"Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 17 қаңтардағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қаңтарда № 26562 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Магистральдық құбыржолдар және (немесе) каналдар арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тариф осы параграфтың 1-бөліміне сәйкес тарифті есептеу тәртібіне сәйкес есептеледі және судың 1 текше метрі үшін теңгемен өлшенеді.

      Егер суды каналдар арқылы беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде көрсетілетін қызметтер бірнеше облыстың аумағында ұсынылған жағдайда, тариф және тарифтік смета суды каналдар арқылы беру тәсіліне қарай тұтынушылардың топтары бойынша саралауды қолдана отырып тұтастай алғанда көрсетілетін қызметке есептеледі.

      Егер суды магистральдық құбыржолдар арқылы беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде магистральдық құбыржолдар жүйесінде тарифтер жекелеген учаскелерге бекітілген болса және көрсетілетін қызметтер екі және одан астам облыстың аумағында ұсынылса, бірыңғай тариф және тарифтік смета тұтастай бүкіл жүйеге есептеледі.";

      61-тармақ алып тасталсын;

      254-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "254. Магистральдық құбыржолдар арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мыналарды:

      1) тиісті өңір халқының төлем қабілеттілігі деңгейін;

      2) тұтыну көлемін;

      3) инфляцияға әсер етуін;

      4) өңірдің өнеркәсіптік өндірісінің даму деңгейін ескере отырып, тұтынушылардың топтары бойынша сараланады.";

      256-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "256. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін тариф мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      T1– тұтынушылардың бірінші тобы үшін магистральдық құбыржолдар арқылы су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге бір текше метр үшін тариф, теңге;

      To – осы қағидалардың талаптарын ескере отырып айқындалған магистральдық құбыржолдар арқылы су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге бір текше метр үшін тариф, теңге;

      k1– осы Қағидалардың 254-тармағына сәйкес айқындалған, магистральдық құбыржолдар арқылы су беру жөніндегі қызметтерді көрсетуден бас тартудан түскен кірістерді қайта бөлуге арналған коэффициент.";

      257-тармақ алып тасталсын;

      258, 259 және 260-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "258. Тұтынушылардың екінші тобы үшін тариф мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      T2– тұтынушылардың екінші тобы үшін магистральдық құбыржолдар арқылы су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге бір текше метр үшін тариф, теңге;

      To – осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып айқындалған магистральдық құбыржолдар арқылы су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге бір текше метр үшін тариф, теңге;

      K2– осы Қағидалардың 254-тармағына сәйкес айқындалған, магистральдық құбыржолдар арқылы су беру жөніндегі қызметтерді көрсетуден бас тартудан түскен кірістерді қайта бөлуге арналған коэффициент.

      259. Тұтынушылардың үшінші тобы үшін тариф мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      T3– тұтынушылардың үшінші тобы үшін магистральдық құбыржолдар арқылы су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге бір текше метр үшін тариф, теңге;

      To – осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып айқындалған магистральдық құбыржолдар арқылы су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге бір текше метр үшін тариф, теңге;

      K3 – осы Қағидалардың 254-тармағына сәйкес айқындалған, магистральдық құбыржолдар арқылы су беру жөніндегі қызметтерді көрсетуден бас тартудан түскен кірістерді қайта бөлуге арналған коэффициент.

      260. Тұтынушылардың төртінші тобы үшін тариф мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      T4– тұтынушылардың төртінші тобы үшін магистральдық құбыржолдар арқылы су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге бір текше метр үшін тариф, теңге;

      To – осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып айқындалған магистральдық құбыржолдар арқылы су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге бір текше метр үшін тариф, теңге;

      Vo – барлық тұтынушылардың магистральдық құбыржолдар арқылы су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтыну көлемі, текше метр;

      V1– тұтынушылардың бірінші тобының магистральдық құбыржолдар арқылы су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтыну көлемі, текше метр;

      V2– тұтынушылардың екінші тобының магистральдық құбыржолдар арқылы су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтыну көлемі, текше метр;

      V3 – тұтынушылардың үшінші тобының магистральдық құбыржолдар арқылы су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтыну көлемі, текше метр;

      V4 – тұтынушылардың төртінші тобының магистральдық құбыржолдар арқылы су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтыну көлемі, текше метр.".

      2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология
және табиғи ресурстар министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады