"Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1088 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 22 қаңтардағы № 17 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 қаңтарда № 26615 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1088 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13238 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің (бұдан әрі – ҚАЖ мекемелері) медициналық ұйымдарының дәрігерлік-консультациялық комиссиясының жолдамасы:

      1) ағза функциялары тұрақты бұзылған кезде алғаш куәландыру;

      2) қайталап куәландыру (қайта куәландыру) мақсатында МӘС жүргізу үшін негіздеме болып табылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мүгедектігі бар сотталғандарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 502 бұйрығымен бекітілген Мүгедектерге ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышы арқылы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26087 тіркелген) және "Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларына және мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдармен қамтамасыз ету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10370 тіркелген) (бұдан әрі – № 26 Бұйрық) сәйкес жүргізіледі.

      Мүгедектігі бар сотталғандар "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығымен бекітілген Мекемелердің iшкi тәртiптеме қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 тіркелген) қатар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға ұсынылған және өзімен бірге алып жүруге рұқсат етілген техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және арнайы жүріп-тұру құралдарының тізбесіне сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) және арнайы жүріп-тұру құралдарын өзімен бірге алып жүреді.";

      Оң жақ жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Мүгедектігі бар және
мекемелерде жазасын өтеп
жүрген және күзетпен қамауда
отырған сотталғандарға
техникалық көмекші
(компенсаторлық) құралдар мен
арнайы жүріп-тұру құралдарын
ұсыну қағидаларына
1-қосымша";

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына және орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
2022 жылғы " " ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады