"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 35 бұйырығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 наурызда № 27311 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.04.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 35 бұйырығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26503 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 273 және 274-тармақтарын қоспағанда, 2022 жылғы 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады