Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12681 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабының 23-18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. "Қаржыландыру көздеріне қарамастан, мемлекеттік сараптама ұйымы орындайтын құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама бойынша сараптама жұмыстар жүргізудің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 167 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 88389 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
М. Құсайынов

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 780 бұйрығымен
бекітілген

Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2018 № 840 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-18) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар:

      1) объектілер құрылысы жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаларға) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу;

      2) сараптама комиссиялары немесе сараптама топтары жүзеге асыратын аумақтарды дамытудың және құрылыс салудың қала құрылысын жоспарлау жобалары бойынша қала құрылысы кешенді сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау тәртібін айқындайды.

      3. Аккредиттелген сараптама ұйымдары салалық сараптамалардың қатысуымен орындайтын сараптама жұмыстарының құны тапсырыс беруші мен сараптамалық ұйымның арасында жасалған шартқа сәйкес белгіленеді.

      Мемлекеттік сатып алулар шеңберінде орындалатын шарттар бойынша сараптама жұмыстарының құны осы Қағидаларына сәйкес белгіленетін құннан төмен болмауға тиіс.

      4. Құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесіне, сондай-ақ құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібі мен ұзақтығы (мерзімдері) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелген) Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес айқындалады және құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сараптама қызметінің барлық субъектілері үшін бірыңғай болып табылады.

2-тарау. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау тәртібі

      5. Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудің құны мынадай формула бойынша белгіленеді:



      мұндағы:

      Қс – жоба сараптамасының құны;

      Қж – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 232-нқ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14642 болып тіркелген) Қазақстан Республикасындағы құрылыс үшін жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативке (бұдан әрі – Мемлекеттік норматив) сәйкес Құрылыс үшін жобалау жұмыстарына арналған бағалар жинағының (бұдан әрі – Бағалар жинағы) негізінде айқындалатын, сараптамаға ұсынылған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеудің нормативтік құны;

      АЕКс– айлық есептік көрсеткіштің сараптама жүргізуге арналған шарт жасалған күнге сәйкес келетін мәні;

      АЕКж – айлық есептік көрсеткіштің жобалау жұмыстарының құны айқындалған күнге сәйкес келетін мәні;

      KCB - сараптама жұмыстары құнының жобаны әзірлеу құнына қатысын көрсететін сараптамалық верификация коэффициенті, ол жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеудің нормативтік құнына байланысты осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес мәндер бойынша айқындалады.

      6. Егер шарт және тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама бөлімдерінің және жұмыстарының бір бөлігі ғана сараптамаға жататын болса, жобаның немесе жұмыс жобасының құнынан, осы Қағидалардың 5-тармағының формуласына қою кезінде сол сараптамаға жатпайтын жоба бөлімдерінің немесе жұмыстарының құны алып тасталады.

      7. Әзірленудің нормативтік құны Бағалар жинағында жоқ жұмыстардың жекелеген түрлері бойынша сараптама құны еңбек шығындары бойынша жеке есеппен, Мемлекеттік нормативтің 6-қосымшасына сәйкес № 3П нысаны бойынша калькуляциямен айқындалады.

3-тарау. Кешенді қала құрылысы сараптамасы жөніндегі жұмыстар құнын айқындау тәртібі

      8. Әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстар құны шарт негізінде айқындалады.

      Әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу бойынша жұмыстар құны осы Қағидалардың 5 және 7-тармақтарына сәйкес анықталатын есептік кезеңнің бағасында жобалау-іздестіру жұмыстар (ЖІЖ) құны бірдей, ҚҚС-ті ескермегенде, объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құнынан төмен болмауы тиіс.

      9. Әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстар құнына барлық қосымша шығыстар, оның ішінде кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту бойынша шығыстар кіреді.

  Объектілер құрылысының
жобаларына ведомстводан тыс
кешенді сараптама, сондай-ақ,
әртүрлі деңгейдегі аумақтардың
қала құрылысын жоспарлау
жобаларына кешенді қала
құрылысы сараптамасын
жүргізу жөніндегі жұмыстардың
құнын айқындау қағидаларына
қосымша

KСВ сараптамалық верификация коэффициентінің мәні

ҚҚС-сыз мың АЕК-те ЖСҚ әзірлеу құны

kСВ коэффициенті

ҚҚС-сыз мың АЕК-те ЖСҚ әзірлеу құны

kСВ коэффициенті

1

2

1

2

0,93 дейін

0,1728

185,81

0,0152

1,86

0,1727

278,71

0,0128

2,79

0,1354

418,06

0,0108

4,65

0,0996

557,42

0,0096

7,43

0,0751

706,06

0,0087

8,36

0,0700

836,13

0,0082

12,08

0,0561

1021,94

0,0077

15,79

0,0478

1207,74

0,0073

19,51

0,0421

1393,55

0,0070

23,23

0,0379

1579,35

0,0068

26,94

0,0346

1765,16

0,0066

38,09

0,0281

1950,97

0,0064

46,45

0,0250

2136,77

0,0063

69,68

0,0230

2322,58

0,0061

92,90

0,0211

2573,55 бастап

0,0058

139,35

0,0174



      Ескертпе:

      1. Берілген кестені пайдалану кезінде (1-бағанамен салыстыру) ЖСҚ әзірлеу құны және ол арқылы көрініс беретін АЕК мәні жобалау жұмыстарының құны айқындалған күнге сәйкес келетін ағымдағы бағаларда қабылданады.

      2. Аралық мәндер интерполяциямен айқындалады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады