"Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 17 қаңтардағы № 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 қаңтарда № 26575 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы қағидаларында:

      8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Экономиканың кадрларға болжамды қажеттілігін, оның ішінде салалық және өңірлік қажеттілігін, елдің индустриялық-инновациялық даму басымдықтарын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (немесе) білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) және ғылыми ұйымдардың ғылыми-педагогикалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, қалыптастырылған және білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы ЖЖОКБҰ арасында конкурстық негізде орналастырылады.

      9. Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына қарамастан ЖЖОКБҰ білім беру саласындағы уәкілетті орган өткізетін конкурс нәтижелері бойынша білім беру гранты түрінде орналастырылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы білім беру саласындағы уәкілетті орган өткізетін конкурс нәтижесі бойынша ЖЖОКБҰ орналастырылады.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган құжаттар қабылдау басталғанға дейін 5 күннен кешіктірмей ЖЖОКБҰ арасында конкурс жариялайды.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. ЖЖОКБҰ оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына білім бағдарламалары тобы бойынша әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындары қатысады.

      ЖЖОКБҰ бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткішінің шекті мәнін Комиссия айқындайды.

      Ерекшелік лицензияны алғаш алған кадрларды даярлаудың жаңа бағытын, сондай-ақ экономиканың басым салалары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін жаңадан құрылған ЖЖОКБҰ құрайды. Бұл ретте ЖЖОКБҰ-дың тізбесін Комиссия айқындайды.

      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мынадай жағдайларда:

      1) білім беру саласындағы уәкілетті орган білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, қайтарып алу және күшін жою туралы шешім қабылдағанда;

      2) мемлекеттік бақылау нәтижелері және (немесе) оның қорытындылар бойынша сот процесі кезеңінде өрескел қате анықталғанда;

      3) тиісті білім беру бағдарламаларының тобына білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламалары тізімінде білім беру бағдарламалар болмағанда немесе алынып тасталғанда жүзеге асырылмайды.";

      51-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) өтініш берілген мамандықтар бойынша ЖЖОКБҰ ұйымын бітіргеннен кейін бітірушілердің бір жыл ішінде жұмысқа орналасуы және жұмыспен қамтылуы туралы мәліметтер;";

      52-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) шетелдік әріптес ЖЖОКБҰ-лармен (ғылыми ұйымдармен) бірлесіп, ғылыми-білім беру жобаларын орындау;";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. ЖЖОКБҰ үшін конкурс жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлек-бөлек өткізіледі.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) жыл сайын ЖАО қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталғанға дейін 5 (бес) күннен кешіктірмей ЖЖОКБҰ арасында конкурс жариялайды.

      Конкурс өткізу туралы шешім тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің және оның міндеттерін атқарушы адамның өкімімен ресімделеді.

      Конкурс өткізу туралы хабарландыру ЖАО-ның интернет-ресурстарында жарияланады.

      Конкурс өткізу үшін құрамы тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің немесе оның міндеттерін атқарушы адамның өкімімен бекітілетін ЖАО-ның Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – ЖАО комиссиясы) құрылады.

      ЖАО комиссиясының төрағасы тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі немесе және оның міндеттерін атқарушы адам болып табылады. ЖАО комиссиясы ЖАО-ның қызметкерлері, аталған аумақ бірлігінде орналасқан азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатарынан құрылады. ЖАО комиссиясы мүшелерінің саны оның төрағасын қоса алғанда, тақ болып табылады.

      Егер онда оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ЖАО комиссиясының отырысы заңды деп есептеледі.

      ЖАО комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысушы Комиссия мүшелері санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады және отырысқа қатысқан Комиссияның барлық мүшелері қол қоятын отырыс хаттамасымен ресімделеді.

      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін ЖЖОКБҰ ЖАО-ларға электрондық форматта мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша ЖЖОКБҰ өтінімін;

      2) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша ЖЖОКБҰ сауалнамасын;

      3) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстарды қамтитын конкурстық өтінім береді.

      Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленеді, ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен электрондық форматта ұсынылады.

      Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаттан және күннен кешіктірілмей ЖАО-ға жіберіледі. Конкурстық өтінімді беру мерзімі өткен соң түскен конкурстық өтінім кешіктірілу себептеріне қарамастан қаралмайды. Оларды беру мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімге қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      ЖАО комиссиясы конкурстық өтінімді өтінім берілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде қарайды, олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келу дәрежесін айқындайды.

      ЖЖОКБҰ айқындау және мамандықтар бөлігінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде ЖАО комиссиясы осы Қағидаларға 51 және 52-тармақтарда көрсетілген негізгі өлшемшарттарды басшылыққа алады. ЖАО-ның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы әкімшілік-аумақтық бірлігіне қарамастан ЖЖОКБҰ орналастырылады. Бұл ретте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы белгіленген квотаны, сондай-ақ оқуға түсушілердің жекелеген санаттары үшін нысаналы орындарды бөлуді ескере отырып, ЖЖОКБҰ орналастырылады.

      ЖАО комиссиясы жұмысының нәтижелері бойынша интернет-ресурстарында тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысымен бекітілген, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ЖЖОКБҰ тізбесі жарияланады.

      ЖАО қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түсетін Қазақстан Республикасының азаматтарымен тиісті облыста немесе республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде 3 (үш) жыл жұмыс істеу туралы шарт жасалады.";

      Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалардың 5, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 17-қосымшалары осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделеген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 17 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына
1-қосымша
Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан
кейінгі білімі бар кадрлар
даярлауға, сондай-ақ жоғары
және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарында дайындық
бөлімдеріне, мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытуға, орта
білім беруге және қосымша
білім беруге мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
қағидаларына 5-қосымша

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ақпараттық картасы

      _______________________________________________________________________

      (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының толық атауы

      ________________________________________________________________________

      (нақты мекенжайы, телефоны, факс, электрондық поштасы)

      _____________________________________________________________(құрылтайшы)

      __________________________________________________________________________

      (мамандықтардың, біліктіліктердің коды, атауы)

№ п/п

Талаптардың атауы

Сипаттамасы

1.

Кадрларды даярлау бейіні бойынша мәлімделген мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияға қосымша (ауылдық елді мекендерде, қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде орналасқан ТжКОББ ұйымдарын қоспағанда)

№, берілген күні

2.

Біліктіліктер мен мамандықтар бойынша (педагогикалық колледждерді қоспағанда) оқу процесін ұйымдастыру үшін тиісті оқу-өндірістік шеберханалардың, зертханалардың, оқу полигондарының, оқу-өндірістік базалардың болуы

Мамандықтар бойынша оқу-өндірістік шеберханалардың, зертханалардың саны

3.

Педагогтер санынан жоғары және бірінші санатты педагогтердің, сарапшы педагогтердің, зерттеуші педагогтердің, шебер педагогтердің және магистрлердің үлесі (30%-дан төмен емес)

Мәлімделген мамандықтар бөлінісінде біліктілік санаттары бойынша педагогтер саны

4.

70%-дан төмен емес штаттық оқытушылар мен өндірістік шеберлердің болуы (өнер мен мәдениет саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКОББ ұйымдарында 50%-дан кем емес)

Штаттық педагогтер саны

5.

Студенттерге арналған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың болуы (меншікті немесе жалға алынған жатақхананың және/немесе хостелдің, және/немесе қонақ үйдің, қоғамдық тамақтану және медициналық қызмет көрсету пункттерінің болуы)

№, күні, шарт

6.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар үшін жағдайлардың болуы (міндетті талаптар: пандустар, жарық сигналдары, шақыру түймесі, СНжЕ сәйкес санитарлық торап)

Қысқаша сипаттамасы

7.

Институционалдық және/немесе мамандандырылған аккредиттеуден немесе мемлекеттік аттестаттаудан өткені туралы құжаттың болуы

құжаттың№, берілген күні

8.

Өтініш берілген мамандықтар бойынша ТжКОББ ұйымын бітірген соң бітірушілердің бірінші жылы жұмысқа орналасуы және жұмыспен қамтылуы. Бұл талап жаңа мамандықтар бойынша өтінім берген ТжКОББ ұйымдарына, сондай-ақ шығарылым өткізілмеген мамандықтарға қолданылмайды

Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының (ЗТМО) деректері негізінде мамандықтар бойынша жұмысқа орналасқан бітірушілердің және ЖЖОКБҰ-да оқуды жалғастыруды, ӘК қатарында қызмет етуді, бала күтімі бойынша демалыста болуды растайтын деректер негізінде жұмыспен қамтылған бітірушілердің үлесі

9.

Білім алушыларды дуальді оқытумен қамту және/немесе өндірістегі кәсіптік практикамен қамту

Дуальді оқытумен және/немесе өндірістегі практикамен қамтылған білім алушылардың саны

10.

ТЖКОБ ұйымдарының мүмкіндігін ескере отырып, білім алушыларды қабылдауға арналған орындар саны

Орындар саны оқу процесін жоспарлай отырып, жобалық қуаттылықты (екі аусымды) ескере отырып айқындалады

11.

Сайттың, әлеуметтік желілердегі аккаунттың болуы

Сайт деректері, аккаунт

      Жоғарыда келтірілген ақпараттың шынайылығын растаймын.

      Ұйымның басшысы ________________________________________

      (қолы, Т. А. Ә. (бар болған жағдайда))

      Толтырылған күні

      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 17 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына
2-қосымша
Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан
кейінгі білімі бар кадрлар
даярлауға, сондай-ақ жоғары
және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарында дайындық
бөлімдеріне, мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытуға, орта
білім беруге және қосымша
білім беруге мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
қағидаларына 6-қосымша

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарға сәйкестікті бағалау парағы

№ п/п

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары туралы мәліметтер

Растайтын көздер

Мәннің тұрі

1.

Кадрларды даярлау бейіні бойынша мәлімделген мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияға қосымша (ауылдық елді мекендерде, қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде орналасқан ТжКОББ ұйымдарын қоспағанда)

"Е-лицензиялау мемлекеттік базасы" АЖ

Жіберу/жібермеу

2.

Біліктіліктер мен мамандықтар бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін тиісті оқу-өндірістік шеберханалардың, зертханалардың, оқу полигондарының, оқу-өндірістік базалардың болуы

ҰБДҚ-дан алынған немесе қағаз түріндегі растайтын құжаттар

Бар – 1 бал
Жоқ – 0 бал

3.

Педагогтер санынан жоғары және бірінші санатты педагогтердің, сарапшы педагогтердің, зерттеуші педагогтердің, шебер педагогтердің және магистрлердің үлесі (30%-дан төмен емес)

ҰБДҚ-дан
түсіру

51% және жоғары - 3 бал
35% -50% - 2 бал
30%-35% - 1 бал
30% - дан төмен – 0 балл

4.

70%-дан төмен емес штаттық оқытушылар мен өндірістік шеберлердің болуы (өнер мен мәдениет саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКОББ ұйымдарында 50%-дан кем емес)

ҰБДҚ
түсіру

81% және одан жоғары – 3 балл;
76% - 80% - 2 балл;
70% - 75% - 1 балл;
70% - дан төмен – 0 балл.
Дуальді оқыту кезінде:
60% және одан жоғары - 5 бал;
65% және одан жоғары - 4 балл;
50% және одан жоғары – 3 балл;
45% және одан жоғары - 2 балл;
40% және одан жоғары - 1 балл.

5.

Студенттерге арналған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың болуы (меншікті немесе жалға алынған жатақхананың және/немесе хостелдің, және/немесе қонақ үйдің), қоғамдық тамақтану және медициналық қызмет көрсету пункттерінің болуы

ҰБДҚ-дан алынған немесе қағаз түріндегі растайтын құжаттар

Бар – әрқайсысы үшін 1 бал
Жоқ – 0 бал

6.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар үшін жағдайлардың болуы (міндетті талаптар: пандустар, жарық сигналдары, шақыру түймесі, СНжЕ сәйкес санитарлық торап)

ҰБДҚ-дан алынған немесе қағаз түріндегі растайтын құжаттар

Бар – әрқайсысы үшін 1 бал
Жоқ – 0 бал

7.

Институционалдық және/немесе мамандандырылған аккредиттеуден немесе мемлекеттік аттестаттаудан өткені туралы құжаттың болуы

ҰБДҚ-дан алынған немесе қағаз түріндегі растайтын құжаттар

Мамандырылған аккредиттеу – 1 бал; Институциональді аккредиттеу - 1 бал; Мемлекеттік аттесттау – 1 бал Жоқ – 0 бал

8.

Өтініш берілген мамандықтар бойынша ТжКОББ ұйымын бітірген бітірушілердің бірінші жылы жұмысқа орналасуы және жұмыспен қамтылуы. Бұл талап жаңа мамандықтар бойынша өтінім берген ТжКОББ ұйымдарына, сондай-ақ шығарылым өткізілмеген мамандықтарға қолданылмайды

Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есеп айырысу орталығымен (ЗТМО) расталған деректер, ТжКОББ ұйымдарында, ЖЖОКБҰ-да оқуын жалғастырған түлектері, бала күтімі бойынша демалыста жүрген ҚР ҚК қатарындағы қызметшілер туралы немесе қағаз түріндегі растайтын құжаттар туралы ҰБДҚ-дан алынған мәліметтер

81%-90% - 3 бал 75%-80% - 1 бал
75%-дан төмен - 0 бал
Қызмет көрсеті мамандықтары бойынша
61%-70% - 3 бал
50%-60% - 1 бал
50%-дан төмен - 0 бал

9.

Білім алушыларды дуальді оқытумен қамту және/немесе өндірістегі кәсіптік практикамен қамту

ҰБДҚ түсіру

Мамандық (біліктілік) бойынша 60% білім алушыларды қамту– 2 бал
Мамандық (біліктілік) бойынша 50%-60% білім алушыларды қамту– 1 бал
50%-дан кем - 0 баллов

10.

ТЖКОБ ұйымдастыру мүмкіндігін ескере отырып, білім алушыларды қабылдауға арналған орындар

ТЖКОБ ұйымының қағаз түріндегі есептеулер

G=(F-B)*2, мұндағы
G – жобалау мүмкіндігі;
F – контингент;
B – шығару

11.

Білім беру ұйымы сайтының, аккаунтының болуы

Сайт, әлеуметтік желілердегі аккаунт

Күнделікті белсенділік кезінде – 1,5 балл;
Апталық белсенділік кезінде-1 балл
Ай сайынғы белсенділік кезінде-0,5 балл;
Белсенді емес кезде-0 балл
Бар –1 бал
Жоқ – 0 бал


Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастыру үшін ТжКОББ ұйымдарының тізбесіне енгізу үшін қажетті балдар саны


9 балдан 19,5 балға дейін

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 17 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына
3-қосымша
Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан
кейінгі білімі бар кадрлар
даярлауға, сондай-ақ жоғары
және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарында дайындық
бөлімдеріне, мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытуға, орта
білім беруге және қосымша
білім беруге мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
қағидаларына 8-қосымша

ЖЖОКБҰ өтінімінің нысаны (ЖЖОКБҰ-ның бланкісінде толтырылады)

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Конкурс қатысушыларына

      қойылатын талаптарды және конкурсты өткізу шарттарын зерделей отырып,

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (ЖЖОКБҰ-ның атауы)

      __________________________________________________________________________

      (білім беру бағдарламалары тобының коды, атауы)

      білім беру бағдарламаларының тобы бойынша өтінімге енетін құжаттарға, сондай-ақ

      конкурстың шарттары мен талаптарына сәйкес

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізетін конкурсқа қатысады.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар _________ бетте.

      Ұйымның басшысы ___________________________________

      (қолы, Т. А. Ә. (бар болғанда))

      Толтырылған күні

      20_____ жылғы "_____" _________

      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 17 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына
4-қосымша
Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан
кейінгі білімі бар кадрлар
даярлауға, сондай-ақ жоғары
және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарында дайындық
бөлімдеріне, мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытуға, орта
білім беруге және қосымша
білім беруге мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
қағидаларына 9-қосымша

ЖЖОКБҰ-ның сауалнамасы

ЖЖОКБҰ -ның толық атауы


ЖЖОКБҰ -ның құрылған жылы


ЖЖОКБҰ -ның құрылтайшысы


ЖЖОКБҰ -ның заңды мекен жайы


ЖЖОКБҰ -ның нақты мекен жайы, телефоны, факс, электронды мекен жайы


ЖЖОКБҰ ректорының Т.А.Ә.


Конкурсқа қатысу үшін жауапты тұлғаның Т.А.Ә., қызметі, байланыс мәліметтері


      Ұйымның басшысы _________________________________________

      (қолы, Т. А. Ә. (бар болғанда))

      Толтырылған күні

      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 17 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына
5-қосымша
Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан
кейінгі білімі бар кадрлар
даярлауға, сондай-ақ жоғары
және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарында дайындық
бөлімдеріне, мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытуға, орта
білім беруге және қосымша
білім беруге мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
қағидаларына 10-қосымша

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ақпараттық картасы

      __________________________________________________________________________

      Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 08.07.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      (Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

      ұйымдарының) атауы _______________________________________________________

      (білім беру бағдарламасы тобының коды, атауы)

№ п/п

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары туралы жалпы мәліметтер

Мән түрі

1.

Институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеу

бар/жоқ

2.

Білім беру порталының болуы

бар/жоқ

3.

Халықаралық рейтинг:
-Times higher education
-- QS World University Rankings
-

Позициясы:
(100+)=15 балл;
(200+)=13 балл; (300+) = 11 балл; (400+) = 9 балл; (500+)=7 балл; (700+)=5 балл.

4.

Оқу процесі үшін пайдаланылатын оқу-зертханалық базаны жаңартуға бөлінетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бюджетінен бөлінетін қаражаттың үлесі

Әрбір 1% үшін - ЖЖОКБҰ бюджетінен +1 балл.

5.

Білім беру объектілерінің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келетін меншікті немесе жалға алынған жатақхананың, хостелдің, қонақ үйдің болуы

Әрбір 500 орын үшін - 1 балл;
1000 орын-2 балл.

6.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының болмауы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу порталының мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде конкурсқа қатысуға құжаттар беру сәтінде

бар/жоқ

7.

ЖЖОКБҰ-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың болуы (кіру жолдары, ақпараттық-навигациялық қолдау құралдары, баспалдақтарды пандустармен немесе көтергіш құрылғылармен қайталау, баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықтау, есіктер мен баспалдақтарды қарама-қарсы бояумен бояу, мүгедектердің автокөлік құралдарын қою үшін орындар бөлу).

бар/жоқ

8.

Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес студенттер мен ОПҚ контингенті туралы өзекті деректер базасымен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің ұлттық білім беру деректер базасымен сәйкестігі

бар/жоқ

I.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жалпы мәліметтер


1.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар даярлау бағыттары бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына арналған лицензияға қосымша (жіберу/жібермеу)

жіберу/жібермеу

2.

Институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеу

Институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеудің болуы +2 балл

3.

"Атамекен" ҰКП рейтингісінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламасының позициясы"

Ортадан жоғары-50 балл;
Орташа – 30 балл;
Ортадан төмен-10 балл;

4.

Түлектерді жұмысқа орналастыру, білім беру бағдарламасының топтары бойынша жұмысқа орналастырылған бітірушілердің %

80 % - дан астам-3 балл;
70% - 2 балл;
60 % - дан артық-1 балл;
50% - дан кем- 0 балл.

5.

Білім беру бағдарламаларының тізілімінде тіркелген Білім беру бағдарламаларының тиісті топтары бойынша Білім беру бағдарламаларының болуы

жоқ/бар

6.

Білім беру бағдарламаларының тізілімінде тіркелген ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларының болуы

жоқ/бар

ІІ.

Педагог кадрлық қамтамасыз етілуі және біліктілік деңгейі


1.1.

Штаттық оқытушылардың жалпы саны:

саны, бүтін.

ғылым докторлары

саны, бүтін.

PhD докторлары

саны, бүтін.

ғылым кандидаттары

саны, бүтін.

1.2.

/ оның ішінде білім беру бағдарламаларының топтары бойынша)

саны, бүтін.

ғылым докторлары

саны, бүтін.

PhD докторлары

саны, бүтін.

ғылым кандидаттары

саны, бүтін.

1.3.

Ағылшын тілін меңгерген бейіндік пәндер бойынша ОПҚ саны: IELTS (АЙЛТС) – 4,5 – тен кем емес; TOEFL PBT – 493 – тен кем емес; TOEFL ITP – 150 – ден кем емес; TOEFL CBT – 166-ден кем емес; TOEFL IBT-58-ден кем емес); CEFR-В1; APTIS-38-ден кем емес.

5 ОПҚ – 1 балл.

2.

Бір академиялық кезеңнен кем емес мерзімге келісім-шарт бойынша ЖЖОКБҰ-да жұмыс істейтін шетелдік оқытушылардың саны

1 ОПҚ – 0,3 балла.

3.

жалпы ЖЖОКБҰ бойынша ОПҚ дәрежелілігі %

10 % -1 балл.

4.

білім беру бағдарламасы бойынша ОПҚ дәрежелілігі %

10 % -1 балл.

III.

ОПҚ ғылыми-зерттеу қызметі


1.

Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру негізінде іргелі зерттеулер/қолданбалы зерттеулер бойынша орындалатын ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар/ жобалар саны

Әрбір бағдарлама (жоба) үшін-1 балл.

2.

ОПҚ орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы көлемі (теңгемен)

50 млн.теңгеден кем - 0,5 балл;
50 млн.теңгеден астам. – 1 балл;
100 млн.теңгеден астам - 2 балл;
300 млн.теңгеден астам. - 3 балл;
500 млн.теңгеден астам - 4 балл;
1000 млн.теңгеден астам – 5 балл;
50 000 млн.теңгеден астам - 10 балл.

3.

ОПҚ орындаған халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы көлемі (теңгемен)

50 млн.теңгеден кем - 0,5 балл;
50 млн.теңгеден астам. – 1 балл;
100 млн.теңгеден астам - 3 балл;
150 млн теңгеден астам. - 3,5 балл;
300 млн.теңгеден астам. – 5 балл.

3.1

/оның ішінде 1 штаттық оқытушыға (теңгемен)

саны

4.

ОПҚ ғылыми жарияланымдарының саны:


- Clarivate Analytics деректер базасына белгілі бір тоқсандарға (Q1-Q4) енгізілген шетелдік рейтингтік журналдарда немесе Scopus деректер базасындағы citescore бойынша процентиль көрсеткіші

Q1-Q2 журналдарында 10 мақала және / немесе citescore бойынша процентильден 90-5 баллдан жоғары;
Q3-Q4 журналдарында 10 мақала және / немесе citescore бойынша пайыз 50-2 баллдан жоғары;
Citescore бойынша пайыздық журналдарда 10 мақала 35 – 1 баллдан жоғары.

5.

Меншікті ғылыми басылымдардың саны

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдар тізіміне кіретін ғылыми басылымдарының болуы – 5 балл 1 журнал;
Халықаралық деректер базасына кіретін Web of Science, Scopus, -15 балл 1 журнал

IV.

Корпоративтік серіктестік және халықаралық қызмет


1.

QS ТОП 700+рейтингіне кіретін ЖЖОКБҰ-мен бірлескен (қос дипломды) білім беру бағдарламаларының саны

1 бағдарлама – 1 балл.

2.

Шетелдік білім беру ұйымдарымен бірлескен қаржыландырылатын зерттеу жобаларының саны

1 бағдарлама – 1 балл.

3.

Бірлескен халықаралық білім беру жобаларының саны

1 бағдарлама - 1 балл.

      Ескертпе:

      - егер кадрларды даярлау екі жыл ішінде жүзеге асырылмаған жоғары білімнің білім беру бағдарламасының тобына өтінім берілген жағдайда, білім беру бағдарламасының тиісті тобы конкурсқа жіберілмейді;

      - шындыққа сәйкес келмейтін дұрыс емес деректер ұсынылған жағдайда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары комиссия шешімі бойынша конкурсқа жіберілмейді.

      - ақпараттық картада ұсынылған деректердің дұрыстығына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының бірінші басшысының қолы қойылады.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 17 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына
6-қосымша
Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан
кейінгі білімі бар кадрлар
даярлауға, сондай-ақ жоғары
және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарында дайындық
бөлімдеріне, мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытуға, орта
білім беруге және қосымша
білім беруге мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
қағидаларына 11-қосымша

___________ оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұсынысы _________________________________________________________ (ЖЖОКБҰ-ның атауы) Жоғары білім бойынша

Коды

Топтың атауы

Гранттың жалпы саны

Күндізгі оқу нысаны

1

2

3

4





      Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша

Коды

Білім беру бағдарламаларының атауы

орын саны

1

2

3




      PhD философия докторларын мақсатты даярлау бойынша

Коды

Білім беру бағдарламалары тобының атауы

Даярлау жоспарланған ЖЖОКБҰ -ның атауы

орын саны

1

2

3

4





      Ұйымның басшысы ______________________________________________

      (қолы, Т. А. Ә. (бар болғанда))

      Толтырылған күні

      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 17 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына
7-қосымша
Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан
кейінгі білімі бар кадрлар
даярлауға, сондай-ақ жоғары
және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарында дайындық
бөлімдеріне, мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытуға, орта
білім беруге және қосымша
білім беруге мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
қағидаларына 12-қосымша

Ақпараттық карталар бойынша ЖЖОКБҰ ранжирлеу әдістемесі

      Ескерту. 12-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 08.07.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

ЖЖОКБҰ туралы жалпы мәліметтер

Шартты белгілер

Мәннің түрі

1

Институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеу (бар/жоқ)

А1

бар/жоқ

2

Білім беру порталының болуы

А2

бар/жоқ

3

ЖЖОКБҰ-ның халықаралық рейтингі:
-Times higher education
-- QS World University Rankings

А3

сан, бүтін, 0-1000

4

Оқу процесі үшін пайдаланылатын оқу-зертханалық базаны жаңартуға бөлінетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бюджетінен бөлінетін қаражаттың үлесі

А4

сан

5

Білім беру объектілерінің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келетін меншікті немесе жалға алынған жатақхананың, хостелдің, қонақ үйдің болуы

А5

сан, бүтін

6

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының болмауы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу порталының мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде конкурсқа қатысуға құжаттар беру сәтінде

А6

бар/жоқ

7

ЖЖОКБҰ-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың болуы (кіру жолдары, ақпараттық-навигациялық қолдау құралдары, баспалдақтарды пандустармен немесе көтергіш құрылғылармен қайталау, баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықтау, есіктер мен баспалдақтарды қарама-қарсы бояумен бояу, мүгедектердің автокөлік құралдарын қою үшін орындар бөлу).

А7

бар/жоқ

8

Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес студенттер мен ОПҚ контингенті туралы өзекті деректер базасымен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің ұлттық білім беру деректер базасымен сәйкестігі

А8

бар/жоқ

І

Білім беру бағдарламаларының тобы бойынша жалпы мәліметтер



1

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі даярлаудың бағыттары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияға қосымша (жіберу/жібермеу)

B1

жіберу/ жібермеу

2

Институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеу

В2

бар/жоқ

3

"Атамекен" ҰКП рейтингісінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламасының позициясы"

В3

сан, бүтін

4

Түлектерді жұмысқа орналастыру, білім беру бағдарламасының топтары бойынша жұмысқа орналастырылған бітірушілердің %

В4

сан

5

Білім беру бағдарламаларының тізілімінде тіркелген Білім беру бағдарламаларының тиісті топтары бойынша Білім беру бағдарламаларының болуы

В5

бар/жоқ

6

Білім беру бағдарламаларының тізілімінде тіркелген ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларының болуы

В6

бар/жоқ

II

Кадрлық қамтылуы және педагогтердің біліктілік деңгейі

1.1.

Штаттық оқытушылардың жалпы саны:

C1.1.

сан, бүтін

ғылым докторлары

C1.1.1.

сан, бүтін

PhD докторлар

C1.1.2.

сан, бүтін

ғылым кандидаттары

C1.1.3.

сан, бүтін

1.2.

/оның ішінде мамандығы бойынша (саны)

C1.2.

сан, бүтін

ғылым докторлары

C1.2.1.

сан, бүтін

PhD докторлар

C1.2.2.

сан, бүтін

ғылым кандидаттары

C1.2.3.

сан, бүтін

магистрлер

C1.2.4.

сан, бүтін

1.3

Ағылшын тілін меңгерген бейіндік пәндер бойынша ОПҚ саны: IELTS (АЙЛТС) – 4,5 – тен кем емес; TOEFL PBT – 493 – тен кем емес; TOEFL ITP – 150 – ден кем емес; TOEFL CBT – 166-ден кем емес; TOEFL IBT-58-ден кем емес); CEFR-В1; APTIS-38-ден кем емес.

C1.3.

сан, бүтін

2

Бір академиялық кезеңнен кем емес мерзімге келісім-шарт бойынша ЖЖОКБҰ-да жұмыс істейтін шетелдік оқытушылардың саны

C2

сан, бүтін

3

жалпы ЖЖОКБҰ бойынша ОПҚ дәрежелілігі %

C3

сан

4

білім беру бағдарламасы бойынша ОПҚ дәрежелілігі %

C4

сан

ІІІ

ОПҚ ғылыми-зерттеу қызметі



1

Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру негізінде іргелі зерттеулер/қолданбалы зерттеулер бойынша орындалатын ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар/ жобалар саны

D1

сан, бүтін

2

ОПҚ орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы көлемі (теңгемен)

D2

сан

3

ОПҚ орындаған халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы көлемі (теңгемен)

D3

сан

3.1

/оның ішінде 1 штаттық оқытушыға (теңгемен)

D3.1

сан

4

ОПҚ ғылыми жарияланымдарының саны:
- Clarivate Analytics деректер базасына белгілі бір тоқсандарға (Q1-Q4) енгізілген шетелдік рейтингтік журналдарда немесе Scopus деректер базасындағы citescore бойынша процентиль көрсеткіші

D4

сан, бүтін

5

Меншікті ғылыми басылымдардың саны

D5

сан, бүтін

ІV

Корпоративтік әріптестік және халықаралық қызмет



1

QS ТОП 700+рейтингіне кіретін ЖЖОКБҰ-мен бірлескен (қос дипломды) білім беру бағдарламаларының саны

E1

сан, бүтін

2

Шетелдік білім беру ұйымдарымен бірлескен қаржыландырылатын зерттеу жобаларының саны

E2

сан, бүтін

3

Бірлескен халықаралық білім беру жобаларының саны

E3

сан, бүтін

      Ескертпе:

      ** – ЖЖОКБҰ бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткішінің шекті мәнін Комиссия айқындайды;

      *** – ұсынылған мәліметтерден есептеледі.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 17 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына
8-қосымша
Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан
кейінгі білімі бар кадрлар
даярлауға, сондай-ақ жоғары
және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарында дайындық
бөлімдеріне, мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытуға, орта
білім беруге және қосымша
білім беруге мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
қағидаларына 13-қосымша

ЖЖОКБҰ өтінімінің нысаны (ЖЖОКБҰ-ның бланкісінде толтырылады)

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптарды және конкурсты

      өткізу шарттарын зерделей отырып,

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (ЖЖОКБҰ-ның аталуы)

      өтінімге енетін құжаттарға, сондай-ақ конкурстың шарттары мен талаптарына

      сәйкес дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды оқытуға мемлекеттік білім беру

      тапсырысын орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

      өткізетін конкурсқа қатысады.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.

      Ұйымның басшысы ________________________________

      (қолы, Т. А. Ә. (бар болғанда))

      Толтырылған күні

      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 17 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына
9-қосымша
Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан
кейінгі білімі бар кадрлар
даярлауға, сондай-ақ жоғары
және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарында дайындық
бөлімдеріне, мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытуға, орта
білім беруге және қосымша
білім беруге мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
қағидаларына 14-қосымша

___________ оқу жылына дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұсынысы

      ___________________________________________________________

      (ЖЖОКБҰ-ның атауы)

ЖЖОКБҰ-ның атауы

Орын саны

1

2





      Ұйымның басшысы ___________________________________

      (қолы, Т. А. Ә. (бар болғанда))

      Толтырылған күні

      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 17 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына
10-қосымша
Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан
кейінгі білімі бар кадрлар
даярлауға, сондай-ақ жоғары
және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарында дайындық
бөлімдеріне, мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытуға, орта
білім беруге және қосымша
білім беруге мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
қағидаларына 17-қосымша

ЖЖОКБҰ өтінімінің нысаны (ЖЖОКБҰ-ның бланкісінде толтырылады)

  Облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органы

      Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптарды және конкурсты өткізу

      шарттарын зерделей отырып, _________________________________________

      __________________________________________________________________

      (ЖЖОКБҰ-ның атауы)

      өтінімге кіретін құжаттарға, сондай-ақ конкурстың шарттары мен

      талаптарына сәйкес _________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (білім беру бағдарламалары тобының коды, атауы)

      білім беру бағдарламасының тобы бойынша тиісті облыс әкімдігі өткізетін конкурсқа

      қатысады.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.

      Ұйымның басшысы ______________________________

      (қолы, Т. А. Ә. (бар болғанда))

      Толтырылған күні

      М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады