төмен бағадан кейінгі болып табылатын әлеуетті өнім берушіге автоматты түрде жіберіледі.
395. Егер екі жұмыс күні ішінде тапсырысты әлеуетті өнім берушілердің бірде-бірі растамаса, электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылады.
396. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші мынадай:
1) электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы;
2) мемлекеттік сатып алуды Заңның 13-бабында айқындалған өзге де бәсекелес тәсілдермен жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
397. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу жөніндегі талаптар құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын шарттар бойынша өнім берушілерге қолданылмайды.
17-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері
398. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар болып табылатын тапсырыс берушілер қолданады.
399. Біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдері мен мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу Заңға және осы Қағидаларға сәйкес веб-портал арқылы жүзеге асырылады.
400. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық құжаттама осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде қалыптастырылады.
401. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы заңнамасының талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
402. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көзделген бағыттар бойынша қызметін жарғылық мақсаттарға сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары қатысады.
403. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілерге мынадай біліктілік талаптары қолданылмайды:
1) төлем қабілеттілігінің болуы;
2) шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық ресурстардың болуы.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген норма бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі конкурстарға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.
404. Бір қаржы жылынан астам мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу кезінде Заңда және осы Қағидаларда көзделген талаптардан басқа, конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушінің материалдық-техникалық базасының сипаттамасы мен оған қойылатын талаптар қамтылады.
405. Ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын веб-порталда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін орналастырады.
406. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін қайта Мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайда ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын веб-порталда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін қайта Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін орналастырады.
407. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді ашуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада көрсеткен өтінімдерді ұсынудың түпкілікті күні мен уақыты келгенде веб-портал автоматты түрде жүзеге асырады.
408. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасы ашылған күні веб-порталда автоматты түрде орналастырылады.
409. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
410. Егер әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі конкурстық құжаттама талаптарына, оның ішінде осы Қағидалардың 404-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, бір қаржы жылынан астам мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия конкурстық өтінімді қабылдамайды.
411. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу кезінде ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілер ұсынған бағалау үшін мынадай өлшемшарттарды, техникалық ерекшеліктерді көздейді:
1) әлеуетті өнім беруші ұсынатын жобаның Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкестігі;
2) әлеуетті өнім берушінің қызметі мақсатының (құрылтай құжаттарына сәйкес) Тапсырыс берушінің сатып алынатын қызметтеріне сәйкестігі;
3) егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының Тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізуге сәйкестігі (іс-шаралардың атауы мен нысаны, өткізу орны мен мерзімі, жауапты адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса));
4) әлеуетті өнім берушінің "үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында" болуы туралы мәліметтер;
5) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы;
6) жоба белгілі бір аумақта іске асырылған жағдайда (Астана, Республикалық маңызы бар қала, облыс, аудан, қала) - үкіметтік емес ұйымның тиісті өңірдегі жұмыс тәжірибесі;
7) әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі;
8) жобаны іске асыру нәтижелерінің тиімділігін бағалау индикаторларының болуы жатады.
Осы тармақтың 1) – 8) тармақшаларында көзделген өлшемшарттар бойынша балдарды есептеу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес есептеледі.
412. Конкурстық өтінімдері осы Қағидалардың 411-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген критерийлердің бірі бойынша бір балдан кем жинаған әлеуетті өнім берушілер жинаған балдарының жалпы санына қарамастан, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
413. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:
1) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар деп таниды;
2) осы Қағидалардың 411-тармағында көзделген әлеуетті өнім берушілер ұсынған техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін баллдарды есептейді;
3) конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарына осы Қағидалардың 411-тармағында көзделген техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін конкурстық комиссия берген баллдардың санына қарай бағаларды шартты азайтуды қолданады;
4) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы (Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу нөмірі) ресімдейді.
414. Конкурстық комиссия барлық өлшемшарттар бойынша қойған баллдарды веб-портал автоматты түрде жинақтайды, оның нәтижелері бойынша әлеуетті өнім берушіге оның техникалық ерекшелігінің баллдармен көрсетілген қорытынды бағасы қойылады.
415. Техникалық ерекшелігі 11 балдан төмен қорытынды бағасы бар әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
416. Әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 414-тармағында көзделген өлшемшарттарды растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия олардың техникалық ерекшеліктерін бағалау үшін тиісті баллдарды есептемейді.
417. Әлеуетті өнім берушілер өздерінің техникалық ерекшеліктерін бағалау үшін ұсынған талаптар шартқа енгізіледі.
418. Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестік тұрғысынан қарау және олардың техникалық ерекшеліктерін бағалау нәтижелері бойынша конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушіге конкурстық ұсыныстарды мынадай шартты азайту қолданылады:
1) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы қоса алғанда 13-тен 17 баллға дейін құраса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде 10% азаяды;
2) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы қоса алғанда 18-ден 22 баллға дейін құраса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде 20% азаяды;
3) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы қоса алғанда 23-тен 27 баллға дейін құраса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде 30% азаяды;
4) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 28 балдан жоғары болса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде 40% азаяды.
419. Конкурстық комиссия осы Қағидалардың 411-тармағында көзделген балдарды конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге, оның ішінде конкурсқа қатысуға бір өтінім ұсынылған кезде есептейді.
420. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарына, конкурсқа қатысуға бір өтінім жіберілгенін қоспағанда, бағаларды шартты азайтуды қолданады.
421. Веб-портал конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын автоматты түрде салыстырады және ең төменгі шартты баға негізінде конкурс жеңімпазын айқындайды.
422. Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде сатып алынатын қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі көп конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.
423. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтер шартының жобасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық құжаттаманың 3-қосымшасына сәйкес үлгілік шартқа сәйкес жасалады.
424. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу мынадай негіздердің бірі бойынша:
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;
2) екіден кем конкурсқа қатысуға өтінімдерді;
3) егер конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;
4) егер конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе өтпеді деп танылады.
425. Егер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылса, Тапсырыс беруші мынадай:
1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы;
2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
426. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін қайта мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, Тапсырыс беруші Заңның 29-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
427. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде:
1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе;
2) конкурстық комиссия осы Қағидалардың 243-тармағында көзделген конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды қолданбайды;
3) конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау рәсімдері жүзеге асырылмайды;
4) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру рәсімі жүзеге асырылмайды;
5) Заңның 26-бабының талаптары қолданылмайды. Егер ұсынылған конкурстық баға ұсынысы осы Қағидалардың 77-тармағына сәйкес демпингтік болып танылса, әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
428. Егер осы Қағидаларда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі конкурсты жүзеге асыру кезінде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі пайдаланылады.
18-тарау. Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері
429. Ұйымдастырушы жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруды әлеуетті өнім берушілердің-тұрғынжай жеке меншік құқығымен тиесілі кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардың өтінімдерін ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қазақ және орыс тілдерінде орналастырады және онда мынадай ақпарат болады:
1) сатып алынатын тұрғынжайдың болуы тиіс елді мекеннің (қала, қаладағы аудан, кент, ауыл) атауы;
2) тұрғын үйді мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген ақша қаражатының сомасы туралы;
3) сатып алынатын тұрғынжайдың талап етілетін сипаттамаларының сипаттамасы және тұрғынжайды сатып алу мерзімі;
4) әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысуға өтінімдерді ұсынуының басталу және аяқталу мерзімі туралы;
430. Әлеуетті өнім берушінің – кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын, өзіне жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға жеке тұлғаның өтінімі (бұдан әрі – өтінім – тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруда көрсетілген оны ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында ұсынылады және әлеуетті өнім берушінің өзіне жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруда көрсетілген шарттарда сатуға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
431. Тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімде мыналар бар:
1) жеке тұлғаның жеке куәлігінің электрондық көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттардың, оның ішінде техникалық паспорттың электрондық көшірмелері;
3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен ерте емес берілген тұрғын үйге ауыртпалықтың жоқтығы туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
4) тұрғын үйдің ағымдағы жай-күйінің фото-суреттерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген жылжымайтын мүлік (тұрғын үй) объектісін бағалау туралы есептің көшірмесі;
5) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы;
6) жұбайының нотариат куәландырған келісімінің электрондық көшірмесі не некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмағаны туралы нотариат куәландырған анықтаманың электрондық көшірмесі немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің электрондық көшірмесі немесе жесірлігін растайтын куәліктің электрондық көшірмесі.
432. Әлеуетті өнім беруші өзіне жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға бір ғана өтінім береді.
433. Тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді веб-портал мынадай жағдайларда автоматты түрде қабылдамауға тиіс:
1) әлеуетті өнім беруші бұрын осы мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім берсе;
2) мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім веб-порталға қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түсті;
3) баға ұсынысы тұрғын үй сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен жағдайларда жол беріледі.
434. Осы Қағидаларға сәйкес берілген тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім автоматты түрде веб-порталда тіркеледі.
435. Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде тұрғын үйді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кез келген уақытта оны мемлекеттік сатып алуға қатысуға өзінің өтінімін өзгертеді немесе кері қайтарып алады. Конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін оны қайтарып алуға жол берілмейді.
436. Жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды Мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді ашуды веб-портал өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткен сәттен бастап бес минут ішінде автоматты түрде жүргізеді, оның қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ашу хаттамасы қалыптастырылады.
437. Ұйымдастырушы тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді оның хабарландыруда көзделген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуға қатысуға арналған өтінім:
1) хабарландыруда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген (тұрғын үйдің талап етілетін сипаттамаларға сәйкес келмеуі, жеке меншік құқығын растайтын құжаттардың болмауы және т. б.);
2) Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы жылжымайтын мүлік (тұрғын үй) объектісін бағалау туралы есепте айқындалған құннан асып түскен жағдайларда жүзеге асырылады.
438. Хабарландыруда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер анықталған жағдайда (тұрғын үйдің талап етілетін сипаттамаларға сәйкес келмеуі, жеке меншік құқығын растайтын құжаттардың болмауы және т.б.) мұндай әлеуетті өнім берушілерге тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген талаптарға сәйкес тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді келтіру құқығы беріледі.
439. Тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді хабарландыруда көрсетілген талаптарға сәйкес келтіру үшін әлеуетті өнім берушілерге құқық берілмейді:
1) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған;
2) хабарландыруда көрсетілген талаптар бойынша анық емес ақпарат ұсынған адамдарға беріледі.
440. Әлеуетті өнім берушілер хабарландыруда көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделмейді.
441. Әлеуетті өнім берушілерді тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуға қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім өтінімдер ашылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданады және тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес веб-порталда орналастырылады.
442. Осы Қағидалардың 438-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін Ұйымдастырушы хабарландыруда көрсетілген талаптарға сәйкес келтірілген тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді қайта қарауды жүзеге асырады.
443. Алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қайта қарау әлеуетті өнім берушілердің хабарландыруда көрсетілген талаптарға сәйкес келтірілген өтінімдерді қайта ұсыну мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаралады.
444. Тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде алдын ала рұқсат беру хаттамасында көзделмеген негіздер бойынша әлеуетті өнім берушілерді қабылдамауға жол берілмейді.
445. Веб-портал рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын автоматты салыстыруды жүргізеді және ең төмен баға ұсынысын берген жеңімпазды айқындайды.
446. Егер белгіленген мерзім ішінде тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға бірде-бір өтінім ұсынылмаса не олар қабылданбағаннан кейін осы Қағидаларда көзделген негіздер бойынша тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға бірде-бір өтінім жіберілмеген болса, онда мұндай мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылады және тұрғынжайды Мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы шешім қабылданады.
447. Егер әлеуетті өнім берушінің тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға кемінде бір өтінімі жіберілген болса, тұрғынжайды мемлекеттік сатып алу өтті деп танылады. Бұл ретте қатысуға өтінімі жалғыз жол берілген болып табылатын әлеуетті өнім беруші осы мемлекеттік сатып алуда веб-портал жеңімпаз деп танылады.
448. Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ұйымдастырушы осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді қарау мерзімі ішінде веб-порталда орналастырады. Бұл ретте веб-портал осы мемлекеттік сатып алуға қатысуға өз өтінімдерін берген әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде хабарламалар жібереді.
449. Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалады.
19-тарау. Бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Жүргізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
450. Жүргізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу мен ұйымдастыру веб-порталда мынадай жүйелі шаралардың орындалуын қарастырады:
1) мемлекеттік сатып алудың осы тәсілін қолдану негіздемесімен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы тапсырыс берушінің шешім қабылдауы;
2) тапсырыс берушінің бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу үшін ұйымдастырушыны айқындауы;
3) ұйымдастырушының осы Қағидаларға 28-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыруды веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушіге жіберуі;
4) әлеуетті өнім берушінің шақыруда көзделген құжаттарды қоса, осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес бір көзден мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы келісімді веб-портал арқылы ұйымдастырушыға жіберуі;
5) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қатысуға оларға ұсынылатын баға негіздемесі, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізілмеді деп танылған мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, ұйымдастырушының веб-портал арқылы өнім беруші ұсынған өнім берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды қарауы;
6) веб порталда бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың орналастырылуы;
7) тапсырыс берушінің бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың негізінде әлеуетті өнім берушімен шарт жасасуы;
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6) тармақшаларының талаптары Заңның 38-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
451. Тапсырыс беруші бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізу туралы шешімді Заңда және осы Қағидаларда көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізілмеді деп танылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
452. Жүргізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде ұйымдастырушы осы Қағидаларда көзделген мерзімдерде веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушіге бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру жібереді.
Әлеуетті өнім берушіге шақыру жіберу, оларға веб-портал арқылы қажетті ақпарат беру және сатып алуды ұйымдастырушының бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталға орналастыруы туралы талаптар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпия туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
453. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ұйымдастырған және жүргізген кезде, конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізілмеді деп танылған жағдайда, әлеуетті өнім берушіні айқындауды және әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыруды жіберуді тапсырыс беруші Заңға және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
454. Жүргізілмеген конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде, ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға шақырылған конкурсқа (аукционға) қатысушы, егер ол осы конкурсқа (аукционға) жіберілген жағдайда, осы конкурсқа (аукционға) қатысушының біліктілік талаптарына және конкурстық (аукциондық) құжаттаманың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды сол ұйымдастырушыға қайта табыс етпеуге құқылы.
Бұл ретте, шақыруда қамтылған мәліметтер жүргізілмеді деп танылған конкурстың (аукционның) конкурстық (аукциондық) құжаттамасы шарттарына сәйкес болуы тиіс. Ағымдағы қаржы жылы шегінде жүргізілмеді деп танылған конкурстың (аукционның) конкурстық (аукциондық) құжаттамасында көзделген тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерінен асуына жол беріледі, бірақ бұл мерзім бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға кеткен мерзімнен аспауға тиіс.
455. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізілмеді деп танылған баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, ұйымдастырушы әлеуетті өнім беруші ұсынған құжаттарды олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
456. Ұйымдастырушы сұратылған ақпаратты әлеуетті өнім беруші ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 30-қосымшаға сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда қалыптастырады және орналастырады.
457. Конкурс (аукцион) тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу осы конкурсқа (аукционға) қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы себебінен жүргізілмеді деп танылған жағдайда, ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде веб-портал арқылы тапсырыс беруші айқындаған әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.
458. Конкурс (аукцион) тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу осы конкурсқа (аукционға) қатысуға екеуден аз өтінімнің ұсынылуы себебінен жүргізілмеді деп танылған жағдайда, ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы осы конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.
459. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде белгіленген мерзімнің ішінде әлеуетті өнім берушіден бір ғана баға ұсынысы берілсе, веб-портал қорытындылар хаттамасы орналастырылған күні осы баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді. Бұл ретте жасасқан шарттың бағасы Заңның 38-бабы 7-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысынан аспауға тиіс.
460. Егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде белгіленген мерзім ішінде әлеуетті өнім берушілерден бірде-бір баға ұсынысы берілмеген жағдайда, ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы тапсырыс беруші айқындаған әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.
461. Осы Қағидалардың 459 және 460-тармақтарында көзделген жағдайларда, әлеуетті өнім беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға келіскен кезде осы әлеуетті өнім беруші күнтізбелік бес күннің ішінде ұйымдастырушыға веб-портал арқылы шақыруда көрсетілген құжаттарды қоса, қатысу туралы өз растауын жібереді.
462. Осы Қағидалардың 457 және 458-тармақтарында көзделген жағдайларда әлеуетті өнім беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға келіскен кезде, бұл әлеуетті өнім беруші бес жұмыс күні ішінде ұйымдастырушыға веб-портал арқылы шақыруда көрсетілген құжаттарды қоса, қатысу туралы өз растауын жібереді.
2-параграф. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізілмеді деп тану негіздері
463. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай негіздердің бірі бойынша:
1) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізілмеген баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жүзеге асырылған жағдайды қоспағанда, егер әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмеген;
2) егер әлеуетті өнім берушіде Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер болған;
3) егер әлеуетті өнім беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысудан бас тартқан жағдайларда жүргізілмеді деп танылады.
Егер бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу Қағидалардың осы тармағы негізінде жүргізілмеді деп танылған жағдайда, мемлекеттік сатып алу Заңда көзделген тәсілдермен жүзеге асырылады.
3-параграф. Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
464. Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу Заңның 13-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген өзге де тәсілдермен осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкін болмаған ерекше жағдайларда жүзеге асырылады.
465. Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам не орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы немесе аппарат басшысының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам қабылдайды.
466. Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған жағдайларда, мұндай мемлекеттік сатып алу Заңның 4-бабының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаты сақтала отырып жүзеге асырылады.
467. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған тұлға Заңның 4-бабының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алу қағидаттарының сақталуына дербес жауапты болады.
468. Тапсырыс беруші шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы есепті веб-порталда орналастырады.
469. Есепте Заңның 41-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес мыналар болуы тиіс:
1) мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу туралы шешім қабылдаған лауазымды адам туралы мәліметтер;
2) Заңның 13-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген өзге де тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мүмкін еместігінің себептерін негіздеу;
3) өнім берушіні таңдау негіздемесі;
4) мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт бағасының негіздемесі, сондай-ақ шарттың өзге де талаптары көрсетілуге тиіс.
470. Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 15), 28), 46), 50), 51), 53) және 54) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру туралы шешім қабылданған жағдайларда тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіні айқындау үшін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жарнамасындағы, каталогтарындағы, сипаттамаларындағы және Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасына сәйкес көпшілік оферта болып танылған белгісіз тұлғалар тобына арналған басқа ұсыныстардағы жалпыға қол жетімді ақпарат көздерін зерделеу арқылы сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығын талдау нәтижелері бойынша айқындалған сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында, оның оның ішінде ұқсас тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қызметін жүзеге асыратын кемінде үш әлеуетті өнім берушіге коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұрау салулар веб-портал арқылы жібереді.
471. Әлеуетті өнім берушіге жіберілетін коммерциялық ұсыныстар беруге сұрау салу осы Қағидаларға 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы ресімделеді
472. Әлеуетті өнім берушілердің коммерциялық ұсыныстары жеткізілетін тауарлардың (орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сипаттамалары көрсетілген прайс-парактар және басқа да растайтын құжаттар түрінде ұсынылуы мүмкін.
473. Осы Қағидалардың 470-тармағында көзделген жағдайларда тапсырыс берушінің сұрау салуы бойынша және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің бастамасы бойынша коммерциялық ұсыныстар веб-портал арқылы ұсынылады.
Осы Қағидалардың 470-тармағында көзделген жағдайларда тапсырыс берушінің сұрау салуы бойынша және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің бастамасы бойынша ұсынылған коммерциялық ұсыныстардың негізінде тапсырыс беруші Заңның 4-бабының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатын сақтай отырып, тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін әлеуетті өнім берушіні айқындайды.
474. Заңның 39-бабының 3-тармағының 1), 6), 7), 16), 27), 29), 30), 31), 33), 36), 38), 40), 41), 51) және 56)-тармақшаларына сәйкес көзделген негіздер бойынша тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу веб-порталда белгіленген форматтық-логикалық бақылауды ескере отырып жүзеге асырылады.
475. Тапсырыс беруші шарт жасасу мақсатында веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушіге электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарт жобасын жібереді.
Құны "Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелген) айқындалған шектен асатын шарт жобасына әлеуетті өнім беруші оны веб-портал арқылы алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, бірақ Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес камералдық бақылау жүргізілгеннен кейін емес, қол қояды (электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады).
476. Егер әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 475-тармақтың екiншi бөлiгiнде белгіленген мерзім өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде шарттың жобасына қол қоймаған (электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырмаған) жағдайда, тапсырыс беруші осы әлеуетті өнім берушіге жіберілген шарттың жобасын кері қайтарып алады.
20-тарау. Шарт
1-параграф. Шарт жасасу
477. Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері бар тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші жеңімпазға веб-портал арқылы осы Қағидаларға 33, 34, 35, 36 және 37-қосымшаларға сәйкес тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарттарға сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын:
1) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы айқындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.
478. Веб-портал арқылы шарт жасасу бойынша талаптар Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40), 41) тармақшаларында және 50-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шарттарды жасасу мерзімі шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге жіберген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
479. Егер шартта төреліктің қарауына көрсетілген шарт бойынша туындаған немесе туындауы мүмкін дауларды беру көзделсе, оған Заңның 43-бабы 5-тармағына сәйкес төрелік келісім жасасуға тиісті саланың уәкілетті органының (республикалық мүлікке қатысты) немесе жергілікті атқарушы органның (коммуналдық мүлікке қатысты) жазбаша келісімі қоса берілуге тиіс.
480. Өнім беруші ақшалай талапты (факторингті) беріп қаржыландыру шартын жасасқан жағдайда, өнім беруші Заңның 45-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес шартта ақша алушы ретінде факторды ұйымдастыруды және оның банктік деректемелерін көрсетуге құқылы.
481. Қазақстан Республикасының бейрезидентімен шарт жасалған жағдайларда, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда шартты қағаз тасығышта ресімдеуге жол беріледі.
Тапсырыс беруші жеңімпазды айқындаған және (немесе) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге шарт жобасының екі данасын жібереді, оған тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі тағайындалмаған жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші қол қояды және тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі әр парағына қол қояды.
Бұл ретте осы тармақта көзделген шарттарды жасасу мерзімі әлеуетті өнім берушіге шарттың жобасын жіберген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
482. Өнім берушіні таңдау рәсімі, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары шеңберінде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысына шағым жасау рәсімі тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілгенге дейін аяқталған жағдайларда, шарттың жобасы жеңімпазға тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.
483. Егер мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары негізінде мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүзеге асырылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді алу шығындары тиісті бюджетте бекітілмесе (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары), шарттың жобасы жеңімпазға жіберілмейді. Бұл ретте Заңның 5-бабы 13-тармағында айқындалған тәртіппен мемлекеттік сатып алудан бас тарту жүзеге асырылады.
484. Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы шарттың жобасы қоса берілген хабарлама веб-порталға келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың жобасын электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырады.
485. Тапсырыс беруші конкурс, аукцион тәсілдерімен мемлекеттік сатып алулардың қорытындысы туралы хаттамаға шағым беру мерзімі өткен күннен бастап не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы жеңімпазға шартты ресімдеу үшін шартқа қол қоятын тұлға және өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерді сұратуды жібереді.
486. Әлеуетті өнім беруші веб-порталда тиісті сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді және өнім берушінің деректемелерін толтырады және растайды.
Әлеуетті өнім берушінің шартқа қол қоятын тұлға және оның деректемелері туралы мәліметтерді растауы болмаған жағдайда, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің веб-порталда орналастырылған тіркеу деректеріне сәйкес шартқа қол қояды.
487. Тапсырыс беруші осы Қағидалардың 486-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің мәліметтерді растау мерзімі аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын қалыптастырады және әлеуетті өнім берушіге қол қою үшін жібереді.
488. Өнім беруші Заңда және осы Қағидаларда белгіленген мерзімде веб-портал арқылы шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.
489. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші заңда және осы Қағидаларда белгіленген мерзімде шарттың жобасына қол қоймаса, тапсырыс беруші жеңімпаз шарт жасасудан жалтарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге жібереді. Заңның 43-бабының 7-тармағына сәйкес шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырады.
490. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) енгізбесе, тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде шартты бұзу ниеті туралы веб-портал арқылы өнім берушіге хабарлама жібереді.
491. Егер өнім беруші веб-портал арқылы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Заңның 26-бабына сәйкес шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе (бар болса), тапсырыс беруші:
1) осы шартты бұзу туралы хабарлама жібереді;
2) екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарт жобасын жібереді. Заңның 43-бабының 7-тармағына сәйкес шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырады.
492. Шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім беруші оған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырады.
493. Егер екінші орын алған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде шартқа қол қоймаса, тапсырыс беруші қайта мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
494. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім берушінің Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген, веб-портал автоматты түрде айқындайтын шектеулері болса, Тапсырыс беруші осы Қағидалардың 491-тармағында белгіленген мерзімдерде шарт жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге жібереді.
495. Өнім беруші Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді (егер шартта аванс көзделген жағдайда), сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) енгізеді.
496. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап мыналарға:
1) Заңның 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда тауар биржалары арқылы тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілердің, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерге;
2) құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша жасалған шарттар бойынша өнім берушілерге қолданылмайды.
497. Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және авансты қамтамасыз етуді (егер шартта аванс көзделген жағдайда) енгізу туралы талапты тапсырыс беруші Заңның 4-бабының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатын сақтай отырып айқындайды.
498. Авансты қамтамасыз етуді енгізу жөніндегі талап қазынашылық қолдап отыру шеңберінде шарт жасасқан өнім берушілерге қолданылмайды.
499. Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы және 3-тармағы негізінде жүзеге асырылған бір көзден тауар биржалары арқылы баға ұсыныстарын сұрату қорытындылары бойынша шарт жасалған жағдайда тапсырыс беруші авансты қамтамасыз етуді енгізу туралы талапты белгілей алады.
500. Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасын өзімен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық көлемде және тиісті түрде орындайтынына кепілдік ретінде енгізеді.
501. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін тапсырыс беруші, ұйымдастырушы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
502. Егер шартта аванс төлеу көзделген жағдайда, әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.
503. Өнім беруші Заңның 43-бабы 10-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес аванстың толық сомасынан не аванстың бір бөлігінен бас тартуға құқылы. Аванстан ішінара бас тартқан жағдайда, өнім беруші аванстың алатын бөлігіне тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.
504. Қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын шарт жасалған жағдайда ағымдағы қаржы жылына шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген Шарттың жылдық сомасы негізге алына отырып есептеледі. Өнім беруші келесі қаржы жылында шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы шартқа тиісті қаржы жылында міндеттемелер қабылдауға арналған қосымша келісімді қазынашылық органында тіркеген кезден бастап он жұмыс күні ішінде енгізеді.
505. Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етудің және авансты қамтамасыз етудің (егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс көзделген жағдайда), сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) мынадай түрлерінің бірін таңдай алады:
1) өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақшасы;
2) осы Қағидаларға 38-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында ұсынылатын банк кепілдігін қамтуға тиіс. Банктік кепілдікті қағаз тасығышта беруге Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40) және 41) тармақшаларында және 50-бабында көзделген жағдайларда жол беріледі;
3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік сатып алу және авансты қамтамасыз ету туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін үлгілік сақтандыру шартына сәйкес жасалатын өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету және авансты қамтамасыз ету мақсаттары үшін өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы нәтижесінде тапсырыс берушіге келтірілген мүліктік зиянды өтеу міндетімен байланысты мүліктік мүддесі сақтандыру шартының объектісі болып табылады.
Тапсырыс берушінің мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету және авансты қамтамасыз ету мақсаттары үшін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.
Сақтандыру сомасы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін сақтандыру шартымен айқындалады және Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем болмауға тиіс.
506. Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін электрондық әмияндағы ақшаның тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
507. Бірыңғай оператордың өнім беруші енгізген электрондық әмиянда жатқан ақшаны осы Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына жол берілмейді.
508. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету, авансты қамтамасыз ету сомасы (егер шартта аванс көзделген жағдайда) Заңның 26-бабына сәйкес (бар болса) тиынмен есептелген сома дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал елу тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.
509. Тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (болған кезде) электрондық банктік кепілдік түрінде енгізілген қамтамасыз ету сомасын өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ өнім беруші шарттың қолданылу кезеңінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету тәсілін ауыстыруды ұсынған жағдайда, қамтамасыз ету сомасын қайтарады.
510. Бірыңғай оператор өнім берушінің өзі бұғаттаған шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ өнім беруші шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде демпингке қарсы шаралар қабылдаған жағдайда (болған кезде) қамтамасыз ету сомасын автоматты түрде бұғаттайды және электрондық әмиянына қайтаруды жүзеге асырады.
511. Шарттың сомасы азайған жағдайда, тапсырыс беруші өнім берушінің сұрау салуы және тапсырыс берушінің қайтаруды растауы бойынша жасалған шартқа өзгерістер енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оған электрондық банк кепілдігі түрінде енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді төмендетілген сомаға барабар мөлшерде қайтарады.
Өнім беруші шарт сомасын ұлғайтуға келіскен жағдайда, өнім беруші жасалған шартқа өзгерістер енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге ұлғайған сомаға барабар мөлшерде электрондық банк кепілдігі түрінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қосымша енгізеді.
512. Өнім берушінің сұратуы бойынша шарттың сомасы азайған және тапсырыс беруші қайтаруды растаған жағдайда, бірыңғай оператор жасалған шартқа өзгерістер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өнім берушінің енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді төмендетілген сомаға барабар мөлшерде бұғаттаудан шығарады.
Өнім беруші шарт сомасын ұлғайтуға келіскен жағдайда, өнім беруші жасалған шартқа өзгерістер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырыс берушіге электрондық әмияндағы ақшадан бара-бар түрде ұлғайтылған сома мөлшерінде қосымша енгізеді.
513. Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына қарай тапсырыс беруші өнім берушінің сұрау салуы бойынша электрондық банк кепілдігі түрінде енгізілген авансты орындауды қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алу туралы шартта көзделген орындалған міндеттемелерге бара-бар азайтады.
514. Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына қарай бірыңғай оператор өнім берушінің сұратуы бойынша және тапсырыс берушінің веб-портал арқылы қайтаруды растауы бойынша шартта көзделген орындалған міндеттемелерге пропорционалды түрде электрондық әмияннан енгізілген авансты орындауды қамтамасыз ету мөлшерінің құлпын ашады.
515. Өнім беруші шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші не бірыңғай оператор енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ жиынтығында мынадай талаптар сақталған кезде демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасын (болған кезде) қайтарады:
1) өнім берушінің тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуі;
2) шарттық міндеттемелерді толық орындау;
3) тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтаруды, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасын (бар болса) растағанда жүзеге асырады.
516. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасы (болған кезде) тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне есепке жатқызылады.
517. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді (егер шартта аванс көзделген жағдайда), сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда электрондық банк кепілдігі түрінде енгізілген қамтамасыз ету сомасын (болған кезде) тапсырыс беруші өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына не тиісінше орындамауына байланысты шарт бұзылған жағдайда өнім берушіге қайтармайды.
518. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда электрондық әмиян арқылы енгізілген қамтамасыз ету сомасын (болған кезде) бірыңғай оператор бұғаттайды және өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына не тиісінше орындамауына байланысты шарт бұзылған жағдайда өнім берушіге қайтармайды.
519. Бірыңғай оператор тапсырыс берушіден веб-портал арқылы өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушінің электрондық әмиянынан шартты орындау бойынша бұғатталған ақшаны, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (бар болса) қамтамасыз ету сомасын тапсырыс берушінің өтінішінде көрсетілген шотқа аударуды жүзеге асырады.
520. Заңның 43-бабының 13-тармағына сәйкес шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін шартта тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) көзделеді. Тұрақсыздық айыбының мөлшері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады.
521. Шарт бір қаржы жылы мерзіміне жасалады.
Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында бір қаржы жылынан астам мерзімге шарт жасасуға жол беріледі.
522. Шарттарды үш жылдан астам мерзімге жасасу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
523. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар іс-шараларды орындау үшін қажетті ұзақ мерзімді шартты басқару органы немесе аталған тұлғалардың жоғары органы бекіткен даму жоспарында белгіленген келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзімімен жасаса алады.
524. Тапсырыс берушінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында соңғысы заңның 43-бабының 18-тармағына сәйкес конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге "Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12716 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша күнделікті немесе апта сайынғы қажеттілік тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері мемлекеттік сатып алу туралы шартының қолданылуын ұзартады.
Бұл ретте мұндай мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі ішінде тапсырыс берушінің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті, бірақ екі айдан аспайтын мұндай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде жүзеге асырылады.
525. Заңның 43-бабының 19-тармағына сәйкес шарт мынадай фактілердің бірі анықталған жағдайда оны кез келген кезеңде бұзу туралы талапты қамтиды:
1) Заңның 6-бабында көзделген шектеулер бұзылған;
2) ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен;
3) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен шарт жасасудан жалтарған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы шартты қамтуы тиiс. Бұл ретте тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге шартты бұзуға ниеттілігі туралы хабарлама жібереді. Егер өнім беруші веб-портал арқылы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, тапсырыс беруші шартты бұзу туралы хабарлама жібереді.
526. Заңның 43-бабының 20-тармағына сәйкес шарт осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтер көрсеткені үшін толық төлем жасау туралы талаптарды қамтиды.
527. Заңның 43-бабының 21-тармағына сәйкес шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Еуразиялық экономикалық одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу талаптарын қамтиды.
528. Шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі Заңның 43-бабының 22-тармағына сәйкес тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күнді құрайды.
529. Тапсырыс беруші мен өнім беруші шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді толық орындаған жағдайда көрсетілген шарт орындалды деп есептеледі.
530. Жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемдері Заңның 43-бабы 23-1-тармағына сәйкес жиынтығында орындалатын жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер көлемінің екіден бірінен аспауға тиіс.
Бұл ретте қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беруге тыйым салынады.
Осы тармақтың ережесі Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу жағдайларына қолданылмайды.
531. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарына сотталғандарды және (немесе) жазасын өтеген не пробация қызметінде есепте тұрған қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) жұмысқа орналасуы мақсатында тапсырыс берушімен жасалған шарт шеңберінде тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша осы Қағидалардың 530-тармағында көзделген көлемнен аспайтын көлемде қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартуға жол беріледі.
Бұл ретте қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тарту Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
532. Өнім беруші шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алуды қамтамасыз етеді.
533. Егер бас мердігер ретінде жұмыстарды орындайтын өнім берушінің міндеттемелерін тиісінше орындамау салдарынан шарттық міндеттемелерді тиісінше орындау мүмкін болмаса, техникалық және (немесе) авторлық қадағалау қызметтерін көрсететін өнім берушіден тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алынбайды.
534. Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне есепке жатқызылады.
535. Заңның 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган шешім шығарған кезде, оның ішінде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының уәкілетті органның осындай шешіміне шағым жасау кезеңінде шарт жасалуы мүмкін емес.
536. Өнім беруші Заңның 45-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес өнім беруші ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шартын жасасқан кезде не банктік шотты ауыстыру мақсатында ақша қаражатын алушының деректемелерін өзгерту бөлігінде мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізуге бастамашылық жасауға құқылы.
Өнім берушінің ақшалай талапты (факторингті) беріп қаржыландыру шартын жасасуы туралы ақпарат алған жағдайда, тапсырыс беруші бір жұмыс күні ішінде өнім беруші ұсынған деректердің негізінде шартқа өзгерістер енгізуді жүзеге асырады және қол қойылған шартты өнім берушіге жібереді.
2-параграф. Шартты орындау
537. Шартты орындау кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы, саны, сапасы, техникалық ерекшелігі, құны, оларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) орны мен мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мазмұнына сәйкес келуге тиіс.
538. Заңмен көзделген жағдайларды қоспағанда, шарттың орындалғаны туралы құжаттар (тауарды қабылдап алу-беру актісі, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі, шот-фактура) электрондық нысанда ресімделеді.
539. Тапсырыс беруші мен өнім беруші көрсетілген шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда шарт орындалды деп есептеледі.
540. Тауарларды жеткізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мынадай ретпен:
1) тауарды жеткізу пунктіне тауарды жеткізу;
2) өнім берушінің сыртқа беруге арналған қорларға берілетін жүкқұжаттың және тауарды қабылдап алу-беру актісінің электрондық нысанын веб-портал арқылы ресімдеуі;
3) Тапсырыс берушінің не оның өкілінің осы Қағидалардың 39-қосымшасына сәйкес сенімхаттың электрондық нысаны бойынша тауарды қабылдауы;
4) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген) бекітілген Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына және оның нысандарына (бұдан әрі – Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидалары) сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураны ресімдеу;
5) тапсырыс берушінің жеткізілген тауар үшін ақы төлеуі жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының талаптары электр және жылу энергиясын жеткізуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қолданылмайды.
541. Жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:
1) веб-портал арқылы орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін ресімдеу;
2) орындалған жұмыстарды (көрсетілген қызметтерді) тапсыру және қабылдау;
3) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактіралар ақпараттық жүйесі арқылы электрондық шот-фактура ресімдеу;
4) тапсырыс берушінің орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтеры үшін ақы төлеуі.
542. Осы Қағидалардың 540-тармағының талаптары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 397-бабында көзделген қызметтерді көрсетуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қолданылмайды.
543. Осы Қағидалардың 540-тармағының 1) және 2) тармақшаларының талаптары есебі сертификатталған есепке алу жүйелері (аспаптар) арқылы жүргізілетін қызметтерді, оның ішінде коммуналдық қызметтерді (сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау) және байланыс қызметтерін көрсетумен байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қолданылмайды.
544. Өнім беруші веб-портал арқылы тапсырыс берушіге қорларды басқа жаққа жіберуге электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітілген жүкқұжатты (бұдан әрі – қорларды басқа жаққа жіберуге арналған жүкқұжат) осы Қағидаларға 40-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, тауарларды қабылдап алу-беру актісін (бұдан әрі – тауарларды қабылдап алу-беру актісі) 41-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, орындалған жұмыстар актісін (бұдан әрі – орындалған жұмыстар актісі) 42-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, көрсетілген қызметтер актісін (бұдан әрі – көрсетілген қызметтер актісі) 43-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
545. Өнім беруші шарттық міндеттемелерін толық орындағаннан кейін тауарларды қабылдап алу-беру актілерімен, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актілерін бір мезгілде тапсырыс берушіге веб-портал арқылы осы Қағидаларға 44 және 45-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітілген тауарлардағы, жұмыстардағы, қызметтердегі жергілікті қамту үлесі бойынша есеп жібереді.
546. Тапсырыс беруші веб-порталда өнім берушінің тауарды қабылдап алу-беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету актісін ресімдеуі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей актіде шарт бойынша ақпаратты толтырады және оған электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қояды не дәлелді негіздемелерді көрсете отырып, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қабылдаудан бас тартады.
Тапсырыс беруші жеткізілген тауарларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді орындайды, бұл туралы өнім берушіге хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей веб-портал арқылы хабарлайды.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша |
____ жылға тауарларды жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып
алудың жылдық жоспары/ ____ жылға тауарларды жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары (көрсетілген
мәндердің бірін таңдаңыз)
Жалпы мәліметтер
Тапсырыс берушінің БСН | Мемлекеттік мекемелер үшін | Тапсырыс берушінің атауы | Қаржы жылы | |
ММ коды | Бюджеттің түрі | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Мемлекеттік сатып алу жоспары
№ | Жоспар тармағының түрі | Мемлекеттік мекемелер үшін | Сатып алу мәнінің түрі | ||||
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі | Бағдарлама * | Кіші бағдарлама * | Ерекшелік * | Қаржыландыру көзі | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды | Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы | Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттауы) | Қосымша сипаттамасы (қазақ тілінде) | Қосымша сипаттамасы (орыс тілінде) |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Сатып алу тәсілі | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Бір бірлігі үшін баға, теңге | Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге | Үш жылдық кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома, теңге | Үш жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома, теңге | Үш жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома, теңге |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
Сатып алуды хабарлаудың жоспарланған мерзімі (ай) | Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі(қазақ тілінде) | Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі(орыс тілінде) | ӘАОС | Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (қазақ тілінде) | Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (орыс тілінде) | Аванстық төлемнің мөлшері, % | Өнім берушінің белгісі |
22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
Жалпы мәліметтер:
1) "Тапсырыс берушінің БСН" деген жолақта – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі (он екі мәндегі код);
2) "ММ коды" деген жолақта – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган беретін мемлекеттік мекеменің коды (жеті мәндегі код) көрсетіледі;
3) "Бюджеттің түрі" деген жолақта – оның қаражаты есебінен мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджеттің түрін білдіретін мән көрсетіледі (республикалық бюджет; облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті, аудандық бюджет, облыстық маңызы бар қала бюджеті);
4) "Тапсырыс берушінің атауы" деген жолақта – ұйымның толық атауы көрсетіледі;
5) "Қаржы жылы" деген жолақта – мемлекеттік сатып алу жоспары жасалатын қаржы жылы.
Мемлекеттік сатып алу жоспары:
1) "№" деген жолақта – веб-портал айқындайтын мемлекеттік сатып алудың сәйкестендіру коды;
2) "Жоспар тармағының түрі" деген жолақта – жоспар тармағы түрлерінің мынадай мәндерінің бірі көрсетіледі:
Қаржы жылынан асып кетпейтін сатып алу;
Қаржы жылынан асып кететін сатып алу;
Шартты үнемдеу есебінен сатып алу;
3) "Әкімшінің коды" деген жолақта – бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган беретін Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды көрсетіледі;
4) "Бағдарлама" деген жолақта – оның шеңберінде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын шығыстарды функционалдық жіктеудің бюджеттік бағдарламасының коды;
5) "Кіші бағдарлама" деген жолақта – оның шеңберінде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын шығыстарды функционалдық жіктеудің бюджеттік кіші бағдарламасының коды;
6) "Ерекшелік" деген жолақта – оның шеңберінде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын шығыстарды экономикалық жіктеудің ерекшелігі коды;
7) "Қаржыландыру көзі" деген жолақта – түскен тізімнен мемлекеттік сатып алуды қаржыландыру көзін көрсету қажет:
үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бірлесіп қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен;
үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бірлесіп қаржыландыру қаражаты есебінен;
мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен ақша есебінен;
демеушілік және қайырымдылық көмек қаражаты есебінен;
жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер есебінен;
8) "Сатып алу мәнінің түрі" деген жолақта – мемлекеттік сатып алу мәнінің түрі көрсетіледі (тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет);
9) "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолақта – тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі;
10) "Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы көрсетіледі;
11) "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттауы)" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттауы) көрсетіледі;
12) "Қосымша сипаттамасы (қазақ тілінде)" деген жолақта – сатып алу мәнінің қазақ тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі (міндетті емес жол);
13) "Қосымша сипаттамасы (орыс тілінде)" деген жолақта – сатып алу мәнінің орыс тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі (міндетті емес жол);
14) "Сатып алу тәсілі" деген жолақта – мемлекеттік сатып алу өткізу тәсілі көрсетіледі;
15) "Өлшем бірлігі" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес мемлекеттік сатып алу мәнінің өлшем бірлігі көрсетіледі;
16) "Саны, көлемі" деген жолақта – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің саны немесе көлемі көрсетіледі;
17) "Бір бірлігі үшін баға, теңге" деген жолақта – теңгеде мемлекеттік сатып алу мәнінің бірлігі үшін баға көрсетіледі;
18) "Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге" деген жолақта – "Саны, көлемі" деген жолақты "Бір бірлігі үшін баға, теңге" деген жолаққа көбейту арқылы есептеледі және сатып алуды жүргізу жоспарланатын соманы білдіреді;
19) "Үш жылдық кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома, теңге" деген жолақта – теңгеде үш жылдық кезеңнің бірінші жылына жоспарланған сома көрсетіледі;
20) "Үш жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома, теңге" деген жолақта – теңгеде үш жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;
21) "Үш жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома, теңге" деген жолақта – теңгеде үш жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;
22) "Сатып алуды хабарлаудың жоспарланған мерзімі (ай)" деген жолақта – мемлекеттік сатып алуды жүргізу жоспарланған ай көрсетіледі;
23) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (қазақ тілінде)" деген жолақта – қазақ тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі көрсетіледі;
24) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (орыс тілінде)" деген жолақта – орыс тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі көрсетіледі;
25) "ӘАОС" деген жолақта – "Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы" анықтамалығына сәйкес сандық мәнде елді мекеннің коды көрсетіледі;
26) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (қазақ тілінде)" деген жолақта – қазақ тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны көрсетіледі;
27) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (орыс тілінде)" деген жолақта – орыс тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны көрсетіледі;
28) "Аванстық төлемнің мөлшері, %" деген жолақта – жоспарланған аванстық төлем мөлшері көрсетіледі;
29) "Өнім берушінің белгісі" деген жолақта – әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарында сатып алуды жүргізу белгісі көрсетіледі.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша |
Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талабы, сондай-ақ сатып алынатын қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибесі бойынша конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттар белгіленуі мүмкін қызметтер тізбесі
№ | Қызметтердің атауы |
1 | Техникалық қадағалау жөніндегі қызметтер |
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша |
Тауарлардың техникалық ерекшелігі (тауарлардың электрондық каталогынан қалыптастырылады)
Тауардың суреті:
< Тауардың фотосуреті /1-макет >
Тауарлардың электрондық каталогындағы тауардың бірегей коды *:
Тауардың атауы: < тауардың атауы >
* веб-порталдың кіші жүйесі автоматты түрде толтырылады
Ескертпе: Тауар сипаттамасындағы деректер құрамы тауардың түріне қарай тұтыну сипаттамалары (қасиеттері) бойынша өзгеруі мүмкін.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымша |
Мемлекеттік сатып алу саласында электрондық депозитарий қалыптастырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
№ | Атауы |
1. | Құрылыс-монтаж жұмыстары |
2. | Жобалау бойынша жұмыстар |
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 5-қосымша |
Электрондық депозитарийге енгізілетін әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар ТІЗБЕСІ
1. Құрылыс-монтаж жұмыстары және жобалау жұмыстары бойынша
№ | Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың атауы | Ескертпе |
1 | Құрылыс объектісінің атауы | |
2. |
Құрылыс объектісі бойынша әлеуетті өнім берушінің мәртебесі: 1. Бас мердігер/бас жобалаушы; | Егер әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерді тартқан бас мердігер болып табылса, онда мұндай қосалқы мердігер туралы мәліметтер (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) қосымша көрсетіледі, егер әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігер болып табылса, онда бас мердігер туралы мәліметтер (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) қосымша көрсетіледі |
3 | Құрылыс түрі (жаңа құрылыс, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және қолданыстағы объектілерді күрделі жөндеу) | |
4 | Мекенжайы (құрылыс объектісінің орналасқан жері) | |
5 | Тапсырыс берушінің атауы | |
6 | Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің күніне сәйкес жұмыстардың аяқталған жылы | |
7 | Ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (біріншісі-жоғары, екіншісі-қалыпты, үшіншісі-төмен) | |
8 | Объектілердің техникалық күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар) | |
9 | Функционалдық мақсаты (өнеркәсіптік объектілер, өндірістік ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар) | |
10 | Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердегі жұмыстарды қоспағанда, әлеуетті өнім беруші мәлімдеген жұмыс тәжірибесіне сәйкес келетін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі. | |
11 | Жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың нөмірі мен күні | |
12 | Қағидаларға сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың атауы | Құжаттардың электрондық көшірмелерін салу қажет |
Ескертпе:
2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін қоса алғанда веб-порталда құрылыс-монтаждау жұмыстарын және жобалау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге жұмыс тәжірибесін растайтын бұрын электрондық депозитарийге енгізілген құжаттар өзгермеген жағдайда, бір реттен артық емес:
1) жұмыс тәжірибесі бойынша мәліметтерді дербес түзету бойынша;
2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі бойынша мәліметтерді толтыру бойынша техникалық мүмкіндік беріледі.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 6-қосымша Бекітемін: |
____________________________________________________
(тапсырыс берушінің (бірыңғай ұйымдастырушының) толық атауы
______________________________________________
(конкурстық құжаттаманы бекіткен адамның Т.А.Ә.)
Шешім № _____ Күні_________
КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА
__________________________________________________________________
(сатып алу мәнінің түрі)
__________________________________________________________________
(конкурстың атауы)
Тапсырыс беруші (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін ұйымдастырушылар
үшін көрсетілмейді) _______________________________________________________
(атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)
Тапсырыс берушінің өкілі (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін
ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)
_________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
Ұйымдастырушы (бірыңғай ұйымдастырушы)
__________________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)
Ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) өкілі
_______________________________________________________
(Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
Конкурстық комиссияның хатшысы
______________________________________________________
(Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Конкурс қоса берілген лоттардың тізбесіне сәйкес өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі.
2. Осы конкурстық құжаттама (бұдан әрі – КҚ) мыналарды қамтиды:
1) осы КҚ-ға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына сәйкес лоттардың тізбесі және тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету шарттарын;
2) осы КҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы келісімді;
3) осы КҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысының нысанын;
4) осы КҚ-ға 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес біліктілік талаптарының нысандарын;
5) осы КҚ-ға 8, 9, 10 және 11-қосымшаларға сәйкес тауарларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер нысандарын;
6) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары, ал олар болмаған жағдайда сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мемлекетаралық стандарттар көрсетілген техникалық ерекшеліктердің нысандарын қамтиды. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде осы КҚ-ға 12, 13, 14 және 15-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алуды нормалауды ескере отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.
Бұл ретте сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігінде өнім берушілерге қойылатын, берілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды беру туралы талап қамтылады;
7) осы КҚ-ға 16-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім беруші әрбір лотқа жеке ұсынатын сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігінің нысанын;
8) осы КҚ-ға 17-қосымшаға сәйкес бірлескен қызмет туралы шарттың (консорциалдық келісім) нысанын;
9) осы КҚ-ға 18-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізу үшін банк кепілдігінің нысанын;
10) осы КҚ-ға 19-қосымшаға сәйкес жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер нысанын, сондай-ақ әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлерін;
3. Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша осы конкурс үшін бөлінген сома ______ теңгені құрайды. Осы конкурс үшін бөлінген сома лоттар бөлінісінде мынаны құрайды:
лот № | Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы) | Лот бойынша бөлінген сома (теңге) | |
(лот №) | (тауардың____жұмыстың__көрсетілетін қызметтің атауы) | (лот бойынша____бөлінген___сома) |
4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді төменде санамаланған нысандардың біріне енгізеді:
1) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;
2) осы КҚ-ға 18-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.
5. Конкурсқа қатысу өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.
2. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау, ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруі
6. КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде олар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтитын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде жүзеге асырылмайды.
7. КҚ-ның жобасына ескертулерді, сондай-ақ КҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберулері мүмкін.
8. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде КҚ-ның жобасына ескертулер, сондай-ақ КҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болмаған кезде КҚ бекітілген болып саналады.
9. Ескертулер, сондай-ақ КҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған кезде тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдерді қабылдайды:
1) КҚ-ның жобасына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізеді;
2) оларды қабылдамауына негіздемелерін көрсете отырып, КҚ-ның жобасына ескертулерді қабылдамайды;
3) КҚ-ның ережелеріне түсіндірме береді.
КҚ-ның жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда, КҚ-ны бекіткен сияқты тәртіппен веб-порталда өзгертілген КҚ-ны бекіту туралы шешім қабылданады.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен бастап КҚ бекітілген болып саналады.
10. Ұйымдастырушы КҚ бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастыруға міндетті.
КҚ-ның жобасына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасымен бірге КҚ-ның бекітілген мәтінін де орналастырады.
11. КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасында Заңның 22-бабының 2-тармағына сәйкес КҚ-ның жобасына келіп түскен ескертулер мен олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпаратты қамтиды.
12. КҚ-ның жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім қабылданған жағдайда оларды қабылдамау себептерінің егжей-тегжейлі негіздемесі КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
13. КҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілерден сұрау салулар келіп түскен кезде КҚ-ның ережелеріне түсіндіру мәтіні КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрініс табады.
14. Алдын ала талқылау нәтижелері бойынша тапсырыс берушінің шешімі Заңда айқындалған тәртіппен шағымдалуы мүмкін.
3. Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуіне және оны ұсынуына қойылатын талаптар
15. Конкурсқа қатысуға өтінім веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында беріледі және конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің осы КҚ-да көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметті көрсетуге) келісімін білдіру нысаны, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына және заңның 6-бабында белгіленген шектеулерге сәйкестігін растайтын ол туралы мәліметтерді алуға келісімі болып табылады.
16. Әлеуетті өнім беруші өтінімді қалыптастыру алдында осы КҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы келісімді қабылдайды.
17. Консорциум ретінде конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлғалар өтінім берер алдында осы КҚ-ға 17-қосымшаға сәйкес бірлескен шаруашылық қызмет туралы шартты (консорциалдық келісім) ресімдейді және веб-порталда жасайды.
18. Конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтиды:
1) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері не оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын электрондық құжаттар:
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге құқығын растайтын рұқсаттар (хабарламалар) және (немесе) патенттер, куәліктер, сертификаттар, сертификаттар, басқа да құжаттар;
осы КҚ-ға 8, 9, 10 және 11-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтер;
осы КҚ-ға 19-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жиынтығында жұмыстардың (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтердің екіден бірінен астам көлемін қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беруге тыйым салу шарты.
Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) тартуды көздеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады;
2) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттарды көрсете отырып техникалық ерекшелікті қамтиды. Бұл ретте ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, оның ішінде тауарлық белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, фирмалық атауларын, патенттерін, пайдалы моделдерін, өндірістік үлгілерін, тауардың шығу жері мен өндірушінің атауын, және басқа да сипаттамаларын көрсете отырып, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін осы КҚ-ға 13, 14, және 15-қосымшаларға, тауарлар үшін осы КҚ-ға 12-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша көрсетіледі. Қажет болған жағдайда техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.
Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінде өндірушілерден немесе олардың ресми өкілдерінен (дилерлерден немесе дистрибьюторлардан) алынған хаттардың (сертификаттарының, куәліктерінің), техникалық паспорттардың, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшеліктерінде көрсетілген өнімдердің сәйкестік сертификаттарының көшірмелерінің болуы туралы талаптарды көрсетуге жол беріледі.
Егер техникалық паспорттар, өнімнің сәйкестік сертификаттары және тапсырыс беруші талап ететін басқа да құжаттар тауарды сатып алу кезінде не Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, оларды белгіленген тәртіппен тіркеу кезінде берілген жағдайда, онда әлеуетті өнім беруші тауарларды жеткізу кезінде осындай құжаттарды ұсыну туралы кепілдік хат ұсынады;
3) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді заңнамада белгіленген мөлшерде, мынадай:
осы КҚ-ға 18-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік;
әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;
4) осы КҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасы.
19. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімдер ашылған күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күнді құрайды
20. Конкурсқа қатысуға өтінімде қамтылатын қағаз құжаттардың электрондық көшірмелері бейненің түсіне қарамастан, дәл және анық болуы тиіс.
21. Конкурсқа қатысуға өтінім, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінімге қатысты бүкіл хат-хабарлар мен құжаттар әлеуетті өнім берушінің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жасалады және беріледі.
Оларды әлеуетті өнім беруші басқа тілде жасаған және ұсынған жағдайда оларға дәл (нотариалдық расталған) аудармасы қоса беріледі.
4. Конкурсқа қатысуға өтінімді ұсыну тәртібi
22. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында береді.
23. Әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдер веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
24. Конкурсқа қатысуға өтінім берген өнім берушіге тиісті хабарламаны веб-порталмен автоматты түрде жіберген сәтте конкурсқа қатысуға берілген өтінім қабылданған болып есептеледі.
25. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға берген өтінімі мынадай::
1) егер әлеуетті өнім беруші бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім берген;
2) конкурсқа қатысуға берілген өтінім осы конкурсқа қатысуға берілетін өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін түскен;
3) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;
4) Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларында веб-порталдан автоматты түрде кері қайтарылады.
26. Әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы теңгемен көрсетіледі.
5. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді өзгерту және оларды кері қайтарып алу
27. Әлеуетті өнім беруші Заңның 24-бабы 5-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталатын күннен кешіктірмей мыналарға:
1) енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
2) өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алуға құқылы.
28. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі біткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу сияқты, оған өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
29. Әлеуетті өнім беруші, оның конкурсқа қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптау комиссиясы (сарапшы) конкурстың қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.
6. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу
30. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзімінің күні мен уақыты басталғаннан кейін бес минуттың ішінде веб-портал конкурсқа қатысуға өтінімдерді автоматты түрде ашуды жүргізеді.
Егер конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім конкурсқа (лотқа) ұсынылған болса, онда мұндай өтінім де ашылады және қаралады.
31. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын ашылған күні веб-портал автоматты түрде жариялайды. Бұл ретте веб-портал Конкурстық комиссияның мүшелеріне, веб-порталда автоматты түрде тіркелген әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде хабарламалар таратады.
32. Конкурстық баға ұсыныстарын қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін басқа әлеуетті өнім берушілердің осы конкурсқа қатысуға өтінімдерін қарауға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
7. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау
33. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, біліктілік талаптары мен КҚ-ның талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.
34. Заңның 27-бабының 5-тармағына сәйкес конкурстық комиссия:
1) әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді веб-портал арқылы сұрайды;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында, тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұрайды.
35. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия мыналарды:
1) осы КҚ-ның 36-тармағында көрсетілген жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын;
2) қорытындылар туралы хаттаманы ресімдейді.
36. Конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және осы КҚ-ның талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын ресімдейді.
37. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында мынадай ақпарат:
1) осы КҚ-ның біліктілік талаптары мен талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің оларды қабылдамау себептерін егжей-тегжейлі сипаттап, оның ішінде олардың біліктілік талаптары мен осы КҚ-ның талаптарына сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, тізбесі
2) осы КҚ-ның біліктілік талаптары мен талаптарына сәйкес ұсынылуы және келтірілуі қажет құжаттар тізбесі;
3) біліктілік талаптарына және осы КҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну күні қамтылады.
38. Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешімі конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданады және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 9-қосымшаға сәйкес веб-порталда автоматты түрде тіркелген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, оны конкурстық комиссияның хатшысы веб-порталда жариялайды.
39. Әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға өтінімді біліктілік талаптары мен КҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру құқығы беріледі.
40. Конкурстық комиссия:
1) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін, олардың конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген құжаттар тізбесі бойынша біліктілік талаптары мен КҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру толықтығы тұрғысынан қайта қарайды;
2) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін бермеген және біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкестендірмеген әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
3) веб-портал арқылы конкурсқа қатысуға өтінімдері біліктілік талаптарына және КҚ талаптарына сәйкес келтірілген әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың конкурсқа қатысуға өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді сұратады;
4) біліктілік талаптары мен КҚ талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдердегі мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратады.
Конкурсқа қатысуға өтінімді КҚ талаптарына сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сұрау салуларын жіберуге және өзге де іс-қимылдарына жол берілмейді.
Конкурсқа қатысуға өтінімді КҚ талаптарына сәйкес келтіру деп конкурсқа қатысуға өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және КҚ талаптарына сәйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін тиісінше ресімделмеген құжаттарды түзету жолымен сәйкес келтіруге бағытталған конкурстық комиссияның іс-қимылы түсініледі;
5) біліктілік талаптары мен КҚ-ның өзге де талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтайды және конкурс қатысушылары деп таниды
Конкурстық комиссия, егер онда конкурсқа қатысуға өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса конкурсқа қатысуға өтінімді КҚ талаптарына сәйкес келетін ретінде қарайды.
41. Конкурстық комиссия мынадай:
1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;
2) конкурстық комиссияға:
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурстың атауы мен нөмірі;
банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
пайдасына конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтердің жоқтығынан көрінетін конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;
3) конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде енгізген жағдайларда енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді КҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп таниды.
Әлеуетті өнім беруші қатысатын конкурс лоттарының жалпы сомасына конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізуге жол беріледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етудің тиындармен есептелген сомасы дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан төмен сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал елу тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Өзге негіздер бойынша енгізілген электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді КҚ талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.
42. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді КҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп тану себебін көрсетеді.
Әлеуетті өнім берушіні Заңның 10-бабының 1-тармағында және Қағидалардың 238-тармағында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету соманың бір және одан да көп пайызы мөлшерінде енгізілген жағдайда, конкурстық комиссия енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы КҚ-ның талаптарына сәйкес деп таниды.
43. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету конкурсқа бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде енгізілген кезде, әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді КҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру мақсатында, конкурсқа қатысуға өтінімді қосымша қамтамасыз етуді Заңның 25-бабы 3-тармағында көзделген түрлердің бірінде енгізуге құқылы.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға өтінімді КҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру үшін құқық берілмейді.
44. Әлеуетті өнім беруші мынадай жағдайларда:
1) өзі және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалған;
2) Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған. Заңның 6-бабының 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде кері қайтаруына жатады. Заңның 6-бабының 1-тармағының 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша конкурстық комиссия тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарындағы ақпаратты қарастырады;
3) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі КҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп айқындалған, оның ішінде егер ол КҚ-ның және Қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбаған жағдайда конкурсқа қатысуға (конкурсқа қатысушы деп тануға) жіберілмейді.
45. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде, алдын ала рұқсат беру хаттамасында көзделмеген негіздер бойынша әлеуетті өнім берушілерді қабылдамауға жол берілмейді.
46. Конкурстық комиссия конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы қалыптастыру кезінде конкурсқа қатысуға бір өтінім ұсынылған жағдайларды қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қатысты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген өлшемшарттарға сәйкес шартты жеңілдіктерді айқындайды.
47. Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды есептеу тәртібі қағидалармен айқындалады.
48. Егер тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) неғұрлым жақсы функционалдық, техникалық, пайдалану және сапалық сипаттамалар, технологиялық шешімдер және (немесе) жұмыстарды неғұрлым жақсы материалдардан жасау ұсынылса, әлеуетті өнім берушінің тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекшелігінің конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық ерекшелікке сәйкес болмауына жол беріледі
49. Конкурсқа қатысуға өтінім, егер онда конкурсқа қатысуға өтінімінде ұсынылатын мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық және арифметикалық қателері болса КҚ талаптарына жауапты деп танылады.
8. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурстың жеңімпазын айқындау
50. Конкурстық баға ұсынысы конкурсқа қатысуға өтінімнің біліктілік талаптарына және КҚ талаптары мәніне қарау қорытындылары бойынша веб-порталда автоматты түрде ашылады.
51. Веб-портал конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде бағалауды және салыстыруды жүргізеді:
Қағидаларға сәйкес айқындалатын демпингтік баға есептеледі;
конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары салыстырылады, ең төмен шартты баға негізінде конкурс жеңімпазы, сондай-ақ ең төмен шартты бағадан кейінгі баға негізінде екінші орын алған әлеуетті өнім беруші айқындалады;
конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес веб-портал автоматты түрде айқындайтын қаржылық тұрақтылықтың көп көрсеткіші бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.
Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы көрсеткішінің есебін веб-портал Қағидаларда айқындалған тәртіппен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес автоматты түрде айқындайды.
Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері тең болған кезде қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен ерте келіп түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.
52. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру нәтижелері конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамада орналастырылады
9. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару
53. Ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді электрондық банктік кепілдік түрінде қамтамасыз етуді мынадай:
1) ашу хаттамасын орналастырған жағдайда осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алған;
2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
3) әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғанда және онымен шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес (бар болса) соманы енгізген жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.
54. Бірыңғай оператор әлеуетті өнім берушіге өзі бұғаттаған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:
1) осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алған;
2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
3) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойған және ол шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізген (бар болса) жағдайларда автоматты түрде бұғаттан шығарады.
55. Электрондық банктік кепілдік түрінде енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұйымдастырушы мынадай:
1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
2) конкурс жеңімпазы шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.
56. Электрондық әмиян арқылы енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бірыңғай оператор бұғаттайды және мынадай:
1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
2) конкурс жеңімпазы шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы КҚ-да белгіленген талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.
10. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт
57. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі - шарт), Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылып, тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында веб-портал арқылы жасалады.
Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген, веб-порталмен автоматты түрде анықталатын, мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші Қағидаларға 33, 34, 35, 36 және 37-қосымшаларға сәйкес үлгі шартқа сай жасалған шарттың жобасын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға жібереді.
58. Өнім берушіні таңдау рәсімдері, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары шеңберінде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану рәсімдері тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілгенге дейін аяқталған жағдайда шарттың жобасы тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға жіберіледі.
59. Заңның 43-бабы 3-тармағына сәйкес шарттың жобасын конкурс жеңімпазы, шарттың жобасын қоса бере отырып, веб-порталға хабарлама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырады.
60. Тапсырыс беруші, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі біткен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге шартқа қол қоятын тұлға мен өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерге сұрау салу жібереді.
61. Әлеуетті өнім беруші веб-порталда тиістісұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады және шартқа қол қоятын тұлға мен өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерді растайды.
Әлеуетті өнім беруші шартқа қол қоятын тұлғасы мен өзінің деректемелерін растау болмаған жағдайда тапсырыс беруші веб-порталда әлеуетті өнім беруші орналастырылған тіркеу деректеріне сәйкес шартқа қол қояды.
62. Тапсырыс беруші, Қағидалардың 61-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің мәліметтерді растау мерзімі біткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарт жобасын қалыптастырады және оған қол қою үшін әлеуетті өнім берушіге жібереді.
63. Өнім беруші, Заңда және Қағидаларда белгіленген мерзімде веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен шартқа қол қояды.
64. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші Заңда және осы Қағидаларда белгіленген мерзімде шарт жобасына қол қоймаса, тапсырыс беруші жеңімпаз шарт жасасудан жалтарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жеңімпазға үш жұмыс күні ішінде шарт жобасына қол қою қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
65. Егер әлеуетті өнім беруші веб-портал арқылы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге қол қойылған шартты ұсынбаса, тапсырыс беруші жеңімпаз шарт жасасудан жалтарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарт жобасын жібереді.
66. Заңның 43-бабы 7-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырады.
Егер екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің қолы қойылған шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаса, тапсырыс беруші қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
67. Заңның 43-бабының 22-тармағына сәйкес шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем емес, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күнді құрайды.
68. Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімдерде тапсырыс берушіге қол қойылған шартты ұсынбаған немесе шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеген жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған деп танылады.
69. Жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда, ұйымдастырушы өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді электрондық банк кепілдігі түрінде ұстап қалады.
70. Заңның 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган шешім шығарған кезде, оның ішінде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының уәкілетті органның осындай шешіміне шағым жасау кезеңінде шарт жасалуы мүмкін емес.
71. Өнім беруші шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) енгізеді.
72. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
Егер шартта аванс төлеу көзделген болса, өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.
Өнім беруші Заңның 23-бабы 10-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес аванстың толық сомасынан не аванстың бір бөлігінен бас тартуға құқылы. Өнім беруші аванстан ішінара бас тартқан жағдайда аванстың бір бөлігіне тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.
Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына қарай тапсырыс беруші өнім берушінің жазбаша хабарламасы бойынша авансты орындауды қамтамасыз ету мөлшерін шартта көзделген орындалған міндеттемелерге бара-бар азайтады.
73. Қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын шарт жасалған жағдайда ағымдағы қаржы жылына шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген шарттың жылдық сомасы негізге алына отырып есептеледі.
74. Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етудің және авансты қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін (егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс көзделген жағдайда):
1) өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақшаны;
2) Қағидаларға 38-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында ұсынылатын банктік кепілдікті қамтуға тиіс;
3) заңның 43-бабы 11-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын таңдай алады.
75. Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) енгізген кезде бірыңғай оператор электрондық әмиян арқылы өнім беруші шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындағанға дейін тиісті соманы автоматты түрде бұғаттайды.
76. Бірыңғай оператор өнім беруші шарт бойынша міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өнім берушінің электрондық әмиянына шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін енгізілген ақша сомасын, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) автоматты түрде қайтаруды жүзеге асырады.
77. Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін электрондық әмияндағы ақшаны тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
78. Тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (болған кезде) электрондық банктік кепілдік түрінде енгізілген қамтамасыз ету сомасын өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ өнім беруші шарттың қолданылу кезеңінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету тәсілін ауыстыруды ұсынған жағдайда, қамтамасыз ету сомасын қайтарады.
79. Бірыңғай оператор өнім берушінің өзі бұғаттаған шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ өнім беруші шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде демпингке қарсы шаралар қабылдаған жағдайда (болған кезде) қамтамасыз ету сомасын автоматты түрде бұғаттайды және электрондық әмиянына қайтаруды жүзеге асырады.
80. Шарттың сомасы азайған жағдайда, тапсырыс беруші өнім берушінің сұрау салуы және тапсырыс берушінің қайтаруды растауы бойынша жасалған шартқа өзгерістер енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оған электрондық банк кепілдігі түрінде енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді төмендетілген сомаға барабар мөлшерде қайтарады.
Өнім беруші шарт сомасын ұлғайтуға келіскен жағдайда, өнім беруші жасалған шартқа өзгерістер енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге ұлғайған сомаға барабар мөлшерде электрондық банк кепілдігі түрінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қосымша енгізеді.
81. Өнім берушінің сұратуы бойынша шарттың сомасы азайған және тапсырыс беруші қайтаруды растаған жағдайда, бірыңғай оператор жасалған шартқа өзгерістер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өнім берушінің енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді төмендетілген сомаға барабар мөлшерде бұғаттаудан шығарады.
Өнім беруші шарт сомасын ұлғайтуға келіскен жағдайда, өнім беруші жасалған шартқа өзгерістер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырыс берушіге электрондық әмияндағы ақшадан бара-бар түрде ұлғайтылған сома мөлшерінде қосымша енгізеді.
82. Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына қарай тапсырыс беруші өнім берушінің сұрау салуы бойынша электрондық банк кепілдігі түрінде енгізілген авансты орындауды қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алу туралы шартта көзделген орындалған міндеттемелерге бара-бар азайтады.
83. Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына қарай бірыңғай оператор өнім берушінің сұратуы бойынша және тапсырыс берушінің веб-портал арқылы қайтаруды растауы бойынша шартта көзделген орындалған міндеттемелерге пропорционалды түрде электрондық әмияннан енгізілген авансты орындауды қамтамасыз ету мөлшерінің құлпын ашады.
84. Өнім беруші шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші не бірыңғай оператор енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ жиынтығында мынадай талаптар сақталған кезде демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасын (болған кезде) қайтарады:
1) өнім берушінің тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуі;
2) шарттық міндеттемелерді толық орындау;
3) тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтаруды, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасын (бар болса) растағанда жүзеге асырады.
85. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасы (болған кезде) тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне есепке жатқызылады.
86. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді (егер шартта аванс көзделген жағдайда), сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда электрондық банк кепілдігі түрінде енгізілген қамтамасыз ету сомасын (болған кезде) тапсырыс беруші өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына не тиісінше орындамауына байланысты шарт бұзылған жағдайда өнім берушіге қайтармайды.
87. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда электрондық әмиян арқылы енгізілген қамтамасыз ету сомасын (болған кезде) бірыңғай оператор бұғаттайды және өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына не тиісінше орындамауына байланысты шарт бұзылған жағдайда өнім берушіге қайтармайды.
88. Бірыңғай оператор тапсырыс берушіден веб-портал арқылы өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушінің электрондық әмиянынан шартты орындау бойынша бұғатталған ақшаны, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (бар болса) қамтамасыз ету сомасын тапсырыс берушінің өтінішінде көрсетілген шотқа аударуды, шартты орындауды, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасын (бар болса) жүзеге асырады.
11. Әлеуетті өнім берушілерге жұмыс тәжірибесі болуы бөлігінде қойылатын талаптар
89. Әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптары сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде Қағидаларда көзделген жағдайларда белгіленеді.
Конкурстық құжаттамаға 1-қосымша |
Лоттар тізбесі және тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттары (бекітілген жылдық жоспар негізінде қалыптастырылады)
Конкурстың № _____________________________
Конкурстың атауы____________________
Лоттың № | Тапсырыс берушінің атауы | Тауардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы* | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Жеткізу шарты (ИНКОТЕРМС 2010-ға сәйкес) | Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі | Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны | Аванстық төлем мөлшері, % | Лот бойынша бөлінген сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
* Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшеліктерде көрсетіледі.
Конкурстық құжаттамаға 2-қосымша |
Конкурсқа қатысу туралы келісім
Осымен конкурс тәсілімен осы мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреміз және КҚ-да көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды (ларды) жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді) жүзеге асыруға келісім, сондай-ақ Заңның 6-бабында белгіленген біліктілік талаптарына және шектеулерге сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға келісім білдіреміз.
Егер КҚ техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы қамтыса, осы жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жұмыстарды орындауға келісім береміз.
Осымен Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзушылықтың болмауын, сондай-ақ мен (әлеуетті өнім беруші) мен Тапсырыс беруші және (немесе) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы арасында заңмен тыйым салынған қатынастардың болмауын растаймыз және заңның 43-бабының 19-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу туралы Шартты бұзуға келісім береміз.
Конкурстық құжаттамамен танысқанымызды және Ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары (жеткізілетін тауарды (ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) туралы дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгенімізді растаймыз.
Конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін толық жауапкершілікті өзімізге аламыз.
Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органды тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың бізге белгілі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы дереу хабардар ету жөнінде өзімізге міндеттеме аламыз.
Бұл ретте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзуға әкеп соқтыратын әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны үшін толық жауапкершілікті өзімізге аламыз.
Біздің конкурсқа қатысу өтініміміз конкурстық құжаттамада талап етілетін мерзім ішінде қолданылатын болады.
Біздің конкурсқа қатысуға өтініміміз жеңіп шықты деп танылған және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) конкурстық құжаттамада көрсетілген мөлшерде енгіземіз және мемлекеттік сатып алу туралы шартты (тауарды беруге арналған жүкқұжат (акт)) орындауға байланысты ақпаратты ашуға келісім білдіреміз.
Конкурстық құжаттамаға 3-қосымша |
Әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы (әрбір лотқа жеке қалыптастырылады)
Конкурстың №_________________________________________________
Конкурстың атауы______________________________________________
№ лота ________________________________________________________
Лоттың атауы___________________________________________________
Өнім берушінің атауы____________________________________________
БСН/ЖСН/СЖН/ТБН____________________________________________
Өнім берішінің банк деректемелері_________________________________
Баға ұсынысының валюта атауы___________________________________
Өлшем бірлігі___________________________________________________
Барлық шығыстарды және жеңілдіктерді есепке алғандағы бірлік бағасы_____________________________
Саны (көлемі)___________________________________________________
ИНКОТЕРМС 2010 тауар жеткізу шарттары_________________________
Жалпы саны (санын бірлік үшін бағаға көбейту) _____________________
Біз конкурстық құжаттамада айтылған Сіздердің төлем шарттарыңызбен келісеміз.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты.
Конкурстық құжаттамаға 4-қосымша |
Тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары (тапсырыс беруші толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы __________________
Конкурстың № _____________________________
Конкурстың атауы ___________________
Лоттың № _________________________________
Лоттың атауы _______________________
Әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес тауарларды жеткізуге рұқсаттың (хабарламаның) болуы.
Егер тауарды жеткізу тиісті рұқсатты алуды, хабарланы жіберуді талап еткен жағдайда мынадай мәліметтерді толтыру қажет.
№ | Рұқсаттың (хабарламаның) атауы |
1 |
Егер тауарды жеткізу тиісті рұқсат алуды, хабарлама жіберуді талап етпесе, онда бұл мәліметтер толтырылмайды.
2. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы (мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайды)
3. Банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы.
4. Қажетті материалдық және еңбек ресурстарының болуы
Материалдық ресурстардың болуы | Талап етілмейді |
Еңбек ресурстарының болуы | Талап етілмейді |
5. Соңғы он жылда сатып алынатын тауарлардың мәніне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесінің болуы.
Жұмыс тәжірибесінің болуы | Талап етілмейді |
Ескертпе: әлеуетті өнім берушілерге өзге құжаттарда қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Конкурстық құжаттамаға 5-қосымша |
Құрылыс саласында жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары (құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жобалау бойынша жұмыстар) (тапсырыс беруші толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы__________________
Конкурстың №_____________________________
Конкурстың атауы___________________
Лоттың №_________________________________
Лоттың атауы_______________________
Әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес құрылыс (құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жобалау бойынша жұмыстар) саласында жұмыстарды орындауға рұқсаттың (хабарламаның) болуы.
№ | Рұқсаттың (хабарламаның) атауы | Қызмет түрі | Конкурстың нысанасына сәйкес келетін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен көзделген лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі |
1 |
2. Қаржылық орнықты болу және республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы (веб-порталда мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде анықталады).
3. Банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы.
4. Материалдық және еңбек ресурстарына ие болу осы қосымшаның 1-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсатпен (хабарламамен) расталады.
5. Құрылыс (құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау жұмыстары) саласында сатып алу бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талабы қойылмайды.
Ескертпе: Өзге құжаттарда әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Конкурстық құжаттамаға 6-қосымша |
Құрылыспен байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары (тапсырыс беруші толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы__________________
Конкурстың №_____________________________
Конкурстың атауы___________________
Лоттың №_________________________________
Лоттың атауы_______________________
Әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жұмыстарды орындауға рұқсаттың (хабарламаның) болуы.
Егер жұмыстарды орындау тиісті рұқсат алуды, хабарлама жіберуді талап еткен жағдайда, мынадай мәліметтерді толтыру қажет.
№ | Рұқсаттың (хабарламаның) атауы |
1 |
Егер жұмыстарды орындау тиісті рұқсат алуды, хабарлама жіберуді талап етпесе, онда бұл мәліметтер толтырылмайды.
2. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы (мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайды).
3. Банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс.
4. Қажетті материалдық және еңбек ресурстарының болуы
Материалдық ресурстар:
№ | Материалдық ресурстардың атауы | Саны |
1 |
Еңбек ресурстары:
№ | Еңбек ресурстарының атауы (мамандығы / біліктілігі) | Саны |
1 |
5. Соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) жұмыс тәжірибесінің болуы.
Егер сатып алынатын жұмыстарды орындауға Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы талап етілген жағдайда, жұмыс тәжірибесі бойынша талап қойылмайды.
№ | Сатып алынатын жұмыстар мәнінің атауы (Лоттың атауы) | Жылдар саны |
1 |
Ескерту.
1. Талап етілетін материалдық және еңбек ресурстарының әрбір атауы жеке жолмен көрсетіледі.
2. Өзге құжаттарда әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Конкурстық құжаттамаға 7-қосымша |
Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары (тапсырыс беруші толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы_______________________
Ұйымдастырушының атауы _______________________
Конкурстың №______________________________
Конкурстың атауы ___________________
Лоттың № __________________________________
Лоттың атауы _______________________
Әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:
1. Рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтерді көрсетуге рұқсаттың (хабарламаның) болуы.
Егер қызметтерді көрсету тиісті рұқсатты алуды талап етсе, онда мынадай мәліметтерді толтыру қажет.
№ | Рұқсаттың (хабарламаның) атауы |
1 |
Егер қызметтерді көрсету тиісті рұқсатты алуды, хабарландыру жіберуді талап етпесе, онда осы мәліметтер толтырылмайды.
2. Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы (веб-порталда мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде анықталады).
3. Банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы.
4. Қажетті материалдық және еңбек ресурстарының болуы.
Материалдық ресурстар:
№ | Материалдық ресурстардың атауы | Саны |
1 |
Еңбек ресурстары:
№ | Еңбек ресурстарының атауы (мамандығы/біліктілігі) | Саны | Қызметкердің жұмыс өтілімі (қажет болған жағдайда) үш жылдан аспайтын (Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе бекітілген нормативтерінде неғұрлым жоғары өтілім көзделген жағдайларды қоспағанда) |
1 |
5. Сатып алынатын қызметтердің атауына соңғы он жылда сәйкес келетін жұмыс тәжірибесінің болуы.
Егер сатып алынатын қызметтерді көрсетуге Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы талап етілген жағдайда, жұмыс тәжірибесі бойынша талап қойылмайды.
№ | Сатып алынатын қызметтер мәнінің атауы (лоттың атауы) | Жыл саны |
1 |
Ескерту.
1. Талап етілетін материалдық және еңбек ресурстарының әрбір атауы жеке жолмен көрсетіледі.
2. Өзге құжаттарда әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Конкурстық құжаттамаға 8-қосымша |
Тауарларды сатып алу кезіндегі біліктілік және конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттар туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші (бірлесіп орындаушы) толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы ______________
Ұйымдастырушының атауы _____________
Конкурстың № ________________________
Конкурстың атауы _____________________
Лоттың № ____________________________
Лоттың атауы _________________________
Әлеуетті өнім берушінің (бірлесіп орындаушының) БСН/ЖСН/ССН/СЕН және атауы______________
1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер болмаған жағдайда, рұқсаттардың (хабарламалардың) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсаттың (хабарламаның) бар екені туралы мәліметтер.
№ | Рұқсат (хабарлама) атауы | Қызмет түрі | Ерекше шарттар (санаты) | Құжаттың берілген күні мен нөмірі | Рұқсаттың (лицензияның) электрондық көшірмесі |
1. |
Егер тауарды жеткізу тиісті рұқсат алуды, хабарлама жіберуді талап еткен жағдайда осы тармақ толтырылады.
2. Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқ екендігі сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдары мәліметтерінің негізінде веб-портал автоматты түрде анықтайды.
3. Банкроттық немесе таратылу рәсімі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші банкрот болып табылмайтындығын және тарату рәсіміне жатпайтынын растайды).
4. Растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, тауарларды беру үшін қажетті талап етілетін материалдық ресурстардың болуы туралы мәліметтер.
Материалдық ресурстардың болуы | Талап етілмейді |
Еңбек ресурстарының болуы | Талап етілмейді |
5. Соңғы он жылда сатып алынатын тауарлардың мәніне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесінің болуы.
Жұмыс тәжірибесінің болуы | Талап етілмейді |
| Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын |
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
Конкурстық құжаттамаға 9-қосымша |
Құрылыс саласындағы жұмыстарды сатып алу кезіндегі біліктілік және конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттар туралы мәліметтер (құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау бойынша жұмыстар) (әлеуетті өнім беруші (қосалқы мердігер) толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы ____________
Ұйымдастырушының атауы __________
Конкурстың № _____________
Конкурстың атауы __________________
Лоттың № _________________________
Лоттың атауы _______________________
Әлеуетті өнім берушінің (қосалқы мердігердің) БСН/ЖСН/ССН/СЕН және атауы____________________________________
1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер болмаған жағдайда, рұқсаттардың (хабарламаның) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы туралы мәліметтер.
№ | Рұқсаттың (хабарламаның) атауы | Қызмет түрі | Конкурс нысанасына сәйкес келетін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі | Ерекше шарттар (санаты) | Құжаттың берілген күні мен нөмірі | Рұқсаттың (хабарламаның) электрондық көшірмесі) |
1. |
2. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқтығы туралы, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы туралы мәліметтерді веб-портал мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде айқындайды.
3. Банкроттық не тарату рәсімі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші банкрот болып табылмайтынын және тарату рәсіміне жатпайтынын растайды).
4. Материалдық және еңбек ресурстарына ие болу осы қосымшаның 1-тармағында көзделген Рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсатпен (хабарламамен) расталады.
5. Ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде орындалған жұмыстардың, конкурста сатып алынатындарға ұқсас (осыған ұқсас) тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген өлшемшарттарға (белгілерге) сәйкестігі тұрғысынан форматтық-логикалық бақылау ескеріле отырып қалыптастырылады.
№ | Жұмыстың атауы | Құрылыс объектісі бойынша әлеуетті өнім берушінің мәртебесі (бас мердігер, бас жобалаушы/қосалқы мердігер) | Құрылыс түрі (жаңа құрылыс, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және қолданыстағы объектілерді күрделі жөндеу) | Ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (біріншісі-жоғары, екіншісі-қалыпты, үшіншісі-төмен) | Объектілердің техникалық күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар) | Функционалдық мақсаты (өнеркәсіптік объектілер, өндірістік ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар) | Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердегі жұмыстарды қоспағанда, конкурстың нысанасына сәйкес келетін " Рұқсаттар және хабарламалар туралы "Қазақстан Республикасы Заңының бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі | Жұмысты орындау орны (объектінің орналасқан жері) | Тапсырыс берушінің атауы | Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің күніне сәйкес жұмыстардың аяқталған жылы | Растайтын құжаттардың атауы, күні және нөмірі | Растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (сілтеме) |
Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын |
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
Конкурстық құжаттамаға 10-қосымша |
Құрылыспен байланысты емес жұмыстарды сатып алу кезіндегі біліктілік және конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттар туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші (қосалқы мердігер)толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы ____________
Ұйымдастырушының атауы ___________
Конкурстың № ______________________
Конкурстың атауы ___________________
Лоттың № __________________________
Лоттың атауы _______________________
Әлеуетті өнім берушінің (қосалқы мердігердің) БСН/ЖСН/ССН/СЕН және атауы__________
1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер болмаған жағдайларда, рұқсаттардың (хабарламаның) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы туралы мәліметтер.
№ | Рұқсаттың (хабарламаның) атауы | Қызмет түрі | Ерекше шарттар (санат) | Құжатты беру күні мен нөмірі | Рұқсаттың (хабарламаның) электрондық көшірмесі |
1. |
Осы тармақ егер жұмыстарды орындау тиісті рұқсат алуды, хабарлама жіберуді талап еткен жағдайда толтырылады.
2. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқтығы туралы, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы туралы мәліметтерді веб-портал Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде айқындайды.
3. Банкроттық не тарату рәсімі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші банкрот болып табылмайтынын және тарату рәсіміне жатпайтынын растайды).
4. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, жұмыстарды орындау үшін қажетті талап етілетін материалдық және еңбек ресурстардың болуы туралы мәліметтер.
Материалдық ресурстар:
№ | Материалдық ресурстардың атауы | Қолда бар бірліктердің саны | Жағдайы (жаңа, жақсы, жаман) | Меншікті (меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін) | Растайтын құжаттың атауы, күні және нөмірі | Растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (сілтеме) |
1 |
Еңбек ресурстар:
№ | Мамандық (біліктілік) атауы) | Қызметкерлердің Т.А.Ә. (жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі) | Біліктілігі туралы құжат (білімі туралы дипломның, сертификаттың, аттестаттың нөмірі мен берілген күнін көрсету, олардың электрондық көшірмелерін қоса беру) | Растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (сілтеме) |
1 |
5. Растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) орындалған жұмыстар тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер.
Егер жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы талап етілген жағдайда, жұмыс тәжірибесінің болуы бойынша біліктілік талабы қойылмайды.
№ | Жұмыстың атауы | Жұмысты орындау орны (объектінің орналасқан жері) | Тапсырыс берушінің атауы | Орындалған жұмыстар актісінің күніне сәйкес жұмыстардың аяқталған жылы | Растайтын құжаттың атауы, күні және нөмірі | Растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (сілтеме) |
1 | ||||||
| Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын |
Ескертпе:
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына тиісті рұқсаты (хабарламасы) бар және құрылыспен байланысты емес жұмыстарды (бар объектілерді ағымдағы немесе орташа жөндеу, абаттандыру немесе құрылыспен байланысты емес өзге де жұмыс түрлері) мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілер әлеуетті өнім берушінің материалдық және еңбек ресурстарын иеленуін растайтын құжат Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсат (лицензия) болып табылады.
Осыған байланысты, осы Қосымшаның 4 және 5-тармақтарының талаптары мұндай әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
Конкурстық құжаттамаға 11-қосымша |
Көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезіндегі біліктілік және конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттар туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші (бірлесіп орындаушы) толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы ______________
Ұйымдастырушының атауы _____________
Конкурстың № ________________________
Конкурстың атауы _____________________
Лоттың № ____________________________
Лоттың атауы _________________________
Әлеуетті өнім берушінің (бірлесіп орындаушының) БСН/ЖСН/ССН/СЕН және атауы______________
1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер болмаған жағдайда рұқсаттардың (хабарламалардың) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген рұқсаттың (хабарламаның) бар екені туралы мәліметтер.
№ | Рұқсат (хабарлама) атауы | Қызмет түрі | Ерекше шарттар (санаты) | Құжаттың берілген күні мен нөмірі | Рұқсаттың (хабарламаның) электрондық көшірмесі |
1. |
Егер қызметтер көрсетуді, тиісті рұқсатты алуды, хабарлама жіберуді талап еткен жағдайда осы тармақ толтырылады.
2. Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқ екендігі сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдары мәліметтерінің негізінде веб-портал автоматты түрде анықтайды.
3. Банкроттық немесе таратылу рәсімі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші банкрот болып табылмайтындығын және тарату рәсіміне жатпайтынын растайды).
4. Растау құжаттарының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, қызметтерді көрсету үшін қажет талап етілетін материалдық және еңбек ресурстардың бар екендігі туралы мәліметтер.
Материалдық ресурстар:
№ | Материалдық ресурстардың атауы | Қолда бар бірліктердің саны | Жағдайы (жаңа, жақсы, жаман) | Меншікті (меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін) | Растайтын құжаттың атауы, күні және нөмірі | Растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (сілтеме) |
1 |
Еңбек ресурстар:
№ | Мамандық (біліктілік) атауы) | Қызметкерлердің Т.А.Ә. (жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі) | Біліктілігі туралы құжат (білімі туралы дипломның, сертификаттың, аттестаттың нөмірі мен берілген күнін көрсету, олардың электрондық көшірмелерін қоса беру) | Растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (сілтеме) |
1 |
5. Растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) орындалған жұмыстар тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер.
Егер көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы талап етілген жағдайда, жұмыс тәжірибесінің болуы бойынша біліктілік талабы қойылмайды.
№ | Қызметтің атауы | Қызмет көрсету орны | Тапсырыс берушінің атауы | Қызмет көрсету жылы, айы (___ бастап _ дейін) | Растайтын құжаттың атауы, күні және нөмірі | Растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (сілтеме) |
1 | ||||||
| Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын |
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
Конкурстық құжаттамаға 12-қосымша |
Сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі (тапсырыс беруші толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы _____________________
Ұйымдастырушының атауы_____________________
Конкурстың №________________________________
Конкурстың атауы_____________________________
Лоттың №____________________________________
Лоттың атауы_________________________________
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы кодының атауы* | |
Тауардың атауы* | |
Өлшем бірлігі* | |
Саны (көлемі)* | |
Қосылған құн салығын есепке алмағандағы бірлік бағасы* | |
Қосылған құн салығын есепке алмағанда, сатып алу үшін бөлінген жалпы сома* | |
Жеткізу шарттары (ИНКОТЕРМС 2010 сәйкес)* | |
Жеткізу мерзімі* | |
Аванстық төлем мөлшері* | |
Ұлттық стандарттардың атауы, ал олар болмаған жағдайда сатып алынатын тауарларға мемлекетаралық стандарттар. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде Мемлекеттік сатып алуды нормалауды ескере отырып, сатып алынатын тауарлардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі. | |
Шығарылған жылы | |
Кепілдік мерзімі (айлармен) | |
Сатып алынатын тауардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық, пайдалану және өзге де сипаттамаларының сипаттамасы | |
Ілеспе қызметтер (қажет болған жағдайда көрсетіледі) (тауарларды монтаждау, баптау, оқыту, тексеру және сынау) | |
Әлеуетті өнім берушіге оның жеңімпазы анықталған және онымен Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда қойылатын талаптар (қажет болған кезде көрсетіледі) (әлеуетті өнім берушіні көрсетілген мәліметтерді көрсетпегені және ұсынбағаны үшін қабылдамауға жол берілмейді) |
* мәліметтер мемлекеттік сатып алу жоспарынан алынады (автоматты түрде көрсетіледі).
Ескерту.
1. Функционалдық, техникалық, сапалық, пайдаланушылық, өзге де сипаттамалар, ілеспе қызметтер бойынша әрбір талап және қосымша талаптар бөлек жолда көрсетіледі.
2. Осы техникалық ерекшелікте әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
3. Өзге құжаттарда техникалық ерекшеліктің талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Конкурстық құжаттамаға 13-қосымша |
Құрылыс саласындағы сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшелігі (құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау бойынша жұмыстар) (тапсырыс беруші толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы _____________________
Ұйымдастырушының атауы_____________________
Конкурстың №________________________________
Конкурстың атауы_____________________________
Лоттың №____________________________________
Лоттың атауы_________________________________
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы кодының атауы* | |
Жұмыстың атауы* | |
Өлшем бірлігі* | |
Саны (көлемі)* | |
Қосылған құн салығын есепке алмағандағы бірлік бағасы * | |
Қосылған құн салығын есепке алмағанда, сатып алу үшін бөлінген жалпы сома* | |
Жұмысты орындау мерзімі* | |
Аванстық төлем мөлшері* | |
Кепілдік мерзімі (айлармен) | |
Әлеуетті өнім берушіге оның жеңімпазы анықталған және онымен Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда қойылатын талаптар (қажет болған кезде көрсетіледі) (әлеуетті өнім берушіні көрсетілген мәліметтерді көрсетпегені және ұсынбағаны үшін қабылдамауға жол берілмейді) |
* мәліметтер мемлекеттік сатып алу жоспарынан алынады (автоматты түрде көрсетіледі).
Ескертпе: осы техникалық ерекшелікте әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Конкурстық құжаттамаға 14-қосымша |
Құрылыспен байланысты емес сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшелігі (тапсырыс беруші толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы _____________________
Ұйымдастырушының атауы_____________________
Конкурстың №________________________________
Конкурстың атауы_____________________________
Лоттың №____________________________________
Лоттың атауы_________________________________
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы кодының атауы* | |
Жұмыстың атауы* | |
Өлшем бірлігі* | |
Саны (көлемі)* | |
Қосылған құн салығын есепке алмағандағы бірлік бағасы* | |
Қосылған құн салығын есепке алмағанда, сатып алу үшін бөлінген жалпы сома* | |
Жұмысты орындау мерзімі* | |
Аванстық төлем мөлшері* | |
Кепілдік мерзімі (айлармен) | |
Талап етілетін сипаттамалардың, параметрлердің және өзге де бастапқы деректердің сипаттамасы | |
Әлеуетті өнім берушіге оның жеңімпазы анықталған және онымен Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда қойылатын талаптар (қажет болған кезде көрсетіледі) (әлеуетті өнім берушіні көрсетілген мәліметтерді көрсетпегені және ұсынбағаны үшін қабылдамауға жол берілмейді) |
* мәліметтер мемлекеттік сатып алу жоспарынан алынады (автоматты түрде көрсетіледі).
Ескертпе.
1. Әрбір талап етілетін сипаттамалар, өлшемдер, бастапқы деректер және қосымша шарттар жеке жолда көрсетіледі.
2. Техникалық ерекшелікте әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
3. Өзге құжаттарда техникалық ерекшеліктің талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Конкурстық құжаттамаға 15-қосымша |
Сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшелігі (тапсырыс беруші толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы _____________________
Ұйымдастырушының атауы_____________________
Конкурстың №________________________________
Конкурстың атауы_____________________________
Лоттың №____________________________________
Лоттың атауы_________________________________
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы кодының атауы* | |
Қызметтің атауы* | |
Өлшем бірлігі* | |
Саны (көлемі)* | |
Қосылған құн салығын есепке алмағандағы бірлік бағасы * | |
Қосылған құн салығын есепке алмағанда, сатып алу үшін бөлінген жалпы сома * | |
Қызмет көрсету мерзімі* | |
Аванстық төлем мөлшері* | |
Кепілдік мерзімі (айлармен) | |
Талап етілетін сипаттамалардың, параметрлердің және өзге де бастапқы деректердің сипаттамасы: | |
Әлеуетті өнім берушіге оның жеңімпазы анықталған және онымен Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда қойылатын талаптар (қажет болған кезде көрсетіледі) (әлеуетті өнім берушіні көрсетілген мәліметтерді көрсетпегені және ұсынбағаны үшін қабылдамауға жол берілмейді) |
* мәліметтер мемлекеттік сатып алу жоспарынан алынады (автоматты түрде көрсетіледі).
Ескертпе.
1. Әрбір сипаттамалар, өлшемдер, бастапқы деректер және Орындаушыға қосымша шарттар жеке жолда көрсетіледі.
2. Техникалық ерекшелікте әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
3. Өзге құжаттарда техникалық ерекшеліктің талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Конкурстық құжаттамаға 16-қосымша |
Сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі (әлеуетті өнім беруші әрбір лотқа жеке ұсынады)
Тапсырыс берушінің атауы _____________________
Ұйымдастырушының атауы_____________________
Конкурстың №________________________________
Конкурстың атауы_____________________________
Лоттың №____________________________________
Лоттың атауы_________________________________
Маркасы және/немесе тауар белгісі не қызмет көрсету белгісі, моделі, типі көрсетілген тауардың атауы | |
Шыққан елі | |
Дайындаушы зауыт (дайындаушы зауыттың атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі) | |
Шығарылған жылы | |
Кепілдік мерзімі (бар болса) (айлармен) | |
Жеткізу мерзімі | |
Тауарды жеткізу орны | |
Ұлттық стандарттардың атауы, ал олар болмаған жағдайда сатып алынатын тауарларға мемлекетаралық стандарттар. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде Мемлекеттік сатып алуды нормалауды ескере отырып, сатып алынатын тауарлардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі. | |
Сатып алынатын тауардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық, пайдалану және өзге де сипаттамаларының сипаттамасы | |
| Ұсынылатын тауардың техникалық ерекшелігінің барлық мәліметтерінің дұрыстығын растаймын |
Ескертпе.
1. Әрбір сипаттамалар, параметрлер, бастапқы деректер және Орындаушыға қосымша шарттар жеке жолда көрсетіледі.
2. Техникалық ерекшелікте әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
3. Өзге құжаттарда техникалық ерекшеліктің талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
4. Әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы деп танылған және онымен шарт жасалған жағдайда, мұндай шарттың техникалық ерекшелігі конкурс жеңімпазының техникалық ерекшелігі негізінде қалыптастырылады.
Конкурстық құжаттамаға 17-қосымша |
БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ШАРТ (КОНСОРЦИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ)
" 20__жылғы "___________" | |
(күні) |
бұдан әрі "Негізгі қатысушы" деп аталатын ____________________________________,
(заңды тұлға атауы, БСН, заңды мекенжайы)
_____________________атынан,___________________________негізінде әрекет ететін,
(лауазымы, Т.А.Ә., ЖСН) (жарғы, куәлік)
______________________________________, бұдан әрі "Қатысушы-2" деп аталатын,
(заңды тұлға атауы, БСН, заңды мекенжайы)
_____________________ атынан,__________________________ негізінде әрекет ететін,
(лауазымы, Т.А.Ә., ЖСН) (жарғы, куәлік)
____________________________________, бұдан әрі "Қатысушы-3" деп аталатын,
(заңды тұлға атауы, БСН, заңды мекенжайы)
______________________________________________атынан, _____________
негізінде әрекет ететін,___________, (лауазымы, Т.А.Ә., ЖСН) (жарғы, куәлік) бірлесіп
"Қатысушылар" деп аталатындар, төмендегілер туралы осы консорциалық келісімді
(бұдан әрі – Келісім) жасады:
1. Терминдер, олардың анықтамалары мен талқылаулары
1.1. Қатысушылар осы Келісімде көрсетілген терминдер мен ұғымдардың мынадай:
"Тапсырыс беруші" -
___________________________________________
(тапсырыс берушінің атауы)
"Ұйымдастырушы" -
____________________________________________
(ұйымдастырушының атауы)
"Конкурс" -
__________________________________________________
(конкурстың нөмірі мен атауы)
"Консорциум" - осы Келісім негізінде Қатысушылардың уақытша ерікті, тең құқылы
одағы (бірлестігі), онда Қатысушылар кез келген ресрустарды біріктіреді және
Жобаның ойдағыдай іске асырылуын шешу үшін күш-жігерін үйлестіреді;
"Сатып алу туралы шарт" - өткізілген Конкурс қорытындысы бойынша Тапсырыс
беруші жасасатын мемлекеттік сатып алу туралы шарт;
"Жоба" - ____________________________________________________.
(лоттың нөмірі мен атауы)
"Жобаны іске асыру" - консорциумның Сатып алу туралы шарт бойынша өз
міндеттемелерін орындауы;
"Құпия ақпарат" - кез келген ғылыми-техникалық, технологиялық, шаруашылық,
қаржы-экономикалық немесе Қатысушылар туралы ақпаратты қамтитын, оның ішінде
олардың қаржы-шаруашылық қызметіне, құрылтайшыларына, еншілес
компанияларына, қызметтерлеріне және агенттеріне қатысты құжаттарды,
қатысушылардың контрагенттері туралы ақпаратты, мұндай ақпарат "құпия" деп
белгіленген бе, оған қарамастан үшінші тұлғаларға белгілі еместігіне байланысты
жарамды немесе әлеуетті коммерциялық құндылығы бар өзге ақпаратты өзге түрде
көрсететін құжаттарды қоса алғанда өзге ақпарат.
1.2. Келісімнің осы тармағында тікелей көрсетілмеген ұғымдар мен анықтамалар
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мағынада қолданылады.
2. Келісімнің мәні
2.1. Осы Келісімнің қатысушылары Консорциум құрады, оны құру мақсаты Конкурсқа
қатысу және Консорциумды Конкурс жеңімпазы деп таныған және кейіннен Сатып алу
туралы шарт жасасқан жағдайда – Жобаны табысты іске асыру болып табылады.
2.2. Осы Келісім жеткілікті тәжірибесі, материалдық және техникалық әлеуеті, еңбек
ресурстары, жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге, тауарларды жеткізуге және
Конкурс шарттарында көзделген өзге міндеттемелерді орындауға өкілеттіктері мен
рұқсаттары бар Қатысушылардың ерікті бірлестігі болып табылады.
2.3. Қатысушылар Консорциум қызметінің жалпы мақсаттарына және коммерциялық
мүдделерге сүйене отырып, ынтымақтастық қағидаттарына негіздей отырып, осы
Келісімді жасасады.
3. Қатысушылардың құқықытары мен міндеттері
3.1. Қатысушылар:
3.1.1. Осы Келісімді орындау кезінде бір бірімен адал өзара іс-әрекет жасауға.
3.1.2. Осы Келісімнің шарттарына сәйкес Консорциумның қызметіне қатысуға.
3.1.3. Осы Келісімде белгіленген тәртіппен салымдар енгізуге.
3.1.4. Консорциумның және жеке алғанда әрбір Қатысушының құпия ақпаратын жария
етпеуге міндетті.
3.2. Қатысушылар:
3.2.1. Осы Келісімде анықталған тәртіппен Консорциумның істерін басқаруға қатысуға.
3.2.2. Консорциум қызметі туралы ақпарат алу, оның ішінде Консорциум ісін жүргізу
бойынша кез келген құжаттамамен танысуға.
3.2.3. Консорциум қызметінен алынатын пайданы бөлуге қатысуға.
3.2.4. Қатысушылардың барлығының жалпы келісімі болған кезде Қатысушылардың
жалпы мүлкін пайдалануға құқылы.
4. Қатысушылардың салымдары
4.1. Негізгі Қатысушының салымы мыналар болып табылады:
4.1.1. ________________________
4.1.2. ________________________
4.1.3. ________________________
4.2. "Қатысушы-2" салымы мыналар болып табылады:
4.2.1. ________________________
4.2.2. ________________________
4.2.3. ________________________
4.3. "Қатысушы-3" салымы мыналар болып табылады:
4.3.1. ________________________
4.3.2. ________________________
4.3.3. ________________________
4.4. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді, сондай-ақ Консорциум
жеңімпаз деп танылған және онымен Шарт жасалған жағдайда Заңның 26-бабына
сәйкес Сатып алу және (немесе) сома туралы шарттың (болған кезде) орындалуын
қамтамасыз етуді Негізгі қатысушы енгізеді.
5. Басқару тәртібі
5.1. Қатысушылардың жалпы істерін жүргізу, Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді
беруді және Консорциумның қызметіне байланысты өзге де іс-әрекеттерді Негізгі
қатысушы қосымшаға сәйкес нысан бойынша Консорциум Қатысушыларының
сенімхаты негізінде жүзеге асырады.
5.2. Консорциум Конкурс жеңімпазы деп танылған жағдайда Сатып алу туралы шарт
Негізгі қатысушымен жасалады.
5.3. Консорциум жеңімпаз деп танылған және онымен Сатып алу туралы шарт жасалған
жағдайда осы Келісім оның ажырамас бөлігі болып табылады.
6. Қатысушылардың жауапкершілігі
6.1. Сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше
орындамағаны үшін, сондай-ақ біліктілік талаптар және (немесе) конкурстық баға
ұсынысына ықпал ететін құжаттар бойынша дұрыс емес ақпарат бергені үшін
Қатысушылар ортақ жауаптылықта болады.
6.2. Осы Келісім шеңберінде Консорциум қызметіне байланысты емес Қатысушының
жеке міндеттемелері бойынша өзге Қатысушылар жауаптылықта болмайды.
7. Дауларды шешу
7.1. Осы Келісім талаптарын орындаған кезде пайда болуы мүмкін барлық даулар мен
келіспеушіліктерді Қатысушылар келіссөздер арқылы шешуге тырысады.
7.2. Келіссөздер арқылы реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының азаматтық
заңнамасында белгіленген сот тәртібінде шешіледі.
8. Келісімнің қолданылу мерзімі
8.1. Осы Келісім барлық Қатысушылар қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
8.2. Егер Консорциум Конкурс жеңімпазы деп танылмаса, Келісім Сатып алу туралы
шарт жасалғанға дейін қолданыста болады.
8.3. Консорциум Конкурс жеңімпазы деп танылған және онымен Сатып алу туралы
шарт жасалған жағдайда Келісім Сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелер
толық орындалғанға дейін қолданыста болады.
9. Өзге талаптар
9.1. Осы Келісім Конкурсқа Қатысушылардың электрондық цифрлық қолдарымен
куәландырылған мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы ресімделген және
жасалған.
9.2. Осы Келісім ____________________ тілінде жасалған.
9.3. Осы Келісіммен реттелмеген қалғанының бәрінде Қатысушылар Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
10. Қатысушылардың деректемелері мен қолдары
"Негізгі Қатысушы" Толық атауы Толық заңды мекенжайы БСН, Банктік деректемелер Телефоны Лауазымы, Т.А.Ә. | "Қатысушы-2" Толық атауы Толық заңды мекенжайы БСН, Банктік деректемелер Телефоны Лауазымы, Т.А.Ә. |
"Қатысушы-3" Толық атауы Толық заңды мекенжайы БСН, Банктік деректемелер Телефоны Лауазымы, Т.А.Ә. |
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
Консорциялық келісімге қосымша |
Сенімхат
" " 20__жылғы "________" | |
(күні) |
___________________осы сенімхатпен,_____________________ атынан сенім білдіреді
(консорциумға қатысушы) (басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_______________________атынан____________________________ мүддесін білдіруге
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (Негізгі қатысушы)
_______________________ __________________________________________________
(консорциумға қатысушы) (ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының,
тапсырыс берушінің атауы) Өтінім беруге және Сатып алу туралы шарт жасау үшін
құқығын береді.
№ _____________ конкурс
Конкурстың атауы______________
№ _______________ лот
Лоттың атауы _________________
№ ______________________конкурсы бойынша Консорциялық
(конкурстың нөмірі мен атауы) келісімнің қолдану мерзіміне сенімхат берілді.
Осы сенімхатты мен ____________________ электрондық цифрлық
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолтаңбаны пайдалана отырып,
мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы куәландырамын.
_____________________________________________________
(Қатысушы) қолы Басшы
Конкурстық құжаттамаға 18-қосымша |
Банктік кепілдік
Банктің атауы _______________________
Банктің деректемелерi ________________
Кімге: _______________________________
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы______________
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының деректемелерi_______
№ _______ кепілдік міндеттеме _________________________
_________________________ (орналасқан жері)
Біз, бұдан әрі "Өнім беруші" ________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
Конкурстың атауы ___________________
Конкурстың №_____________________________________
Лоттың атауы____________________________________
Лоттың №________________________________________
_____________ сатып алу жөніндегі баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып
алуға қатысатынынан және _____________________
(баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу (лот/-тар) бойынша тауарлардың,
жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің атауы) тауарларды жеткізуді (жұмыстарды
орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға дайын екенінен хабардармыз.
Конкурстық құжаттамамен ___ ж. "___" __________ жоғарыда аталған конкурсты
өткізу бойынша әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз
етуді банк кепілдігі түрінде енгізуі көзделген.
Осыған байланысты біз __________________ осымен (банктің атауы) Сіздің ақы
төлеуге жазбаша талабыңызды алғаннан кейін, сондай-ақ баға ұсыныстарын сұрату
тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың жеңімпазы етіп айқындалған Өнім берушіге:
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғанын;
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың
орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы
конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес
соманы (болған кезде) орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы
орындамаған, жазбаша растауды алғаннан кейін, Сіздің талабыңыз бойынша
Сізге __________________________________________________
(сома санмен және жазбаша) сомаға тең кері қайтып алынбайтын міндеттемені төлеуді
өз міндетімізге аламыз.
Осы кепілдік міндеттеме баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға
қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап күшіне енеді
Осы кепілдік міндеттеме Өнім берушінің баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен
мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін
қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ____ аяғына дейін алмасақ,
осы құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына қарамастан, толық және
автоматты түрде күшін жояды
Егер баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысу өтінімінің
қолданылу мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге
ұзартылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер
Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілгердің қолы мен мөрі | Күні мен мекенжайы |
Конкурстық құжаттамаға 19-қосымша |
Жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлері (веб-порталда қосалқы мердігердің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы расталады)
Конкурстың № ________________________
Конкурстың атауы _____________________
Лоттың № ____________________________
Лоттың атауы _________________________
№ | Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) - заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) Т.А.Ә. | Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) БСН (ЖСН) /ССН/СЕН, оның толық заңды және почталық мекенжайы, байланыс телефоны | Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) атауы | Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ақшалай мәндегі көлемі, теңге | Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) пайыздық мәндегі көлемі, % |
Осы қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы | |||||
Осы қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы | |||||
Барлық қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) бойынша жиыны |
Сотталғандарды және (немесе) жаза мерзімін өтеген не пробация қызметінде есепте
тұрған адамдарды қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) жұмысқа
орналастыруы туралы ақпарат *
№ |
Сотталған адамның және (немесе) жаза мерзімін өтеген не пробация қызметінде есепте тұрған адамның Т.А.Ә. | Мамандықтың (біліктіліктің) атауы | Біліктілігі туралы құжат (білімі туралы дипломның, сертификаттың, аттестаттың нөмірі мен берілген күнін көрсету, олардың электрондық көшірмелерін қоса беру) |
Сотталған адаммен және (немесе) жаза мерзімін өтеген не пробация қызметінде есепте тұрған адаммен жасалған еңбек шарты | Растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (сілтеме) |
Осымен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) қатысуға өтінім беретін
әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігері(лері) және (бірлесіп орындаушысы(лары)
конкурс (конкурстың толық атауын көрсету) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға
қатысудың шарттары туралы өзінің хабардар екендігін білдіреді және әлеуетті өнім
берушінің қосалқы мердігерлеріне (бірлесіп орындаушыларға) қатысты бөлігінде
конкурстық құжаттамада көзделген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті өзіне
қабылдайды.
Қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) - заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) Т.А.Ә. | Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) уәкілетті өкілінің Т.А.Ә. | Электрондық цифрлық қолтаңба |
Заңның 9-бабы 6-тармағына сәйкес әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерге (бірлесіп
орындаушыға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі жұмыстар мен
қызметтердің жалпы көлемінің екіден бірінен аспайды.
Ескертпе:
* Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің мемлекеттік
кәсіпорындары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған және олар қосалқы
мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан кезде сотталғандарды және (немесе)
жаза мерзімін өтеген не пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды қосалқы
мердігердің (бірлесіп орындаушының) жұмысқа орналастыруы туралы ақпарат
міндетті болып табылады.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 7-қосымша |
Конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасы
Конкурстың № ________________________________________
Конкурстың атауы _____________________________________
Конкурстық құжаттама жобасына ескертулерді, сондай-ақ конкурстық құжаттама
ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды қабылдау мерзімі ___ бастап ___________ дейін
Ұйымдастырушының атауы _______________________________
Конкурстық құжаттама жобасына ескерту(лер), сондай-ақ конкурстық құжаттама
ережелерін түсіндіру туралы сұрау салу(лар) мынадай шешім(дер) қабылданған өнім
беруші(лер)ге жіберілген:
№ | Әлеуетті өнім берушінің БСН (БСН)/ БСН/ТЕН | Өтініш тұрпаты (түсіндіру туралы ескерту, сұрау салу) | Өтініш мәтіні | Түсіндіру туралы ескертуді, сұрау салуды жіберу күні мен уақыты | Шешім қабылданды | Ауытқу себебі, түсіндіру мәтіні |
Осы конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер осы хаттаманы және бекітілген
конкурстық құжаттама мәтінін мемлекеттік сатып алудың веб-порталында
орналастыру сәтінен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей қабылданады
Бірінші басшы не бюджеттік бағдарламаның басшысы не оның міндетін атқаратын адам | Т.А.Ә. қолы |
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 8-қосымша |
Ашу хаттамасы (конкурстың нөмірі) бұл ретте нөмір сатып алудың тәсілі мен нөміріне байланысқан болуы тиіс (лот бойынша жекеше қалыптастырылады)
Күні мен уақыты
Тапсырыс беруші* ___________________________________________
Конкурстың № ______________________________________________
Конкурстың атауы __________________________________________
Ұйымның атауы ____________________________________________
Ұйымдастырушының мекенжайы ______________________________
Конкурсық комиссияның құрамы
№ | Т.А.Ә. | Ұйымдағы лауазымы | Комиссиядағы рөлі |
Жалпы сомасы көрсетілген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі ___________
р/с | Лоттың № | Лоттың атауы | Саны | Бірлік үшін баға | Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге |
Лоттың № ____________________________________________________
Лоттың атауы ____________________________________________
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер мынадай әлеуетті өнім берушілермен ұсынылған (өтінімдер саны):
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / СТН / ТЕН | Әлеуетті өнім берушінің мекенжайы (облыс,қала,көше, үй, пәтер) |
Өтінімдерді беру күні мен уақыты |
Конкурстық құжаттамада көзделген құжаттардың болуы (болмауы) туралы ақпарат:
Әлеуетті өнім берушінің № БСН (ЖСН) / СТН / ТЕН | ||
№ | Құжаттың атауы | Болу белгісі |
Ескертпе:
* Тапсырыс берушілер туралы мәлімет, егер тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 9-қосымша |
Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы (конкурстың нөмірі) бұл ретте нөмір сатып алудың тәсілі мен нөміріне байланысқан болуы тиіс (лот бойынша жекеше қалыптастырылады) Күні мен уақыты
Тапсырыс беруші* _____________________________________________
Конкурстың № _________________________________________________
Конкурстың атауы __________________________________________
Ұйымның атауы _______________________________________
Ұйымдастырушының мекенжайы _________________________________
Конкурсық комиссияның құрамы:
№ | Т.А.Ә. | Ұйымдағы лауазымы | Комиссиядағы рөлі |
Жалпы сомасы көрсетілген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі
___________
№ | Лоттың № | Лоттың атауы | Саны | Бірлік үшін баға | Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге |
Лоттың № ____________________________________________________
Лоттың атауы ______________________________________________
Конкусқа (лотқа) қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат туралы (хронология бойынша): (өтінімдер саны)
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН |
Өтінім берілген күні мен уақыты |
Конкурстық комиссия мүшелерінің алдын ала дауыс беру нәтижелері:
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілердің тізбесі), БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН | ||||
Комиссия мүшелерінің Т.А.Ә. | Комиссия мүшесінің шешімі | Конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себептерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы | Бас тарту себептеріне негіздеме | Конкурстық құжаттаманың талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келтірілуі қажет әлеуетті өнім берушінің өтініміндегі құжаттар тізбесі | |
Конкурсқа қатысуға бас тартылған өтінімдер: (өтінімдер саны):
р/с | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН | Бас тарту себебі |
Конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысуға өтінімдер: (өтінімдер саны)
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН |
Әлеуетті өнім берушілер конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына
сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерін берудің соңғы күні мен уақыты:
мемлекеттік сатып алудың веб-порталында осы хаттаманы жариялаған сәттен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей.
Ескертпе:
* Тапсырыс берушілер туралы мәлімет, егер тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 10-қосымша |
Қорытындылар туралы хаттама (конкурс нөмірі) бұл ретте нөмір сатып алудың тәсілі мен нөміріне байланыстырылуы тиіс (әрбір лотқа жеке қалыптастырылады)
Күні мен уақыты
Тапсырыс беруші* ___________________________________
Конкурстың № ______________________________________
Конкурстың атауы ___________________________________
Ұйымдастырушының атауы ___________________________
Ұйымдастырушының мекенжайы _______________________
Конкурстық комиссияның құрамы
№ | Т.А.Ә. | Ұйымдағы лауазымы | Комиссиядағы рөлі |
Жалпы сомасын көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі___________
№ | Лоттың № | Лоттың атауы | Саны | Бірлік үшін баға | Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге |
Лот № __________________________________________
Лот атауы __________________________________________________
Конкурсқа (лотқа) қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат:
(хронология бойынша) (өтінімдер саны)
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН |
Өтінім берілген күні мен уақыты |
Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес
келтірілгенконкурсқа қатысуға өтінімдер туралы ақпарат (осы ақпарат конкурсқа
қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы болған кезде орналастырылады) (өтінімдер саны):
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / ССН/ТЕН | Өтінімді қайтадан беру күні мен уақыты (хронология бойынша) |
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде мынадай құжаттар сұралды
(Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 27-бабының 5-тармағына сәйкес сұрау салу
жүзеге асырылған жағдайда толтырылады):
№ | Сұрау салу жіберілген ұйымның/тұлғаның атауы | Сұрау салу жіберілген күн | Сұрау салудың қысқаша сипаттамасы | Сұрау салуға жауап беру күні |
Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілердің тізбесі), БСН (ЖСН)/ ССН / ТЕН | ||||
Комиссия мүшесінің Т.А.Ә. | Шартты жеңілдік % | Комиссия мүшесінің шешімі | Ауытқу себебі | Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, қабылдамау себептерінің егжей-тегейлі сипаттамасы | |
Конкурсқа қатысуға қабылданбаған өтінімдер (өтінімдер саны):
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / ССН/ТЕН | 1-ші қабылдамаудың себебі |
____________________________________
____________________________________ үш мәтіндік мәннен тұратын
1-анықтамалық: (біліктілік талаптарына сәйкес еместігі, конкурстық құжаттама
талаптарына сәйкес еместігі, Заңның 6-бабының талаптарын бұзушылық)
Конкурсқа қатысуға келесі өтінімдер жіберілді (өтінімдер саны):
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / ССН/ТЕН |
Осы конкурсқа қатысуға ұсынылған конкурсқа қатысуға барлық өтінімдерге осы
Қағидалардың 243-тармағында тең болған кезде көзделген өлшемшарттардың
салыстырмалы мәнін қолдану нәтижелері туралы ақпарат:
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / ССН / НП | Шартты жеңілдіктер, % | ||||||
Ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жылдағы жұмыс тәжірибесі | Төленген салықтардың көрсеткіші | Тауарлардың функционалдық сипаттамалары | Тауарлардың техникалық сипаттамалары | Тауарлардың сапалық сипаттамалары | Тауарлардың пайдалану сипаттамалары | Жалпы шартты жеңілдік, % | |||
Конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын есептеу:
№ | Ә/ өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ ССН/ТЕН | Бөлінген сома | Өнім берушінің бағасы | Заңның 26-бабына сәйкес сома | Шартты жеңілдік мөлшері, % | Шартты жеңілдік ескерілген баға | Қаржылық тұрақтылық көрсеткіші | Өтінімді беру күні мен уақыты |
Конкурстық комиссияның шешімі:
1. № ___ лот бойынша жеңімпаз болып анықталсын: (жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН, атауы), екінші орын алған әлеуетті өнім беруші (екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН, атауы).
2. Тапсырыс беруші (тапсырыс берушінің атауы) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленгенмерзімде (жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН, атауы) мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасассын.
Не:
№___ лот бойынша мемлекеттік сатып алу (сатып алудың атауы): _____________________ *байланысты өткізілмеді деп танылсын.
Ескертпе:
*Мынадай мәндердің бірі: "берілген өтінімдердің болмауы", "екіден кем өтінім беру", "конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеді", "конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілді".
Не:
Сатып алудың күшін жою жүргізілген, оған мыналар негіз болып табылады: Уәкілетті мемлекеттік органдардың ___жылғы ___айдағы ___ күнгі № __актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыныс, шешім).
Күшін жою туралы шешім қабылдаған орган: (_____________________).
Не:
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 13-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тарту жүргізілді.
Ескертпе:
* Егер тапсырыс беруші бірнеше болса, тапсырыс беруші туралы ақпарат көрсетілмейді.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушінің есептік нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 11-қосымша |
Қаржылық тұрақтылық көрсеткішін есептеу формуласы
ҚТК = КК + ТСК + ЕТҚК,
мұнда:
ҚТК – әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығының көрсеткіші;
КК – мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде мынадай тәртіппен пайыздық қатынаста есептелетін әлеуетті өнім берушінің кіріс көрсеткіші.
КК = КС / МСС x 100%,
мұнда:
КС – мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішіндегі әлеуетті өнім берушінің кіріс сомасы;
МСС – мемлекеттік сатып алу (лоттың) сомасы.
Егер әлеуетті өнім берушінің табыс көрсеткіші осындай көрсеткіштің ең төменгі мәнінен (50%) асып кеткен жағдайда, онда әрбір нөл бүтін оннан бір (0,1%) асатын әрбір пайыз үшін веб-портал автоматты түрде нөл бүтін жүзден бес пайыз (0,05%) мөлшерінде қосымша пайыз есептейді.
ТСК –есептелетін үш жылдық кезең ішінде пайыздық қатынаста төленген салықтардың көрсеткіші, ол мынадай тәртіппен есептеледі.
ТСК = ТС / КС х 100%,
мұнда:
ТС – есептелген үш жылдық кезең үшін төленген салықтар сомасы;
КС – мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішіндегі әлеуетті өнім берушінің кіріс сомасы;
Егер әлеуетті өнім берушінің төленген салықтарының көрсеткіші осындай көрсеткіштің ең төменгі мәнінен (3%) асып кеткен жағдайда, онда әрбір нөл бүтін оннан бір пайыздан (0,1%) асатын әрбір пайыз үшін веб-портал автоматты түрде нөл мақсат мөлшерінде қосымша пайызы он бес пайызды (0,5%) есептейді.
ЕТҚК – мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде әлеуетті өнім берушінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қорының мынадай тәртіппен пайыздық қатынаста есептелетін көрсеткіші.
ЕТҚК = ЕТҚ / МСС x 100%,
мұнда:
ЕТҚ – мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішіндегі әлеуетті өнім берушінің еңбекақы төлеу қорының сомасы;
МСС – мемлекеттік сатып алу сомасы.
Егер әлеуетті өнім берушінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қорының көрсеткіші осындай көрсеткіштің ең төменгі мәнінен (6,6%) асып кеткен жағдайда, онда әрбір нөл бүтін оннан бір (0,1%) асатын әрбір пайыз үшін веб-портал автоматты түрде нөл бүтін оннан бір (0,1%) пайыз мөлшерінде қосымша пайыз есептейді.
Қаржылық тұрақтылық көрсеткішін есептеу формуласына 1-қосымша |
Әлеуетті өнім берушінің сатып алу бойынша құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын қаржылық тұрақтылық көрсеткішін есептеу
№ | Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері | Қосымша пайыздар есептелетін ең төменгі мән | Ең төменгі мәннің 0,1 пайызынан асатын әрбір қадам | Көрсеткіштің шекті мәні |
1 | КК | 50,0 | 0,05% | 25% |
2 | ТСК | 3,0 | 0,50% | 135% |
3 | ЕТҚК | 6,6 | 0,10% | 50% |
ЖИЫНЫ | 210 |
Қаржылық тұрақтылық көрсеткішін есептеу формуласына 2–қосымша |
Мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушінің құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен төрт жүз мың еселенген мөлшеріне дейінгі шектегі қаржылық тұрақтылық көрсеткішін есептеу
№ | Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері | Асып кеткен кезде қосымша пайыздар есептелетін ең төменгі мән | Ең төменгі мәннің 0,1 пайызынан асатын әрбір қадам | Көрсеткіштің шекті мәні |
1 | КК | 50,0 | 0,05% | 50% |
2 | ТСК | 3,0 | 0,50% | 65% |
3 | ЕТҚК | 6,6 | 0,10% | 70% |
ЖИЫНЫ | 185 |
Қаржылық тұрақтылық көрсеткішін есептеу формуласына 3–қосымша |
Мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушінің құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен сегіз жүз мың еселенген мөлшеріне дейінгі шектегі қаржылық тұрақтылық көрсеткішін есептеу
№ | Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері | Асып кеткен кезде қосымша пайыздар есептелетін ең төменгі мән | Ең төменгі мәннің 0,1 пайызынан асатын әрбір қадам | Көрсеткіштің шекті мәні |
1 | КК | 50,0 | 0,05% | 100% |
2 | ТСК | 3,0 | 0,50% | 65% |
3 | ЕТҚК | 6,6 | 0,10% | 100% |
ЖИЫНЫ | 265% |
Қаржылық тұрақтылық көрсеткішін есептеу формуласына 4-қосымша |
Мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушінің құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз жүз мың еселенген мөлшерінен бір миллион алты жүз мың еселенген мөлшеріне дейінгі шектегі қаржылық тұрақтылық көрсеткішін есептеу
№ | Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері | Асып кеткен кезде қосымша пайыздар есептелетін ең төменгі мән | Ең төменгі мәннің 0,1 пайызынан асатын әрбір қадам | Көрсеткіштің шекті мәні |
1 | КК | 50,0 | 0,05% | 200% |
2 | ТСК | 3,0 | 0,50% | 65% |
3 | ЕТҚК | 6,6 | 0,10% | 100% |
ЖИЫНЫ | 365% |
Қаржылық тұрақтылық көрсеткішін есептеу формуласына 5-қосымша |
Мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушінің құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір миллион алты жүз мың еселенген мөлшерінен үш миллион екі жүз мың еселенген мөлшеріне дейінгі шектегі қаржылық тұрақтылық көрсеткішін есептеу
№ | Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері | Асып кеткен кезде қосымша пайыздар есептелетін ең төменгі мән | Ең төменгі мәннің 0,1 пайызынан асатын әрбір қадам | Көрсеткіштің шекті мәні |
1 | КК | 50,0 | 0,05% | 500% |
2 | ТСК | 3,0 | 0,50% | 65% |
3 | ЕТҚК | 6,6 | 0,10% | 100% |
ЖИЫНЫ | 665% |
Қаржылық тұрақтылық көрсеткішін есептеу формуласына 6-қосымша |
Мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушінің құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш миллион екі жүз мыңға еселенген мөлшерінен асатын қаржылық тұрақтылық көрсеткішін есептеу
№ | Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері | Асып кеткен кезде қосымша пайыздар есептелетін ең төменгі мән | Ең төменгі мәннің 0,1 пайызынан асатын әрбір қадам | Көрсеткіштің шекті мәні |
1 | КК | 50,0 | 0,05% | 700% |
2 | ТСК | 3,0 | 0,50% | 65% |
3 | ЕТҚК | 6,6 | 0,10% | 100% |
ЖИЫНЫ | 865% |
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 12-қосымша |
Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне қосу шарттары
№ | Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы | Тізбеге қосу шарттары | Ескерту |
1. | Сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізілген, бағдарламалық қамтамасыз етуге және электрондық өнеркәсіп өнімінің санатына (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауыштарына сәйкес) жататын тауарлар | Әлеуетті өнім берушінің тауары ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде болуы | Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыратын, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады |
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 13-қосымша |
Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесі ________________________________________________________________ (қызмет ету саласы біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесіне сәйкес)
Білікті әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат | ||||
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | Әлеуетті өнім берушінің елі | БСН, ЖСН(ССН, ЖД СШН, ТЕН) | Әлеуетті өнім беруші Тізбеге** қосуға негіз болған құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні |
Ескертпе:
* Құрылыс-монтаждау жұмыстарын мемлекеттік сатып алу бойынша білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесі әрбір конкурсқа жеке қалыптастырылады.
** Бұл талап құрылыс-монтаждау жұмыстарын мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмері;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмері;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмері;
ТЕН – төлеушінің есептік нөмірі;
ЖДШСН – жеке дербес шоттың сақтандыру нөмірі.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 14-қосымша |
Тапсырыс берушінің атауы __________________________________
Сұрау салудың нөмірі мен күні _______________________________
Сатып алудың атауы ________________________________________
Баға ұсынысын беру туралы сұрау салу
________________________ (Тапсырыс берушінің атауы) осымен негіздемелік келісімді
пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ниеті туралы
хабарлайды_____________ (үлгілік конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған техникалық
ерекшелікке сәйкес сатып алу түрін таңдау: тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет):
Лоттың № | Тапсырыс берушінің атауы | Қызметтің атауы * | Өлшем бірлігі | Қызметкерлер саны | Қызмет көрсету мерзімі | Қызмет көрсету орны | Лот бойынша бөлінген сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Осыған байланысты, жеңімпазды анықтау мақсатында Сіздің баға ұсынысыңызды осы
сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жолдауыңызды сұраймыз.
Қосымша: техникалық ерекшелік және шарт жобасы.
_______________________________________________________
(тапсырыс берушінің лауазымы) (қолы) тегі, аты, әкесінің аты
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 15-қосымша |
|
Бекітемін: |
_________________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің (бірыңғай ұйымдастырушының) толық атауы)
_________________________________________________________________________
(аукциондық құжаттаманы бекіткен адамның Т.А.Ә.)
Шешім №_____ күні _________
АУКЦИОНДЫҚ ҚҰЖАТТАМА
_______________________________________________________________________
(аукцион атауы)
Тапсырыс беруші (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін ұйымдастырушылар
үшін көрсетілмейді) _______________________________________________________
(атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)
Тапсырыс берушінің өкілі (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін
ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)_______________________________________
(Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
Ұйымдастырушы (бірыңғай ұйымдастырушы) __________________________________
(атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)
Ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) өкілі_______________________
(Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
Аукциондық комиссияның хатшысы __________________________________________
(Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Аукцион қоса беріліп отырған аукцион нысанасына (лотына) сәйкес өнім берушіні (лерді) таңдау мақсатында жүргізіледі.
2. Осы аукциондық құжаттама (бұдан әрі - АҚ) өзіне мыналарды:
1) жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес осы АҚ-ға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарды жеткізу шарттарын;
2) осы АҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес аукционға қатысу туралы келісімді;
3) осы АҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасының нысанын;
4) осы АҚ-ға 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарының нысанын;
5) осы АҚ-ға 5-қосымшаға сәйкес тауарларды жеткізу үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтің нысанын;
6) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттарды көрсете отырып, техникалық ерекшеліктің нысанын қамтиды. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, осы АҚ-ға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды нормалауды ескере отырып, сатып алынатын тауарлардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.
Бұл ретте техникалық ерекшелікте жеткізілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттардың ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды беру туралы өнім берушілерге қойылатын талап қамтылады;
7) осы АҚ-ға 7-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім беруші әрбір лотқа жеке-жеке беретін сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігінің нысанын;
8) осы АҚ-ға 8-қосымшаға сәйкес аукционға қатысуға қамтамасыз етуді енгізу үшін банктік кепілдіктің нысанын қамтиды.
3. Осы аукционға бөлінген сома __ теңгені құрайды.
4. Аукционға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтініммен бірге төменде тізбеленген нысандардың бірінде тауарларды сатып алуға бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді:
1) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;
2) осы АҚ-ға 8-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.
5. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі аукционға қатысуға өтінімнің өзінің қолданылу мерзімінен кем болуы мүмкін емес.
2. Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау, ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің аукциондық құжаттама ережелерін түсіндіруі
6. АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау, олар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтитын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде жүзеге асырылмайды.
7. АҚ-ның жобасына ескертулерді, сондай-ақ АҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы тапсырыс берушіге, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберулері мүмкін.
8. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде АҚ-ның жобасына ескертулер, сондай-ақ АҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болмаған кезде АҚ бекітілген болып саналады.
9. Ескертулер, сондай-ақ АҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған кезде тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдерді қабылдайды:
1) АҚ-ның жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
2) оларды қабылдамауына негіздемелерін көрсете отырып, АҚ-ның жобасына ескертулерді қабылдамайды;
3) АҚ-ның ережелеріне түсіндірме береді.
АҚ-ның жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда, АҚ-ны бекіткен сияқты тәртіппен веб-порталда өзгертілген АҚ-ны бекіту туралы шешім қабылданады.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен бастап АҚ бекітілген болып саналады.
10. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы АҚ бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастыруға міндетті.
АҚ-ның жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасымен бірге АҚ-ның бекітілген мәтінін де орналастырады.
11. АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасында АҚ-ның жобасына келіп түскен ескертулер мен олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпаратты қамтиды.
12. АҚ-ның жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім қабылданған жағдайда оларды қабылдамау себептерінің егжей-тегжейлі негіздемесі АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
13. АҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілерден сұрау салулар келіп түскен кезде АҚ-ның ережелеріне түсіндіру мәтіні АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрініс табады.
14. Алдын ала талқылау нәтижелері бойынша тапсырыс берушінің шешімі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) айқындалған тәртіппен шағымдалуы мүмкін.
3. Әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімді ресімдеуіне және оны ұсынуына қойылатын талаптар
15. Аукционға қатысуға өтінім веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында беріледі және осы АҚ-да көзделген шарттар мен талаптарға сәйкес тауарды жеткізуге аукционға қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіру нысаны, сондай-ақ өзі туралы, Заңның 6-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулеріне сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға әлеуетті өнім берушінің келісімі болып табылады.
16. Әлеуетті өнім беруші өтінімді қалыптастыру алдында осы АҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес аукционға қатысу туралы келісімді қабылдайды.
17. Аукционға қатысуға өтінім мыналарды:
1) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелерін не оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын электрондық құжаттарды;
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығын растайтын рұқсаттарды (хабарламаларды) және (немесе) патенттерді, куәліктерді, сертификаттарды, басқа да құжаттарды;
осы АҚ-ға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
2) сатып алынатын тауарларға ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттарды көрсете отырып техникалық ерекшелікті қамтиды. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, сатып алынатын тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, оның ішінде тауарлық белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, фирмалық атауларын, патенттерін, пайдалы моделдерін, өндірістік үлгілерін, тауардың шыққан жерінің атауы мен өндірушінің атауын және өзге де сипаттамаларын көрсете отырып, осы АҚ-ға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі. Қажет болған жағдайда техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.
Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінде өндірушілерден не олардың ресми өкілдерінен (делдалдардан немесе дистрибьюторлардан) алынған хаттардың (сертификаттарының, куәліктерінің), техникалық паспорттардың, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінде көрсетілген өнімдердің сәйкестік сертификаттарының көшірмелері болуы туралы талаптарды көрсетуге жол беріледі.
Егер өнімдердің техникалық паспорттары, сәйкестік сертификаттары және басқа тапсырыс беруші талап ететін құжаттар тауарды сатып алу кезінде не Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, оларды белгіленген тәртіппен тіркеу кезінде берілсе, ондай жағдайда әлеуетті өнім беруші тауарларды жеткізген кезде осындай құжаттарды ұсыну туралы кепілдік хатын ұсынуы тиіс;
3) аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді Заңда белгіленген мөлшерде мынадай:
әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;
осы АҚ-ға 7-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік түрінде;
4) осы АҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасын қамтиды.
18. Аукциондық өтінімнің қолданылу мерзімі аукциондық өтінімдерді ашу күнінен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күнді құрауы тиіс.
19. Аукционға қатысуға өтінімде қамтылатын қағаз құжаттардың электрондық көшірмелері бейненің түсіне қарамастан, дәл және анық болуы тиіс.
20. Аукционға қатысуға өтінім, сондай-ақ аукционға қатысуға өтінімге қатысты бүкіл хат-хабарлар мен құжаттар әлеуетті өнім берушінің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жасалады және беріледі.
Оларды әлеуетті өнім беруші басқа тілде жасаған және ұсынған жағдайда оларға дәл (нотариалдық расталған)
4. Аукционға қатысуға өтінімді ұсыну тәртібi
21. Аукционға қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында береді.
22. Әлеуетті өнім берушілер берген аукционға қатысуға өтінімдер автоматты түрде веб-порталда электрондық өтінімдер журналында тіркеледі.
23. Аукционға қатысуға өтінім берген өнім берушіге тиісті хабарламаны веб-порталмен автоматты түрде жіберген сәтте аукционға қатысуға берілген өтінім қабылданған болып есептеледі.
24. Әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға берген өтінімі мынадай:
1) егер әлеуетті өнім беруші бұрын осы аукционға қатысуға өтінім берген;
2) аукционға қатысуға берілген өтінім осы аукционға қатысуға берілетін өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін түскен;
3) бастапқы баға осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;
4) Заңның 6-бабының 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларында веб-порталдан автоматты түрде кері қайтарылады.
25. Әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасы теңгемен көрсетіледі.
5. Аукционға қатысуға өтінімдерді өзгерту және оларды кері қайтарып алу
26. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталатын күннен кешіктірмей мыналарға:
1) енгізілген аукционға қатысуға өтінімін өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
2) өзі енгізген аукционға қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің аукционға қатысуға өтінімін қайтарып алуға құқылы.
27. Аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі біткеннен кейін аукционға қатысуға өтінімді қайтарып алу сияқты, оған өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
28. Әлеуетті өнім беруші, оның аукционға қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, аукциондық комиссия, сараптау комиссиясы (сарапшы) аукционның қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.
6. Аукционды өткізу
29. Аукцион веб-порталда нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады, оларды өткізуді мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор қамтамасыз етеді.
30. Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте аукцион нысанасы тауар болып табылады.
31. Аукцион веб-порталда аукциондық құжаттамада көрсетілген күні мен уақытында өткізіледі.
32. Аукционды өткізу күні аукционға қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткен күннен кейінгі жұмыс күні болып табылады.
Аукцион басталатын уақыт Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18-00-ден кешіктірілмей белгіленеді.
33. Аукцион, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан бастап, баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету жолымен жүргізіледі.
34. Аукцион адымы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасының жарты пайызынан бастап бес пайызына дейін құрайды.
35. Аукционды өткізу кезінде бірыңғай оператор аукцион өткізу мерзімі аяқталғанға дейін әлеуетті өнім берушілердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.
36. Аукцион өткізу кезінде аукционға қатысуға өтінімдерді беру күні мен уақытына байланысты аукционға қатысушыларға нөмір беріледі.
37. Әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерін беру күні мен уақыты аукцион хаттамасында белгіленеді.
38. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар баға туралы ағымдағы ең төменгі ұсынысты аукцион адымы шегіндегі шамаға төмендетуді көздейтін, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстарын береді.
39. Аукционды өткізу кезінде аукционның кез келген қатысушысы ағымдағы ең төмен ұсыныс болмаған жағдайда аукцион адымына қарамастан, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан төмендетілген, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы.
40. Аукционға қатысушы, егер өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы мұндай ұсынысты аукционның осы қатысушысы берген жағдайда, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсыныстан төмен болатын ұсынысты беруге құқығы жоқ.
41. Аукционға қатысушылардың өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейінгі он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың неғұрлым төмен бағасы туралы бір де бір ұсыныс келіп түспесе, аукцион аяқталады.
42. Веб-портал осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аукцион хаттамасын автоматты түрде қалыптастырады.
Егер аукционның басқа бір қатысушысы ұсынған, өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың аукционның басқа бір қатысушысы ұсынған бастапқы бағасына тең бастапқы баға ұсынылса, онда аукционның мәні болып табылатын тауардың бастапқы бағасы туралы басқа ұсыныстардан бұрын келіп түскен ұсыныс ең төмен бастапқы баға болып танылады
43. Егер өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың аукционға басқа қатысушы ұсынған бастапқы бағаға тең бастапқы бағасы ұсынылған жағдайда, басқа ұсыныстардан бұрын келіп түскен тауардың бастапқы бағасы ең төмен бастапқы баға деп танылады.
44. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейін отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде-бірі өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс бермеген жағдайда, бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші аукционның бірінші орнын алған әлеуетті өнім беруші болып танылады.
7. Аукционға қатысуға өтінімдерді қарау
45. Аукционға қатысуға өтінімдерді қарауды біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында аукциондық комиссия жүзеге асырады.
46. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдерді қарауды бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім берушінің өтінімінен бастайды.
47. Егер әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия мұндай өтінімді біліктілік талаптарына және АҚ талаптарына сәйкес келеді деп таныған жағдайда, осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама қалыптастырылады. Бұл ретте аукционға қалған қатысушылардың өтінімдері ашылмайды.
48. Егер әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия мұндай өтінімді біліктілік талаптарына және АҚ талаптарына сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы аралық хаттама қалыптастырылады. Мұндай жағдайларда аукциондық комиссия бағасы ең төмен бағадан кейінгі болып табылатын әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарауға көшеді.
49. Әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан аукционға қатысуға арналған әрбір өтінімін аукциондық комиссия аукцион өткізілген және (немесе) мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы аралық хаттама орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды.
50. Аукционға қатысуға өтінімдерді қарау кезінде аукциондық комиссия:
1) аукционға қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді сұратуға;
2) аукционға қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында веб-портал арқылы тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
51. Аукционға қатысуға өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, аукционға қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты аукциондық комиссияның сұрау салуына және өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.
52. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келеді деп қарайды.
53. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама аукциондық комиссияның барлық мүшелерін және аукционға қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта арқылы бір мезгілде хабардар ете отырып, біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес деп танылған әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарау аяқталған күні веб-портал автоматты түрде қалыптастырылады және орналастырылады.
54. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамада мыналар:
1) Заңның 34-бабы 6-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес аукциондық комиссияның сұрау салулары туралы ақпарат;
2) аукционға қатысуға өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің қабылданбау себептері егжей-тегжейлі сипатталып, оның ішінде олардың біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, олар туралы ақпарат;
3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.
55. Әлеуетті өнім беруші мынадай жағдайларда:
1) өзі және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалған;
2) Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған. Заңның 6-бабының 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде кері қайтаруына жатады. Заңның 6-бабының 1-тармағының 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша аукциондық комиссия тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарындағы ақпаратты қарастырады.
3) егер оның аукционға қатысуға өтінімі АҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп айқындалған жағдайда аукционға қатысуға (аукционға қатысушы деп тануға) жіберілмейді.
8. Аукционға қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару
56. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде әлеуетті өнім берушіге электрондық банктік кепілдік түрінде енгізілген аукционға қатысуға өтiнiмін қамтамасыз етуді:
1) аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін осы әлеуетті өнім беруші өзінің аукционға қатысуға өтінімін қайтарып алған жағдайларда аукцион хаттамасын орналастырғанда;
2) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылғанда қайтарады. Аталған жағдай аукцион жеңімпазы болып айқындалған аукционға қатысушыға қолданылмайды;
3) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойғанда және оның АҚ-да көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгенде қайтарады.
57. Бірыңғай оператор әлеуетті өнім берушіге өзі бұғаттаған аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:
1) осы әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің аукционға қатысуға өтінімін кері қайтарып алған;
2) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда автоматты түрде бұғаттан шығарады. Аталған жағдай аукцион жеңімпазы болып айқындалған аукционға қатысушыға қолданылмайды;
3) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойған және ол АҚ-да көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген жағдайларда автоматты түрде бұғаттан шығарады.
58. Электрондық банктік кепілдік түрінде енгізілген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұйымдастырушы мынадай:
1) аукцион жеңiмпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
2) аукционның жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, АҚ белгіленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаған не тиісті түрде, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайлардың бiреуi туындаған кезде аукционға қатысуға өтiнiмді қамтамасыз етуді қайтармайды.
59. Электрондық әмиян арқылы енгізілген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бірыңғай оператор бұғаттайды және мынадай:
1) аукцион жеңiмпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
2) аукцион жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы АҚ-да белгіленген талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.
9. Аукцион қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алуы туралы шарт
60. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалады.
Веб-портал автоматты түрде айқындайтын Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген шектеулері бар тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес үлгілік шартқа сай жасалған шарттың жобасын жеңімпазға аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағым жасау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.
61. Өнім берушіні таңдау рәсімдері, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары шеңберінде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағым жасау рәсімдері тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілгенге дейін аяқталған жағдайларда, шарттың жобасы жеңімпазға тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.
62. Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес шарттың жобасын аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы шарттың жобасын қоса бере отырып, веб-порталға хабарлама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырады.
63. Тапсырыс беруші аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге электрондық шартты ресімдеу үшін шартқа қол қоятын тұлға және өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерге сұрау салу жібереді.
64. Әлеуетті өнім беруші веб-порталда тиісті сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді және өнім берушінің деректемелерін толтырады және растайды.
Әлеуетті өнім берушінің шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді растауы және оның деректемелері болмаған жағдайда, тапсырыс беруші веб-порталда орналастырылған әлеуетті өнім берушінің тіркеу деректеріне сәйкес шартқа қол қояды.
65. Тапсырыс беруші Қағидалардың 64-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің мәліметтерді растау мерзімі өткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарт жобасын қалыптастырады және әлеуетті өнім берушіге қол қою үшін жібереді.
66. Өнім беруші Заңда және Қағидаларда белгіленген мерзімде веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен шартқа қол қояды.
67. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші Заңда және осы Қағидаларда белгіленген мерзімде шарт жобасына қол қоймаса, тапсырыс беруші жеңімпаз шарт жасасудан жалтарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жеңімпазға үш жұмыс күні ішінде шарт жобасына қол қою қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
68. Егер әлеуетті өнім беруші веб-портал арқылы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге қол қойылған шартты ұсынбаса, тапсырыс беруші осындай әлеуетті өнім берушімен шарт жасасудың күшін жояды.
69. Заңның 43-бабының 22-тармағына сәйкес шарт бойынша тауарларды жеткізудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге жұмсалатын мерзімнен кем емес, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күнді құрайды.
70. Егер заңда белгіленген мерзімдерде жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушіге қол қойылған шартты ұсынбаған немесе шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеген жағдайда, онда мұндай әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған деп танылады
71. Жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда, ұйымдастырушы өзі енгізген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді электрондық банк кепілдігі түрінде ұстап қалады.
72. Жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда, бірыңғай оператор әлеуетті өнім берушіге аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету жөніндегі электрондық әмияннан бұғатталған соманы автоматты түрде қайтармайды.
73. Заңның 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган шешім шығарған кезде, оның ішінде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының уәкілетті органның осындай шешіміне шағым жасау кезеңінде шарт жасалуы мүмкін емес.
74. Өнім беруші шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) енгізеді.
75. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
Егер шартта аванс төлеу көзделген болса, өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.
Өнім беруші аванстың толық сомасынан не аванстың бір бөлігінен бас тартуға құқылы. Өнім беруші аванстан ішінара бас тартқан жағдайда аванстың бір бөлігіне тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.
Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына қарай тапсырыс беруші өнім берушінің жазбаша хабарламасы бойынша авансты орындауды қамтамасыз ету мөлшерін шартта көзделген орындалған міндеттемелерге бара-бар азайтады.
76. Қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын шарт жасалған жағдайда ағымдағы қаржы жылына шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген шарттың жылдық сомасы негізге алына отырып есептеледі.
77. Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етудің және авансты (егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс көзделген жағдайда) қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
1) өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақшаны;
2) Қағидаларға 38-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдікті;
3) Заңның 43-бабының 11-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын таңдай алады.
78. Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) енгізген кезде бірыңғай оператор электрондық әмиян арқылы өнім беруші шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындағанға дейін тиісті соманы автоматты түрде бұғаттайды.
79. Бірыңғай оператор өнім беруші шарт бойынша міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өнім берушінің электрондық әмиянына шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін енгізілген ақша сомасын, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) автоматты түрде қайтаруды жүзеге асырады.
80. Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін электрондық әмияндағы ақшаның тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
81. Тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (болған кезде) электрондық банктік кепілдік түрінде енгізілген қамтамасыз ету сомасын өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ өнім беруші шарттың қолданылу кезеңінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету тәсілін ауыстыруды ұсынған жағдайда, қамтамасыз ету сомасын қайтарады.
82. Бірыңғай оператор өнім берушінің өзі бұғаттаған шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ өнім беруші шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде демпингке қарсы шаралар қабылдаған жағдайда (болған кезде) қамтамасыз ету сомасын автоматты түрде бұғаттайды және электрондық әмиянына қайтаруды жүзеге асырады.
83. Шарттың сомасы азайған жағдайда, тапсырыс беруші өнім берушінің сұрау салуы және тапсырыс берушінің қайтаруды растауы бойынша жасалған шартқа өзгерістер енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оған электрондық банк кепілдігі түрінде енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді төмендетілген сомаға барабар мөлшерде қайтарады.
Өнім беруші шарт сомасын ұлғайтуға келіскен жағдайда, өнім беруші жасалған шартқа өзгерістер енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге ұлғайған сомаға барабар мөлшерде электрондық банк кепілдігі түрінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қосымша енгізеді.
84. Өнім берушінің сұратуы бойынша шарттың сомасы азайған және тапсырыс беруші қайтаруды растаған жағдайда, бірыңғай оператор жасалған шартқа өзгерістер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өнім берушінің енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді төмендетілген сомаға барабар мөлшерде бұғаттаудан шығарады.
Өнім беруші шарт сомасын ұлғайтуға келіскен жағдайда, өнім беруші жасалған шартқа өзгерістер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырыс берушіге электрондық әмияндағы ақшадан бара-бар түрде ұлғайтылған сома мөлшерінде қосымша енгізеді.
85. Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына қарай тапсырыс беруші өнім берушінің сұрау салуы бойынша электрондық банк кепілдігі түрінде енгізілген авансты орындауды қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алу туралы шартта көзделген орындалған міндеттемелерге бара-бар азайтады.
86. Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына қарай бірыңғай оператор өнім берушінің сұратуы бойынша және тапсырыс берушінің веб-портал арқылы қайтаруды растауы бойынша шартта көзделген орындалған міндеттемелерге пропорционалды түрде электрондық әмияннан енгізілген авансты орындауды қамтамасыз ету мөлшерінің құлпын ашады.
87. Өнім беруші шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші не бірыңғай оператор енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ жиынтығында мынадай талаптар сақталған кезде демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасын (болған кезде) қайтарады:
1) өнім берушінің тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуі;
2) шарттық міндеттемелерді толық орындау;
3) тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтаруды, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасын (бар болса) растағанда жүзеге асырады.
88. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасы (болған кезде) тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне есепке жатқызылады.
89. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді (егер шартта аванс көзделген жағдайда), сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда электрондық банк кепілдігі түрінде енгізілген қамтамасыз ету сомасын (болған кезде) тапсырыс беруші өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына не тиісінше орындамауына байланысты шарт бұзылған жағдайда өнім берушіге қайтармайды.
90. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда электрондық әмиян арқылы енгізілген қамтамасыз ету сомасын (болған кезде) бірыңғай оператор бұғаттайды және өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына не тиісінше орындамауына байланысты шарт бұзылған жағдайда өнім берушіге қайтармайды.
91. Бірыңғай оператор тапсырыс берушіден веб-портал арқылы өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушінің электрондық әмиянынан шартты орындау бойынша бұғатталған ақшаны, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (бар болса) қамтамасыз ету сомасын тапсырыс берушінің өтінішінде көрсетілген шотқа аударуды, шартты орындауды, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасын (бар болса) жүзеге асырады.
Ескерту
* аукционға қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуге қатысты аукциондық құжаттама ережелері Заңның 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде көрсетілмейді.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.
Аукциондық құжаттамаға 1-қосымша |
Тауарды жеткізу шарттары (бекітілген жылдық жоспар негізінде қалыптастырылады)
Аукцион №_____________________________
Аукцион атауы__________________
№ лот | Тапсырыс берушінің атауы | Тауардың атауы* | өлшем бірлігі | Саны, көлемі | жеткізу шарттары (ИНКОТЕРМС 2010 сәйкес) | Тауарларды жеткізу мерзімі | Тауарларды жеткізу орны | Аванстық төлем мөлшері, % | Лот бойынша бөлінген сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
* Тауарлардың толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшеліктерде көрсетіледі.
Аукциондық құжаттамаға 2-қосымша |
Аукционға қатысу туралы келісім
Осымен берілген мемлекеттік сатып алуға аукцион тәсілімен әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға және тауардың (лардың) жеткізілімін АҚ көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес жүзеге асыруға келісім беруге, сондай-ақ Заңның 6-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шарттарына сәйкес біздің келісімімізді растайтын мәліметтерді алуға келісім беруге тілек білдіреміз.
Осымен Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзушылықтардың болмауын, сондай-ақ менімен (әлеуетті өнім беруші) және тапсырысшы және (немесе) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы арасында Заңда тыйым салынған қатынастардың болмауын растаймыз және Заңның 43-бабының 19-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісім береміз.
Аукциондық құжаттамамен танысқанымызды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және аукциондық комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (жеткізілетін тауарды (ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгенімізді растаймыз.
Аукционға қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергеніміз үшін жауапкершілікті өзімізге толық аламыз.
Біздің аукционға қатысуға өтініміміз конкурстық құжаттамада талап етілетін мерзім ішінде қолданылатын болады.
Біздің өтініміміз аукционда жеңді деп танылған және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда біз аукциондық құжаттамада көрсетілген мөлшерде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгіземіз және мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға байланысты ақпаратты ашуға (тауарларды жеткізуге арналған жүкқұжат (акт) келісім білдіреміз.
Біздің аукционға қатысуға берген өтініміміз оны жеңді деп тану туралы хабарламамен бірге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу сәтіне дейін тапсырыс беруші мен біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін орындайтын болады.
Аукциондық құжаттамаға 3-қосымша |
Әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасы
Аукционның №__________________________________________
Аукционның атауы_______________________________________
Лоттың №______________________________________________
Лоттың атауы___________________________________________
Өнім берушінің атауы____________________________________
БСН/ЖСН/СЖН/ТЕН_____________________________________
Өнім берішінің банк деректемелері__________________________
Баға ұсынысының валюта атауы_____________________________
Өлшем бірлігі____________________________________________
Барлық шығыстарды және жеңілдіктерді есепке алғандағы бірлік бағасы __
Саны (көлемі) ____________________________________________
ИНКОТЕРМС 2000 тауар жеткізу шарттары___________________
Жалпы саны (санын бірлік үшін бағаға көбейту) _______________
Біз аукциондық құжаттамада айтылған Сіздердің төлем шарттарыңызбен келісеміз.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі.
Аукциондық құжаттамаға 4-қосымша |
Тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары (тапсырыс беруші толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы________________________________
Ұйымдастырушының атауы_______________________________
Аукционның №_________________________________________
Аукционның атауы______________________________________
Лоттың №______________________________________________
Лоттың атауы___________________________________________
Әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі керек:
1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес тауарларды жеткізуге рұқсаттың (хабарламаның) болуы.
Егер тауарды жеткізу тиісті рұқсатты алуды, хабарланы жіберуді талап еткен жағдайда мынадай мәліметтерді толтыру қажет.
№ | Рұқсаттың (хабарламаның) атауы |
1 |
Егер тауарды жеткізу тиісті рұқсат алуды, хабарлама жіберуді талап етпесе, онда бұл ақпарат толтырылмайды.
2. Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еседен асатын салық берешегінің болмауы (веб-порталда мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде анықталады).
3. Банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы.
4. Қажетті материалдық және еңбек ресурстарының болуы
Материалдық ресурстар:
№ | Материалдық ресурстарының атауы | Саны |
1 |
Еңбек ресурстары:
№ | Еңбек ресурстарының атауы (мамандығы/біліктілігі) | Саны |
1 |
5. Сатып алынатын тауардың тақырыбына соңғы он жылда сәйкес келетін жұмыс тәжірибесінің болуы.
№ | Сатып алынатың тауардың атауы (лоттың атауы) | Жыл саны |
1 |
Ескерту.
1. Талап етілетін материалдық және еңбек ресурстарының әрбір атауы жеке жолмен көрсетіледі.
2. Өзге құжаттарда әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Аукциондық құжаттамаға 5-қосымша |
Біліктілік туралы мәліметтер
Тапсырыс берушінің атауы_________________________________
Ұйымдастырушының атауы________________________________
Аукционның №___________________________________________
Аукционның атауы________________________________________
Лоттың №________________________________________________
Лоттың атауы_____________________________________________
Әлеуетті өнім берушінің (бірлесіп орындаушының) БСН/ЖСН/ССН/СЕН және атауы____________________________________________________
1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер болмаған жағдайда, рұқсаттардың (хабарламалардың) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсаттың (хабарламаның) бар екені туралы мәліметтер.
№ | Рұқсат (хабарлама) атауы | Қызмет түрі | Ерекше шарттар (санаты) | Құжаттың берілген күні мен нөмірі | Рұқсаттың (лицензияның) электрондық көшірмесі |
1. |
Егер тауарды жеткізу тиісті рұқсат алуды, хабарлама жіберуді талап еткен жағдайда осы тармақ толтырылады.
2. Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқ екендігі сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдары мәліметтерінің негізінде веб-портал автоматты түрде анықтайды.
3. Банкроттық немесе таратылу рәсімі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші банкрот болып табылмайтындығын және тарату рәсіміне жатпайтынын растайды).
4. Растау құжаттарының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, қызметтерді көрсету үшін қажет талап етілетін материалдық ресурстардың бар екендігі туралы мәліметтер.
№ | Материалдық ресурстардың атауы | Қолда бар бірліктердің саны | Жай-күйі (жаңа, жақсы, жаман) | Жеке меншік (меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін) | Растау құжатының атауы, күні және нөмірі | Растау құжаттарының электрондық көшірмесі (сілтеме) |
1 |
5. Растау құжаттарының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, тауарларды жеткізу үшін қажет талап етілетін еңбек ресурстары туралы мәліметтер.
№ | Мамандық (біліктілік) атауы) | Қызметкерлердің Т.А.Ә. (жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі қоса берілсін) | Біліктілік туралы құжат (білімі туралы дипломның, сертификаттың, аттестаттың нөмірі мен берілген күні көрсетілсін, олардың электрондық көшірмелері қоса берілсін) | растау құжаттарының электрондық көшірмесі (сілтеме) |
1 |
6. Растау құжаттарының (болған жағдайда толтырылады) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде аукционда сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) тауарларды жеткізу тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер.
№ | Тауардың атауы | Алушының атауы | Тауарды жеткізу орны | Тауарды жеткізу күні | Растау құжатының атауы, күні мен нөмірі | Растау құжаттарының электрондық көшірмесі (сілтеме) |
1 | ||||||
Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын |
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
Аукциондық құжаттамаға 6-қосымша |
Сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі (тапсырыс беруші толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы __________________________________
Ұйымдастырушының атауы__________________________________
Аукционның №_____________________________________________
Аукционның атауы__________________________________________
Лоттың №_________________________________________________
Лоттың атауы______________________________________________
Маркасы және/немесе тауар белгісі не қызмет көрсету белгісі, моделі, типі көрсетілген тауардың атауы | |
Шыққан елі | |
Дайындаушы зауыт (дайындаушы зауыттың атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі) | |
Шығарылған жылы | |
Кепілдік мерзімі (бар болса) (айлармен) | |
Жеткізу мерзімі | |
Тауарды жеткізу орны | |
Ұлттық стандарттардың атауы, ал олар болмаған жағдайда сатып алынатын тауарларға мемлекетаралық стандарттар. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде Мемлекеттік сатып алуды нормалауды ескере отырып, сатып алынатын тауарлардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі. | |
Сатып алынатын тауардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық, пайдалану және өзге де сипаттамаларының сипаттамасы | |
Ұсынылатын тауардың техникалық ерекшелігінің барлық мәліметтерінің дұрыстығын растаймын |
Ескерту.
1. Әрбір сипаттамалар, параметрлер, бастапқы деректер және орындаушыға қосымша шарттар жеке жолда көрсетіледі.
2. Техникалық ерекшелікте әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
3. Өзге құжаттарда техникалық ерекшеліктің талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
4. Әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы деп танылған және онымен шарт жасалған жағдайда, мұндай шарттың техникалық ерекшелігі аукцион жеңімпазының техникалық ерекшелігі негізінде қалыптастырылады.
Аукциондық құжаттамаға 7-қосымша |
Сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі (әлеуетті өнім беруші ұсынады)
Тапсырыс берушінің атауы __________________________________
Ұйымдастырушының атауы__________________________________
Аукционның №_____________________________________________
Аукционның атауы__________________________________________
Лоттың №_________________________________________________
Лоттың атауы______________________________________________
Маркасы және/немесе тауар белгісі не қызмет көрсету белгісі, моделі, типі көрсетілген тауардың атауы | |
Шыққан елі | |
Дайындаушы зауыт (дайындаушы зауыттың атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі) | |
Шығарылған жылы | |
Кепілдік мерзімі (бар болса) (айлармен) | |
Жеткізу мерзімі | |
Тауарды жеткізу орны | |
Ұлттық стандарттардың атауы, ал олар болмаған жағдайда сатып алынатын тауарларға мемлекетаралық стандарттар. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде Мемлекеттік сатып алуды нормалауды ескере отырып, сатып алынатын тауарлардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі. | |
Сатып алынатын тауардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық, пайдалану және өзге де сипаттамаларының сипаттамасы | |
Ұсынылатын тауардың техникалық ерекшелігінің барлық мәліметтерінің дұрыстығын растаймын |
Ескерту.
Әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы деп танылған және онымен шарт жасасқан жағдайда, мұндай шарттың техникалық ерекшелігі конкурс жеңімпазының техникалық ерекшелігі негізінде қалыптастырылады.
Аукциондық құжаттамаға 8-қосымша |
Банктік кепілдік
Банктің атауы______________________________
Банктің деректемелерi_______________________
Кімге: ____________________________________
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы____________
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының деректемелерi______
№ _______ кепілдік міндеттеме
_____________________ "_____" ____________ж. (орналасқан жері)
Біз, бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын ______________________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы)
______________________________________
_____________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
ұйымдастырған ____________________________________
Аукционның атауы_________________________
Аукционның №_____________________________
Лоттың атауы______________________________
Лоттың №_________________________________
сатып алу жөніндегі аукционға қатысатынынан және ____________________________ (аукцион бойынша тауарлардың атауы) тауарларды жеткізуді жүзеге асыруға дайын екенінен хабардармыз.
Жоғарыда аталған аукционды өткізу жөніндегі ___________ ж. "____" ________ аукциондық құжаттамада әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде енгізуі көзделген.
Осыған байланысты біз _________________________________осымен
(банктің атауы) Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды алғаннан кейін, сондай-ақ конкурс жеңімпазы деп айқындалған Өнім беруші:
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғандығына;
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы аукциондық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамағанын не тиісінше орындамағанын, оның ішінде уақтылы орындамағанын жазбаша растауды алғаннан кейін;
Сіздің талабыңыз бойынша Сізге _______________________ (сома санмен және жазбаша) сомаға тең кері қайтып алынбайтын міндеттемені төлеуді өз міндетімізге аламыз.
Осы кепілдік міндеттеме аукционға қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап күшіне енеді. Осы кепілдік міндеттеме Өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ____ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды.
Егер аукционға қатысуға өтінімднің қолданылу мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады. Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілгердің қолы мен мөрі Күні мен мекенжайы
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 16-қосымша |
Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы
№____
Аукционның №_______________________________________
Аукционның атауы____________________________________
Аукциондық құжаттама жобасына ескертулерді, сондай-ақ аукциондық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды қабылдау мерзімі ___ бастап ______ дейін
Ұйымдастырушының атауы_____________________________
Аукциондық құжаттама жобасына ескерту(лер), сондай-ақ аукциондық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салу(лар) мынадай шешім(дер) қабылданған өнім беруші(лер)ге жіберілген:
№ | Әлеуетті өнім берушінің БСН (БСН)/ БСН/ТЕН | Өтініш тұрпаты (түсіндіру туралы ескерту, сұрау салу) | Өтініш мәтіні | Түсіндіру туралы ескертуді, сұрау салуды жіберу күні мен уақыты | Шешім қабылданды | Ауытқу себебі, түсіндіру мәтіні |
Осы аукционға қатысуға арналған өтінімдер осы хаттаманы және бекітілген аукциондық құжаттама мәтінін мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастыру сәтінен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей қабылданады.
Бірінші басшы не бюджеттік бағдарламаның басшысы не оның міндетін атқаратын адам | Т.А.Ә. қолы |
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты (бар болса).
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 17-қосымша |
Аукцион хаттамасы нөмірі сатып алу тәсілі мен нөміріне байланыстырылуы тиіс
Күні мен уақыты
Тапсырыс беруші*____________________________________________
Аукцион № __________________________________________________
Аукцион атауы ______________________________________________
Ұйымдастырушының атауы____________________________________
Ұйымдастырушының мекен-жайы_______________________________
Жалпы сомасын көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың тізбесі
Лот № | Лоттың атауы | Тауардың сипаттамасы | Саны | Бірлік үшін бағасы, теңге | Сатып алуға бөлінген сома, теңге |
Аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер туралы ақпарат (хронология бойынша): (өтінімдер саны), сондай-ақ аукционға қатысушылардың бастапқы бағалары туралы мәліметтер:
№ | Аукционға қатысушының нөмірі (өтінімді беру уақыты мен күніне байланысты беріледі)* | Өнім берушінің бір бірлігі үшін бағасы, теңге | Өнім берушінің жалпы сомасы, теңге | Өтінімді ұсыну күні мен уақыты (хронология бойынша) | Ескерту: (мәні: ең төменгі бастапқы баға *) |
1 | 2 | 4 | 5 | 6 | 7 |
* Аукцион өткізу мерзімі өткенге дейін әлеуетті өнім берушінің атауы құпия болып табылады
* Ең төмен бастапқы баға - кімнің бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын және басқа ұсыныстардан бұрын келіп түскен аукционға қатысушыға беріледі.
Аукционның басталу күні мен уақыты: (КК.АА. ЖЖЖЖ СС: ММ: СС)
Аукционның аяқталу күні мен уақыты: (КК.АА. ЖЖЖЖ СС: ММ: СС)
Аукционға қатысушылардың ұсыныстары туралы мәліметтер:
Аукционға қатысушының нөмірі (өтінімді беру уақыты мен күніне байланысты беріледі) | Өнім берушінің бір бірлігі үшін бағасы, теңге | Өнім берушінің жалпы сомасы, теңге | Ұсыныс беру уақыты |
КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты;
кк.аа.жжжж. – күні, айы, жылы;
сс.мм.сс. – сағаты, минуты, секунды.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 18-қосымша |
Қорытындылар туралы хаттама (аукцион нөмірі) нөмірі сатып алу тәсілі мен нөміріне байланыстырылуы тиіс
Күні мен уақыты
Тапсырыс беруші*__________________________________________
Аукцион № ________________________________________________
Аукцион атауы _____________________________________________
Ұйымдастырушының атауы___________________________________
Ұйымдастырушының мекен-жайы______________________________
Аукциондық комиссияның құрамы:
№ | Т.А.Ә. | Ұйымдағы лауазымы | Комиссиядағы рөлі |
Жалпы сомасын көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың тізбесі
Лот № | Лоттың атауы | Тауардың сипаттамасы | Саны | Бірлік үшін бағасы, теңге | Сатып алуға бөлінген сома, теңге |
Аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер туралы ақпарат (өтінімдер саны):
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН | Өтінімді беру күні мен уақыты |
Аукциондық комиссияның сұрау салулары туралы (Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 33-бабының 5-тармағына сәйкес сұрау салуды жүзеге асырған жағдайда толтырылады):
№ | Сұрау салу жіберілген ұйымның/тұлғаның атауы | Сұрау салу жіберілген күн | Сұрау салудың қысқаша сипаттамасы | Жауап берілген күн |
Аукциондық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілер тізбесі), БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН | |||
Комиссия мүшесінің Т.А.Ә. | Комиссия мүшесінің шешімі | Бас тарту себебі | Біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына олардың сәйкес келмеуін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, бас тарту себептерін егжей-тегжей сипаттау | |
Аукционға қатысудан бас тартылған өтінімдер (өтінім саны):
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН | Бас тарту себебі 1 |
________________________________________________________ 1үш мәтінді мәні бар анықтамалық: (біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмеу, Заңның 6-бабының талаптарын бұзу)
Аукционға қатысуға мынадай өтінімдер біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес деп танылған:
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН |
Аукционға қатысушылардың бастапқы бағалары:
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН | Өнім берушінің бірлік үшін бағасы, теңге | Өнім берушінің жалпы сомасы, теңге | Өтінімді беру күні мен уақыты | Ескертпе: (мәні: ең аз бастапқы баға*) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
* ең аз бастапқы баға – кімнің бастапқы бағасы аз және басқа ұсыныстардан бұрын түскен аукционға қатысушыға беріледі.
Аукционға қатысушылардың ұсыныстары туралы мәліметтер:
Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / ССН/ СЕН | Өнім берушінің бірлік үшін бағасы, теңге | Өнім берушінің жалпы сомасы, теңге | Ұсынысты беру уақыты |
КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) |
Аукциондық комиссияның шешімі:
1. №___ лот бойынша жеңімпазды айқындау: {БСН/ЖСН жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің атауы }, екінші орын алған әлеуетті өнім беруші, {БСН/ЖСН екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің атауы}.
2. Тапсырыс беруші {тапсырыс берушінің атауы} "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде {жеңімпаз өнім берушінің атауы}-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.
Не:
"Мемлекеттік сатып алу (№___ лот бойынша сатып алудың атауы)_____________________ байланысты өтпеді деп танылсын *":
Ескерту: *Мынадай мағыналардың біреуі: "берілген өтінімдердің болмауы", "кемінде екі өтінімнен беру", "конкурсқа бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген", "аукционға бір әлеуетті өнім беруші қатысуға жіберіледі".
Не:
Сатып алуды жою жүргізілді, оның негізі мынау болып табылады:
Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыным, шешім) № _________ күні. айы. жылы.
Жою туралы шешім қабылдаған орган: {_________________________}
Не:
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 13-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тарту жүргізілді".
Ескертпе:
* Тапсырыс беруші туралы мәліметтер, егер тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты;
кк.аа.жжжж. – күні, айы, жылы;
сс.мм.сс. – сағаты, минуты, секунды.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 19-қосымша |
Қорытындылар туралы аралық хаттама (аукцион нөмірі) нөмірі сатып алу тәсілі мен нөміріне байланыстырылуы тиіс
Күні мен уақыты
Тапсырыс беруші*____________________________________________
Аукцион № __________________________________________________
Аукцион атауы ______________________________________________
Ұйымдастырушының атауы_____________________________________
Ұйымдастырушының мекен-жайы_______________________________
Аукциондық комиссияның құрамы:
№ | Т.Ә.А. | Ұйымдағы лауазымы | Комиссиядағы рөлі |
Жалпы сомасын көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың тізбесі__
Лот № | Лоттың атауы | Тауардың сипаттамасы | Саны | Бірлік үшін бағасы, теңге | Сатып алуға бөлінген сома, теңге |
Аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер туралы ақпарат (өтінімдер саны):
№ | Аукционға қатысушының нөмірі (өтінімді беру уақыты мен күніне байланысты беріледі) және әлеуетті өнім берушінің (ашылған) атауы | БСН (ЖСН)/ССН/ТЕН | Өтінімді беру күні мен уақыты |
Аукциондық комиссияның сұрау салулары туралы (Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 33-бабының 5-тармағына сәйкес сұрау салуды жүзеге асырған жағдайда толтырылады):
№ | Сұрау салу жіберілген ұйымның/тұлғаның атауы | Сұрау салу жіберілген күн | Сұрау салудың қысқаша сипаттамасы | Жауап берілген күн |
Біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін деп танылған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер:
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілердің тізбесі), БСН (ЖСН)/ ССН/УНП | |||
Комиссия мүшесінің Т.А.Ә. | Комиссия мүшесінің шешімі | Бас тарту себебі | Біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына олардың сәйкес келмеуін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, бас тарту себептерін егжей-тегжей сипаттау | |
________________________________________________________ 1үш мәтінді мәні бар анықтамалық: (біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмеу, Заңның 6-бабының талаптарын бұзу)
Аукциондық комиссияның шешімі:
________________________деген әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмеді деп танылсын.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты;
кк.аа.жжжж. – күні, айы, жылы;
сс.мм.сс. – сағаты, минуты, секунды.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 20-қосымша |
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу бойынша әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы (әрбір лотқа жеке толтырылады)
Сатып алу №___________________________________________
Сатып алудың атауы____________________________________
Лот №________________________________________________
Лот атауы_____________________________________________
Әлеуетті өнім берушінің атауы___________________________
БСН/ЖСН/ССН/ТЕН____________________________________________
Әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері______________________
Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы__________________
Өндіруші ел (тауарды сатып алу кезінде көрсетіледі) _________________
Дайындаушы зауыт (дайындаушы зауыттың атауы және оның орналасқан жері) (тауарды сатып алу кезінде көрсетіледі) _____________________________
Баға ұсынысы валютасының атауы_________________________________
Өлшем бірлігі___________________________________________________
Барлық шығындары мен жеңілдіктері ескерілген бірлік үшін баға________
Саны (көлемі)_________________________________________
ИНКОТЕРМС 2010 тауарды жеткізу шарттары______________________
Жалпы баға (санын бірлік бағасына көбейту)________________________
Біз хабарландыруда айтылған Сіздердің төлем шарттарыңызбен келісеміз.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 21-қосымша |
Банктік кепілдік (баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушінің өтінімін қамтамасыз ету нысаны)
Банктің атауы _______________________________________________
Банктің деректемелері ________________________________________
Кімге: ______________________________________________________
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы ________________
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының деректемелері _________
Кепілді міндеттеме № _______________________________________
___________________________________________________________
(орналасқан жері)
Бұдан әрі "Өнім беруші" _________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
_____________________________________________________ ұйымдастырған
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
атауы __________________________________________________________
№ __________________________________________
Лоттың атауы __________________________________
Лоттың № ________________________________________________
сатып алу бойынша баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуға
қатысатындығы және_______________________________________________________
__________________________________________________________________________
(баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен (лот/тар)
__________________________________________________________________________
мемлекеттік сатып алу бойынша тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің атауы) жеткізуді (жұмысты орындауды, қызмет көрсетуді) жүзеге
асыруға дайын екендігі туралы хабардар болдық.
Осыған байланысты біз осымен (банктің атауы) _________________ Сіздердің Төлемге
арналған жазбаша талабыңызды, сондай-ақ баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы деп айқындалған
Өнім беруші:
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғаны;
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, шарт бойынша өз міндеттемелерін
орындамағанын немесе тиісінше орындамағанын, оның ішінде мемлекеттік сатып алу
туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі
туралы талапты уақтылы орындамағаны туралы жазбаша растауды алғаннан кейін
Сізге _______________________________ (сомасы санмен және жазумен) тең соманы
төлеуге өзімізге қайтарусыз міндеттеме аламыз.
Осы кепілді міндеттеме баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуға
қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап күшіне енеді
Осы кепілді міндеттеме Өнім берушінің баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімнің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін
қолданылады және егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз _____ соңына дейін алмасақ,
бұл құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына қарамастан, толық және
автоматты түрде күшін жояды.
Егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімнің
қолданылу мерзімі ұзартылған болса, онда осы кепілді міндеттеме сондай мерзімге
ұзартылады.
Осы кепілді міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер
Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілгерлердің қолы мен мөрі және мекенжайы.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 22-қосымша |
Қорытынды туралы хаттама (баға ұсыныстарын сұрату нөмірі) нөмір сатып алу тәсілі мен нөміріне байланысты болуға тиіс (әрбір лотқа жеке қалыптастырылады) Күні мен уақыты
Сатып алудың № _____________________________________________
Сатып алудың атауы __________________________________________
Өтінімдердің қабылдауы басталған күні __________________________
Өтінімдердің қабылдауы аяқталған күні _________________________
Ұйымдастырушының атауы ____________________________________
Ұйымдастырушының мекенжайы _______________________________
Лоттың № _____ | |
Лоттың атауы | |
Тапсырыс берушінің атауы | |
Тапсырыс берушінің мекенжайы | |
Бірлік үшін жоспарланған баға, теңге | |
Жоспарланған сома, теңге | |
Өлшем бірлігі | |
Саны |
Әлеуетті өнім берушілердің веб-портал автоматты түрде қабылдамаған баға ұсыныстары (өтінімдер саны):
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ ССН/ТЕН | Қабылдамау себебі |
Әлеуетті өнім берушілер мынадай баға ұсыныстарын ұсынды (өтінімдер саны):
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ ССН/ТЕН | Бірлік үшін бағасы | Әлеуетті өнім берушінің жалпы сомасы | Өтінім берудің күні және уақыты (хронологиясы бойынша) |
1. №___ лоты бойынша жеңімпаз: {жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН, атауы}, екінші орын алған әлеуетті өнім беруші {екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН атауы} айқындау.
2. Тапсырыс берушіге {тапсырыс берушінің атауы} "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде {жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН атауы} мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу.
Не:
"№___ лот бойынша мемлекеттік сатып алуды (сатып алу атауы) _____________________байланысты өтпеді деп тану*":
Ескертпе: *Мынадай мәндердің бірі: "ұсынылған баға ұсыныстарының болмауы", "бір баға ұсынысының ұсынылуы".
Не:
Сатып алуды болдырмау жүргізілді, оған мыналар негіз болып табылады: Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыным, шешім) № _________ кк.аа.жжжж.
Болдырмау туралы шешім қабылдаған орган: {___________________}.
Не:
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 13-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тартылды.
Ескертпе:
* Тапсырыс беруші туралы мәлімет, егер тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;
кк.аа.жжжж. – күні, айы, жылы.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 23-қосымша |
Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу туралы есеп
Жалпы мәліметтер:
Сатып алу типі | Бірінші сатып алу/Қайта сатып алу |
Сатып алу нысанасының түрі | Тауар |
Қаржы жылы | |
Интернет-дүкендегі тапсырыс нөмірі | |
Тапсырысты ресімдеу күні мен уақыты | |
Тапсырысты растау күні мен уақыты | |
Жеткізу тәсілі |
Тапсырыс беруші тур алы мәліметтер:
Тапсырыс берушінің қазақ тіліндегі атауы __________________
Тапсырыс берушінің орыс тіліндегі атауы __________________
БСН
ММ коды:
Бюджет түрі:
Өнім беруші туралы мәліметтер:
Өнім берушінің атауы және БСН/ЖСН* _______________
Әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының тізімі*:
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы, БСН/ЖСН | Әлеуетті өнім берушінің ҚҚС-сыз сомасы, теңге | Ұсынысты беру күні мен уақыты |
Демпинг | Тапсырысты растау мәртебесі (Иә / Жоқ) |
* деректер әлеуетті өнім беруші сомасының өсу тәртібімен көрсетіледі
Сатып алу туралы мәліметтер:
Сатып алынатын тауарлардың тізбесі
Жоспар тармағының№ | Атауы | ТЖҚС | Қысқаша сипаттамасы | Қосымша сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Бірлік үшін баға, теңге (жоспарлы) | Жалпы сомасы, теңге (ҚҚС есепке алмай) | Жоспарлы жеткізу мерзімі | Жеткізу орындары | Бірлік үшін баға, теңге (шарт бойынша) | Жалпы сомасы, теңге (шарт бойынша) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Шарттың орындалуы туралы мәліметтер:
Нысана атауы:
Жеткізу туралы актіге қол қойылған күн:
Шарт мәнінің орындалған, нақты сомасы (лот)
Лоттың нақты орындалу мерзімі |
Лоттың орындалу белгісін орнату күні |
Сатып алу мәртебесі:
Шартқа қол қоюда/Қазынашылықта тіркеуде/Шарт әрекет етеді/ Орындалуда/Орындалды
* шарттың орындалу мәртебесінің өзгеруіне қарай веб-портал шарттың мәртебесін автоматты түрде жаңартады.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 24-қосымша |
|
Бекітемін: |
_________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің (бірыңғай ұйымдастырушының) толық атауы
_________________________________________________________________
(конкурстық құжаттаманы бекіткен адамның Т.А.Ә.)
Шешім № _____ Күні_________
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттама
____________________________________________________________
(сатып алу нысанасының түрі)
____________________________________________________________
(конкурстың атауы)
Тапсырыс беруші (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін ұйымдастырушылар
үшін көрсетілмейді)
____________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)
Тапсырыс берушінің өкілі (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін
ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)
___________________________________________________________
(Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
Ұйымдастырушы (бірыңғай ұйымдастырушы)
____________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)
Ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) өкілі
____________________________________________________________
(Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
Конкурстық комиссияның хатшысы
____________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс қоса берілген лоттар тізбесіне сәйкес өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі.
2. Осы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық құжаттама (бұдан әрі – КҚ) мыналарды:
1) КҚ-ға 1-қосымшаға сәйкес лоттардың тізбесін және қызметтерді көрсету шарттарын;
2) КҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы келісімді;
3) КҚ-ға 15-қосымшаға сәйкес сатып алынатын қызметтердің сипаттамасын және талап етілетін техникалық, сапалық сипаттамаларын;
4) КҚ-ға 11-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметті;
5) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 415-тармағына сәйкес неғұрлым сапалы қызметтерді ұсынатын конкурстың жеңімпазын анықтау үшін конкурстық комиссия ескеретін әлеуетті өнім берушілер ұсынған техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін міндетті өлшемшарттардың тізбесін қамтиды.
3. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша бөлінген сома ______ теңгені құрайды.
Осы конкурс үшін бөлінген сома лоттар бөлінісінде мынаны құрайды:
Лот № | Көрсетілетін қызметтің атауы | Лот бойынша бөлінген сома (теңге) | |
(Лот №) | (Көрсетілетін қызметтің атауы) | Лот бойынша __________ бөлінген _________ сома (теңге) |
2. Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуіне және оны ұсынуына қойылатын талаптар
4. Конкурсқа қатысуға өтінім веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында беріледі және осы КҚ-да көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызмет көрсетуге үміткер әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіру нысаны, сондай-ақ өзі туралы, Заңның 6-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулеріне сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға әлеуетті өнім берушінің келісімі болып табылады.
5. Әлеуетті өнім беруші өтінімді қалыптастыру алдында КҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы келісімді қабылдайды.
6. Конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтиды:
1) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелерін не оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растауда әлеуетті өнім беруші ұсынатын электрондық құжаттарды:
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәлікті немесе анықтаманы қамтуы тиіс. Егер заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бекітілген Үлгілік жарғы негізінде қызметті жүзеге асырса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;
заңды тұлға Үлгілік жарғы негізінде қызметті жүзеге асырған жағдайды қоспағанда, заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген жарғыны;
құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді не акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірмені қамтитын құрылтайшы құжатты (егер жарғы құрылтайшылар немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметті қамтымаған жағдайда);
әлеуетті өнім берушінің қызметтер көрсетуге құқығын растайтын рұқсаттар (хабарламалар) және (немесе) патенттер, куәліктер, сертификаттар, басқа да құжаттарды;
өзіне мыналарды: растау құжаттарының электрондық көшірмелерінің қосымшасымен конкурста сатып алынатын ұқсас (сай келетін) соңғы он бес жыл ішінде әлеуетті өнім беруші көрсеткен көлемдер туралы мәліметті; қызмет көрсету үшін қажетті конкурстық құжаттамада көзделген материалдардық ресурстардың болуы туралы мәліметті (осы талап мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржылық бір жылдан астам мерзімге қызметтерді мемлекеттік сатып алған жағдайда белгіленеді); растау құжаттарының электрондық көшірмелерінің қосымшаларымен қызмет көрсету мақсатында қажетті жүктелген міндеттемелерді орындау үшін жұмысшылардың біліктілігі туралы мәліметті қамтитын КҚ-ға 11-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілік туралы мәліметті;
КҚ-ға 19-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу нысанасы болып табылатын қызмет көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар туралы мәлімет және әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушыларға бірлесіп орындауға жиынтығында көрсетілетін қызметтер көлемінің екіден бір астамын беруге тыйым салу шартын қамтуы тиіс.
Егер әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтерді бірлесіп орындаушыларды тартуды көздеген жағдайда, онда әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға тартылатын бірлесіп орындаушылардың белгіленген талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады.
2) сатып алынатын қызметтердің техникалық, сапалық сипаттамалары бар, оның ішінде КҚ-ға 15-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша сипаттамаларын көрсете отырып, техникалық ерекшелікті қамтиды. Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.
3) КҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында конкурстық баға ұсынысты.
7. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімдерді ашу күнінен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күнді құрауы тиіс.
8. Конкурсқа қатысуға өтінімде қамтылатын құжаттардың электрондық көшірмелері бейненің түсіне қарамастан, дәл және анық болуы тиіс.
9. Конкурсқа қатысуға өтінім, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінімге қатысты бүкіл хат-хабарлар мен құжаттар осы КҚ-да жасалған тілде жасалады және беріледі.
Оларды әлеуетті өнім беруші басқа тілде жасаған және ұсынған жағдайда оларға дәл (нотариалдық расталған) аудармасы қоса беріледі.
3. Конкурсқа қатысуға өтінімді ұсыну тәртібi
10. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші веб-портал арқылы ұйымдастырушыға береді.
11. Әлеуетті өнім берушілер берген конкурсқа қатысуға өтінімдер автоматты түрде веб-порталда тіркеледі.
12. Конкурсқа қатысуға өтінім берген өнім берушіге тиісті хабарламаны веб-порталмен автоматты түрде жіберген сәтте конкурсқа қатысуға өтінім қабылданған болып есептеледі.
13. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай:
1) әлеуетті өнім беруші бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім берген;
2) конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін веб-порталға түскен;
3) конкурстық баға ұсынысы осы көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;
4) конкурстық баға ұсынысының бағасы Қағдалардың 77-тармағына сәйкес демпингтік болып табылған;
5) Заңның 6-бабының 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда веб-порталда автоматты түрде кері қайтарылады.
14. Әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы теңгемен көрсетіледі.
4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді өзгерту және оларды кері қайтарып алу
15. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталатын күннен кешіктірмей мыналарға:
1) енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
2) өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алуға құқылы.
16. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу сияқты, оған өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
17. Әлеуетті өнім беруші, оның конкурсқа қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптау комиссиясы (сарапшы) конкурстың қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.
5. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу
18. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзімінің күні мен уақыты басталғаннан кейін бес минуттың ішінде веб-портал конкурсқа қатысуға өтінімдерді автоматты түрде ашуды жүргізеді.
Егер конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім конкурсқа (лотқа) ұсынылған болса, онда мұндай өтінім де ашылады және қаралады.
19. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын ашылған күні веб-портал автоматты түрде жариялайды. Бұл ретте веб-портал конкурстық комиссияның мүшелеріне, веб-порталда автоматты түрде тіркелген әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде хабарламалар таратады.
20. Конкурстық баға ұсыныстарын қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін қарауға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
6. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау
21. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, біліктілік талаптары мен КҚ-ның талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.
22. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:
1) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар деп таниды;
2) мынадай өлшемшарттар:
Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінің талаптарына әлеуетті өнім беруші ұсынған жобаның сәйкестігі;
әлеуетті өнім берушінің қызмет мақсаты Тапсырыс берушінің сатып алатын көрсетілетін қызметтерге сәйкестігі (құрылтай құжаттарына сәйкес);
егжей-тегжейлі Іс-шаралар жоспарының Тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізуге сәйкестігі (іс-шаралар атауы және нысаны, өткізу орны мен мерзімі, жауапты тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
әлеуетті өнім берушінің "Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында" болуы туралы мәліметтері;
әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы;
жоба белгілі бір аумақта (астана, республикалық маңызы бар қала, облыс, аудан, қала) іске асырылған жағдайда – үкіметтік емес ұйымның тиісті өңірдегі жұмыс тәжірибесі;
әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі;
жобаны іске асырудың тиімді қорытындысын бағалау индикаторларының бар болуы.
Осы тармақтың осы тармақшасымен көзделген өлшемшарттар бойынша баллдарды есептеу КҚ-ға 1-қосымшаға сәйкес есептеледі.
Конкурстық өтінімдері осы тармақтың 2) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген өлшемшарттар бойынша бір баллдан кем алған әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 11 баллдан аз әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Әлеуетті өнім беруші көрсетілген өлшемшарттарды растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда конкурстық комиссия олардың техникалық ерекшеліктерін бағалау үшін тиісті баллдарды есептемейді.
Әлеуетті өнім берушілер ұсынған талаптар өздерінің техникалық ерекшеліктерін бағалау үшін шартқа енгізіледі;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін конкурстық комиссия берген баллдар санына байланысты бағалардың шартты азаюы конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкуртық баға ұсынысына қолданады.
23. Барлық өлшемшарттар бойынша конкурстық комиссия қойған баллдар веб-порталда автоматты түрде қосылады, нәтижесінде әлеуетті өнім берушіге баллда көрсетілген оның техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы қойылады.
24. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың және олардың техникалық ерекшеліктерін бағалаудың талаптарына сәйкестігі мәнін қарастыру нәтижелері бойынша конкурстық ұсыныстардың мынадай шартты азайтулары қолданылады:
егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 13 баллдан 17 баллды қоса есептегенде құраса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 10%-ға шартты азайтылады;
егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 18 баллдан 22 баллды қоса есептегенде құраса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 20%-ға шартты азайтылады;
егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 23 баллдан 27 баллды қоса есептегенде құраса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 30%-ға шартты азайтылады;
егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 28 баллдан аса құраса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 40%-ға шартты азайтылады.
25. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қатысты, оның ішінде конкурсқа қатысуға бір өтінім берілсе де баллдарды есептейді.
26. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарына, конкурсқа қатысуға бір өтінім жіберілгенді қоспағанда, бағалардың шартты азаюын қолданады.
27. Конкурстық комиссия осы КҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді.
28. Конкурстық комиссия, егер онда ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімнің мәнін қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурсқа қатысуға өтінімді КҚ талаптарына сәйкес келетін ретінде қарайды.
29. Әлеуетті өнім беруші мынадай:
1) өзі және (немесе) оның бірлесіп орындаушысы біліктілік талаптарына (егер белгіленген тәртіппен көзделген жағдайда) сәйкес емес деп айқындалған;
2) Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған. Заңның 6-бабының 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде кері қайтаруына жатады. Заңның 6-бабының 1-тармағының 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша конкурстық комиссия тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарындағы ақпаратты қарастырады.
3) оның конкурсқа қатысуға өтінімі КҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп айқындалған жағдайда конкурсқа қатысуға (конкурсқа қатысушы деп тануға) жіберілмейді.
30. Әлеуетті өнім берушіні басқа негіздер бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.
7. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурстың жеңімпазын айқындау
31. Конкурстық баға ұсынысы конкурсқа қатысуға өтінімді қарау қорытындылары бойынша веб-порталда автоматты түрде ашылады.
32. Веб-портал конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыруды автоматы түрде жүргізеді:
конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары салыстырылады, ең төмен шартты бағаның негізінде конкурс жеңімпазы, сондай-ақ ең төмен шартты бағадан кейінгі бағаның негізінде екінші орын алған әлеуетті өнім беруші айқындалады;
Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағаларын теңестірген кезде конкурс мәні болып табылатын сатып алынатын көрсетілетін қызметтер нарығында ең көп тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып табылады.
Тең шартты бағалары бар бірнеше әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін теңестірген кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімінен бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып табылады.
33. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру нәтижелері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамада орналастырылады.
8. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт
34. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт), Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылып, тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында веб-портал арқылы жасалады.
Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген, веб-порталмен автоматты түрде анықталатын шектеулері болған тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші үлгі шартқа сай жасалған, осы КҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес шарттың жобасын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға жібереді.
35. Өнім берушіні таңдау рәсімдері, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары шеңберінде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындыларын шағымдану рәсімдері тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілгенге дейін аяқталған жағдайда, шарттың жобасы тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға жіберіледі.
36. Тапсырыс беруші электрондық шартты ресімдеу үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге шартқа қол қоятын тұлға мен электрондық шартты ресімдеу үшін өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерге сұрау салу жібереді.
37. Әлеуетті өнім беруші веб-порталда тиісті сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады және шартқа қол қоятын тұлға мен өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерді растайды.
Әлеуетті өнім беруші шартқа қол қоятын тұлға мен өзінің деректемелері туралы растау болмаған жағдайда, тапсырыс беруші веб-порталда орналастырылған әлеуетті өнім берушінің тіркеу деректеріне сәйкес шартқа қол қояды.
38. Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің мәліметтерді растау мерзімі өткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарт жобасын қалыптастырады және оған қол қою үшін әлеуетті өнім берушіге жібереді.
39. Өнім беруші, Заңда және Қағидаларда белгіленген мерзімде веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен шартқа қол қояды.
40. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде шарт жобасына қол қоймаса, тапсырыс беруші жеңімпаздың шарт жасасудан жалтарған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын веб-портал арқылы екінші орынды алған әлеуетті өнім берушіге жібереді. Шарт жобасы екінші орын алған әлеуетті өнім берушімен электрондық цифрлық қолтаңба арқылы оған шарт жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде расталуы тиіс.
Егер екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің қолы қойылған шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаса, тапсырыс беруші қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
41. Шарт, уәкілетті органның Заңның 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес шешімі шыққан кезде, соның ішінде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының уәкілетті органның осы шешіміне шағымдану кезеңінде жасалуы мүмкін емес.
42. Шарт бойынша қызмет көрсетудің ең аз мерзімі қызмет көрсетуге жұмсалатын мерзімнен аз болмауға, бірақ күнтізбелік он бес күннен аз болмауға тиіс.
43. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге қол қойылған шартты ұсынбаса, онда мұндай әлеуетті өнім беруші шартты жасасудан жалтарды деп танылады.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық құжаттамаға 1-қосымша |
Әлеуетті өнім берушілер ұсынған техникалық ерекшеліктерді бағалау өлшемшарттары
№ | Бағалау өлшемшарты | Балл | Балдарды таратып жазу | |
1 | Әлеуетті өнім беруші ұсынатын жобаның Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігі | 0-ден 2-ге дейін | 0 | Әлеуетті өнім беруші ұсынатын жоба Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келмейді (сәйкес келмеген жағдайда әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді) |
1 | Әлеуетті өнім беруші ұсынатын жоба Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкес келеді | |||
2 | Әлеуетті өнім беруші ұсынатын жоба неғұрлым үздік сипаттамаларды қамтиды | |||
2 | Әлеуетті өнім берушінің қызметі мақсатының (құрылтай құжаттарына сәйкес) Тапсырыс берушінің сатып алынатын қызметтеріне сәйкес келуі | 0-ден 2-ге дейін | 0 | Қызмет мақсаттары Тапсырыс берушінің сатып алынатын көрсетілетін қызметтеріне сәйкес келмейді (сәйкес келмеген жағдайда әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді) |
1 | Қызмет мақсаттары Тапсырыс берушінің сатып алынатын көрсетілетін қызметтеріне ішінара сәйкес келеді | |||
2 | Қызмет мақсаттары Тапсырыс берушінің сатып алынатын көрсетілетін қызметтеріне сәйкес келеді | |||
3 | Тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізу бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының сәйкестігі (іс-шаралар атауы және нысаны, өткізу орны мен мерзімі, жауапты тұлғалардың тегі аты, әкесінің аты) | 0-ден 6-ға дейін | 0 | Тапсырыс берушінің қойған мақсаттарға қол жеткізуі бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары жоқ не конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде көзделген барлық талаптарды қамтымайды (сәйкес келмеген жағдайда әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді) |
3 | Тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізу бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде көзделген барлық талаптарды қамтиды | |||
6 | Тапсырыс берушінің қойған мақсаттарға қол жеткізуі бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары техникалық ерекшеліктің барлық талаптарын қамтиды және қызмет көрсету сапасын жақсартатын қосымша іс-шараларды көздейді, әрбір жоба тапсырмасында іс-шараның атауын және нысанын, өткізу мерзімін және орнын сипаттайды | |||
4 | Әлеуетті өнім берушінің "Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында" болуы туралы мәліметтер | 0-ден 2-ге дейін | 0 | Әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер "Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында" қамтылмайды (сәйкес келмеген жағдайда әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді) |
1 | Әлеуетті өнім беруші "Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына" мәліметтерді уақтылы ұсынбаған | |||
2 | Әлеуетті өнім беруші "Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына" мәліметтерді уақтылы ұсынған | |||
5 | Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы (бір өлшемшарт ғана таңдап алынады) | 0-ден 6-ға дейін | 0 | Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болмауы |
1 | Әлеуетті өнім берушінің әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру саласында екі жылды қоса алғанға дейінгі жұмыс тәжірибесі | |||
2 | Әлеуетті өнім берушінің әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру саласындағы екі жылдан астам бес жылды қоса алғанға дейінгі жұмыс тәжірибесі | |||
3 | Әлеуетті өнім берушінің әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру саласында бес жылдан астам жұмыс тәжірибесі | |||
4 | Әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің мәніне сәйкес келетін ұқсас көрсетілетін қызмет нарығындағы екі жылды қоса алғанға дейінгі жұмыс тәжірибесі | |||
5 | Әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің мәніне сәйкес келетін ұқсас қызметтер көрсету нарығындағы екі жылдан астам және бес жылды қоса алғанға дейінгі жұмыс тәжірибесі | |||
6 | Әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің мәніне сәйкес келетін ұқсас көрсетілетін қызметтер нарығындағы бес жылдан астам жұмыс тәжірибесі | |||
6. | Жобаны белгілі бір аумақта (астана, республикалық маңызы бар қала, облыс аудан, қала) іске асырған жағдайда – үкіметтік емес ұйымның тиісті өңірдегі жұмыс тәжірибесі* | 0-ден 3-ке дейін | 0 | Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген аумақта әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ |
1 | Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген аумақта әлеуметтік жобаларды іске асыруда екі жылды қоса алғанға дейін жұмыс тәжірибесі бар | |||
2 | Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген аумақта әлеуметтік жобаларды іске асыруда екі жылдан астам және бес жылды қоса алғанға дейін жұмыс тәжірибесі бар | |||
3 | Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген аумақта әлеуметтік жобаларды іске асыруда бес жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар | |||
7 | Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың** тәжірибесі мен біліктілігі (Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 19 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17314 болып тіркелген) | 0-ден 4-ке дейін | 0 | Жобаны және (немесе) бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың ұсынылатын әлеуметтік жобаның және (немесе) бағдарламаның қызмет түрлеріне сәйкес келетін практикалық жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі жоқ немесе мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі тиісті құжаттармен расталмаған |
2 | Жобаны және (немесе) бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың ұсынылатын әлеуметтік жобаның және (немесе) бағдарламаның қызмет түрлеріне сәйкес келетін практикалық жұмыс тәжірибесі немесе біліктілігі бар, олар тиісті құжаттармен расталған | |||
4 | Жобаны және (немесе) бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың ұсынылатын әлеуметтік жобаның және (немесе) бағдарламаның қызмет түрлеріне сәйкес келетін практикалық жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі бар, олар тиісті құжаттармен расталған | |||
8 | Жобаны іске асыру нәтижелерін тиімді бағалау бойынша индикаторлардың болуы | 0-ден 6-ға дейін | 0 | Техникалық ерекшелікте индикаторлар жоқ |
2 | Сандық немесе сапалық индикаторлардың болуы | |||
4 | Сандық және сапалық индикаторлардың болуы | |||
6 | Сандық және сапалық индикаторлардың, оның ішінде салым, процесс, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді нәтижелер индикаторларының болуы |
Ескертпе.
* Сатып алынатын көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар көрсетілген қызметтердің актілері мен шот-фактураларының электрондық көшірмелері болып табылады.
Тиісті өңірде жұмыс тәжірибесін растау үшін Тапсырыс берушінің ресми хаты қосымша беріледі.
** Мамандардың тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар білімі туралы дипломдар, тиісті курстардан, семинарлардан өткені туралы сертификаттар болып танылады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық құжаттамаға 2-қосымша |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу нөмірі) көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама бұл ретте нөмір сатып алудың тәсіліне және нөміріне байланыстырылуы тиіс (әрбір лотқа жеке қалыптастырылады) Күні мен уақыты
Тапсырыс беруші*___________________________________________
Конкурстың № _______________________________________________
Конкурстың атауы ____________________________________________
Ұйымдастырушының атауы ____________________________________
Ұйымдастырушының мекенжайы________________________________
Конкурстық комиссияның құрамы:
№ | Т.А.Ә | Ұйымдағы лауазым | Комиссиядағы рөлі |
Жалпы сомасын көрсете отырып, сатып алынатын көрсетілетін қызметтер тізбесі ___________
№ р/с | Лоттың № | Лоттың атауы | Саны | Бірлігі үшін баға, теңге | Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге |
Лоттың № ___________________________________________________
Лоттың атауы ________________________________________________
Конкурсқа (лотқа) қатысуға ұсынылған өтінімдер туралы ақпарат: (хронология бойынша) (өтінімдер саны)
№ | Әлеуетті өнім беруші атауы | БСН (ЖСН)/ ССН/ТЕН | Өтінім беру күні мен уақыты (хронология бойынша) |
Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:
№ р/с | Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілер тізбесі), БСН (ЖСН)/ ССН/ТЕН | |||
Комиссия мүшесінің Т.А.Ә | Комиссия мүшесінің шешімі | Бас тарту себебі | Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына олардың сәйкес келмеуін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, бас тарту себептерін егжей-тегжей сипаттау | |
Конкурсқа қатысуға бас тартылған өтінімдер: (өтінімдер саны)
№ р/с | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / ССН/ТЕН | 1 Бас тарту себебі |
_______________________________________________________________________________ 1
үш мәтіндік мәннен анықтамалық: (біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеу, Заңның 6-бабының талаптарын бұзу)
Конкурсқа қатысуға мынадай өтінімдерге рұқсат етілген (өтінімдер саны):
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / ССН/ТЕН |
Қағидалардың 412-тармағымен көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мәніне қолдану нәтижелері туралы ақпарат
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН | Шартты жеңілдіктер, % | |||||||||
Әлеуетті өнім беруші ұсынатын жобаның Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігі | Әлеуетті өнім берушінің қызметі мақсатының (құрылтай құжаттарына сәйкес) Тапсырыс берушінің сатып алынатын қызметтеріне сәйкес келуі | Тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізу бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының сәйкестігі (іс-шаралар атауы және нысаны, өткізу орны мен мерзімі, жауапты тұлғалардың тегі аты, әкесінің аты) | Әлеуетті өнім берушінің "Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында" болуы туралы мәліметтер | Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы (бір өлшемшарт ғана таңдап алынады) | Жобаны белгілі бір аумақта (астана, республикалық маңызы бар қала, облыс аудан, қала) іске асырған жағдайда – үкіметтік емес ұйымның тиісті өңірдегі жұмыс тәжірибесі | Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі (Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 19 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17314 болып тіркелген) | Жобаны іске асыру нәтижелерін тиімді бағалау бойынша индикаторлардың болуы | Жалпы бал | Шартты азайту мөлшері, % | |||
Конкурсқа қатысушылардың шартты бағалараның есебі:
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН | Бөлінген сома | Өнім берушінің бағасы | Шартты жеңілдік мөлшері, % | Шартты жеңілдікті есептегендегі баға | Жұмыс тәжірибесі | Өтінімді берген күні мен уақыты |
Конкурстық комиссияның шешімі:
1. №___ лот бойынша жеңімпазды айқындау: {жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН атауы}, екінші орын алған әлеуетті өнім беруші, {екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН атауы}.
2. Тапсырыс беруші {тапсырыс берушінің атауы} "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде {жеңімпаз өнім берушінің БСН/ЖСН атауы}-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.
Не:
"Мемлекеттік сатып алу (№___ лот бойынша сатып алудың атауы)_____________________ байланысты өтпеді деп танылсын *":
Ескертпе: *Мынадай мағыналардың біреуі: "берілген өтінімдердің болмауы", "кемінде екі өтінімнен беру", "конкурсқа бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген", "конкурсқа бір әлеуетті өнім беруші қатысуға жіберіледі".
Не:
Сатып алуды жою жүргізілді, оның негізі мынау болып табылады: Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыным, шешім) № _________ күні.айы.жылы.
Жою туралы шешім қабылдаған орган: {________________________}.
Не:
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 13-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тарту жүргізілді.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты;
кк.аа.жжжж. – күн, ай, жыл
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық құжаттамаға 3-қосымша |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт
<Сәйкестендіру нөмірі >
<Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>
Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы>, <Тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің ТАӘ> атынан әрекет ететін бір тараптан және бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын <Өнім берушінің толық атауы>, <Өнім берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ> атынан әрекет ететін екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және <қорытындылардың күні> жыл № <қорытындылардың нөмірі> <сатып алу тәсілі> мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегі туралы келісімге келді:
1. Шарттың мәні
1.1. Өнім беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша Қызмет(тер) көрсетуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарымен Көрсетілген қызмет(тер)ді қабылдауға және Шарт бойынша Өнім беруші өз міндеттемелерін тиісінше орындау шартында төлеуге міндеттенеді:
<Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <1-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>;
…
ерекшелігі бойынша - 1.
1.2. Төменде келтірілген құжаттар мен онда келісілген шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) лоттар тізбесі және қызметтерді көрсету шарты (1-қосымша);
3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).
2. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары
2.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа 1-қосымшада айқындалады және <Шарттың сомасы> (сома жазумен) теңгені құрайды және қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, <оның ішінде ҚҚС <ҚҚС сомасы>теңге> / <ҚҚС есепке алмағанда> (бұдан әрі – Шарттың сомасы) қамтиды.
2.2. Қазынашылықтың аумақтық органында Шарт бюджеттік бағдарламасы, кіші бағдарламасы, - теңге ерекшелігі бойынша (), теңге /2 <_____> жылы тіркеуге жатады.1
2.3. Шарт күшіне енгеннен кейін Тапсырыс беруші 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді.2
Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле отырып, көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы төлейді.2
Көрсетілген қызмет үшін төлемді Тапсырыс беруші көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүргізеді.3
Қызмет көрсету актісінің нысанын Өнім беруші алдын ала Тапсырыс берушімен келіседі.
2.4. Сандық және құндық шамадағы көрсетілетін қызмет көлемі Шартқа 1-қосымшада келтірілген.
2.5. Төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
1) аумақтық қазынашылық органында тіркелген қол қойылған Шарт;
2) көрсетілген қызмет актісі (актілері);
3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 45-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту туралы есеп;
4) Өнім беруші Тапсырыс берушіге көрсеткен қызметтердің сипаттамасымен, жалпы сомасы көрсетіле отырып, электрондық шот-фактура;
3. Тараптардың міндеттемелері
3.1. Өнім беруші мыналарға:
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;
2) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін қамтамасыз етуге;
3) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың жағдайларын орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналдан басқа оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;
4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда көрсетілген қандай да бір құжаттарды және ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
5) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
6) Өнім берушінің Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттермен туындаған келтірілген залалдарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді.
7) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген көрсетілген қызметтер актісін, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 45-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтердегі жергілікті қамту туралы есепті ресімдеуге және жіберуге;
8) Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтер актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға міндеттенеді.
<n) жаңа тармақша>
3.2. Өнім беруші:
1) Тапсырыс берушіден Шарт бойынша көрсетілген Қызметтерге төлем талап етуге;
2) Тапсырыс берушімен алдын ала орындау мерзімін келісе отырып, Шартқа 1-қосымшада көрсетілген Қызметті мерзімінен бұрын көрсетуге құқылы.
3.3. Тапсырыс беруші:
1) Қызметтерді көрсету үшін Өнім берушінің мамандарының қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
2) көрсетілген Қызметтердің сәйкессіздіктері анықталған кезде тез арада Өнім берушіні жазбаша хабарландыруға;
3) Қызметті қабылдау кезінде көрсетілген қызмет актісіне қол қоюға не оның қабылданбауының дәлелді негіздемелерін көрсете отырып қабылдаудан бас тартуға;
4) көрсетілген қызметтер актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда Өнім беруші жазып берген шот-фактураны қабылдауға;
5) осы Шартта белгіленген тәртіпте және мерзімдерде төлем жүргізуге міндеттенеді.
<№) жаңа тармақша>
3.4. Тапсырыс беруші:
1) көрсетілген Қызметтердің сапасын тексеруге;
2) Қызмет мерзімінен бұрын көрсетілген жағдайда Тапсырыс беруші қызметті мерзімінен бұрын қабылдауға және ол үшін Шарт талаптарына сәйкес ақы төлеуге құқылы. Қызметті мерзімінен бұрын көрсетуден бас тартуға оны қабылдау мүмкін болмаған жағдайларда жол беріледі.
4. Қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеру
4.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері Көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелікте (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан бақылау мен тексеру жүргізе алады. Бұл ретте осы тексерістер бойынша барлық шығыстарды Өнім беруші көтереді. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы мақсаттар үшін белгіленген өз өкілдері туралы жазбаша түрде уақтылы хабарлауы тиіс.
4.2. Осы Шарт шеңберінде көрсетілген Қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары болуы тиіс.
4.3. Егер тексеру кезінде көрсетілген Қызметтердің нәтижелері техникалық ерекшеліктің (Шартқа 2-қосымша) талаптарына сәйкес келмейді деп танылса, Өнім беруші, Тапсырыс беруші тарапынан ешқандай қосымша шығынсыз, техникалық ерекшелік талаптарына сәйкессіздіктерді жою бойынша шараларды тексеру сәтінен бастап <cәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде қолданады.
4.4. Жоғарыда көрсетілген ешбір тармақ Өнім берушіні Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.
<№. Жаңа тармақ>*
5. Қызметтер көрсету
5.1. Өнім берушінің қызметтерді көрсетуі Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шартқа 1-қосымшада көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылады.
5.2. Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға дәл сәйкестікте көрсетілетін қызметті толық тапсыруы шартында Қызмет көрсетілді деп есептеледі.
<№. Жаңа тармақ>*
6. Кепілдік
6.1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге үздіксіз, сапалы және уақтылы Қызмет көрсетудің қамтамасыз етілуіне кепілдік береді.
6.2. Өнім беруші техникалық ерекшеліктің (Шартқа 2-қосымша) Қызметтерінің қателерін, жете өңделмеулері мен басқа да сәйкессіздіктерін ақысыз түзетуге кепілдік береді.
6.3. Тапсырыс беруші берілген кепілдікке байланысты барлық шағымдары туралы Өнім берушіге жазбаша түрде жедел хабарлауға міндетті, одан кейін Өнім беруші, осыған байланысты барлық шығыстарды қоса алғанда, өз есебінен кемшіліктерді жою шараларын Тапсырыс беруші хабарламасында белгілеген мерзімде қолдануға тиіс.
6.4. Егер Өнім беруші хабарламаны алып, тиісті кемшіліктерді жою шараларын уақтылы қолданбаса, Тапсырыс беруші Шарт бойынша Өнім берушіге қатысты өзінің басқа құқықтарына ешқандай нұқсан келтірмей және Өнім беруші есебінен қажетті санкциялар мен кемшіліктерді жою шараларын қолдана алады.
<№. Жаңа тармақ>*
7. Тараптардың жауапкершілігі
7.1. Тараптар осы Шарт шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
7.2. Секвестр және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша жетіспеген жағдайларда, егер Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиесілі қаражатты Шартта көрсетілген мерзімдерде төлемесе, Тапсырыс беруші Өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1 % (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.
7.3. Қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.
7.4. Өнім беруші Қызмет көрсетуден бас тартқан немесе Шарт бойынша Қызмет көрсету мерзімі өткен күннен бастап, бірақ Шарт қолданысының аяқталу мерзімінен кешіктірмей, бір айдан аса мерзімге Қызмет көрсету мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын өндіріп ала отырып, бір жақты тәртіпте осы Шартты бұзуға құқылы.
7.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
7.6. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша қызмет көрсету үшін қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкелетін болса, Шарт сомасы немесе қызмет көрсету кестесі, немесе екеуі де тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Өнім берушінің түзету жүргізуге барлық сұрау салулар Өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынуға тиіс.
7.7. Өнім беруші толығымен де, ішінара да біреуге осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін бермеуі тиіс.
7.8. Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шарт аясында жасалған барлық бірлесіп орындаушылармен шарттардың көшірмелерін ұсынуы тиіс. Бірлесіп орындаушылардың болуы Өнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
Қызмет көрсету үшін бірлесіп орындаушыларға берілуі мүмкін көрсетілетін қызметтің шекті көлемі жиынтықта көрсетілетін қызмет көлемінің екіден бірінен аспауға тиіс.
Бұл ретте бірлесіп орындаушыларға өткізілетін мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын қызмет көрсету көлемдерін өзге бірлесіп орындаушыларға беруге тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға көрсетілетін қызметтерге өткізілетін мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын қызмет көрсету бойынша бірлесіп орындаушылар тартуға жол берілмейді.
<№. Жаңа тармақ>*
8. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзылу талаптары
8.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап> күшіне енеді және <_____> дейін қолданылады.
8.2. Мынадай оқиғалар олардың көбеюi бөлiгінде қызмет көрсету ұзақтығы мерзiмдерiнің өзгеруiне әкеп соқтырады:
1) Тапсырыс беруші Объектiнiң барлық учаскелерiн пайдалануға тыйым салады, ол өз кезегінде қызмет көрсетудің кешіктірілуіне әкеп соқтырады;
2) Тапсырыс беруші Өнім берушіге Шартта жоспарланбаған сынақтарды жүргiзу үшiн қызмет көрсетуді тоқтатуға нұсқау береді. Бұл ретте, егер аталған сынақтар ақауларды анықтамаған жағдайда, қызмет көрсетуді тоқтату уақыты қызмет көрсету мерзіміне қосылады.
<Жаңа абзац>
8.3. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші кез келген уақытта Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жіберіп біржақты тәртіпте Шарт талаптарын орындаудан бас тарта алады. Бұл жағдайда Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту тез арада жүзеге асырылады, және Тапсырыс беруші егер Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту ешқандай залал келтірмейтін немесе салдарынан Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын қандай да бір әрекеттерді жасауға немесе санкцияларды қолдануға құқықтарды қозғамайтын шартта Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндет көтермейді.
8.4. Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгi iс жүзiндегi шығындар үшiн ғана төлем талап етуге құқылы.
8.5. Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір басқа санкцияларға зиян келтірместен Тапсырыс беруші, Өнім берушіге міндеттемелерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:
1) егер Өнім беруші көрсетілетін қызметті Шартта көзделген мерзімде немесе Тапсырыс беруші ұсынған осы Шарттың ұзартылған кезеңі ішінде орындай алмаса;
2) егер Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмаса, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады.
8.6. Шарт:
1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылғаны анықталған;
2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген қолдауды көрсеткен жағдайда кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.
8.7. Шарт одан әрі оны орындау орынсыз болған жағдайда, тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
9. Хабарлама
9.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хатпен немесе телеграф, телекс, телефакс не веб-портал арқылы жіберіледі.
9.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.
10. Форс-мажор
10.1. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Тараптар ол үшін жауапкершілікте болмайды.
10.2. Егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Өнім беруші Шарт талаптарының орындалмауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапты болмайды.
10.3. Шарт мақсаттары үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамти алады, бірақ тек олар ғана емес: соғыс қимылдары, табиғи немесе дүлей апаттар және басқалар.
10.4. Форс-мажорлық жағдаяттар туындаған кезде Өнім беруші тез арада Тапсырыс берушіге осындай жағдаяттар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдаяттарға байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздейді.
11. Даулы мәселелерді шешу
11.1. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктер немесе даулар тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
11.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
12. Өзге де шарттар
12.1. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
12.2. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасу нысаны сияқты нысанда жасалады.
12.3. Өнім берушінің таңдауы үшін негіз болған сапаның өзгермеуі шарты мен басқа да шарттарда жасалған Шартқа өзгерістер енгізуге Заңның 45-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жол беріледі.
12.4. Тараптардың біреуінің Шарт бойынша міндеттерін беруіне тек екінші Тараптың жазбаша келісімімен жол беріледі.
12.5. Шарт веб-портал арқылы жасалған бірдей заңды күшіне ие қазақ және орыс тілінде жасалды.
12.6. Шартта реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
<№. Жаңа тармақ>*
Ескертпе:
* Тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген міндеттемелерді орындау бойынша өнім берушіге қойылатын талаптарды және (немесе) шарттарды белгілеуіне жол берілмейді.
13. Тараптардың деректемелері
Тапсырыс беруші |
Өнім беруші (Өнім беруші ақша талабын (факторингті) басқаға беру арқылы қаржыландыру шартын жасасқан кезде қаражат алушы) |
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушінің есепке алу нөмірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 25-қосымша |
Тұрғын үй-жайды мемлекеттік сатып алу жөнінде ашу хаттамасы (нөмірі мен күні)
Сатып алу № _________________________________________________
Сатып алу аты________________________________________________
Лоттың №___________________________________________________
Лоттың атауы_______________________________________________
Тұрғын үй-жайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді мынадай әлеуетті өнім берушілер ұсынды:
№ | Әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә. | ЖСН | Байланысу деректері, деректемелері | Өтінімнің берілген күні мен уақыты |
Хабарландыруда көзделген құжаттардың бар екендігі (жоқ болуы) туралы ақпарат:
№ | Әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә. | ЖСН | Құжаттың атауы | Болу белгісі |
Аббревиатураларды таратып жазу:
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 26-қосымша |
Тұрғын үй-жайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы (сатып алу нөмірі) (әрбір лотқа жеке қалыптастырылады) Күні мен уақыты
Тапсырыс беруші______________________________________________
Сатып алу № __________________________________________________
Сатып алу атауы ___________________________________________
Ұйымдастырушының атауы _____________________________________
Ұйымдастырушының мекенжайы_________________________________
Жалпы сомасын көрсете отырып, сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі ___________
№ | Лоттың № | Лоттың атауы | Саны | Бірлік үшін баға | Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге |
Лоттың № ___________________________________________________
Лоттың атауы ______________________________________________
Сатып алуда (лотта) қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат (хронология бойынша): (өтінім саны)
№ | Әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә. | ЖСН | Өтінім берілген күні және уақыты (хронология бойынша) |
Алдын ала рұқсат беру нәтижелері:
№ | Әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә. (әлеуетті өнім берушілердің тізбегі), олардың ЖСН | |||
Ұйымдастырушының шешімі | Хабарландыруда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеу себептерінің толық сипаттамасы | Қабылдамау себептерінің негіздемесі | Хабарландыруда көрсетілген талаптарға сәйкес келтіру қажет әлеуетті өнім берушінің өтініміндегі құжаттар тізбесі | |
Тұрғын үй-жайды сатып алуға қатысудан бас тартылған өтінімдер: (өтінімдер саны):
№ | Әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә. | ЖСН | Қабылдамау себебі |
Талаптарға және хабарландыруда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін тұрғын үй-жайды сатып алуға қатысуға өтінімдер: (өтінімдер саны)
№ р/с | Әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә. | ЖСН |
Әлеуетті өнім берушілер хабарландыруда көрсетілген талаптарға сәйкес келтірген тұрғын үй-жайды сатып алуға қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы күні мен уақыты: осы хаттама веб-порталда орналастырылған сәттен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей.
Ескертпе:
Аббревиатураларды таратып жазу:
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 27-қосымша |
Тұрғын үй-жайды мемлекеттік сатып алу жөнінде қорытынды туралы хаттама (нөмірі мен күні)
Сатып алу № ___________________________________________
Сатып алу аты _________________________________________
Лоттың № ______________________________________________
Лоттың атауы __________________________________________
Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге ___________________
Берілген өтінімдер туралы ақпарат:
№ | Әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә. | ЖСН | Байланысу деректері, деректемелері | Өтінімнің берілген күні мен уақыты |
Өтінімдерді қарау нәтижелері:
№ | Әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә. | ЖСН | Шешім (жіберілді/жіберілген жоқ) | Хабарландыруда көзделген талаптарға сәйкес келмеу себебі | Негіздеме (болған жағдайда көрсетіледі) | |
Жіберілген қатысушылардың баға ұсыныстары туралы мәліметтер:
№ | Әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә. | ЖСН | Бөлінген сома | Өнім берушінің бағасы | Бюджетті төмендету пайызы | Өтінімнің берілген күні мен уақыты |
Сатып алудың №___ лоты бойынша жеңімпаз: {жеңімпаз өнім берушінің атауы}.
Тапсырыс беруші {тапсырыс берушінің атауы} "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде {жеңімпаз өнім берушінің атауы}-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.
Не:
"Мемлекеттік сатып алу (№___ лот бойынша сатып алудың атауы)_____________________ байланысты өтпеді деп танылсын*":
Ескертпе: *Мынадай мағыналардың біреуі: "берілген өтінімдердің болмауы", "конкурсқа қатысуға бір де бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген".
Не:
Сатып алуды жою жүргізілді, оның негізі мынау болып табылады: Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыным, шешім) № _________күні.айы.жылы.
Жою туралы шешім қабылдаған орган: {_________________________}
Не:
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 13-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тарту жүргізілді.
Аббревиатураларды таратып жазу:
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты;
кк.аа.жжжж. – күні, айы, жылы.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 28-қосымша |
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру
Құрметті қатысушы (әлеуетті өнім берушінің атауы)!
Сіз веб-портал арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға (шақыру №, шақыру атауы) шақырылдыңыз.
Шақыруды қарау үшін сілтеме (шақыруға сілтеме) бойынша өтіңіз.
Егер жоғарыда көрсетілген сілтеме ашылмаса, оны алмасу буферіне көшіріп алыңыз да браузердің мекенжай жолына қойыңыз және "Енгізуді" басыңыз.
Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға шақыруға қосымша |
Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттік сатып алу (лоттар) тізбесі (бекітілген жылдық жоспар негізінде қалыптастырылады)
Шақыру № ______________________________________
Шақырудың атауы _______________________________
Лот № | Тапсырыс берушінің атауы | Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы* | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Жеткізу шарты (Incoterms 2010-ға сәйкес) | Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі | Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны | Аванстық төлем мөлшер, % | Лот бойынша бөлінген сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
* Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшелікте көрсетіледі
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 29-қосымша |
Мемлекеттік сатып алудың веб-порталы жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы келісім
Осымен аталған мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден алу тәсілімен осы мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниетімізді білдіреміз және белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды (тауарларды) жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға келісімімізді, сондай-ақ Заңның 6-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулерге біздің сәйкестігімізді растайтын мәліметтерді алуға келісім білдіреміз.
Осымен Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзушылықтардың болмауын, сондай-ақ менімен (әлеуетті өнім беруші) және тапсырыс беруші және (немесе) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы арасында Заңда тыйым салынған қатынастардың болмауын растаймыз.
Сондай-ақ, (тауарды (тауарларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың бұзылуына әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіреміз және мемлекеттік сатып алу туралы шартты (қорларды шетке беруге арналған жүкқұжат, тауарды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған актілер) орындауға байланысты ақпаратты ашуға келісім білдіреміз.
Құжаттар тізімімен танысқанымызды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өзіміздің заңдылығымыз, біліктіліктігіміз, сапалық және өзге мінездемелеріміз (жеткізілетін тауар (тауарлар), орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы дәйексіз мәліметтерді ұсынылғаны үшін, авторлық және аралас құқықтардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулердің сақталуына жауапкершілік туралы хабарланғанын растаймыз.
Сатып алуға қатысуға жауапта және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дәйексіз мәліметтердің ұсынылуы үшін өзімізге толық жауапкершілікті аламыз.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы келісімге қосымша |
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы (әрбір мемлекеттік сатып алуға (лотқа) жеке-жеке толтырылады)
Шақыру № _________________________________________________
Шақырудың атауы __________________________________________
Лоттың № _________________________________________________
Лоттың атауы _____________________________________________
Өнім берушінің атауы _____________________________________
БСН/ЖСН/ССН/ТЕН __________________________________________
Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы__________
ТЖҚС коды ________________________________________________
Баға ұсынысының валютасы _________________________________
Баға ұсынысы валютасының коды ____________________________
Өлшем бірлігі ____________________________________________
Барлық шығыстарды есепке алғандағы бірлік бағасы__________
Саны (көлемі) ____________________________________________
ИНКОТЕРМС 2010 тауар жеткізу шарттары ____________________
Жалпы бағасы (санды бірлік бағасына *) ___________________
Біз сіздің төлем жасау шарттарыңызбен келісеміз.
Күні және уақыты ____________________________
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
ТЖҚС Коды – Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сыныптама коды.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 30-қосымша |
Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама (әрбір мемлекеттік сатып алуға (лотқа) жеке-жеке қалыптастырылады)
Шақыру №_____________________________________________
Шақыру атауы_________________________________________
Лот № _______________________________________________
Лот атауы ___________________________________________
Тапсырыс беруші өкілі және ұйымдастырушы өкілі туралы ақпарат:
№ | Т.А.Ә. | Лауазымы | Рөлі |
1 | Тапсырыс беруші өкілі | ||
2 | Ұйымдастырушы өкілі |
Сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер):
Лот нөмірі | Тауар, жұмыс, көрсетілетін қызметтер атауы | Қолдануға негіздеме | Сатып алу (тауар, жұмыс, көрсетілетін қызметтер) мәні түрі | Сатып алуға бөлінген сома, теңге |
Шақырылған әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат:
Өнім беруші атауы | БСН (ЖСН)/ССН/ ТЕН | Деректемелер |
Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы туралы ақпарат:
Бөлінген сома | Өнім беруші бағасы | Баға ұсынысын беру күні және уақыты |
Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестік/сәйкессіздік нәтижелері:
Шақырылған әлеуетті өнім берушімен (әлеуетті өнім беруші атауы) "Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу" тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады деп шешілді.
Не: бір көзден алу тәсілімен сатып алу шақырылған әлеуетті өнім берушінің (әлеуетті өнім беруші атауы) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысудан бас тартуына байланысты өтпеді.
Не: бір көзден алу тәсілімен сатып алу шақырылған әлеуетті өнім беруші (әлеуетті өнім беруші атауы) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға жауабын белгіленген мерзімде бермегеніне байланысты өтпеді.
Не: бір көзден алу тәсілімен сатып алу шақырылған әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес еместігіне байланысты өтпеді.
Не:
Сатып алуды жою жүргізілді, оған мыналар негіз болып табылады: Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыным, шешім) № _________ кк.аа.жжжж.
Жою туралы шешім қабылдаған орган: {_________________}.
Не:
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 13-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тарту жүргізілді.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты;
кк.аа.жжжж. – күн, ай, жыл.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 31-қосымша |
Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есеп
Лоттың №/сатып алудың сәйкестендіру коды ______________________
Лоттың /сатып алудың атауы_________________________________
Сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер):
1. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу туралы шешім қабылдаған лауазымды тұлға туралы мәліметтер:
Тапсырыс берушінің атауы | Тапсырыс берушінің бірінші басшысының Т.А.Ә. және лауазымдар атауы | Бір көзден сатып алуды жүзеге асыру жағдайының ерекшелігін растайтын құжаттың атауы, күні және нөмірі (қызметтік жазба, қорытынды, анықтама және т. б.) |
2. Заңның 13-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген өзге де тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың мүмкін еместігі себептерінің негіздемесі:
№ | Тауарлардың жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы | Негіздеме |
3. Коммерциялық ұсынысты беру туралы сұрау салу жіберілген әлеуетті өнім берушілер туралы мәлімет *:
№ | Коммерциялық ұсынысты беруге сұрау салу жіберілген әлеуетті өнім берушілердің атауы | Коммерциялық ұсынысты беруге сұрау салу жіберілген әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат көздері | Шығыс сұрау салудың нөмірі және күні |
4. Тапсырыс берушінің сұрау салуы бойынша коммерциялық ұсынысты берген әлеуетті өнім берушілер туралы мәлімет (прайс-парақтар және басқа да растаушы құжаттар)*:
№ | Тапсырыс берушінің сұрау салуы бойынша коммерциялық ұсынысты берген әлеуетті өнім берушінің атауы | Коммерциялық ұсынысқа сәйкес ұсынылған тауарлардың жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (марқасын, моделін көрсете отырып) қысқаша сипаттамасы | Тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің елеулі шарттары (баға, сапа, мерзімдер) |
5. Өз бастамасы бойынша коммерциялық ұсынысты берген әлеуетті өнім берушілер туралы мәлімет (прайс-парақтар және басқа да растаушы құжаттар)*:
№ | Өз бастамасы бойынша коммерциялық ұсынысты берген әлеуетті өнім берушінің атауы | Коммерциялық ұсынысқа сәйкес ұсынылған тауарлардың жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (марқасын, моделін көрсете отырып) қысқаша сипаттамасы | Тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің елеулі шарттары (баға, сапа, мерзімдер) |
6. Өнім берушіні таңдаудың негіздемесі және мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы, сондай-ақ шарттың өзге де талаптары.
Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ССН/ ТЕН | Деректемелер | Өнім берушіні таңдау негіздемесі | Жасалған шарт бағасының негіздемесі |
* осы есептің 3, 4, 5-тармақтары осы Қағидалардың 471-тармағында көрсетілген жағдайларда көрсетіледі.
Тапсырыс беруші өкілінің Т.А.Ә. және лауазымы,
Бір көзден мемлекеттік сатып алуға қатысуға
шақыру үшін әлеуетті өнім берушіні айқындау
туралы шешім қабылдағанның қолы
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 32-қосымша нысан |
________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы, мекенжайы)
Күні __________ № ______________
Коммерциялық ұсынысты беру туралы сұрау салу
Осымен ________________________
(тапсырыс беруші атауы)
бір көзден алу тәсілімен мынадай тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге тікелей шарт жасасу жолымен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға ниет білдіру туралы хабардар ету:
сатып алынатын тауарлардың жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы | мемлекеттік сатып алуды өткізудің нысаны болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі | мемлекеттік сатып алуға бөлінген сома | тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны | тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері |
Осыған байланысты, әлеуетті өнім берушіні айқындау мақсатында жеткізілетін тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің, орындалатын жұмыстардың) сипаттамасын жаза отырып, Сіздің коммерциялық ұсынысыңызды 20__жылғы "__" __________ дейінгі мерзімде (үш жұмыс күннен кешіктірілмеуі тиіс) жіберуді сұраймыз.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алу туралы шарт мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалатынын атап өтеміз.
Қосымша: техникалық ерекшеліктерді көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы
_____________________________ ________ ______________________
(тапсырыс берушінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 33-қосымша |
Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт
<Сәйкестендіру нөмірі >
<Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>
Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы>, <Тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің ТАӘ> атынан әрекет ететін бір тараптан және бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын <Өнім берушінің толық атауы>, <Өнім берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ> атынан әрекет ететін екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және <қорытындылардың күні> жыл № <қорытындылардың нөмірі> <сатып алу тәсілі> мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегі туралы келісімге келді:
1. Шарттың мәні
1.1. Өнім беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша Тауарды жеткізуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарымен Тауарды қабылдауға және Шарт бойынша Өнім беруші өз міндеттемелерін тиісінше орындау шартында төлеуге міндеттенеді:
<Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <1-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>;
…
ерекшелігі бойынша - <№-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>1.
1.2. Төменде келтірілген құжаттар мен онда келісілген шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) лоттар тізбесі және тауарларды жеткізу шарты (1-қосымша);
3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).
2. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары
2.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа 1-қосымшада айқындалады және <Шарттың сомасы> (<сома жазумен>) теңгені құрайды және Тауарлар жеткізумен байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, <оның ішінде ҚҚС <ҚҚС сомасы>теңге>/<ҚҚС есепке алмағанда> (бұдан әрі – Шарттың сомасы) қамтиды.
2.2. Қазынашылықтың аумақтық органында Шарт бюджеттік бағдарламасы, кіші бағдарламасы, - ерекшелігі бойынша (), / <_____> жылы тіркеуге жатады1.
2.3. Шарт күшіне енгеннен кейін, Тапсырыс беруші Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның2 26-бабына сәйкес соманы енгізгеннен кейін, Шартқа 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді. Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле отырып, көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы төлейді2.
Жеткізілген Тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші Тауарларды қабылдап алу-беру актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүргізеді3.
2.4. Сандық және құндық шамадағы жеткізілетін тауар көлемі Шартқа 1-қосымшада келтірілген.
2.5. Төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;
2) жүкқұжат;
3) тауарды (тауарларды) қабылдап алу-беру актісі (актілері);
4) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 44-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардағы жергілікті қамту туралы есеп;
5) жеткізілген тауарлардың санын, бірлік бағасы мен жалпы сомасын сипаттай, көрсете отырып, Өнім беруші Тапсырыс берушіге ұсынған электрондық шот-фактура;
<№. Жаңа тармақша>*
3. Тараптардың міндеттемелері
3.1. Өнім беруші мыналарға:
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;
2) Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы (қамтамасыз ету сомасы жазумен) құрайтын Шарттың жалпы сомасының теңгеге тең 3 (үш) пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және теңгеге4 тең Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Шарт мәндері бойынша көзделген аванс мөлшерлерін, теңгеге> тең Заңның 26-бабына сәйкес соманы>5 мынадай түрде енгізуге міндеттенеді:
әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;
не:
мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 38-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.
Бұл ретте, Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;
3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шартқа 2-қосымшада (техникалық ерекшелік) көрсетілген талаптарға тауарлардың сәйкестігін қамтамасыз етуге;
4) Тауарларды түпкілікті межелі пунктіне тасымалдау кезінде олардың бұзылудан немесе бүлінуден сақтай алатын орамын қамтамасыз етуді. Орам қандай да бір шектеусіз қарқынды жүктеу-тасымалдау өңдеуі мен экстремалды температуралардың әсерлерге, тасымалдау кезінде тұздар мен жауын-шашынға, сондай-ақ ашық түрде сақтауға төзе алатын болуы қажет.
Буып-түйілген жәшіктер габариттері мен олардың салмақтарын айқындау кезінде, Тауарлар тасымалының барлық пункттерінде жеткізудің соңғы пунктінің алыстығын және қуатты жүккөтергіш құралдарының бар болуын ескеру қажет;
5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың талаптарын орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналдан басқа оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс.
6) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда көрсетілген қандай да бір құжаттарды және ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
7) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
8) Өнім берушінің Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттермен туындаған келтірілген залалдарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді;
9) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген тауарларды қабылдап алу-беру актісін, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 44-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардағы жергілікті қамту туралы есепті ресімдеуге және жіберуге;
10) Тапсырыс беруші тауарды (тауарларды) қабылдап алу-беру актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға міндеттенеді.
<№) жаңа тармақша>
3.2. Өнім беруші:
1) Тапсырыс берушіден Шарт бойынша жеткізілген Тауарларға төлем талап етуге;
2) Тапсырыс берушімен алдын ала жеткізу мерзімін келісе отырып, Шартқа 1-қосымшада көрсетілген Тауарды мерзімінен бұрын жеткізуге құқылы.
3.3. Тапсырыс беруші:
1) Тауар жеткізу үшін Өнім берушінің мамандарының қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
2) Тауардың сәйкессіздіктері мен кемшіліктері анықталған кезде тез арада Өнім берушіні жазбаша хабарландыруға;
3) Тауарды қабылдап алу кезінде веб-портал арқылы Тауарды қабылдап алу-беру актісін бекітуге не мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 547-тармағында белгіленген мерзімде оны қабылдамаудың дәлелді негіздемелерін көрсете отырып, Тауарды қабылдаудан бас тартуға.
Бұл ретте тауарды қабылдап алуды Тапсырыс беруші не сенімхат бойынша оның өкілі жүзеге асырады;
4) тауарды (тауарларды) қабылдап алу-беру актісі бекітілгеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда Өнім беруші жазып берген шот-фактураны қабылдауға;
5) осы Шартта белгіленген тәртіпте және мерзімдерде төлем жүргізуге міндеттенеді.
<№) жаңа тармақша>
3.4. Тапсырыс беруші:
1) жеткізілген Тауарлардың сапасын тексеруге;
2) Тауар мерзімінен бұрын жеткізілген жағдайда Тапсырыс беруші Тауарды мерзімінен бұрын қабылдауға және ол үшін Шарт талаптарына сәйкес ақы төлеуге құқылы. Тауарды мерзімінен бұрын жеткізуден бас тартуға оны қабылдау мүмкін болмаған жағдайларда жол беріледі.
4. Тауарлардың техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеру
4.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері жеткізілген тауарлардың техникалық ерекшелікте (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан бақылау мен тексеру жүргізе алады. Бұл ретте осы тексерулер бойынша барлық шығыстарды Өнім беруші көтереді. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы мақсаттар үшін белгіленген өз өкілдері туралы жазбаша түрде уақтылы хабарлауы тиіс.
4.2. Осы Шарт шеңберінде жеткізілген тауарлар техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары болуы тиіс.
4.3. Егер тексеру кезінде жеткізілген тауарлардың нәтижелері техникалық ерекшеліктің (Шартқа 2-қосымша) талаптарына сәйкес келмейді деп танылса, Өнім беруші, Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығынсыз, техникалық ерекшелік талаптарына сәйкессіздіктерді жою бойынша шараларды тексеру сәтінен бастап <cәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде қолданады.
4.4. Тауарлардың техникалық ерекшелікке сәйкестілігін тексеру Өнім беруші немесе қосалқы мердігер(лер) аумағында, жеткізу орнында және (немесе) тауарлардың түпкілікті межелі пунктіне жүргізілуі мүмкін. Егер олар Өнім беруші немесе оның қосалқы мердігері(лері) аумағында жүргізілетін болса, Тапсырыс беруші инспекторларына, Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығынсыз, сызбалар мен өндірістік ақпараттарға рұқсатты қоса алғанда, барлық қажетті құралдар мен көмек ұсынылатын болады.
4.5. Жоғарыда көрсетілген тармақтың ешқайсысы Өнім берушіні Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.
<№. жаңа тармақ>*
5. Тауарларды жеткізу және құжаттама
5.1. Өнім беруші Тауар межелі пунктте Тапсырыс берушінің өкіліне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ақпарат Тауардың өзінде және/немесе орамасында көрсетілген не Тауар сапасы дайындаушы кәсіпорынның мөртаңбасымен немесе көрсетілген белгілерді таратып жаза отырып, басқа белгімен Тауардың өзінде және/немесе оның орамасында расталған жағдайларды қоспағанда, Тауардың жиынтығы, оның техникалық сипаттамасы, пайдалану қағидалары, кепілдігі туралы мәліметтерді және Тауардың сапасын және оның Қазақстан Республикасында танылған нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкестігін айқындау үшін қажетті басқа да мәліметтерді қамтитын дайындаушы зауыт (жөнелтуші) берген зауыттың сапа сертификатының және/немесе техникалық паспортының түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері немесе дайындаушы зауыт берген өзге құжат;
2) сәйкестігін міндетті түрде растауға жатпайтын Тауарларды қоспағанда, өнім беруші растаған Тауардың сәйкестігін бағалау туралы құжаттың (сәйкестік сертификаты/сәйкестігі туралы декларация/ мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) көшірмесі;
3) Дайындаушының немесе Өнім берушінің (қажет болған кезде) кепілдік (міндеттеме) сертификаты;
4) егер Тауар Қазақстанда шығарылған болса, онда "Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен бекітілген тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларға (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23514 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидалары) сәйкес белгіленген тәртіппен берілген "СТ-KZ" Тауардың шығарылған елі туралы сертификатының түпнұсқасы немесе белгіленген үлгідегі көшірмесі, не уәкілетті ұйым растаған көшірмесі ұсынылады.
Егер қазақстанда шығарылған жеткізілетін тауарлардың көлемі екі және одан да көп бірлікті құраса, онда Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларға сәйкес жеткізілетін көлемге (үлгіге берілген сертификатты қоспағанда) немесе сериялық өндіріс өніміне берілген "СТ-KZ" Тауардың шығарылған елі туралы сертификатының түпнұсқасы немесе белгіленген үлгідегі көшірмесі, не уәкілетті ұйым растаған көшірмесі ұсынылады.
Егер Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларында белгіленген тәртіппен шығарылған елдің тиісті органы берген тиісті Тауардың шығарылған елі туралы сертификатының түпнұсқасы немесе көшірмесі беріледі.
5.2. Тауарға меншік құқығы және кездейсоқ опат болуы, Тауардың жоғалуы немесе бүлінуі тәуекелін қоса алғанда, онымен байланысты барлық тәуекелдер Тараптар тауарды қабылдап алу-беру актісіне қол қойған сәттен бастап Тапсырыс берушіге ауысады. Осы сәттен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде Өнім беруші Тапсырыс берушіден Тауарды қабылдау кезінде анықтау мүмкін болмаған Тауардың ақаулықтарына байланысты кінараттарды қабылдайды.
5.3. Жеткізу Өнім беруші Тапсырыс берушіге Тауарды техникалық ерекшелікте (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға дәл сәйкестікте толық беру шартында жасалды деп есептеледі.
5.4. Осы Шарттың 5.3-тармағының талаптары сақталған кезде Тауарды жеткізу/беру күні деп өнім берушінің веб-портал арқылы тапсырыс берушіге тауарды қабылдап алу-беру актісін жіберген күні есептеледі.
6. Кепілдік. Сапа
6.1. Өнім беруші осы Шарт шеңберінде жеткізілетін Тауардың:
1) сапалы және сатып алынатын тауарларға ұлттық стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетініне;
2) жаңа, пайдаланылмаған, зауыт орамасында, материалы мен орындауында ешқандай ақаулықтары жоқ екендігіне;
3) өнеркәсіптік және (немесе) басқа зияткерлік меншікке негізделген үшінші тұлғаның кез келген құқықтары мен талаптарынан бос екеніне кепілдік береді.
6.2. Тауардың сатып алынатын тауарлар тізбесіне және осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген техникалық ерекшелікке сәйкес толық жеткізілмегені анықталған немесе жеткізілген Тауарда ораманы ашу кезінде жасырын қандай да бір зауыт ақаулары анықталған жағдайда, немесе егер Тауар сапасы техникалық дайындау талаптарына толық сәйкес келмесе, Тапсырыс беруші жиырма күндік мерзімде жарнамалық акті жасайды, ал Өнім беруші күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде өз есебінен Тауарды жаңасына ауыстырады.
6.3. Жеткізілетін Тауардың кепілді кезеңі Тауар Тапсырыс берушінің қоймасына келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 12 (он екі) айда айқындалады. Ауыстырылған немесе жөнделген Тауар үшін кепілдік мерзімі жаңа Тауарға ауыстырылған сәттен бастап басталады. Тауар ақауларын жою, ауыстыру бойынша, оның ішінде кедендік тазартуға байланысты барлық шығыстарды да Өнім беруші көтереді. Егер туындаған ақауларды жоюда іркіліс Өнім берушінің кінәсінен болған жағдайда, онда кепілдік беру мерзімі тиісті уақыт кезеңіне ұзартылатын болады.
<№. жаңа тармақ>*
7. Тараптардың жауапкершілігі
7.1. Тараптар осы Шарт шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
7.2. Секвестр және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында/мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың есеп шотында ақша жетіспеген жағдайларды қоспағанда, егер Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиесілі қаражатты Шартта көрсетілген мерзімдерде төлемесе, онда Тапсырыс беруші Өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1 % (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.
7.3. Тауарды жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.
7.4. Өнім беруші Тауарды жеткізуден бас тартқан немесе Шарт бойынша Тауар жеткізу мерзімі өткен күннен бастап, бірақ Шарт қолданысының аяқталу мерзімінен кешіктірмей, күнтізбелік он бес күннен аса мерзімге Тауар жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын өндіріп ала отырып, бір жақты тәртіпте осы Шартты бұзуға құқылы.
7.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
7.6. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша Тауар жеткізу үшін қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкелетін болса, онда Шарт сомасы немесе тауар жеткізу кестесі, немесе екеуі де тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Өнім берушінің түзету жүргізуге барлық сұрау салулары Өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ұсынуға тиіс.
7.7. Өнім беруші толығымен де, ішінара да біреуге осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін бермеуі тиіс.
7.8. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша Өнім беруші өз міндеттемелерін орындамауына байланысты Шартты бұзған жағдайда оның орындалуын қамтамасыз ету соманы,, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес Өнім беруші енгізген соманы (бар болса) қайтармайды.
7.9. Тапсырыс беруші енгізілген Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (бар болса) қамтамасыз ету сомасын өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ Өнім беруші Шарттың қолданылу кезеңінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету тәсілін ауыстыруды ұсынған жағдайда Өнім берушіге қайтарады.
<№. жаңа тармақ>*
8. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзылу талаптары
8.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап> күшіне енеді және <_____> дейін қолданылады.
8.2. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші кез келген уақытта Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жіберіп біржақты тәртіпте Шарт талаптарын орындаудан бас тарта алады. Бұл жағдайда Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту тез арада жүзеге асырылады, және Тапсырыс беруші егер Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту ешқандай залал келтірмейтін немесе салдарынан Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын қандай да бір әрекеттерді жасауға немесе санкцияларды қолдануға құқықтарды қозғамайтын Шартта Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндет көтермейді.
8.3. Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір басқа санкцияларға зиян келтірместен Тапсырыс беруші осы Шарттың 7.4-тармағының талаптарын ескере отырып, Өнім берушіге міндеттемелерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жіберіп:
1) егер Өнім беруші Шартта көзделген мерзімде немесе Тапсырыс беруші ұсынған осы Шарттың ұзартылған кезеңі ішінде тауар жеткізе алмаса;
2) егер Өнім беруші өз міндеттемелерін орындай алмаса, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады.
8.4. Шарт мынадай фактілердің бірі анықталған жағдайда:
1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзу анықталса;
2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген қолдауды көрсетсе;
3) Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін тауарлар жеткізілген жағдайды қоспағанда, Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен Шарт жасасудан жалтарса кез келген кезеңде оның бұзылуы туралы талапты қамтуы тиіс.
8.5. Шартты одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда, оны тараптардың келісімі бойынша бұзуға болады.
Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгi iс жүзiндегi шығындар үшiн ғана төлем талап етуге құқылы.
9. Хабарлама
9.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хатпен немесе телеграф, телекс, факс, телефакс не веб-портал арқылы жіберіледі.
9.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.
10. Форс-мажор
10.1. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Тараптар оның толық немесе ішінара орындалмауы үшін жауапкершілікте болмайды.
10.2. Егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Өнім беруші өзінің Шарттың орындалуын қамтамасыз етуінен айырылмайды және Шарт талаптарының орындалмауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапты болмайды.
10.3. Шарт мақсаттары үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамти алады, бірақ тек олар ғана емес: соғыс қимылдары, табиғи немесе дүлей апаттар және басқалар.
10.4. Форс-мажорлық жағдаяттар туындаған кезде Өнім беруші тез арада Тапсырыс берушіге осындай жағдаяттар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдаяттарға байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздейді.
11. Даулы мәселелерді шешу
11.1. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктер немесе даулар тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
11.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
12. Өзге де шарттар
12.1. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
12.2. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасу нысаны сияқты нысанда жасалады.
12.3. Өнім берушінің таңдауы үшін негіз болған сапаның өзгермеуі шарты мен басқа да шарттарда жасалған Шартқа өзгерістер енгізуге Заңның 45-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жол беріледі.
12.4. Тараптардың біреуінің Шарт бойынша міндеттерін беруіне тек екінші Тараптың жазбаша келісімімен жол беріледі.
12.5. Шарт веб-портал арқылы жасалған бірдей заңды күшіне ие қазақ және орыс тілінде жасалды.
12.6. Шартта реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
<№. жаңа тармақ>*
Ескертпе:
* Тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген міндеттемелерді орындау бойынша өнім берушіге қойылатын талаптарды және (немесе) шарттарды белгілеуіне жол берілмейді.
13. Тараптардың деректемелері
Тапсырыс беруші: |
Өнім беруші (Өнім беруші ақша талабын (факторингті) басқаға беру арқылы қаржыландыру шартын жасасқан кезде қаражат алушы): |
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 34-қосымша |
Құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы (құрылыс-монтаждау жұмыстары) үлгілік шарт
<Сәйкестендіру нөмірі>
<Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>
Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы>, <Тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің ТАӘ> атынан әрекет ететін бір тараптан және бұдан әрі "Мердігер" деп аталатын <Өнім берушінің толық атауы>, <Өнім берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ> атынан әрекет ететін екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және <қорытындылардың күні> № <қорытындылардың нөмірі> <сатып алу тәсілі> тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегі туралы келісімге келді:
1. Ұғымдар мен анықтамалар
1.1. Осы Шартта төменде тізбеленген ұғымдар мынадай мағынаға ие:
1) бас мердігер (бұдан әрі – Мердігер) – Тапсырыс берушімен жасалған Шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, сондай-ақ, консорциум (мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда);
2) қосалқы мердігер – Шарт бойынша жұмыстардың бір бөлігін орындауға Мердігермен шарты және (немесе) келісімі бар тұлға немесе ұйым;
3) техникалық қадағалаушы – мердігерлік жұмыстарды Мердігердің Шарттың ережелеріне сәйкес орындауы жөніндегі бақылауды жүзеге асыруға Тапсырыс беруші тағайындаған және Мердігерге хабарланған тұлға;
4) объекті – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Мердігердің Шартта көзделген түрде салуға, қайта жаңартуға және Тапсырыс берушіге беруге тиіс деп анықтаған ғимарат, құрылым;
5) учаске – Объект құрылысын салуға немесе жұмыстарды жүргізуге бөлінген аумақ;
6) уақытша құрылымдар – Объектінің құрылысын салу мен жөндеу үшін қажетті, тұрғызылатын, орнатылатын және Объектінің құрылысын салуды аяқтағаннан кейін Мердігер алып тастайтын барлық уақытша ғимараттар мен құрылымдар.
<№) жаңа тармақша>
2. Шарттың мәні
2.1. Мердігер осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша жұмысты (Жұмыстарды) орындауға міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші орындалған Жұмысты (Жұмыстарды) қабылдауға және Мердігер Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған кезде ол үшін осы Шарттың талаптарында ақы төлеуге міндетті.
<Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <1-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>;
ерекшелігі бойынша - <№ ерекшелігі бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>1.
2.2. Жұмыстар - <сатып алу атауы> Жобасы бойынша орындалады, онда <объектінің орналасқан жері> бар.
Бас жобалаушы - <Бас жобалаушының аты>.
2.3. Төменде тізбеленген құжаттар және оларда айтылған шарттар осы Шартты құрады және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) лоттардың тізбесі және жұмыстарды орындау шарты (1-қосымша);
3) техникалық ерекшелік (2-қосымша);
4) консорциялық келісім (Консорциуммен Шарт жасасқан жағдайда).
3. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары
3.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа 1-қосымшамен анықталады және <шарттың сомасы> (<сома жазумен>) теңгені құрайды және Жұмыстарды орындаумен байланысты болатын барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, <оның ішінде ҚҚС-ты <ҚҚС сомасын> теңге>/ҚҚС-сыз> (бұдан әрі – Шарттың сомасы) қамтиды.
3.2. Аумақтық қазынашылық органында Шарт бюджеттік бағдарламасы, кіші бағдарламасы, - () теңге ерекшелігі бойынша, теңге/ <_____> жылға тіркеуге жатады1.
3.3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін Мердігер Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде 5 (бес) жұмыс күні ішінде аванстық төлемді жүргізеді2.
Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле отырып, Орындалған Жұмыстар актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Мердігердің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы төлейді2.
Орындалған Жұмыс үшін төлемді Тапсырыс беруші Орындалған жұмыстар актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Мердігердің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүргізеді3.
Егер құрылысқа байланысты жұмыстарды бір қаржы жылының шеңберінде орындаған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстарды аяқтағаннан және Тапсырыс беруші объектіні пайдалануға қабылдау туралы актіні қазынашылық органға тапсырғаннан кейін <сомасы> мөлшерінде осы шарт сомасының қалған 5 (бес) пайызын төлейді.
Егер құрылысқа байланысты жұмыстарды орындаған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстарды аяқтағаннан және Тапсырыс беруші объектіні құрылысты аяқтаудың соңғы жылында пайдалануға қабылдау туралы актіні қазынашылық органға тапсырғаннан кейін <сомасы> мөлшерінде осы шарт сомасының қалған 5 (бес) пайызын төлейді.
3.4. Орындалатын жұмыстардың көлемі Шартқа 1-қосымшада келтірілген.
3.5. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;
2) орындалған жұмыстардың актісі (актілері)6;
3) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 45-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту туралы есеп;
4) Мердігер Тапсырыс берушіге ұсынған орындалған жұмыстардың сипаттамасымен, жалпы сомасы көрсетіле отырып, электрондық шот-фактура;
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне 115-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем сертификаты (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) (бұдан әрі - Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі).
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы қазынашылық сүйемелдеу үшін тапсырыс берушілер айқындаған объектілер құрылысымен байланысты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде қолданылады.
4. Тараптардың міндеттемелері
4.1. Мердігер:
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;
2) Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы (қамтамасыз ету сомасы жазумен) теңгені құрайтын Шарттың жалпы сомасының теңгеге тең 3 (үш) пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және теңгеге4 тең Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Шарт мәндері бойынша көзделген аванс мөлшерлерін, теңгеге тең Заңның 26-бабына сәйкес соманы>5 мынадай түрде енгізуге міндеттенеді:
Мердігердің электрондық әмиянындағы ақша;
не:
мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 38-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.
Бұл ретте Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын Мердігер Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін ол Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;
3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде орындалатын жұмыстардың Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге;
4) Шарт бойынша жұмыстарды орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1107 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12767 болып тіркелген) Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің (бар болса) дерекқорына енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды пайдалануға;
5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың талаптарын орындау үшін Мердігер тартқан персоналды қосқанда, оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;
6) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жоғарыда тізбеленген қандай да бір құжаттарды және ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
7) Тапсырыс берушінің жазбаша талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
8) Мердігердің Шарт талаптарын тиісінше орындамауымен және/немесе өзге заңсыз іс-әрекеттермен келтірген шығындарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді;
9) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген орындалған жұмыстар актісін, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 45-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстардағы жергілікті қамту туралы есепті ресімдеуге және жіберуге;
10) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға;
11) Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде мемлекеттік сатып алу шотын ашуға;
12) қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде объектілер құрылысымен байланысты инвестициялық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша қаражатты жұмсауды қазынашылық органдарында ашылған мемлекеттік сатып алу шоттары арқылы жүзеге асыруға;
13) қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде объектілер құрылысымен байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) қазынашылық органдарында мемлекеттік сатып алу шоттарын ашу шартымен қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартуға. Мұндай талап тиісті қосалқы мердігерлік (бірлесіп орындаушылық) шарттарында көрсетіледі;
14) қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде қосалқы мердігерлермен жасалатын шарттар бойынша ол қосалқы мердігерлік шарттарында қазынашылық органдарында ашылатын мемлекеттік сатып алу шоттарына ақшалай қаражат аудару туралы талаптың болуын, сондай-ақ Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес шот-фактураларды жазып беру шартының болуын қамтамасыз етуге;
15) талдау жүргізу үшін Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес қосалқы мердігерлердің тізбесін мемлекеттік кірістер органдарына ұсынуға;
16) тәуекелдердің жоқтығы тұрғысынан талдау жүргізілген қосалқы мердігерлердің тізбесін қазынашылық органдарына ұсынуға;
17) қазынашылық сүйемелдеу шеңберіндегі мемлекеттік сатып алу туралы шартта қазынашылық органдарында ашылатын мемлекеттік сатып алу шоттың деректемелерін көрсетуге;
18) қазынашылық органдарында төлем сертификатын ұсынуға, сондай-ақ Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес қосалқы мердігердің төлем сертификатын ұсынуын қамтамасыз етуге;
19) қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде объектілер құрылысымен байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шартты Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралар арқылы орындауға міндеттенеді.
4.2. Мердігер:
1) Шарт бойынша орындалған Жұмыстар үшін тапсырыс берушіден ақы төлеуді талап етуге;
2) Тапсырыс берушімен орындау мерзімін алдын ала келісе отырып, Шартқа 1-қосымшада көрсетілген Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындауға құқылы.
4.3. Тапсырыс беруші:
1) Жұмыстарды орындау үшін Мердігер мамандарының қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
2) орындалған Жұмыстардың сәйкес келмеуі анықтаған кезде дереу жазбаша Мердігерді хабардар етуге;
3) Жұмыстарды қабылдау кезінде веб-портал арқылы орындалған жұмыстар актісін бекітуге не мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 547-тармағында белгіленген мерзімде оның қабылданбауына дәлелді негіздемелерді көрсете отырып жұмысты қабылдаудан бас тартуға;
4) орындалған жұмыстар актісі бекітілгеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйелері арқылы электрондық нысанда Мердігер жазған шот-фактураны қабылдауға;
5) осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде ақы төлеуді жүргізуге;
6) инжиниринг компаниясының мердігерлерге (қосалқы мердігерлерге) Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес төлем сертификатын ұсынуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы қазынашылық сүйемелдеу үшін тапсырыс берушілер айқындаған объектілер құрылысымен байланысты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде қолданылады.
4.4. Тапсырыс беруші:
1) орындалған Жұмыстардың сапасын тексеруге;
2) Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындаған жағдайда, Тапсырыс беруші Шарттың талаптарына сәйкес жұмыстарды мерзімінен бұрын қабылдауға және оған ақы төлеуге құқылы. Жұмыстарды қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайда оны мерзімінен бұрын орындаудан бас тартуға жол беріледі.
5. Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін тексеру
5.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тұрғысында орындалған жұмыстарды бақылауды және тексеруді жүргізуі мүмкін. Бұл ретте осы тексерулер бойынша барлық шығыстарды Мердігер тартады. Тапсырыс беруші осы мақсаттар үшін анықталған өзінің өкілдері туралы Мердігерді жазбаша түрде уақтылы хабардар етуі тиіс.
5.2. Осы Шарт шеңберінде орындалатын жұмыстар техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген стандарттарға сәйкес келуі немесе олардан жоғары болуы тиіс.
5.3. Егер орындалған Жұмыстардың нәтижелері тексеру кезінде техникалық ерекшелік және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама талаптарына (Шартқа 2-қосымша) сәйкес келмейді деп танылса, Мердігер тексеру сәтінен бастап <сәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз техникалық ерекшелік және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама талаптарына сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.
5.4. Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келуін тексеру кезінде Тапсырыс берушінің инспекторларына Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз сызбалар мен өндірістік ақпаратқа қол жеткізуді қоса алғанда, барлық құралдар беріледі және жәрдем көрсетілетін болады.
5.5. Жоғарыда көрсетілген тармақтың біреуі де Мердігерді Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.
<№. Жаңа тармақ>*
6. Жұмыстарды тапсыру және қабылдап алу тәртібі
6.1. Өнім берушінің Жұмыстарды осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға толық сәйкестікте Тапсырыс берушіге толық тапсырған жағдайда Жұмыс орындалды деп саналады.
6.2. Мердігер орындалған жұмыстарды қабылдап алу/тапсыру кезінде Тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) егер жұмыстар қазақстанда шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса, онда "Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен бекітілген тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларға (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23514 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидалары) сәйкес белгіленген тәртіппен берілген "СТ-KZ" Тауардың шығарылған елі туралы сертификатының түпнұсқасы немесе белгіленген үлгідегі көшірмесі, не уәкілетті ұйым растаған көшірмесі ұсынылады;
2) егер жұмыстар шетелде шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса – Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларында белгіленген тәртіппен шығарылған елдің тиісті органы берген тиісті Тауардың шығарылған елі туралы сертификаттың тұпнұсқасы немесе көшірмесі.
7. Кепілдік. Сапа
7.1. Мердігер Тапсырыс берушіге Шарт бойынша Жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың техникалық ерекшеліктерге және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес болуына, Жұмыстар оның сапасын техникалық ерекшеліктің және (немесе) жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді.
Осы талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде жеткіліксіз негізделген және рұқсатсыз өзгерістерді қамтитын Жұмыстар ақаулы деп танылады.
Мердігер (қосалқы Мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру ережелерін бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның ұйғарынды тозуы немесе бүлінуі себебінен залалды өтеу немесе Ақауды түзету Мердігер беретін кепілдіктерге кірмейді.
Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Мердігер материалдар мен жабдықтардың сапасының техникалық ерекшеліктерге және/немесе жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келетінін куәландыратын құжаттарды береді.
7.2. Мердігер Тапсырыс берушіге пайдалануға кепілдікті <кепілдік мерзімі> мерзіміне береді.
7.3. Мердігер орындалған Жұмыстарды және Жұмыстарға (олар болған кезде) байланысты барлық материалдарды, жабдықтарды, ресурстарды және өзге де позицияларды жаңбырға, су тасқынына, аязға, өртке, ұрлауға және өзге де себептерге байланысты зиянның, зақымданудың, жойылудың барлық түрлерінен қорғауды қамтамасыз етеді.
Мердігер өзінің жұмыстарын жүргізу кезінде жоба бойынша басқа жұмыстарды, сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншікті қандай да бір зақымдану түрлерінен немесе жолды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын және жылжымалы және жылжымайтын мүліктің өзге де түрлерін қоса алғанда (бірақ, онымен шектеліп қоймай) басқа да себептерден қорғауды қамтамасыз етеді. Мердігер жоғарыда айтылғандарға байланысты шеккен барлық шығындар Тапсырыс берушінің тарапынан қосымша өтелуге жатпайды.
<№. Жаңа тармақ>*
8. Тараптардың жауапкершілігі
8.1. Тараптар өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда осы Шарт шеңберінде барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
8.2. Секвестр және/немесе мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тиісті бюджеттердің қолма-қол бақылау шотында/есеп шотында ақшаның жеткіліксіз болған жағдайларды қоспағанда, егер Тапсырыс беруші өзіне тиесілі қаражатты Мердігерге Шартта көрсетілген мерзімдерде төлемесе, онда Тапсырыс беруші Мердігерге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1% (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасынан 10%-нан аспауға тиіс.
8.3. Жұмыстарды орындау мерзімі өткен жағдайда, Тапсырыс беруші Мердігерден Мердігер міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындау) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10%-нан аспауға тиіс.
8.4. Мердігер Жұмыстарды орындаудан бас тартқан немесе Шарт бойынша Жұмыстарды орындау мерзімі өткен күннен бастап бір айдан астам мерзімде, бірақ Шарттың қолданылуы аяқталу мерзімінен кешіктірмей Жұмыстарды орындау мерзімін кешіктірген жағдайда, Тапсырыс беруші мердігерден/орындаушыдан мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын өндіріп ала отырып, осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Бұл ретте Тапсырыс беруші барлық орындалған (қабылданған) Жұмыстардың құнына төлем жүргізеді.
8.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
8.6. Егер кез келген өзгеріс Шарт бойынша Жұмыстарды орындау үшін Мердігерге қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, онда Шарттың сомасы немесе Жұмыстарды орындау кестесі, немесе екеуі де тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Мердігердің түзетулерді жүргізу туралы барлық сұрау салулары Мердігер Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы тапсырма алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.
8.7. Мердігердің Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін біреуге толықтай да, ішінара да беруіне жол берілмейді.
8.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда, Мердігер Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің болуы Мердігерді Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
Жұмыстарды орындау үшін қосалқы мердігерлерге берілуі мүмкін жұмыстардың шекті көлемі жиынтығында орындалатын жұмыстардың екіден бір көлемінен аспауға тиіс.
Бұл ретте қосалқы мердігерлерге өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге беруге тыйым салынады.
Жұмыстарды орындайтын Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді тартуға жол берілмейді7,8.
8.9. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша Мердігер өз міндеттемелерін орындамауына байланысты Шартты бұзған жағдайда оның орындалуын қамтамасыз ету соманы, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес Мердігер енгізген соманы (бар болса қайтармайды.
8.10. Тапсырыс беруші енгізілген Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (бар болса) қамтамасыз ету сомасын Мердігер Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ Мердігер Шарттың қолданылу кезеңінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету тәсілін ауыстыруды ұсынған жағдайда Мердігерге қайтарады.
<№. Жаңа тармақ>*
9. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзылу талаптары
9.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап> күшіне енеді және <қолдану мерзімі> жылға дейін қолданылады.
9.2. Мынадай оқиғалар олардың көбеюі бөлігінде жұмыс ұзақтығы мерзімдерінің өзгеруіне әкеп соғады:
1) Тапсырыс беруші Объектінің барлық учаскелерін пайдалануға тыйым салады, ол өз кезегінде Жұмыстарды орындауды кешіктіруге әкеп соғады.
2) Тапсырыс беруші Шартта жоспарланбаған сынақтарды жүргізу үшін Жұмыстарды тоқтатуға Мердігерге нұсқау береді. Бұл ретте, егер бұл сынақтар ақауларды анықтамаса, онда Жұмыстарды өндіру тоқтатылған уақыт Жұмыстарды орындау мерзіміне қосылады.
9.3. Егер басқа тарап Шарттың талаптарын Шартта көзделген қағидатты талаптардан айыратындай елеулі бұзушылық жасаған болса, Тапсырыс беруші немесе Мердігер Шартта көрсетілген мерзімге дейін Шартты бұза алады. Шарттың талаптарын елеулі бұзу өзіне мыналарды қамтиды, бірақ тізбеленгенмен шектеліп қалмайды:
1) егер Мердігер Жұмыстарды орындау мерзімін бірнеше рет бұзса, Тапсырыс беруші Шартты бұза алады;
2) Мердігер <күн саны> күнге дейін Жұмыстарды тоқтата тұрады, бұл ретте тоқтатуға Тапсырыс берушінің рұқсаты болмаса;
3) Мердігер Тапсырыс беруші айқындаған негізделген уақыт кезеңі ішінде Тапсырыс беруші көрсеткен Ақауларды жоймаса;
4) Тапсырыс беруші Мердігерге Жұмыстар барысын кідіртуге нұсқау берсе және осындай нұсқау <күн саны> күн ішінде күшін жоймаса;
5) не Тапсырыс беруші, не Мердігер оның қайта ұйымдастырылуын немесе бірлесуін қоспағанда, банкротқа ұшыраса немесе қандай да бір себептермен таратылса;
6) Мердігер жобалау құжаттамасында және (немесе) шарттық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды жүргізу қағидаларын, нұсқаулықтары мен ережелерін ескермейтін болса.
9.4. Шарт, оны одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты Шарт жойылған кезде, Мердігер Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгi iс жүзiндегi шығындар үшiн ғана төлем талап етуге құқылы.
9.5. Мына фактілердің бірі анықталған жағдайда:
1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзу анықталса;
2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Мердігерге Заңда көзделмеген жәрдемдерді көрсетсе;
3) Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін жұмыстар орындалған жағдайларды қоспағанда, Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен Шартты жасасудан жалтарса Шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.
9.6. Егер Шарт бұзылса, Мердігер дереу Жұмысты тоқтатады, Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және белгіленген тәртіппен оны Тапсырыс берушіге береді.
9.7. Егер Мердігердің Шарт талаптарын елеулі бұзуы себебінен Шарт бұзылатын болса, Объектідегі барлық материалдар мен Жабдық, сондай-ақ уақытша құрылымдар мен орындалған құрылыс жұмыстары Тапсырыс берушінің меншігі болып саналады және Шартты бұзуға байланысты қаржылық талқылаулар шешілгенге дейін оның билігінде болады.
10. Хабарлама
10.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хатпен немесе телеграф, телекс, телефакс не веб-портал арқылы жіберіледі.
10.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.
11. Форс-мажор
11.1. Егер дүлей апат, әскери іс-қимылдар, эпидемия, ірі ауқымды ереуілдер, тікелей немесе жанама түрде тыйым салатын, сондай-ақ осы Шарт бойынша тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі болатын заңнамалық және үкіметтік актілердің күшіне енуі жататын форс-мажорлық жағдаяттар туындаған жағдайда, өзіне алған міндеттемелерді орындамау үшін жауапкершіліктен босатылады. Бұл ретте, тарап форс-мажор басталғаны туралы жазбаша түрде дереу хабарлауға тиіс. Олай болмаған жағдайда бұл жағдаятқа сілтеме жасауға құқығы жоқ.
11.2. Форс-мажор жағдаяттары кезінде екінші тараптың өз міндеттемелерін орындамауына байланысты шығынға ұшыраған тарап осы оқиғалардың ауқымы туралы, сондай-ақ оның қызметіне тигізген әсері туралы құзыретті органдар мен ұйымдар растаған құжаттамалық растауларды одан алуға құқығы бар.
11.3. Форс-мажор жағдайында Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлайды. Мердігер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысқа мерзімде Жұмыстардың тоқтатыла тұруын қамтамасыз етеді.
11.4. Егер форс-мажор жағдаяты Шарттың орындалуын бұзатын болса, Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұруын куәландырады. Мердігер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысқа мерзімде Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және жұмыстарды тоқтатады. Тапсырыс беруші Мердігерге Объектіні тоқтатқан күнге дейін орындалған жұмыстардың барлық көлемі үшін және Объектіні консервациялауға байланысты жұмыстар үшін ақы төлеуді жүргізеді.
12. Даулы мәселелерді шешу
12.1. Тапсырыс беруші мен Мердігер Шарт бойынша немесе соған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
12.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Шарт бойынша дауды Тапсырыс беруші мен Мердігер шеше алмайтын болса, тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
13. Өзге де шарттар
13.1. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
13.2. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасу нысаны сияқты нысанда жасалады.
13.3. Мердігердің таңдауы үшін негіз болған сапаның өзгермеуі шарты мен басқа да шарттарда жасалған Шартқа өзгерістер енгізуге Заңның 45-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жол беріледі.
13.4. Тараптардың біреуінің Шарт бойынша міндеттерін беруіне тек екінші Тараптың жазбаша келісімімен жол беріледі.
13.5. Шарт веб-портал арқылы жасалған бірдей заңды күшіне ие қазақ және орыс тілінде жасалды.
13.6. Шартта реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
<№. жаңа тармақ>*
Ескертпе:
* Тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген міндеттемелерді орындау бойынша өнім берушіге қойылатын талаптарды және (немесе) шарттарды белгілеуіне жол берілмейді.
14. Тараптардың деректемелері
Тапсырыс беруші: |
Мердігер (Өнім беруші ақша талабын (факторингті) басқаға беру арқылы қаржыландыру шартын жасасқан кезде қаражат алушы): |
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 35-қосымша |
Жобалау-сметалық құжаттаманы (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт
<Сәйкестендіру нөмірі >
<Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>
Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы> "Тапсырыс берушінің негіздемесі" негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің ТАӘ> атынан әрекет ететін бір тараптан және бұдан әрі "Мердігер/Орындаушы" деп аталатын <Өнім берушінің толық атауы">, <Өнім берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ> атынан әрекет ететін екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және <қорытындылардың күні> № <қорытындылардың нөмірі> <сатып алу тәсілі> тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегі туралы келісімге келді:
1. Ұғымдар мен анықтамалар
1.1. Осы Шартта төменде аталған ұғымдар мынадай түсіндірулерге ие:
1) жобалаушы/орындаушы - Тапсырыс берушімен жасалған Шартта Тапсырыс берушінің контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, сондай-ақ консорциум (мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда);
2) қосалқы жобалаушы - Жобалаушымен/Орындаушымен Шарт бойынша жұмыстардың бір бөлігін орындауға арналған шарты және (немесе) келісімі бар тұлға немесе ұйым;
3) жұмыстар - Объектіні салу үшін қажетті барлық жобалау және іздестіру жұмыстары, сондай-ақ жобаға сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар, Шартта оған тиісті қосымшаларымен көзделген жұмыстар, сондай-ақ объектіні іске асыру басталғанға дейін немесе салу барысында туындаған жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге байланысты барлық қосымша жұмыстар;
4) объекті - мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жобалау-сметалық құжаттаманы және техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге жататын деп анықтаған және Жобалаушы Шартта көзделген түрде Тапсырыс берушіге беретін ғимарат, құрылыс, учаске.
<№) Жаңа тармақша>
2. Шарттың мәні
2.1. Жобалаушы/Орындаушы осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын шарттарға, талаптарға сәйкес және бағалар бойынша жұмысты (бұдан әрі – Жұмыс) орындауға міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші орындалған жұмысты (жұмыстарды) қабылдауға және Жобалаушы/Орындаушы Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда осы Шарттың талаптарында ол үшін ақы төлеуге міндеттенеді:
<Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <1-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>;
ерекшелігі бойынша - <№ ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>1.
2.2. Жұмыстар Жоба бойынша орындалады - <сатып алудың атауы>, ол <объектінің орналасқан жерінде> орналасқан.
2.3. Төменде келтірілген құжаттар мен онда келісілген шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
1) Осы Шарт;
2) лоттар тізбесі және жұмыстарды орындау шарты (1-қосымша);
3) консорциялық келісім (Консорциуммен Шарт жасасқан жағдайда);
4) жобалауға тапсырыс беруші бекіткен тапсырма.
3. Шарттың сомасы және төлеу талаптары
3.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа 1-қосымшада айқындалады және <шарт сомасы> (<сома жазумен>) теңгені құрайды және Жұмыстарды орындауға байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, <оның ішінде ҚҚС <ҚҚС сомасы> теңге> /ҚҚС-сыз> (бұдан әрі-Шарт сомасы) қамтиды.
3.2. Қазынашылықтың аумақтық органында Шарт
бюджеттік бағдарлама бойынша, кіші бағдарламасы, - () теңге ерекшелігі бойынша, теңге / <____> жылға тіркеуге жатады1.
3.3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді2.
Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле отырып, Орындалған жұмыстар актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Жобалаушының/Орындаушының есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы төлейді2.
Орындалған Жұмыс үшін төлемді Тапсырыс беруші Орындалған жұмыстар актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Жобалаушының/Орындаушының есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүргізеді3.
3.4. Орындалатын жұмыстардың көлемі Шартқа 1-қосымшада келтірілген.
3.5. Төлем алдындағы қажетті құжаттар:
1) <қазынашылықтың аумақтық органында тіркелген / қол қойылған> Шарт;
2) Орындалған жұмыстардың актісі(лері);
3) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 45-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту туралы есеп;
4) Жобалаушы/ Орындаушы Тапсырыс берушіге ұсынған орындалған жұмыстардың сипаттамасымен, жалпы сомасы көрсетіле отырып, электрондық шот-фактура.
4. Тараптардың міндеттемелері
4.1. Жобалаушы/Орындаушы міндеттенеді:
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиісінше орындалуын қамтамасыз ету;
2) Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы (қамтамасыз ету сомасы жазумен) теңгені құрайтын Шарттың жалпы сомасының теңгеге тең үш пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және теңгеге4 тең Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Шарт мәндері бойынша көзделген аванс мөлшерлерін, теңгеге> тең Заңның 26-бабына сәйкес соманы>5 мынадай түрде енгізуге міндеттенеді:
әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;
не:
мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 38-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.
Бұл ретте Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын Жобалаушы/Орындаушы Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін ол Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;
3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде орындалатын жұмыстардың Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1107 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12767 болып тіркелген) Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің (бар болса) дерекқорына енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды пайдалануға жобалау-сметалық құжаттамада, техникалық-экономикалық негіздемеде көрсету;
5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың талаптарын орындау үшін Жобалаушы/Орындаушы тартқан персоналды қосқанда, оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;
6) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жоғарыда тізбеленген қандай да бір құжаттарды және ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
7) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
8) Жобалаушының/Орындаушының Шарт талаптарын тиісінше орындамауымен және/немесе өзге заңсыз іс-әрекеттермен келтірген шығындарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді;
9) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген орындалған жұмыстар актісін, сондай-ақ осы Қағидаларға 45-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстардағы жергілікті қамту туралы есепті ресімдеуге және жіберуге;
10) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға міндеттенеді.
4.2. Жобалаушы/Орындаушы:
1) Шарт бойынша орындалған Жұмыстар үшін Тапсырыс берушіден ақы төлеуді талап етуге;
2) Тапсырыс берушімен орындау мерзімін алдын ала келісе отырып, Шартқа 1-қосымшада көрсетілген Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындауға құқылы.
4.3. Тапсырыс беруші:
1) Жұмыстарды орындау үшін Жобалаушы/Орындаушы мамандарының қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
2) Жобалаушыға/Орындаушыға Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес белгіленген тиісті бастапқы деректерді (бар болса) беруге;
3) орындалған Жұмыстардың сәйкес келмеуі анықтаған кезде дереу жазбаша Жобалаушыны/Орындаушыны хабардар етуге;
4) Жұмыстарды қабылдау кезінде веб-портал арқылы орындалған жұмыстар актісін бекітуге не мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 547-тармағында белгіленген мерзімде оның қабылданбауына дәлелді негіздемелерді көрсете отырып жұмысты қабылдаудан бас тартуға;
5) орындалған жұмыстар актісі бекітілгеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйелері арқылы электрондық нысанда Өнім беруші жазған шот-фактураны қабылдауға;
6) осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде ақы төлеуді жүргізуге міндеттенеді.
4.4. Тапсырыс беруші:
1) орындалған Жұмыстардың сапасын тексеруге;
2) Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындаған жағдайда, Тапсырыс беруші Шарттың талаптарына сәйкес жұмыстарды мерзімінен бұрын қабылдауға және оған ақы төлеуге құқылы. Жұмыстарды қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайда оны мерзімінен бұрын орындаудан бас тартуға жол беріледі.
5. Жұмыстарды тапсыру және қабылдау тәртібі
5.1. Егер Жобалаушы өз міндеттемелерін шарттық құжаттардың талаптарын бұза отырып орындаса, сондай-ақ, егер Жобалаушы жұмысты орындауға қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші жазбаша нұсқамамен Жобалаушыға тоқтату себептері жойылғанға дейін жұмыстарды тұтастай немесе оның бір бөлігін тоқтату туралы өкім бере алады.
5.2. Жобалау-сметалық құжаттаманы кешенді ведомствадан тыс сараптамаға жіберу алдында Жобалаушы Тапсырыс берушіге ілеспе хатпен жобалау-сметалық құжаттаманы қарау үшін жібереді, оған тексеру үшін жобалау-сметалық құжаттаманың қабылдау-тапсыру актісі қоса беріледі.
5.3. Тапсырыс беруші жобалау-сметалық құжаттаманы алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жобалау-сметалық құжаттаманы:
1) тиісті сараптамалардың, келісімдердің, техникалық шарттардың қорытындысының бар болуына;
2) құзыретті (уәкілетті) мемлекеттік органдардың жобалау-сметалық құжаттамаға қажетті келісімдерінің бар болуына;
3) техникалық тапсырманың талаптарына, ҚР нормалары мен стандарттарына сәйкестігіне, Техникалық және Ғылыми-техникалық кеңестердің ұсынымдарын қолдануына қарайды.
5.4. Тапсырыс беруші жобалау-сметалық құжаттаманы қарағаннан кейін:
1) жобалау-сметалық құжаттамаға қандай да бір ескертулер болған және/немесе қажетті келісулер болмаған және/немесе тиісті сараптамалардың қорытындысы болмаған жағдайда, жобалау-сметалық құжаттаманы Жобалаушыға ескертулері мен оларды жою мерзімдерін көрсете отырып, пысықтау үшін жазбаша қайтарады;
2) жобалау-сметалық құжаттамаға Тапсырыс берушіде қандай да бір ескертулер болмаған жағдайда, кешенді ведомствадан тыс сараптамадан өтуге тиісті шарттың қорытындысымен соңғы Тапсырыс беруші жібереді.
5.5. Кешенді ведомствадан тыс сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін Жобалаушы ұсынған жобалау-сметалық құжаттаманы қабылдап алу-тапсыру актісіне және одан кейін орындалған Жұмыстар актісіне қол қою арқылы қағаз тасығыштарда 4 (төрт) данадан кем емес, және электрондық форматта 2 (екі) данада жобалау-сметалық құжаттаманы қабылдайды.
5.6. Жобалау-сметалық құжаттаманы қабылдау – тапсыру актісіне қол қою арқылы Жобалаушы барлық мүліктік емес құқықтарды Тапсырыс берушінің пайдасына беруді растайды.
5.7. Өнім берушінің Жұмыстарды осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға толық сәйкестікте Тапсырыс берушіге толық тапсырған жағдайда Жұмыс орындалды деп саналады.
5.8. Жобалаушы/Орындаушы орындалған жұмыстарды қабылдау/тапсыру кезінде Тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) егер жұмыстар Қазақстанда шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса, онда "Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен бекітілген тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларға (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23514 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидалары) сәйкес белгіленген тәртіппен берілген "СТ-KZ" Тауардың шығарылған елі туралы сертификатының түпнұсқасы немесе белгіленген үлгідегі көшірмесі, не уәкілетті ұйым растаған көшірмесі ұсынылады;
2) егер жұмыстар шетелде шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса – Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларында белгіленген тәртіппен шығарылған елдің тиісті органы берген тиісті Тауардың шығарылған елі туралы сертификаттың тұпнұсқасы немесе көшірмесі.
5.9. Жобалаушы жобалау-сметалық құжаттаманың сапасына жауапты болады және жобаны кешенді ведомствадан тыс сараптамадан өткен уақытқа дейін, тіпті оның оң қорытындысын алғанға дейін алып жүреді.
<№. Жаңа тармақ>*
6. Кепілдік. Сапа
6.1. Жобалаушы Тапсырыс берушінің кешенді ведомствадан тыс сараптаманың оң қорытындысын алған күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде орындалған Жұмыстардың сапасына кепілдік береді.
6.2. Жобалаушы Жұмыстардың жобалауға Тапсырыс беруші бекіткен Тапсырмаға (сәулет-жоспарлау тапсырмасына, техникалық шарттарға) сәйкес және құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттама жүйесінің халықаралық стандартының, конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесінің талаптарына және Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына сәйкес орындалатынына кепілдік береді.
6.3. Жобалаушы кепілдік мерзімі шегінде табылған Жұмыстардағы кемшіліктері үшін жауапты болады.
<№. Жаңа тармақ>*
7. Тараптардың жауапкершілігі
7.1. Тараптар осы Шарт шеңберінде өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
7.2. Секвестрлеу және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында/есеп шотында мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша жеткіліксіз болған жағдайларды қоспағанда, егер Тапсырыс беруші Жобалаушыға/Орындаушыға Шартта көрсетілген мерзімде өзіне тиесілі қаражатты төлемесе, онда Тапсырыс беруші Жобалаушыға/Орындаушыға мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1% (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10%-нан аспауға тиіс.
7.3. Жұмыстарды орындау мерзімдері кешіктірілген жағдайда, Тапсырыс беруші Жобалаушыдан/Орындаушыдан мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% (нөл бүтін бір) мөлшерінде Жобалаушы/Орындаушы міндеттемелерді толық орындамаған жағдайда тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерді тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10%-нан аспауға тиіс.
7.4. Жобалаушы/Орындаушы Жұмыстарды орындаудан бас тартқан немесе Шарт бойынша Жұмыстарды орындау мерзімі өткен күннен бастап бір айдан астам мерзімге Жұмыстарды орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда, бірақ Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталу мерзімінен кешіктірмей Тапсырыс беруші Жобалаушыдан/Орындаушыдан мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1% (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын өндіріп ала отырып, осы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Бұл ретте Тапсырыс беруші барлық орындалған (қабылданған) Жұмыстардың құны үшін ақы төлейді.
7.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
7.6. Егер кез келген өзгеріс Шарт бойынша Жұмыстарды орындау үшін Жобалаушыға/Орындаушыға қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкеп соқтырса, онда Шарттың сомасы немесе Жұмыстарды орындау кестесі немесе екеуі де тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Жобалаушының/Орындаушының түзетуді жүргізуге барлық сұрау салулары Жобалаушы/Орындаушы Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкімді алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.
7.7. Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Жобалаушының/Орындаушының осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық не ішінара беруіне жол берілмейді.
7.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда Жобалаушы/Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы жобалы шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы жобалаушылардың болуы Жобалаушыны/Орындаушыны Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
Қосалқы жобалаушыларға жұмыстарды орындау үшін берілуі мүмкін жұмыстардың шекті көлемі орындалатын жұмыстардың жиынтығында екіден бір көлемінен аспауы тиіс.
Бұл ретте қосалқы жобалаушының жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау көлемін өзге қосалқы жобалаушының беруіне тыйым салынады.
Жұмыстарды орындайтын Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы жобалаушыларды тартуға жол берілмейді7,8.
7.9. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша Жобалаушы/Орындаушы өз міндеттемелерін орындамауына байланысты Шартты бұзған жағдайда оның орындалуын қамтамасыз ету соманы, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес Жобалаушы/Орындаушы енгізген соманы (бар болса қайтармайды.
7.10. Тапсырыс беруші енгізілген Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (бар болса) қамтамасыз ету сомасын Жобалаушы/Орындаушы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ Жобалаушы/Орындаушы Шарттың қолданылу кезеңінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету тәсілін ауыстыруды ұсынған жағдайда Жобалаушыға/Орындаушыға қайтарады.
<№. Жаңа тармақ>*
8. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзылу талаптары
8.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркегеннен кейін/қол қойылған күнінен бастап> күшіне енеді және <қолданылу мерзімі> жыл бойынша әрекет етеді.
8.1.1. Жұмыстарды орындауды бастау мерзімі Тапсырыс беруші Жобалаушыға/Орындаушыға Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес белгіленген тиісті бастапқы деректерді (бар болса) берген сәттен басталады.
8.2. Мынадай оқиғалар олардың көбеюі бөлігінде жұмыс ұзақтығы мерзімдерінің өзгеруіне әкеп соғады:
1) Тапсырыс беруші Объектінің барлық учаскелерін пайдалануға тыйым салады, бұл өз кезегінде Жұмыстардың орындалуын кідіртуге әкеп соғады;
2) Тапсырыс беруші Жобалаушыға/Орындаушыға Шартта жоспарланбаған сынақтар жүргізу үшін Жұмыстарды тоқтатуға нұсқау береді. Бұл ретте, егер осы сынақтар ақаулар анықтамаса, онда Жұмыс өндірісін тоқтату уақыты Жұмыстарды орындау мерзіміне қосылады;
3) Тапсырыс беруші техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстарға бастапқы деректерімен жобалауға Тапсырма беруді кідіртеді.
8.3. Тапсырыс беруші немесе Жобалаушы/Орындаушы, егер екінші Тарап Шартта көзделген қағидатты талаптардан айыратын Шарт талаптарын елеулі түрде бұзса, Шартта көрсетілген мерзімге дейін Шартты бұза алады. Шарттың талаптарын елеулі түрде бұзу мыналарды қамтиды, бірақ санамаланғандармен шектелмейді:
1) Егер Жобалаушы/Орындаушы Жұмысты орындау мерзімін бірнеше рет бұзса, Тапсырыс беруші Шартты бұза алады;
2) Жобалаушы/Орындаушы Жұмысты <күн саны> күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұрады, бұл ретте Тапсырыс беруші тоқтауды санкцияламаған;
3) Жобалаушы/Орындаушы Тапсырыс беруші айқындаған негізделген уақыт кезеңі ішінде Тапсырыс беруші көрсеткен Ақауларды жоймайды;
4) Тапсырыс беруші Жобалаушыға/Орындаушыға Жұмыс барысын кідіртуге нұсқау береді және мұндай нұсқаудың <күн саны> күн ішінде күші жойылмайды;
5) не Тапсырыс беруші, не Жобалаушы/Орындаушы оның қайта ұйымдастырылуын немесе бірлесуін қоспағанда, банкротқа ұшыраса немесе қандай да бір себептермен таратылса;
6) Жобалаушы/Орындаушы техникалық тапсырмада көрсетілген Жұмыстарды жүргізу қағидаларын, нұсқаулықтар мен ережелерді елемейді.
8.4. Шарт тараптардың келісімі бойынша, оны одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда бұзылуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты Шарт жойылған кезде, Жобалаушы/Орындаушы Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгi iс жүзiндегi шығындар үшiн ғана төлем талап етуге құқылы.
8.5. Мына фактілердің бірі анықталған жағдайда:
1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзу анықталса;
2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Жобалаушыға/Орындаушыға Заңда көзделмеген жәрдемдерді көрсетсе;
3) Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін жұмыстар орындалған жағдайларды қоспағанда, Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен Шартты жасасудан жалтарса Шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.
8.6. Егер шарт бұзылса, Жобалаушы/Орындаушы Жұмысты дереу тоқтатады, Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және оны белгіленген тәртіппен Тапсырыс берушіге береді.
9. Хабарлама
9.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хатпен немесе телеграф, телекс, телефакс не веб-портал арқылы жіберіледі.
9.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.
10. Форс-мажор
10.1. Дүлей зілзалалар, әскери іс-қимылдар, эпидемиялар, ірі ауқымды ереуілдер, тікелей немесе жанама тыйым салатын, сондай-ақ Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретін заңнамалық және үкіметтік актілердің күшіне енуге жататын форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда, олар өзіне алған міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Бұл ретте тарап форс-мажордың басталғаны туралы дереу жазбаша хабардар етуге тиіс. Олай болмаған жағдайда Тарап осы жағдайға сілтеме жасауға құқылы емес.
10.2. Форс-мажорлық жағдайлар кезінде басқа тараптың өз міндеттемелерін орындамауынан залал шеккен Тарап одан осы оқиғалардың ауқымы туралы, сондай-ақ олардың қызметіне әсері туралы құзыретті органдар мен ұйымдар растаған құжаттық растаулар алуға құқылы.
10.3. Форс-мажор жағдайында Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатылғаны туралы хабарлайды. Жобалаушы/Орындаушы тоқтата тұру туралы хабарламаны алғаннан кейін қысқа мерзімде Жұмысты тоқтата тұруды қамтамасыз етеді.
10.4. Егер форс-мажорлық жағдай Шарттың орындалуын бұзса, Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатылуын куәландырады. Жобалаушы/Орындаушы тоқтата тұру туралы хабарламаны алғаннан кейін қысқа мерзімде Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және жұмысты тоқтатады. Тапсырыс беруші Жобалаушыға Объектіні тоқтату күніне дейін орындалған жұмыстардың барлық көлемі үшін және Объектіні консервациялауға байланысты жұмыстар үшін ақы төлейді.
11. Даулы мәселелерді шешу
11.1. Тапсырыс беруші мен Жобалаушы/Орындаушы Шарт бойынша немесе соған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
11.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Шарт бойынша дауды Тапсырыс беруші мен Жобалаушы/Орындаушы шеше алмайтын болса, тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
12. Өзге де шарттар
12.1. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
12.2. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасу нысаны сияқты нысанда жасалады.
12.3. Жобалаушыны/Орындаушыны таңдау үшін негіз болған сапаның өзгермеуі шарты мен басқа да шарттарда жасалған Шартқа өзгерістер енгізуге Заңның 45-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жол беріледі.
12.4. Тараптардың біреуінің Шарт бойынша міндеттерін беруіне тек екінші Тараптың жазбаша келісімімен жол беріледі.
12.5. Шарт веб-портал арқылы жасалған бірдей заңды күшіне ие қазақ және орыс тілінде жасалды.
12.6. Шартта реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
<№. жаңа тармақ>*
Ескертпе:
* Тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген міндеттемелерді орындау бойынша өнім берушіге қойылатын талаптарды және (немесе) шарттарды белгілеуіне жол берілмейді.
13. Тараптардың деректемелері
Тапсырыс беруші: |
Өнім беруші (Өнім беруші ақша талабын (факторингті) басқаға беру арқылы қаржыландыру шартын жасасқан кезде қаражат алушы): |
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 36-қосымша |
Құрылыспен байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт
<Сәйкестендіру нөмірі>
<Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>
Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы> <Тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің ТАӘ> атынан әрекет ететін бір тараптан және бұдан әрі "Мердігер/Орындаушы" деп аталатын <Өнім берушінің толық атауы>, <Өнім берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ> атынан әрекет ететін екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және <қорытындылардың күні> № <қорытындылардың нөмірі> <сатып алу тәсілі> тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегі туралы келісімге келді:
1. Ұғымдар мен анықтамалар
1.1. Осы Шартта төменде тізбеленген ұғымдар мынадай мағынаға ие:
1) мердігер/орындаушы – Тапсырыс берушімен жасалған Шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, сондай-ақ, консорциум (мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда);
2) қосалқы мердігер – Шарт бойынша жұмыстардың бір бөлігін орындауға Мердігермен/Орындаушымен шарты және (немесе) келісімі бар тұлға немесе ұйым;
3) объекті – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жұмысты орындауға жататын деп анықтаған және Мердігер Шартта көзделген түрде Тапсырыс берушіге беретін ғимарат, құрылыс;
4) учаске – Объектінің жұмыстарды орындауға немесе жұмыстарды өндіруге бөлінген аумақ;
5) уақытша құрылымдар – Объектінің жұмысын орындау үшін қажетті, тұрғызылатын, орнатылатын және Объектінің жұмысы аяқталғаннан кейін Мердігер алып тастайтын барлық уақытша ғимараттар мен құрылымдар.
<№) жаңа тармақша>
2. Шарттың мәні
2.1. Мердігер/Орындаушы осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша жұмысты (жұмыстарды) орындауға міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші орындалған Жұмысты (Жұмыстарды) қабылдауға және Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған кезде ол үшін осы Шарттың талаптарында ақы төлеуге міндеттенеді.
<Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <1-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>;
ерекшелігі бойынша - <№ ерекшелігі бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>1.
2.2. Жұмыстар - <сатып алу атауы> Жобасы бойынша орындалады, онда <объектінің орналасқан жері> бар.
2.3. Төменде тізбеленген құжаттар және оларда айтылған шарттар осы Шартты құрады және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) лоттар тізбесі және жұмыстарды орындау шарты (1-қосымша);
3) техникалық ерекшелігі (2-қосымша);
4) консорциялық келісім (Консорциуммен Шарт жасасқан жағдайда).
3. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары
3.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа 1-қосымшамен анықталады және <шарттың сомасы> (сома жазумен) теңгені құрайды және Жұмыстарды орындаумен байланысты болатын барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, <оның ішінде ҚҚС-ты <ҚҚС сомасын> теңге>/ҚҚС-сыз (бұдан әрі – Шарттың сомасы) қамтиды.
3.2. Аумақтық қазынашылық органында Шарт бюджеттік бағдарламасы, кіші бағдарламасы, - () теңге ерекшелігі бойынша, теңге/ <_____> жылға тіркеуге жатады1.
3.3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізгеннен кейін 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлемді жүргізеді2.
Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле отырып, Орындалған жұмыстар актісіне Тараптар қол қойғаннан күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Мердігердің/Орындаушының есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы төлейді2.
Орындалған Жұмыс үшін төлемді Тапсырыс беруші Орындалған жұмыстар актісіне Тараптар қол қойғаннан күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Мердігердің/Орындаушының есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүргізеді3.
3.4. Орындалатын жұмыстардың көлемі Шартқа 1-қосымшада келтірілген.
3.5. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;
2) орындалған жұмыстардың актісі (актілері);
3) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 45-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту туралы есеп;
4) Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге ұсынған орындалған жұмыстардың сипаттамасымен, жалпы сомасы көрсетіле отырып, электрондық шот-фактура.
4. Тараптардың міндеттемелері
4.1. Мердігер/Орындаушы:
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;
2) Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы (қамтамасыз ету сомасы жазумен) теңгені құрайтын Шарттың жалпы сомасының теңгеге тең үш пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және теңгеге4 тең Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Шарт мәндері бойынша көзделген аванс мөлшерлерін, теңгеге> тең Заңның 26-бабына сәйкес соманы>5 мынадай түрде енгізуге міндеттенеді:
әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;
не:
мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 38-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.
Бұл ретте Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын Мердігер/Орындаушы Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін ол Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;
3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде орындалатын Жұмыстардың Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге;
4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың талаптарын орындау үшін Мердігер/Орындаушы тартқан персоналды қосқанда, оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;
5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жоғарыда тізбеленген қандай да бір құжаттарды және ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
6) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
7) Мердігердің/Орындаушының Шарт талаптарын тиісінше орындамауымен және/немесе өзге заңсыз іс-әрекеттермен келтірген шығындарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге;
8) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген орындалған жұмыстар актісін, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 45-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстардағы жергілікті қамту туралы есепті ресімдеуге және жіберуге;
9) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға.
4.2. Мердігер/Орындаушы:
1) Шарт бойынша орындалған Жұмыстар үшін Тапсырыс берушіден ақы төлеуді талап етуге;
2) Тапсырыс берушімен орындау мерзімін алдын ала келісе отырып, Шартқа 1-қосымшада көрсетілген Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындауға құқылы.
4.3. Тапсырыс беруші:
1) Жұмыстарды орындау үшін Мердігер/Орындаушы мамандарының қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
2) орындалған Жұмыстардың сәйкес келмеуі анықтаған кезде дереу жазбаша Мердігерді/Орындаушыны хабардар етуге;
3) Жұмыстарды қабылдау кезінде веб-портал арқылы орындалған жұмыстар актісін бекітуге не мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 547-тармағында белгіленген мерзімде оның қабылданбауына дәлелді негіздемелерді көрсете отырып жұмысты қабылдаудан бас тартуға;
4) орындалған жұмыстар актісі бекітілгеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйелері арқылы электрондық нысанда Өнім беруші жазған шот-фактураны қабылдауға;
5) осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде ақы төлеуді жүргізуге міндеттенеді.
4.4. Тапсырыс беруші:
1) орындалған Жұмыстардың сапасын тексеруге;
2) Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындаған жағдайда Тапсырыс беруші Шарттың талаптарына сәйкес жұмыстарды мерзімінен бұрын қабылдауға және оған ақы төлеуге құқылы. Жұмыстарды қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайда оны мерзімінен бұрын орындаудан бас тартуға жол беріледі.
5. Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін тексеру
5.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тұрғысында орындалған жұмыстарды бақылауды және тексеруді жүргізуі мүмкін. Бұл ретте осы тексерулер бойынша барлық шығыстарды Мердігер/Орындаушы тартады. Тапсырыс беруші осы мақсаттар үшін анықталған өзінің өкілдері туралы Мердігерді/Орындаушыны жазбаша түрде уақтылы хабардар етуі тиіс.
5.2. Осы Шарт шеңберінде орындалатын жұмыстар техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген стандарттарға сәйкес келуі немесе олардан жоғары болуы тиіс.
5.3. Егер орындалған Жұмыстардың нәтижелері тексеру кезінде техникалық ерекшелік және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама талаптарына (Шартқа 2-қосымша) сәйкес келмейді деп танылса, Мердігер/Орындаушы тексеру сәтінен бастап <сәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз техникалық ерекшелік және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама талаптарына сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.
5.4. Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келуін тексеру кезінде Тапсырыс берушінің инспекторларына Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз сызбалар мен өндірістік ақпаратқа қол жеткізуді қоса алғанда, барлық құралдар беріледі және жәрдем көрсетілетін болады.
5.5. Жоғарыда көрсетілген тармақтың біреуі де Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.
<№. Жаңа тармақ>*
6. Жұмыстарды тапсыру және қабылдап алу тәртібі
6.1. Өнім берушінің Жұмыстарды осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға толық сәйкестікте Тапсырыс берушіге толық тапсырған жағдайда Жұмыс орындалды деп саналады.
6.2. Мердігер/Орындаушы орындалған жұмыстарды қабылдап алу/тапсыру кезінде Тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) егер жұмыстар қазақстанда шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса, онда "Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен бекітілген тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларға (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23514 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидалары) сәйкес белгіленген тәртіппен берілген "СТ-KZ" Тауардың шығарылған елі туралы сертификатының түпнұсқасы немесе белгіленген үлгідегі көшірмесі, не уәкілетті ұйым растаған көшірмесі ұсынылады;
2) егер жұмыстар шетелде шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса – Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларында белгіленген тәртіппен шығарылған елдің тиісті органы берген тиісті Тауардың шығарылған елі туралы сертификаттың тұпнұсқасы немесе көшірмесі.
7. Кепілдік. Сапа
7.1. Орындаушы Тапсырыс берушіге Шарт бойынша жұмыстарды орындау нәтижелерінің техникалық ерекшеліктерге сәйкес болатынына, Жұмыстардың оның сапасын техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді. Осы талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде жеткіліксіз негізделген және рұқсатсыз өзгерістерді қамтитын Жұмыстар ақаулы деп танылады.
Мердігер (қосалқы мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру ережелерін бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның ұйғарынды тозуы немесе бүлінуі себебінен залалды өтеу немесе түзету Орындаушы беретін кепілдіктерге кірмейді. Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Орындаушы материалдар мен жабдықтардың сапасының техникалық ерекшеліктерге сәйкес келетінін куәландыратын құжаттарды береді.
7.2. Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге пайдалануға кепілдікті <кепілдік мерзімі> мерзіміне береді.
7.3. Мердігер/Орындаушы орындалған Жұмыстарды және Жұмыстарға (олар болған кезде) байланысты барлық материалдарды, жабдықтарды, ресурстарды және өзге де позицияларды жаңбырға, су тасқынына, аязға, өртке, ұрлауға және өзге де себептерге байланысты зиянның, зақымданудың, жойылудың барлық түрлерінен қорғауды қамтамасыз етеді.
Мердігер/Орындаушы өзінің жұмыстарын жүргізу кезінде жоба бойынша басқа жұмыстарды, сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншікті қандай да бір зақымдану түрлерінен немесе жолды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын және жылжымалы және жылжымайтын мүліктің өзге де түрлерін қоса алғанда (бірақ, онымен шектеліп қоймай) басқа да себептерден қорғауды қамтамасыз етеді. Мердігер/Орындаушы жоғарыда айтылғандарға байланысты шеккен барлық шығындар Тапсырыс берушінің тарапынан қосымша өтелуге жатпайды.
<№. Жаңа тармақ>*
8. Тараптардың жауапкершілігі
8.1. Тараптар өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда осы Шарт шеңберінде барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
8.2. Секвестр және/немесе мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тиісті бюджеттердің қолма-қол бақылау шотында/есеп шотында ақшаның жеткіліксіз болған жағдайларды қоспағанда, егер Тапсырыс беруші өзіне тиесілі қаражатты Мердігерге/Орындаушыға Шартта көрсетілген мерзімдерде төлемесе, онда Тапсырыс беруші Мердігерге/Орындаушыға мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1% (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасынан 10%-нан аспауға тиіс.
8.3. Жұмыстарды орындау мерзімі өткен жағдайда, Тапсырыс беруші Мердігерден/Орындаушыдан Мердігер/Орындаушы міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындау) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10%-нан аспауға тиіс.
8.4. Мердігер/Орындаушы Жұмыстарды орындаудан бас тартқан немесе Шарт бойынша Жұмыстарды орындау мерзімі өткен күннен бастап бір айдан астам мерзімде, бірақ Шарттың қолданылуы аяқталу мерзімінен кешіктірмей Жұмыстарды орындау мерзімін кешіктірген жағдайда, Тапсырыс беруші Мердігерден/Орындаушыдан мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын өндіріп ала отырып, осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Бұл ретте Тапсырыс беруші барлық орындалған (қабылданған) Жұмыстардың құнына төлем жүргізеді.
8.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
8.6. Егер кез келген өзгеріс Шарт бойынша Жұмыстарды орындау үшін Мердігерге/Орындаушыға қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, онда Шарттың сомасы немесе Жұмыстарды орындау кестесі, немесе екеуі де тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Мердігердің/Орындаушының түзетулерді жүргізу туралы барлық сұрау салулары Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы тапсырма алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.
8.7. Мердігердің/Орындаушының Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін біреуге толықтай да, ішінара да беруіне жол берілмейді.
8.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда, Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің болуы Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
Жұмыстарды орындау үшін қосалқы мердігерлерге берілуі мүмкін жұмыстардың шекті көлемі жиынтығында орындалатын жұмыстардың екіден бір көлемінен аспауға тиіс.
Бұл ретте қосалқы мердігерлерге өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге беруге тыйым салынады.
Жұмыстарды орындайтын Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді тартуға жол берілмейді7,8.
8.9. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша Мердігер/Орындаушы өз міндеттемелерін орындамауына байланысты Шартты бұзған жағдайда оның орындалуын қамтамасыз ету соманы, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес Мердігер/Орындаушы енгізген соманы (бар болса қайтармайды.
8.10. Тапсырыс беруші енгізілген Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (бар болса) қамтамасыз ету сомасын Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ Мердігер/Орындаушы Шарттың қолданылу кезеңінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету тәсілін ауыстыруды ұсынған жағдайда Мердігерге/Орындаушыға қайтарады.
<№. Жаңа тармақ>*
9. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзылу талаптары
9.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап> күшіне енеді және <қолдану мерзімі> жылға дейін қолданылады.
9.2. Мынадай оқиғалар олардың көбеюі бөлігінде Жұмыс ұзақтығы мерзімдерінің өзгеруіне әкеп соғады:
1) Тапсырыс беруші Объектінің барлық учаскелерін пайдалануға тыйым салады, ол өз кезегінде Жұмыстарды орындауды кешіктіруге әкеп соғады.
2) Тапсырыс беруші Шартта жоспарланбаған сынақтарды жүргізу үшін Жұмыстарды тоқтатуға Мердігерге/Орындаушыға нұсқау береді. Бұл ретте, егер бұл сынақтар ақауларды анықтамаса, онда Жұмыстарды өндіру тоқтатылған уақыт Жұмыстарды орындау мерзіміне қосылады.
9.3. Егер басқа тарап Шарттың талаптарын Шартта көзделген қағидатты талаптардан айыратындай елеулі бұзушылық жасаған болса, Тапсырыс беруші немесе Мердігер/Орындаушы Шартта көрсетілген мерзімге дейін Шартты бұза алады. Шарттың талаптарын елеулі бұзу өзіне мыналарды қамтиды, бірақ тізбеленгенмен шектеліп қалмайды:
1) егер Мердігер/Орындаушы Жұмыстарды орындау мерзімін бірнеше рет бұзса, Тапсырыс беруші Шартты бұза алады;
2) Мердігер/Орындаушы <күн саны> күнге дейін Жұмыстарды тоқтата тұрады, бұл ретте тоқтатуға Тапсырыс берушінің рұқсаты болмаса;
3) Мердігер/Орындаушы Тапсырыс беруші айқындаған негізделген уақыт кезеңі ішінде Тапсырыс беруші көрсеткен Ақауларды жоймаса;
4) Тапсырыс беруші Мердігерге/Орындаушыға Жұмыстар барысын кідіртуге нұсқау берсе және осындай нұсқау <күн саны> күн ішінде күшін жоймаса;
5) не Тапсырыс беруші, не Мердігер/Орындаушы оның қайта ұйымдастырылуын немесе бірлесуін қоспағанда, банкротқа ұшыраса немесе қандай да бір себептермен таратылса;
6) Мердігер/Орындаушы жобалау құжаттамасында және (немесе) шарттық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды жүргізу қағидаларын, нұсқаулықтары мен ережелерін ескермейтін болса.
9.4. Шарт, оны одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты Шарт жойылған кезде, Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгi iс жүзiндегi шығындар үшiн ғана төлем талап етуге құқылы.
9.5. Мына фактілердің бірі анықталған жағдайда:
1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзу анықталса;
2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Мердігерге/Орындаушыға Заңда көзделмеген жәрдемдерді көрсетсе;
3) Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін жұмыстар орындалған жағдайларды қоспағанда, Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен Шартты жасасудан жалтарса Шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.
9.6. Егер Шарт бұзылса, Мердігер дереу Жұмысты тоқтатады, Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және белгіленген тәртіппен оны Тапсырыс берушіге береді.
9.7. Егер Мердігердің Шарт талаптарын елеулі бұзуы себебінен Шарт бұзылатын болса, Объектідегі барлық материалдар мен Жабдық, сондай-ақ уақытша құрылымдар мен орындалған жұмыстар Тапсырыс берушінің меншігі болып саналады және Шартты бұзуға байланысты қаржылық талқылаулар шешілгенге дейін оның билігінде болады.
10. Хабарлама
10.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хатпен немесе телеграф, телекс, телефакс не веб-портал арқылы жіберіледі.
10.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.
11. Форс-мажор
11.1. Егер дүлей апат, әскери іс-қимылдар, эпидемия, ірі ауқымды ереуілдер, тікелей немесе жанама түрде тыйым салатын, сондай-ақ осы Шарт бойынша тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі болатын заңнамалық және үкіметтік актілердің күшіне енуі жататын форс-мажорлық жағдаяттар туындаған жағдайда, өзіне алған міндеттемелерді орындамау үшін жауапкершіліктен босатылады. Бұл ретте, тарап форс-мажор басталғаны туралы жазбаша түрде дереу хабарлауға тиіс. Олай болмаған жағдайда бұл жағдаятқа сілтеме жасауға құқығы жоқ.
11.2. Форс-мажор жағдаяттары кезінде екінші тараптың өз міндеттемелерін орындамауына байланысты шығынға ұшыраған тарап осы оқиғалардың ауқымы туралы, сондай-ақ оның қызметіне тигізген әсері туралы құзыретті органдар мен ұйымдар растаған құжаттамалық растауларды одан алуға құқығы бар.
11.3. Форс-мажор жағдайында Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлайды. Мердігер/Орындаушы тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысқа мерзімде Жұмыстардың тоқтатыла тұруын қамтамасыз етеді.
11.4. Егер форс-мажор жағдаяты Шарттың орындалуын бұзатын болса, Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұруын куәландырады. Мердігер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысқа мерзімде Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және жұмыстарды тоқтатады. Тапсырыс беруші Мердігерге Объектіні тоқтатқан күнге дейін орындалған жұмыстардың барлық көлемі үшін және Объектіні консервациялауға байланысты жұмыстар үшін ақы төлеуді жүргізеді.
12. Даулы мәселелерді шешу
12.1. Тапсырыс беруші мен Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша немесе соған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
12.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Шарт бойынша дауды Тапсырыс беруші мен Мердігер/Орындаушы шеше алмайтын болса, тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
13. Өзге де шарттар
13.1. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
13.2. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасу нысаны сияқты нысанда жасалады.
13.3. Мердігердің/Орындаушының таңдауы үшін негіз болған сапаның өзгермеуі шарты мен басқа да шарттарда жасалған Шартқа өзгерістер енгізуге Заңның 45-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жол беріледі.
13.4. Тараптардың біреуінің Шарт бойынша міндеттерін беруіне тек екінші Тараптың жазбаша келісімімен жол беріледі.
13.5. Шарт веб-портал арқылы жасалған бірдей заңды күшіне ие қазақ және орыс тілінде жасалды.
13.6. Шартта реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
<№. жаңа тармақ>*
Ескертпе:
* Тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген міндеттемелерді орындау бойынша өнім берушіге қойылатын талаптарды және (немесе) шарттарды белгілеуіне жол берілмейді.
14. Тараптардың деректемелері
Тапсырыс беруші: |
Өнім беруші (Өнім беруші ақша талабын (факторингті) басқаға беру арқылы қаржыландыру шартын жасасқан кезде қаражат алушы): |
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты.
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 37-қосымша |
Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт
<Сәйкестендіру нөмірі >
<Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>
Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы> <Тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің ТАӘ> атынан әрекет ететін бір тараптан және бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын <Өнім берушінің толық атауы>, <Өнім берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ> атынан әрекет ететін екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және <қорытындылардың күні> № <қорытындылардың нөмірі> <сатып алу тәсілі> тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегі туралы келісімге келді:
1. Шарттың мәні
1.1. Өнім беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша Қызмет(тер) көрсетуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарымен Көрсетілген қызмет(тер)ді қабылдауға және Шарт бойынша Өнім беруші өз міндеттемелерін тиісінше орындау шартында төлеуге міндеттенеді:
<Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <1-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>;
…
ерекшелігі бойынша - <№-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>1.
1.2. Төменде келтірілген құжаттар мен онда келісілген шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) лоттар тізбесі және қызметтер көрсету шарты (1-қосымша);
3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).
2. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары
2.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа 1-қосымшада айқындалады және <Шарттың сомасы> (<сома жазумен>) теңгені құрайды және қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, <оның ішінде ҚҚС <ҚҚС сомасы> теңге> / <ҚҚС есепке алмағанда> (бұдан әрі – Шарттың сомасы) қамтиды.
2.2. Қазынашылықтың аумақтық органында Шарт бюджеттік бағдарламасы, кіші бағдарламасы, - теңге ерекшелігі бойынша (), теңге/23 <_____> жылы тіркеуге жатады1.
2.3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізгеннен кейін 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлемді жүргізеді2.
Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты25 барабар ұстау ескеріле отырып, Көрсетілген қызметтер актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы төлейді2.
Көрсетілген Қызметтер үшін төлемді Тапсырыс беруші Көрсетілген қызметтер актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүргізеді3.
2.4. Сандық және құндық шамадағы көрсетілетін қызмет көлемі Шартқа 1-қосымшада келтірілген.
2.5. Төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;
2) көрсетілген қызмет актісі (актілері);
3) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 45-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту туралы есеп;
4) Өнім беруші Тапсырыс берушіге көрсеткен қызметтердің сипаттамасымен, жалпы сомасы көрсетіле отырып, электрондық шот-фактура;
<№) жаңа тармақша>
<№. Жаңа тармақ>*
3. Тараптардың міндеттемелері
3.1. Өнім беруші мыналарға:
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;
2) Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы (қамтамасыз ету сомасы жазумен) құрайтын Шарттың жалпы сомасының теңгеге тең 3 (үш) пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және теңгеге4 тең Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарт мәні бойынша көзделген аванс мөлшерін, теңгеге тең Заңның 26-бабына сәйкес соманы>5 мынадай түрде енгізуге міндеттенеді:
әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;
не:
мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 38-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік;
Бұл ретте Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін Шарт бойынша міндеттемелер толық және тиісінше орындалған жағдайда енгізбеуі мүмкін;
3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін қамтамасыз етуге;
4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың жағдайларын орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналдан басқа оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;
5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда көрсетілген қандай да бір құжаттарды және ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
6) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
7) Өнім берушінің Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттермен туындаған келтірілген залалдарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді;
8) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген көрсетілген қызметтер актісін, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 45-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтердегі жергілікті қамту туралы есепті ресімдеуге және жіберуге;
9) Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтер актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға міндеттенеді.
<№) жаңа тармақша>
3.2. Өнім беруші:
1) Тапсырыс берушіден Шарт бойынша көрсетілген Қызметтерге төлем талап етуге;
2) Тапсырыс берушімен алдын ала орындау мерзімін келісе отырып, Шартқа 1-қосымшада көрсетілген Қызметті мерзімінен бұрын көрсетуге құқылы.
3.3. Тапсырыс беруші:
1) Қызметтерді көрсету үшін Өнім берушінің мамандарының қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
2) көрсетілген Қызметтердің сәйкессіздіктері анықталған кезде тез арада Өнім берушіні жазбаша хабарландыруға;
3) Қызметті қабылдау кезінде веб-портал арқылы көрсетілген қызметтер актісін бекітуге не мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 547-тармағында белгіленген мерзімде оның қабылданбауына дәлелді негіздемелерді көрсете отырып жұмысты қабылдаудан бас тартуға;
4) көрсетілген қызметтер актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда Өнім беруші жазып берген шот-фактураны бекіткеннен кейін қабылдауға;
5) осы Шартта белгіленген тәртіпте және мерзімдерде төлем жүргізуге міндеттенеді.
<№) жаңа тармақша>
3.4. Тапсырыс беруші:
1) көрсетілген Қызметтердің сапасын тексеруге;
2) Қызмет мерзімінен бұрын көрсетілген жағдайда, Тапсырыс беруші көрсетілген қызметті мерзімінен бұрын қабылдауға және ол үшін Шарт талаптарына сәйкес ақы төлеуге құқылы. Қызметті мерзімінен бұрын көрсетуден бас тартуға оны қабылдау мүмкін болмаған жағдайларда жол беріледі.
4. Көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеру
4.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері Көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелікте (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан бақылау мен тексеру жүргізе алады. Бұл ретте осы тексерулер бойынша барлық шығыстарды Өнім беруші көтереді. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы мақсаттар үшін белгіленген өз өкілдері туралы жазбаша түрде уақтылы хабарлауы тиіс.
4.2. Осы Шарт шеңберінде көрсетілген Қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары болуы тиіс.
4.3. Егер тексеру кезінде көрсетілген Қызметтердің нәтижелері техникалық ерекшеліктің (Шартқа 2-қосымша) талаптарына сәйкес келмейді деп танылса, Өнім беруші, Тапсырыс беруші тарапынан ешқандай қосымша шығынсыз, техникалық ерекшелік талаптарына сәйкессіздіктерді жою бойынша шараларды тексеру сәтінен бастап <cәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде қолданады.
4.4. Жоғарыда көрсетілген ешбір тармақ Өнім берушіні Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.
<№. Жаңа тармақ>*
5. Қызметтер көрсету
5.1. Өнім берушінің қызметтерді көрсетуі Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шартқа 1-қосымшада көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылады.
5.2. Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға дәл сәйкестікте көрсетілетін қызметті толық тапсыруы шартында Қызмет көрсетілді деп есептеледі.
<№. Жаңа тармақ>*
6. Кепілдік
6.1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге үздіксіз, сапалы және уақтылы қызмет көрсетудің қамтамасыз етілуіне кепілдік береді.
6.2. Өнім беруші техникалық ерекшеліктің (Шартқа 2-қосымша) көрсетілетін Қызметтерінің қателерін, жете өңдеумелері мен басқа да сәйкессіздіктерін ақысыз түзетуге кепілдік береді.
6.3. Тапсырыс беруші берілген кепілдікке байланысты барлық шағымдары туралы Өнім берушіге жазбаша түрде жедел хабарлауға міндетті, одан кейін Өнім беруші, осыған байланысты барлық шығыстарды қоса алғанда, өз есебінен кемшіліктерді жою шараларын Тапсырыс беруші хабарламасында айқындалған мерзімде қолдануға тиіс.
6.4. Егер Өнім беруші хабарламаны алып, кемшіліктерді жою шараларын уақтылы қолданбаса, Тапсырыс беруші Шарт бойынша Өнім берушіге қатысты өзінің басқа құқықтарына ешқандай нұқсан келтірмей және Өнім беруші есебінен қажетті санкциялар мен кемшіліктерді жою шараларын қолдана алады.
<№. Жаңа тармақ>*
7. Тараптардың жауапкершілігі
7.1. Тараптар осы Шарт шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
7.2. Секвестр және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында/мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың есеп шотында ақша жетіспеген жағдайларды қоспағанда, егер Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиесілі қаражатты Шартта көрсетілген мерзімдерде төлемесе, Тапсырыс беруші Өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1 % (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.
7.3. Қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.
7.4. Өнім беруші Қызмет көрсетуден бас тартқан немесе Шарт бойынша Қызмет көрсету мерзімі өткен күннен бастап, бірақ Шарт қолданысының аяқталу мерзімінен кешіктірмей, бір айдан аса мерзімге Қызмет көрсету мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын өндіріп ала отырып, бір жақты тәртіпте осы Шартты бұзуға құқылы.
7.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
7.6. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша қызмет көрсету үшін қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкелетін болса, Шарт сомасы немесе қызмет көрсету кестесі, немесе екеуі де тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Өнім берушінің түзету жүргізуге барлық сұрау салулар Өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынуға тиіс.
7.7. Өнім берушінің Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін біреуге толықтай да, ішінара да беруіне жол берілмейді.
7.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда, Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) болуы Өнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
Қызмет көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін көрсетілетін қызметтің шекті көлемі жиынтықта көрсетілетін қызмет көлемінің екіден бірінен аспауға тиіс.
Бұл ретте қосалқы мердігерлерге өткізілетін мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын қызмет көрсету көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беруге тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға көрсетілетін қызметтерге өткізілетін мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын қызмет көрсету бойынша қосалқы мердігерлер тартуға жол берілмейді7,8.
7.9. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша Өнім беруші өз міндеттемелерін орындамауына байланысты Шартты бұзған жағдайда оның орындалуын қамтамасыз ету соманы, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес Өнім беруші енгізген соманы (бар болса қайтармайды.
7.10. Тапсырыс беруші енгізілген Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (бар болса) қамтамасыз ету сомасын өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ Өнім беруші Шарттың қолданылу кезеңінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету тәсілін ауыстыруды ұсынған жағдайда Өнім берушіге қайтарады.
<№. Жаңа тармақ>*
8. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзылу талаптары
8.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап> күшіне енеді және <_____> дейін қолданылады.
8.2. Мынадай оқиғалар олардың көбеюi бөлiгінде қызмет көрсету ұзақтығы мерзiмдерiнің өзгеруiне әкеп соқтырады:
1) Тапсырыс беруші Объектiнiң барлық учаскелерiн пайдалануға тыйым салады, ол өз кезегінде қызмет көрсетудің кешіктірілуіне әкеп соқтырады;
2) Тапсырыс беруші Өнім берушіге Шартта жоспарланбаған сынақтарды жүргiзу үшiн қызмет көрсетуді тоқтатуға нұсқау береді. Бұл ретте, егер аталған сынақтар ақауларды анықтамаған жағдайда, қызмет көрсетуді тоқтату уақыты қызмет көрсету мерзіміне қосылады;
<Жаңа абзац>
8.3. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші кез келген уақытта Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жіберіп біржақты тәртіпте Шарт талаптарын орындаудан бас тарта алады. Бұл жағдайда Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту тез арада жүзеге асырылады, және Тапсырыс беруші егер Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту ешқандай залал келтірмейтін немесе салдарынан Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын қандай да бір әрекеттерді жасауға немесе санкцияларды қолдануға құқықтарды қозғамайтын шартта Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндет көтермейді.
8.5. Шарт одан әрі оны орындау орынсыз болған жағдайда, тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
8.6. Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір санкцияларға зиян келтірместен Тапсырыс беруші осы Шарттың 7.4-тармағының талаптарын ескере отырып, Өнім берушіге міндеттемелерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:
1) егер Өнім беруші көрсетілетін қызметті Шартта көзделген мерзімде немесе Тапсырыс беруші ұсынған осы Шарттың ұзартылған кезеңі ішінде орындай алмаса;
2) егер Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмаса, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады.
8.7. Шарт:
1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылғаны анықталған;
2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген қолдауды көрсеткен;
3) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін қызмет көрсетілген жағдайды қоспағанда, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес сомаларды енгізбеу арқылы Шарт жасасудан жалтару жағдайында кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.
9. Хабарлама
9.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хатпен немесе телеграф, телекс, факс, телефакс не веб-портал арқылы жіберіледі.
9.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.
10. Форс-мажор
10.1. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Тараптар ол үшін жауапкершілікте болмайды.
10.2. Егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Өнім беруші өзінің Шарттың орындалуын қамтамасыз етуінен айырылмайды және Шарт талаптарының орындалмауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапты болмайды.
10.3. Шарт мақсаттары үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамти алады, бірақ тек олар ғана емес: соғыс қимылдары, табиғи немесе дүлей апаттар және басқалар.
10.4. Форс-мажорлық жағдаяттар туындаған кезде Өнім беруші тез арада Тапсырыс берушіге осындай жағдаяттар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдаяттарға байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздейді.
11. Даулы мәселелерді шешу
11.1. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктер немесе даулар тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
11.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
12. Өзге де шарттар
12.1. Салықтар мен бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
12.2. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасу нысаны сияқты нысанда жасалады.
12.3. Өнім берушінің таңдауы үшін негіз болған сапаның өзгермеуі шарты мен басқа да шарттарда жасалған Шартқа өзгерістер енгізуге Заңның 45-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жол беріледі.
12.4. Тараптардың біреуінің Шарт бойынша міндеттерін беруіне тек екінші Тараптың жазбаша келісімімен жол беріледі.
12.5. Шарт веб-портал арқылы жасалған бірдей заңды күшіне ие қазақ және орыс тілінде жасалды.
12.6. Шартта реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
<№. Жаңа тармақ>*
Ескертпе:
* Тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген міндеттемелерді орындау бойынша өнім берушіге қойылатын талаптарды және (немесе) шарттарды белгілеуіне жол берілмейді.
13. Тараптардың деректемелері
Тапсырыс беруші: |
Өнім беруші (Өнім беруші ақша талабын (факторингті) басқаға беру арқылы қаржыландыру шартын жасасқан кезде қаражат алушы): |
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 38-қосымша |
Банктік кепілдік (мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету нысаны)
Банктің атауы: _________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)
Кімге: _______________________________________________________
(тапсырыс берушінің атауы мен деректемелері)
Кепілді міндеттеме № ______ ________________ "___" _______ ___ ж.
(орналасқан жері)
"Өнім беруші" ___________________________ (өнім берушінің атауы)
__________________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы)
жеткізуге (орындауға, көрсетуге) _____ __________ ___ ж. № ___ мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) жасасқанын (жасасатынын)* және Сіз Шартта Өнім беруші жалпы сомасы ________________________________ теңгеге банктік кепілдік түрінде оның орындалуын қамтамасыз етеді деп көздегеніңізді назарға ала отырып, осымен _______________________________________________________________________ (банктің атауы) жоғарыда көрсетілген Шарт бойынша кепілгер болып табылатынымызды және Сіздің төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағанын немесе тиісінше орындамағанын жазбаша растауды алғаннан кейін Сізге _______________________________ (сомасы санмен және жазумен) тең соманы төлеуге өзімізге қайтарусыз міндеттеме аламыз. Осы кепілді міндеттеме қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді және Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін әрекет етеді. Осы кепілді міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілгерлердің қолы/электронды-цифрлық Күні және мекенжайы
қолтаңбасы, мөрі (қағаз тасығышта)
(Банктің (банк филиалының) атынан оның бірінші басшысы немесе оның орынбасары және банктің бас бухгалтері).
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 39-қосымша Нысан |
Тапсырыс берушінің атауы*_________ |
ЖСН/ |
Сенімхат 20___ жылғы "___" ____________ дейін жарамды***
________________________________________
алушының атауы, ЖСН/БСН және оның мекенжайы*
_______________________________________
төлеушінің атауы, ЖСН/БСН және оның мекенжайы *
________________________________№ ____________________ ЖСК
қазынашылық органының/банктің атауы*
№__ сенімхат*** (электрондық нысан)
Берілген күні 20___ жылғы "____" __________ *
____________________________________________________берілді***
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
20_жылғы "_" Сериясы__№_____ жеке куәлік (төлқұжат)***
______________________________________________________________________
жеке куәлікті (төлқұжатты) кім берді және қашан
№____________________________________ шарт бойынша активтерді***
құжаттың атауы, нөмірі және күні***
____________________________________________________________алуға
жеткізушінің атауы*
Ретімен нөмірі * | Активтердің атауы * | Қосымша сипаттама*** | Өлшем бірлігі* | Саны (жазумен)*** |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Жиыны |
Сенімхатты алған адамның қолын (ТАӘ)* _______________(ЭЦҚ)
растаймыз:
Ұйым басшысы: | Бас бухгалтер: |
_____________/_______________ | ____________/_________________ |
қолы (ЭЦҚ) |
қолы (ЭЦҚ) |
Ескертпе:
Сенімхаттың қолданылу мерзімін тиісті активтерді алу және әкету мерзіміне байланысты мемлекеттік сатып алу бойынша тапсырыс беруші болып табылатын мемлекеттік мекеме белгілейді, бірақ ол күнтізбелік он күннен аспайды.
* мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде толтырады;
*** тапсырыс беруші толтырады.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
ЭЦҚ – электрондық-цифрлық қолтаңба.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 40-қосымша Нысан |
Өнім беруші* _______________ |
ЖСН/ | |||||
|
Қорларды шетке беруге арналған жүкқұжат (электрондық нысан)
Жөнелтуші ұйым (жеке кәсіпкер) * | Алушы ұйым (жеке кәсіпкер) * | Жеткізуге жауапты (Т.А.Ә.)** | Көліктік ұйым ** | Тауарлық-көліктік жүкқұжат (нөмірі, күні** |
Ретімен нөмірі | Шарттың № ** | Атауы, сипаттамасы * | Қосымша сипаттамасы** | Номенклатуралық нөмірі ** | Өлшем бірлігі* | Саны | Бірлік үшін бағасы, теңге* | ҚҚС-пен сомасы, теңге* | ҚҚС сомасы, теңге* | |
беруге жатады ** | берілгені** | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Жиыны | х |
Барлық берілген қорлардың саны (жазумен)_____________________________ сомаға
(жазумен), теңгемен
_______________________________________________________________________ *
Ескертпе:
*мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде толтырады;
*** өнім беруші толтырады;
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты;
ЭЦҚ – электрондық-цифрлық қолтаңба.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 41-қосымша |
Тауар(лар)ды қабылдап алу-беру актісі
20_____жылғы "___" ____ №__ Құжаттың нөмірі* қол қою күні *
(тапсырыс беруші актіге қол қойған күні және уақыты тіркеледі)
Осы акті 20 __ жылғы "__"________ № __ _________ шартқа (және қосымша келісімге)
(шарттың (және қосымша келісімнің) атауы, күні және нөмірі*) сәйкес төменде қол
қойған Өнім беруші (Өнім берушінің атауы*) өкілдерінің
атынан _____________________, берілгені, ал төменде қол қойған Тапсырыс беруші
(Тапсырыс берушінің атауы*) өкілдерінің атынан __________________________
(Тапсырыс беруші) қабылдағаны жөнінде жасалды:
Тауар туралы мәліметтер** | |||||||
№ | Тауарды беру орны | Тауардың атауы | Номенклатуралық (зауыттық) нөмірі (болған жағдайда) | Өлшем бірлігі | Саны | Бірлік үшін баға (теңге), оның ішінде ҚҚС/ҚҚС есепке алмағанда | Сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
1 | |||||||
… |
Шартқа сәйкес осы акт бойынша тауар(лар)дың құны ____________________ теңгені
құрайды, оның ішінде ҚҚС/ҚҚС есепке (цифрмен, жазумен) алмағанда**,
Өнім берішінің атауы* | ЖСН/БСН* | ЖСК/БСК* | Банк* | Заңды мекенжайы* | Өнім берішінің өкілдері ** | Бекітемін ** | ||||||
Т.А.Ә., лауазымы, | қолы | Т.А.Ә., лауазымы, | қолы | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | ||||
Шарт бойынша ақпарат*** | ||||||||||||
1 | Жалпы мәліметтер | |||||||||||
Шарттың жалпы құны * | Аванстық төлемдер сомасы *** | Шарттың қолданылуынан бастап төлем сомасы*** | Бұрын актіленгендердің сомасы*** | Жеткізу мерзімін өткізіп немесе міндеттемелерді тиісінше орындамағаны (ішінара орындамағаны) үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасы*** | Мерзімі өткен күндердің саны*** | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |||||||
2 | Шығыстардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасының коды: Бағдарлама/Кіші бағдарлама/Ерекшелік*** | |||||||||||
3 | осы акті бойынша өнім беруші жүргізген нақты шығыстар *** | |||||||||||
Тауардың атауы* | Өлшем бірлігі* | Саны* | Бірлік үшін баға, теңге* | Сома, теңге* | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||||||||
1 | ||||||||||||
… | ||||||||||||
4 | Өнім берушіге аудару талап етiлетiн сома*** |
Қосымша: құжаттардың электрондық көшірмелерінің тізбесі (болған жағдайда өнім беруші/тапсырыс беруші тіркеп отырады)
Тапсырыс берушінің атауы* | ЖСН/ БСН* | ЖСК/ БСК* | Банк* | Заңды мекенжайы*** | Тапсырыс берушінің өкілдері*** | Бекітемін* (ұйымның басшысы) | ||||
Тауарлар қабылдау үшін жауапты | Ресімдеудің дұрыстығына жауапты (деректемелер, ерекшеліктер) | |||||||||
Т.А.Ә. | қолы | Т.А.Ә. | қолы | Т.А.Ә. | қолы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Ескертпе:
* мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде толтырады;
** өнім беруші толтырады;
***тапсырыс беруші толтырады.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 42-қосымша |
Орындалған жұмыстардың актісі ****
20_____жылғы "___" _____ №__ Құжаттың нөмірі* қол қою күні *
(тапсырыс беруші актіге қол қойған күні және уақыты тіркеледі)
Шартқа сәйкес осы акт бойынша орындалған жұмыстың құны ______________ теңгені құрайды, оның ішінде ҚҚС/ҚҚС есепке алмағанда** (цифрмен, жазумен)
Орындаушының атауы* | ЖСН/БСН* | ЖСК/БСК* | Банк* | Заңды мекенжайы* | Орындаушының өкілдері ** | Бекітемін ** | |||||||
Т.А.Ә.лауазымы, | қолы | Т.А.Ә.лауазымы, | қолы | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | |||||
Шарт бойынша ақпарат | |||||||||||||
1 | Жалпы мәліметтер | ||||||||||||
Шарттың жалпы құны * | Аванстық төлемдер сомасы *** | Шарттың қолданылуынан бастап төлем сомасы*** | Бұрын актіленгендердің сомасы*** | Жұмысты орындау мерзімін өткізіп не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасы*** | Мерзімі өткен күндердің саны*** | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | ||||||||
2 | Шығыстардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасының коды: Бағдарлама/Кіші бағдарлама/Ерекшелік*** | ||||||||||||
3 | Осы акті бойынша іс жүзінде орындалған жұмыстар (техникалық ерекшелікке, тапсырмаға, жұмыстар болған кезде оларды орындау кестесіне сәйкес олардың кіші түрлері бөлінісінде жұмыстардың атауы)*** | ||||||||||||
Атауы* | Жұмыстарды орындау күні/кезеңі | Өлшем бірлігі* | Саны* | Бірлік үшін бағасы, теңге* | Сома, теңге* | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | ||||||||
1 | |||||||||||||
… | |||||||||||||
4 | Өнім берушіге аудару талап етiлетiн сома*** |
Қосымша: құжаттардың электрондық көшірмелерінің тізбесі (болған жағдайда өнім беруші/тапсырыс беруші тіркеп отырады)
Тапсырыс берушінің атауы* | ЖСН/ БСН* | ЖСК/ БСК* | Банк* | Заңды мекенжайы*** | Тапсырыс берушінің өкілдері*** | Бекітемін*** (ұйымның басшысы) | ||||
Жұмыстар қабылдау үшін жауапты | Ресімдеудің дұрыстығына жауапты (деректемелер, ерекшеліктер) | |||||||||
Т.А.Ә. | қолы | Т.А.Ә. | қолы | Т.А.Ә. | қолы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
2-В нысаны |
20__ жылғы "___" ______ №__ Орындалған жұмыстардың актісі
Тапсырыс беруші:____________________________________________
(толық атауы, мекенжайы, байланыс құрал туралы деректер)
Мердігер:___________________________________________________
(толық атауы, мекенжайы, байланыс құрал туралы деректер)
Құрылыс:___________________________________________________
(атауы, мекенжайы)
Объект:_____________________________________________________
(атауы)
Мердігерлік шарт (келісімшарт) 20__ жылғы "___" _______ №__
Техникалық қадағалау сарапшысы (лары) _______________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Ескертпе:
* мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде толтырады;
** өнім беруші толтырады;
*** тапсырыс беруші толтырады;
**** Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес веб-порталда ресімделетін, құрылыс-монтаждау жұмыстарын қоспағанда, орындалған жұмыстарды қабылдап алу үшін қолданылады;
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 43-қосымша |
Көрсетілген қызмет актісі
20_____жылғы "___" ___________№__ Құжаттың нөмірі* қол қою күні* (тапсырыс
беруші актіге қол қойған күні және уақыты тіркеледі)
Осы акті 20 ___ жылғы "__" ______ № __ _________ шартқа (және қосымша келісімге)
(шарттың (және қосымша келісімнің) атауы, күні және нөмірі*) сәйкес төменде қол
қойған Өнім беруші (Өнім берушінің атауы*) өкілдернің атынан
_____________________, (Өнім беруші) орындағаны, ал төменде қол қойған Тапсырыс
берушінің (Тапсырыс берушінің атауы*) өкілі атынан _______________ (Тапсырыс
беруші) қабылдағаны жөнінде жасалды:
Көрсетілген қызмет туралы мәлімет** | ||||||
№ | Қызмет көрсету орны | Қызметтің атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Бірлік үшін бағасы (теңге), оның ішінде ҚҚС/ҚҚС есепке алмағанда | Сома, теңге |
1 | 2 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
1 | ||||||
… |
Шартқа сәйкес осы акт бойынша көрсетілген қызметтердің құны _________ теңгені құрайды, оның ішінде ҚҚС/ҚҚС есепке алмағанда** (цифрмен, жазумен)
Өнім берушінің атауы* | ЖСН/БСН* | ЖСК/БСК* | Банк** | Заңды мекенжайы** | Өнім берушінің өкілдері ** | Бекітемін ** | |||||||
Т.А.Ә., лауазымы, | қолы | Т.А.Ә., лауазымы, | қолы | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | |||||
Шарт бойынша ақпарат | |||||||||||||
1 | Жалпы мәліметтер | ||||||||||||
Шарттың жалпы құны * | Аванстық төлемдер сомасы *** | Шарттың қолданылуынан бастап төлем сомасы*** | Бұрын актіленгендердің сомасы*** | Қызметтерді көрсету мерзімін өткізіп не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасы*** | Мерзімі өткен күндердің саны*** | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | ||||||||
2 | Шығыстардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасының коды: Бағдарлама/Кіші бағдарлама/Ерекшелік*** | ||||||||||||
3 | Осы акті бойынша іс жүзінде көрсетілген қызметтер (болған кезде техникалық ерекшелігіне, тапсырмасына, қызметтерді орындау кестесіне сәйкес олардың кіші түрлері бөлінісінде қызметтердің атауы)*** | ||||||||||||
Атауы* | Қызмет көрсету күні/кезеңі | Өлшем бірлігі* | Саны* | Бірлік үшін бағасы, теңге* | Сома, теңге* | Ғылыми зерттеулер, маркетингтік, консультациялық және өзге де қызметтер туралы есеп жөнінде мәліметтер (күні, нөмірі, парақтар саны) (болған жағдайда)**** | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | ||||||||
1 | |||||||||||||
4 | Өнім берушіге аударуға талап етiлетiн сома*** |
Қосымша: құжаттардың электрондық көшірмелерінің тізбесі (болған жағдайда өнім беруші/тапсырыс беруші тіркеп отырады)
Тапсырыс берушінің атауы* | ЖСН/ БСН* | ЖСК/ БСК* | Банк* | Заңды мекенжайы*** | Тапсырыс берушінің өкілдері*** | Бекітемін*** (ұйымның басшысы) | ||||
Қызметтер қабылдау үшін жауапты | Ресімдеудің дұрыстығына жауапты (ерекшеліктер, деректемелер) | |||||||||
Т.А.Ә. | қолы | Т.А.Ә. | қолы | Т.А.Ә. | қолы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Ескертпе:
* мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде толтырады;
** өнім беруші толтырады;
*** тапсырыс беруші толтырады;
****ғылыми зерттеулер, маркетингтік, консультациялық және өзге де қызметтер туралы есеп болған жағдайда тапсырыс беруші толтырады;
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 44-қосымша |
Сатып алынатын Тауарлардағы жергілікті қамту туралы есеп
Товардың№ (n) | Шартты орындау мақсатында өнім беруші сатып алған тауарлар саны | Тауар бағасы KZT | Құны (CTi) KZT | СТ-KZ сертификатына сәйкес ЖҚ үлесі (Мi) % | СТ-KZ сертификаты | Шығарылған елі | |
Нөмірі | Берілген күні | ||||||
1 | |||||||
n | |||||||
ЖИЫНЫ |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10711 болып тіркелген Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесінің (бұдан әрі - Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі) 4-тармағына сәйкес тауарларды жеткізуге арналған шартта жергілікті қамтуды (ЖҚ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұнда:
n – тауарларды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында өнім беруші жеткізетін тауарлар атауының жалпы саны;
i - тауарларды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында өнім беруші жеткізетін тауардың реттік нөмірі;
СТi - i-ші тауардың құны;
Мi – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығымен бекітілген "СТ-КZ" нысанындағы Тауардың шығарылған елі туралы сертификатта (бұдан әрі – "СТ-КZ" нысанындағы Тауардың шығарылған елі туралы сертификат) көрсетілген тауардағы жергілікті қамту үлесі;
Мi = 0, егер Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесінің 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, "СТ-КZ" нысанындағы Тауардың шығарылған елі туралы сертификат болмаған жағдайда;
S – шарттың жалпы құны.
Жергілікті қамту үлесі (%):
*ЖҚт = ___________
* шартта цифрлық форматта жүздік үлеске дейін (0,00) жергілікті қамтудың қорытынды үлесі көрсетіледі
___________________________________ М.О. _________________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты, қолы Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты,
байланыс телефоны
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 45-қосымша |
Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту туралы есеп
Шарттың № (m) | Шарттың құны (СДj) KZT | Шарт шеңберіндегі тауарлардың жиынтық құны (СТj) KZT | Шарт шеңберіндегі қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық сомасы (ССДj) KZT | j-шартты (Rj) орындайтын қазақстандық еңбек ақы төлеу қорының үлесі % | Тауардың р/с № (n) | Өнім беруші шартты орындау мақсатында сатып алған тауарлардың саны | Тауардың бағасы KZT | Құны (CTi) KZT | СТ-KZ сертификатына сәйкес ЖҚ үлесі (Мi) % | СТ-KZ сертификаты | Шығарылған елі | |
Нөмірі | Берілген күні | |||||||||||
1 | 1 | |||||||||||
2 | 2 | |||||||||||
m | n | |||||||||||
ЖИЫНЫ |
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттарды қоспағанда, жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы жергілікті қамтуды (бұдан әрі – ЖҚж/қ) есептеу Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесіне сәйкес мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұнда:
m – тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шарт, мердігер мен қосалқы мердігер арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) мақсатында жасалған j-шарттарының жалпы саны;
j - жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) мақсатында жасалған шарттардың реттік нөмірі;
СДj – j-шартының құны;
СТj – j-шартын орындау мақсатында өнім беруші немесе қосалқы мердігер сатып алған тауарлардың жиынтық құны;
ССДj – j-шартын орындау мақсатында жасалған қосалқы мердігерлер шарттарының жиынтық құны;
Rj – j-шартын орындайтын өнім берушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесі;
n – j -шартын орындау мақсатында өнім беруші немесе қосалқы мердігер сатып алған тауарлар атауының жалпы саны;
і - j -шартын орындау мақсатында өнім беруші немесе қосалқы мердігер сатып алған тауардың реттік нөмірі;
ТҚі - і-тауардың құны;
Жі – "СТ-КZ" нысанының Тауардың шығарылған елі туралы сертификатта көрсетілген тауардағы жергілікті қамтудың үлесі;
Жi = 0, егер Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесінің 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, "СТ-КZ" нысанының Тауардың шығарылған елі туралы сертификат болмаған жағдайда;
S - шарттың жалпы құны.
Rj - j-шартын орындайтын өнім берушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесі мынадай формула бойынша есептеледі:
Rj = ҚРЕТҚ/ЕЖҚ
мұнда:
ҚРЕТҚ – j-шартының қолдану мерзімінде j-шартын орындайтын өнім берушінің немесе қосалқы мердігердің қазақстандық кадрларының еңбекақысын төлеу қоры;
ЕЖҚ – j-шартының қолдану мерзімінде j-шартын орындайтын өнім берушінің немесе қосалқы мердігердің жұмыскерлерінің еңбекақысын төлеудің жалпы қоры.
Шарттағы жергілікті қамту үлесі (%):
____________________________ М.О.
Басшының тегі, аты, әкесінің аты, қолы
**ЖҚж/қ = __________
** шартта цифрлық форматта жүздік үлеске дейін (0,00) жергілікті қамтудың қорытынды үлесі көрсетіледі
_______________________________________________________
Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты, байланыс телефоны
___________________________________
1 Бұл тармақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің сатып алуын қоспағанда, мемлекеттік мекемелер үшін көрсетіледі. Көрсеткіштер әрбір жылға әрбір ерекшелік бойынша жеке көрсетіледі.
2 Бұл абзац егер шарт бойынша аванс көзделсе көрсетіледі
3 Бұл абзац егер шарт бойынша аванс көзделмесе көрсетіледі
4 Бұл мәтін мыналарды:
1) тауар биржалары арқылы тәсілді;
2) құны тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды;
3) Заңның 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерді;
4) қазынашылық сүйемелдеу шеңберіндегі шарттарды қоспағанда, сатып алудың барлық тәсілдері үшін шарттарды орындау кезінде көрсетіледі.
5 Осы мәтін Заңның 26-бабында көрсетілген жағдай болған кезде көрсетіледі.
6 Құрылыс, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау бойынша "Мердігер" ретінде өнім берушіні таңдау кезінде орындалған жұмыстардың актісі 2-В нысаны бойынша көрсетіледі.
7 Осы тармақ баға ұсыныстарын сұрату тәсілінен басқа, сатып алудың барлық тәсілдері үшін көрсетіледі.
8 Осы абзац Заңның 39-бабы 3-тармағының 36-тармақшасы бойынша сатып алу жүргізілген жағдайда көрсетіледі
Данный абзац отображается в случае проведения закупок по подпункту 36 пункта 3 статьи 39 Закона.